Кәсіпорындардың инновациялық белсенділігінің негізгі көрсеткіштері
Көрсеткіштер
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
Респонденттер саны, бірлік
|
857
|
917
|
932
|
Инновациялық белсенді кәсіпорындар саны, бірлік
|
35
|
33
|
49
|
Кәсіпорынның инновациялық белсенділігі, %
|
4,1
|
3,6
|
5,3
|
Инновациялық өндірілген өнімнің көлемі, млн. теңге
|
3 316,7
|
3 407,1
|
18 122,1
|
Өнімдік және үдерістік инновациялар шығындары, млн. теңге
|
3 955,3
|
25 405,4
|
6 556,0
|
Облыста инновацияның дамуына септігін тигізетін бірқатар құрылымдар, қорлар, бизнес орталықтары жұмыс жасайды. Бұған «Орал» ӘКК» ҰК» АҚ, ӘКК жанындағы инновация және инвестицияларды тарту орталығы, бизнес-инкубаторлар, фермерлерге, кәсіпкерлерге жәрдемдесу қоры және басқалар жатады. Олар консалтингтік, ақпараттық қызметтер, бизнес-жоспарлау және маркетингтік қызметтер көрсетеді.
Инновациялық гранттар беру мәселелері бойынша тұрақты негізде түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Өнеркәсіп кәсіпорындарының қатысуымен тұсаукесерлер, семинарлар, конференциялар үнемі өткізіледі. Ақпараттық-таныстыру жұмыстары (көрме қызметтері, бизнес-конференциялар, семинарлар, инвестициялауға әлеуетті инновациялық жобалардың деректер базасын қалыптастыру консалтингі) жүргізіліп отырады.
Инновацияны дамыту және енгізу бойынша ведомстволық жоспар дайындалып, іске асырылуда.
«Алгоритм» технопаркі» ЖШС негізінде зияткерлік меншік құқықтары иегерлері - ғылыми ұйымдардың, жоғары оқу орындарының, жеке тұлғалардың ғылыми-техникалық қызметі нәтижелерін коммерцияландыру мақсатында аймақтық коммерцияландыру орталығы (бұдан әрі - АКО) жұмыс атқарады.
М.Өтемісұлы атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетімен, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетімен, Қазақ инновациялық технологиялар және басқару институтымен, Батыс Қазақстан инженерлік-технологиялық университетімен ынтымақтастық туралы келісімшарттарға қол қойылды. Облыста Инновацияларды дамыту жөніндегі ғылыми-техникалық кеңес (ҒТК) және «Алгоритм» технопаркі» ЖШС Қамқоршылық кеңесі құрылды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері келесі ірі жер қойнауын пайдаланушы компаниялар болып табылады: КПО б.в., «Жайық Мұнай» ЖШС, «ТШО» ЖШС, «Урал Ойл энд Газ» ЖШС және т.б. ҒТК шеңберінде АКО-ның бастамасымен «Коммерцияландыру мәселелері бойынша келісілген ұсынбаларды игеру және жасау жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобы» құрылды.
Бұдан басқа, облыста жеткілікті станоктар паркі бар бірқатар ірі машина жасау кәсіпорындары жұмыс істейді. Бұрынғы қорғаныс кешені зауыттарының кадрлық және техникалық әлеуеті сақталған. Аймақтың бірқатар кәсіпорындарда конструкторлық топтар бар, ҒЗТКД (ғылыми-зерттеу тәжірибелік-конструкторлық дайындаулар) қағидасы бойынша жұмыс сақталған.
Облыстың инновациялық дамуының алғышарттарына келесі факторлар жатады: машина және прибор құру саласында жоғары білікті мамандардың болуы; қорғаныс саласы кәсіпорындарының ғылыми-техникалық әлеуеті; қолданылмайтын өндірістік орындар; пайдалы қазбалары бар кен орындарының болуы.
Кәсіпорындармен жаңа технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде. «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде инновациялық гранттар беруге қолдау көрсетіліп келеді. Аталған бағдарлама шеңберінде 2015-2017 жылдары 45 инновациялық жобаны іске асыруға 76 млн. теңге қаржы бөлінді.
Негізінен инновациялық жобалар кәсіпорындардың өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. «Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік» АҚ-на жолданған жобалар қолдау таппады.
Инвестициялар
2015-2017 жылдары өңірде инвестициялардың тұрақты өсуі байқалады. 2017 жылы ЖӨӨ-дегі негізгі капиталға инвестициялар үлесі 18,3%-ті құрады. 2015-2017 жылдары негізгі капиталға инвестициялар шамамен 1175 млрд. теңгені құрады. 2017 жылы республика бойынша жалпы көлемдегі облыс инвестициясының үлесі 4,6% құрады (2015 жылы – 4,1%).
17-кесте
Негізгі капиталға инвестициялар
млн. теңге
Көрсеткіштер
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
2017 ж. инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі, %
|
Негізгі капиталға инвестициялар
|
365 962,7
|
401 646,1
|
407 589,0
|
100,0
|
Нақты көлем индексі алдыңғы жылға, %
|
132,1
|
106,9
|
96,6
|
-
|
соның ішінде
|
|
|
|
|
республикалық бюджет қаражаты
|
25 700,2
|
21 007,0
|
32 953,3
|
8,1
|
жергілікті бюджет қаражаты
|
10 477,1
|
10 806,6
|
20 123,5
|
4,9
|
өз қаражаттары *
|
307 867,1
|
353 543,8
|
344 246,0
|
84,5
|
банктердің кредиттері
|
10 434,2
|
6 352,6
|
3 999,9
|
1,0
|
қарыз қаражаттар
|
11 484,1
|
9 936,2
|
6 266,3
|
1,5
|
* - кәсіпорындардың өз қаржысы, шетелдік кәсіпорындардың өз қаражатын қоса
Негізгі түсім немесе инвестициялардың 63,9% облыстың тау-кен өнеркәсібін дамытуға бағытталды. Бұл ретте, 2016 жылға қарағанда 2017 жылы инвестициялардың 3,4%-ке төмендеуі Қарашығанақ пен Чинарев мұнай және газ кен орындарын игеруге кәсіпорындардың өз қаражаттары салымдырының азаюымен байланысты.
18 - кесте
Пайдаланудың негізгі бағыттары бойынша
негізгі капиталға инвестициялар
млн. теңге
Көрсеткіштер
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
2017 ж. инвестицияның жалпы көлеміндегі үлесі, %
|
Негізгі капиталға инвестициялар, барлығы
|
365 962,7
|
401 646,1
|
407 589,0
|
100,0
|
соның ішінде:
|
|
|
|
|
Өнеркәсіп
|
287 676,1
|
324 763,3
|
296 559,5
|
72,6
|
соның ішінде:
|
|
|
|
|
тау-кен өнеркәсібі
|
249 157,0
|
287 665,9
|
260 375,8
|
63,9
|
өңдеу өнеркәсібі
|
20 626,1
|
22 311,0
|
15 312,0
|
3,6
|
электрмен жабдықтау, газ, бу беру, ауа баптау
|
12 870,1
|
9 738,7
|
7 103,1
|
1,7
|
сумен жабдықтау; кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылау
|
5 022,9
|
5 047,7
|
13 768,6
|
3,4
|
Құрылыс
|
5 617,3
|
2 936,7
|
4 429,4
|
1,1
|
Ауыл, орман және балық шаруашылығы
|
545,3
|
2 948,8
|
5 240,6
|
1,3
|
Көлік және қоймалау
|
22 657,9
|
21 034,8
|
