Еңбек қызметіне байланысты жарақаттанушылық
2015-2017 жылдардағы өндірісте зардап шеккендердің талдауы көрсеткендей, жарақат алушылардың саны жыл сайын өзгеріліп отырады, сондықтан еңбекті қорғау және қауіпсіздік мәселесі –еңбек қатынастар саласындағы ең күрделі мәселе.
2015-2017 жылдары облыс бойынша 168 өндірістік жазатайым оқиға тіркелген, оның ішінде ауыр жарақатпен – 181, өлім жағдайымен – 26.
23-кесте
Өндірістік жарақаттанушылық
Көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
2017 жыл
2015 жылға,
%-пен
|
Жазатайым оқиға саны
|
бірлік
|
53
|
63
|
52
|
98,1
|
Зардап шеккендер саны
|
адам
|
60
|
76
|
68
|
113,3
|
Олардың ішінде қаза тапқаны
|
адам
|
9
|
8
|
6
|
66,7
|
Ж/о жиілігі коэфф.
|
|
0,25
|
0,33
|
0,30
|
120,0
|
2017 жылы 2015 жылға қатысты жарақаттанушылық уақиғалар саны 1,9%-ке, қаза тапқандар – 33,3%-ке төмендеді, алайда зардап шекендердің саны 13,3%-ке өсті.
1000 адамға шаққандағы жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті 2015 жылмен салыстырғанда 2017 жылы 20,0%-ке өсті.
2017 жылы өндірістік жарақаттанушылықтың ең жоғарғы көрсеткіштері, келесі салаларда байқалады: бюджеттік саласының ұйымдарында – 26 адам, құрылыс саласы – 16 адам, коммуналдық шаруашылығы кәсіпорындарда – 6 адам, шағын бизнесте – 4 адам. Экономиканың осы салаларына зардап шегушілердің 76% келеді.
Өндірістік жарақаттанудың түрлерін қарастырған жағдайда, көбінесе қызметкерлер құлаудан және жол-көлік оқиғаларынан зақымданады.
Жазатайым оқиғаларға әкеп соқтыратын жағдайлардың негізгі себебі зақымданушының өрескел абайсыздығы, қауіпсіздік ережесін және еңбек қауіпсіздігін бұзуы, жұмыс өндірісінің қанағатсыз ұйымдастырылуы және т.б.
Жазатайым оқиғалардың және кәсіптік аурулардың себептерінің бірі болып жұмыс берушінің өндірістік нысандарды еңбек шарты бойынша аттестациялауға немқұрайлы қарауы болып табылады.
Облыс кәсіпорындарында еңбекті қорғауда және қауіптің алдын алу мақсатында маңызды бағыттардың бірі болып еңбекті қорғаудың басқару жүйесін енгізу (ЕҚБЖ), сонымен қатар еңбекті қорғаудың көпшілікке танылған стандарттары болып табылады.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
тұрақты және уақытша жұмыс орындарын құрумен жобларды іске асыру;
жұмыссыздарды уақытша жұмыспен қамтуды ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдар қаржыларының жеткіліктілігі;
әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтардың барлық санаттарын қамту;
әлеуметтік және транспорттық инфрақұрылым объектілерін бейімдеуді жүргізу;
еңбек инспекциясымен түсіндіру жұмыстары мен тексерулердің жүйелі түрде жүргізілуі;
кәсіпорын басшыларымен ынтымақтастық, оларды еңбекті қорғау мен қауіпсіздікке ынталандыру;
ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесі арқылы қызметкерлердің әлеуметтік жағдайларын жақсарту.
|
еңбек нарығында жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныстың сәйкессіздігі;
қала және ауыл тұрғындары арасындағы жұмыссыздық деңгейлерінің сәйкессіздігі;
мемлекеттік бюджеттен жәрдемақылар алу белгілі бір азаматтар санаттары үшін ақша алудың жалғыз көзі болып табылуы;
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін ҮЕҰ-дың материалдық-техникалық базасының болмауы;
әлеуметтік сала сала жұмысшыларының еңбек ақысының төмен деңгейі;
кәсіпорындарда еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздік бойынша білікті мамандардың болмауы;
еңбек міндеттерін атқаруда жұмысшылардың өндірістік қауіпсіздік бойынша білімдерінің төмендігі;
өндіріс құралдары мен өндіріс үрдісі ұйымдастырылуының қанағатсыз жағдайы;
ұжымдық шарт кейбір жұмыс берушілер мен жұмысшылардың арасында формальді түрде жасалу жағдайы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
ауылдық жерлер тұрғындары үшін басымдығымен жұмыссыздар мен өз бетімен жұмыспен қамтылғандардың кәсіпкерлік бастамасының дамуына ықпал жасау;
жұмыс орындарын құру, соның ішінде уақытша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді бағдарламаларын іске асыру;
бос жұмыс орындары және бос қызметтер жәрмеңкесін өткізу;
мүмкіндігі шектеулі адамдар белсенді өмір сүре алады;
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету саласындағы ҮЕҰ-дың қызмет ету аясын кеңейту;
еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі бойынша кәсіпорындардың жаңа деңгейге жетуі.
|
кәсіпорындардағы бос жұмыс орындары санының қысқаруы салдарынан жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерінің шектеулілігі;
жасырын жұмыссыздық;
арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету бойынша ҮЕҰ-дың белсенділігінің төмендігі;
бөгде адамдардың тұрақты күтіміне мұқтаж психоневрологиялық ауруы бар 18 жастан асқан адамдар санының артуы;
медициналық-әлеуметтік мекемелердің жоғары білімді кадрлармен жеткіліксіз қамтамасыз етілуі;
еңбекті қорғау және еңбек қауіпсіздігі ережелерінің бұзылуына байланысты жазатайым оқиғалары деңгейінің жоғарлығы.
|
Облыс бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау саясатын іске асыруда қол жеткізілген оң нәтижелерге қарамастан, кейбір мәселелер шешімін таппай отыр:
халықтың жекелеген топтарын, әсіресе әйелдерді, жастарды, 50 жастан үлкен адамдар мен мүгедектерді жұмысқа орналастыруда қиындықтар кездеседі;
білікті кадрлар даярлау деңгейі еңбек нарығындағы қажеттілікке сәйкес келмейді;
мамандарды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша жүргізіле бермейді;
қоғамдық жұмыстар өңір үшін экономикалық, әлеуметтік және экологиялық жағынан тиімді бола бермейді;
медициналық-әлеуметтік мекемелерде медицина мамандарының жетіспеуі болып табылады, соның ішінде психиатр, невропотолог, терапев дәрігерлері;
үкіметтік емес секторда арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге мемлекеттік тапсырысты орналастыруға, сонымен қатар инфрақұрылымдарды бейімдеуге қаржының жеткіліксіздігі;
қозғалыс кезінде қиындықтар бар мүгедектер үшін бейімделген қоғамдық көліктің болмауы;
әлеуметтік маңызы бар объектілерді ішінара бейімдеу, нысандарға қолжетімділік пандустарды орнатумен ғана шектеледі;
кәсіпорындарда өндірістік жарақаттанудың алдын алу жұмыстарының нашар ұйымдастырылуы;
қаржыны үнемдеу үшін кейбір жұмыс берушілердің қызметкерлердің әлеуметтік жағдайларын жақсартуға мүддесіздігі.
Мәдениет
Соңғы жылдары аймақтың мәдениет саласының қызметі бірқалыпты дамуда. 2015-2015 жылдары мәдениет саласына бөлінген қаржы көлемі 21,1 млрд. теңгені құрады.
2018 жылдың 1 қаңтарына облыста 738 мемлекеттік мәдениет мекемелері қызмет етуде.
2017 жылы театрлар 653 спектакль қойды (2015 жылдан 34,4%-ке көп), оларға 99,1 мың көрермен қатысты (31,3%-ке көп). Театрлар 21 жаңа қойылым қойды (2015 ж. - 15). Театр өнеріндегі жаңа қойылымдардың үлесі 3,2% құрады.
Клуб мекемелері 2017 жылы 39,0 мың мәдени-көпшілік шара (фестивальдар, байқаулар, форумдар, акциялар, айтыс, концерт, шығармашылық есеп және т.б.) өткізіп, 1676,7 мың адам көрермен қамтылды. 2015 жылмен салыстырғанда өткізілген мәдени-көпшілік шаралар саны 2,1%-ке өсті, келушілер - 1,2%-ке азайды.
Кәсіби ұжымдардың концерт саны 405 құрады (2015 ж. - 371), 82,1 мың адамды қамтыды, 2015 жылмен салыстырғанда 14,7%-ке көп.
Облыстағы мұражайлар 2017 жылы 334 көрме ұйымдастырылды (2015 жылмен салыстырғанда 20,6%-ке көп), 263 дәріс (30,2%-ке көп), 7824 экскурсия өткізілді (14,6%-ке көп). Мұражайларға келушілер саны 16,1%-ке өсті. Мұражай қоры 312 жаңа жәдігерлермен толықтырылды.
Облыс кітапханаларының кітап қоры 1,2%-ке ұлғайып, 5686,3 мың дананы құрады, кітапханалардың оқырмандар саны – 6,3%-ке (337,9 мың адам).
Ж.Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының сирек кездесетін кітап қорынан 2017 жылы 390 кітап сандық форматқа аударылды (2015 ж. – 375, 2016 ж. – 385). Барлығы 3086 кітап сандық форматқа аударылған.
2015-2017 жылдары Орал қаласында көпбейінді облыстық Мәдениет және өнер орталығы, Теректі ауданының Подстепное ауылында ауылдық Мәдениет Үйі салынды, 35 мәдениет нысандарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Мәдениет саласы бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
аймақтың жоғары тарихи-мәдени әлеуеті;
мәдениет саласына, мәдениет нысандарының реконструкциясы мен жөндеуіне бөлінген қаржының көбеюі.
|
ауылдық мәдениет мекемелерінің материалдық-техникалық базасының төмен деңгейі, ауылдық жерлерде мамандандырылған кадрлардың жетіспеушілігі;
ауылдық жерлерде типтік Мәдениет үйлерін салуға деген қажеттілік.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
ұсынылатын мәдени қызметтің өсуі мен дамуы;
кітапхана процестерін автоматтандыру мен ақпараттандыру.
|
мәдениет саласы қызметкерлері жалақысының төмен болуына байланысты, еңбек нарығында мамандандырылған кадрлардың айтарлықтай болмауы;
тұрғындардың мәдениет мекемелерінің қызметіне әркелкі қолжетімділігінің артуы.
|
Облыста мәдениет саласындағы негізгі көрсеткіштер өскенімен, тұрғындардың мәдениет мекемелерінің қызметіне әркелкі қолжетімділігі, мәдениет нысандарының салынуы, сонымен қатар өскелең ұрпаққа тарихи-мәдени мұраның тиісті деңгейде насихатталмауы мәселелері шешілмей тұр.
Материалдық-техникалық жабдықталуының төмендігі, арнайы мамандар тапшылығы мәдениет мекемелерінің қызмет көрсету сапасына әсерін тигізеді және адамдардың өсіп келе жатқан мәдени сұранысына сәйкес келмейді.
Алдағы уақытта мәдениет саласының дамуы еңбекке ынтасын, кәсіби табыстарға жетуін қалыптастыратын әлеуметтік бағыттағы ұлттық мәдениет өнімдерінің үлесін көбейту; мәдениет мекемелеріне келушілердің санын арттыру; әрбір аймақтағы мәдени-көпшілік шаралар өткізу арқылы тұрғындарды қоғамның дамуына үлес қосуына, әлеуеметтік белсенділік танытуға тарту қарастырады.
Дене шынықтыру және спорт
Облыста 74 спорт түрі дамытылады, оның ішінде: 31 - олимпиадалық, 29 - олимпиадалық емес, 9 - ұлттық, 5 техникалық және мүгедектік болып табылады.
Облыс бойынша спорттық ғимараттардың саны 1567 бірлікті құрайды, 2015 жылмен салыстырғанда 14 бірлікке көбейді (2015 ж. – 1553 бірлік).
Облыста 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Олимпиада резервтерін даярлау орталығы, Облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі, Спортта дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернат, 11 спорт клубы, оның ішінде 3-і кәсіпқой клуб («Ақжайық» спорт клубы» ЖШС, «Жайық» волейбол клубы» МКҚК, «Ақжайық» футбол клубы» ЖШС) жұмыс істейді.
2017 жылы спортпен тұрақты шұғылданушылардың жалпы саны 175245 адамды немесе облыс халқы санынан 27,1% құрады. Спортпен шұғылданушылардың саны 2015 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда 10,2%-ке өсті (2015 ж. – 158973 адам, 2016 ж. – 170650 адам).
2017 жылы балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінде, спорттық клубтарда дене шынықтыру және спортпен айналысатын 7-ден 18-ге дейін жас аралығындағы балалар мен жасөспірімдер саны 17157 адамды құрады және 2015 жылмен салыстырғанда 10,2%-ке өсті.
2017 жылы 136 мыңнан астам адамның қатысуымен 2665 спорттық-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастырылды.
2017 жылы облыс спортшылары спорт түрлері бойынша ресми халықаралық жарыстарда (Әлем, Азия, Қазақстан Республикасының чемпионаттары) 612 медаль ұтып алды (178 алтын, 186 күміс, 248 қола), ал 2016 жылы 492 медаль (170 алтын, 148 күміс, 174 қола).
2015-2017 жылдары 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешені, Орал қаласындағы теннис корты салынды. Ат спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және облыстық жоғары спорттық шеберлігі мектебі күрделі жөнделді.
Денсаулықты нығайту, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың кәсіби белсенділігін жоғарылату мақсатында 2016 жылы «Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға арналған спорттық клуб» МКҚК құрылды.
Бұқаралық спортты дамыту мақсатында барлық тұрғындардың, түрлі коллективтердің қызметкерлері қатысуымен спорттық-сауықтыру шаралар ұйымдастырылды: бұқаралық жүгіру (мамыр, маусым), дуатлон жарысы (шілде), аудандық, қалалық, облыстық әкімшілік және облыстық департаменттер қызметкерлері арасында облыстық спартакиада (сәуір-маусым), сондай-ақ медицина қызметкерлері арасында спартакиада (мамыр).
2017 жылы дене шынықтыру және спорт ұйымдарын қаржыландыруға 3,1 млрд. теңге бағытталды (2016 ж. – 3,4 млрд. теңге, 2015 ж. – 2,5 млрд. теңге).
Спортты дамытудағы SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
спорттың бұқаралық сипат алуы, соның ішінде мүмкіндіктері шектеулі адамдардың спортпен қамтылуы;
спорттық-бұқаралық және дене шынықтыру-сауықтыру іс-шаралары санының тұрақты өсуі;
ұлттық спорт түрлерінің серпінді дамуы;
спортшылар мен бапкерлерді халықаралық спорттық аренадағы жоғары жетістіктері үшін материалдық ынталандыру шаралары.
|
жаттықтырушылық жұмыстың төмен жалақысына байланысты, жоғары білікті мамандардың басқа салаларға кетуі;
мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін жабдықталған арнайы спорт ғимараттарының жоқтығы;
мемлекеттік-жекеменшік серіктестік тетіктері қалыптастырылмаған;
мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру мекемелерінің спорттық материалдық-техникалық базаларының осалдығы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
дене шынықтыру мен спорт саласында мемлекеттік-жеке меншік серіктестікті дамыту;
материалдық-техникалық базаны нығайту;
дене шынықтыру және спортпен белсенді шұғылданатын адамдар үлесінің өсімі.
|
компьютерлік ойындар сынды ойын-сауық түрлерімен салыстырғанда дене шынықтыру мен спорттың бәсекеге қабілеттілігінің төмендеуі;
перспективаның болмауына байланысты, спорттық резерв пен жоғары білікті мамандардың кетуі.
|
Спорттың бұқаралық сипатын арттыру, дене шынықтыру мен спорттың аясын кеңейту мақсатында алынған шараларға қарамастан, ауылдық жерлердегі спорт ұйымдарының желісін дамыту, спорт ұйымдарын (мектептер, клубтар) материалдық-техникалық қамтамасыз ету проблемалық мәселелер болып отыр.
Кәсіби кадрлардың тапшылығы, спорт кешендерінің жетіспеушілігі, дене шынықтыру мен спорт саласының жеткіліксіз қаржыландырылуы бұқаралық спортты дамытуда үлкен қиындықтар туғызып отыр.
Туризм
Облыс экономикасы дамуының перспективалық бағыттарының бірі бірегей географиялық орналасуы, жайлы табиғи-климаттық жағдайлары, қызмет көрсету мен демалу саласының базалық инфрақұрылымы, мол тарихи-мәдени мұрасы бар жоғары әлеуетті туристтік сала болып табылады.
24-кесте
Туризмнің даму көрсеткіштерінің динамикасы
Көрсеткіштердің атауы
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
Нысандар саны (бірлік)
|
58
|
68
|
72
|
Қызмет көрсетілген келушілер саны, (мың адам)
|
94 461
|
86 868
|
112321
|
Оның ішінде резиденттер (ішкі)
|
79 335
|
72 783
|
90906
|
резидент еместер (сырттан келушілер)
|
15 126
|
14 085
|
21415
|
Бөлмелер саны
|
1 484
|
1 546
|
1510
|
Бір жолғы сыйымдылық
|
2 735
|
2 878
|
2873
|
Төсек-тәулік беру (мың. теңге)
|
302 459
|
304 244
|
320153
|
Толтырылу коэффиценті ( %)
|
30,3
|
29,5
|
33,4
|
Орналастыру нысандарымен жалпы көрсетілген қызмет көлемі, млн. теңге
|
1 970,3
|
2 906,3
|
3 121,0
|
2017 жылы 2015 жылмен салыстырғанда сырттан келу туризмі мен ішкі туризмнің келушілер саны 18,9%-ке артты.
2017 жылы келушілерді орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің көбеюіне байланысты келушілерді орналастырумен айналысатын нысандар саны 4 бірлікке ұлғайып, 72 бірлікті құрады, онда бір жолғы сыйымдылығы 2873 төсек-тәулік құрайтын 1510 бөлме бар. Олар 112,3 мың адамға қызмет көрсетті және көрсетілген қызметтер сомасы 3121,0 млн. теңгені құрады. Орналастыру орындары қызметтерінің көлемі (мейрамхана қызметін қоспағанда) 2015 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге көбейді.
25-кесте
Ішкі және сырттан келу туризмі
адам
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
ҚР
|
БҚО
|
ҚР
|
БҚО
|
ҚР
|
БҚО
|
Ішкі туризм (резиденттер)*
|
3 115 416
|
79 283
|
3 495 267
|
72 783
|
4 387 495
|
90 906
|
Сырттан келу туризмі (резиденттер емес)*
|
692 250
|
15 178
|
722 515
|
14 085
|
891 911
|
21 415
|
* келушілерді орналастырумен айналысатын жеке кәсіпкерлерді қосқанда
2017 жылы қызмет көрсетілген келушілердің үлес салмағы ҚР бойынша жалпы қызмет көрсетілген келушілердің санынан ішкі туризм бойынша (резиденттер) 2,1% (2015 ж. – 2,5%) құрады, сырттан келу туризмі бойынша (резидент емес) 2,4% (2015 ж. – 2,2%) құрады.
Ішкі туризмнің дамуы қолда бар туристтік әлеует туралы жарнамалық-ақпараттық өнімді дайындау арқылы іске асырылады.
2017 жылы жақын және алыс шетел бизнес-құрылымдары өкілдерінің қатысуымен өткен «WestKazInvest-2017» Халықаралық Инвестициялық Форумы, РФ шекаралас аймақтарынан және ҚР облыстарынан (Атырау, Ақтөбе) келген туристік командалардың қатысуымен «Европа-Азия 2017» фестивалі, Ресей Федерациясының көршілес облыстарының қатысуымен спиннинг аулау бойынша Киров су қоймасында «ЧЕЛЮСТИ 2017» жарысы, РФ Орынбор облысы, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының қатысуымен Жайық өзені бойымен тарихи-мәдени, экологиялық және спорттық экспедициясы өткізілді, «ЭКСПО-2017» Халықаралық мамандандырылған «АСТАНА ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысты.
Туризм бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
облыстың бірегей табиғи жағдайы және мәдени-тарихи көрікті жерлері;
орналастыру орындарының оң динамикалық дамуы;
балалар және жасөспірімдер туризмінің дамуы.
|
дестинацияның әлсіз менеджменті;
жаңадан іске қосылған, қолданыстағы туристтік нысандарға және бағыттарға сыртқы инфрақұрылымның болмауы;
туристтік қызметтер сапасының төмендігі;
туризм субъектілерін үйлестірудің әлсіздігі;
жоғарғы баға саясаты.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
жаңа жұмыс орындарының ашылуы, соның ішінде ауылдық аймақтарда;
экологиялық, мәдени, этнотуризмнің даму мүмкіндіктері;
шетел инвесторларын тарту;
саладағы өңіраралық ынтымақтастықтың дамуы.
|
инвестициялық белсенділіктің төмен деңгейі;
өнеркәсіптік қалдықтар себебінен экологиялық жағдайдың нашарлауы.
|
Саланы дамытудағы проблемалар: туристтік орналастыру нысандарының бір бөлігінің тозуы, туристтік инфрақұрылымның жеткіліксіз дамуы, туристтік өнімдерді әртараптандыру бойынша жергілікті кәсіпкерлердің бастамаларының жеткіліксіздігі, туристтік қызмет көрсету сапасы деңгейінің төмендігі, негізгі туристтік нысандарға қол жетімділіктің төменділігі, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін, негізгі туристтік өнімдері бағасы деңгейінің жоғарылығы.
Достарыңызбен бөлісу: |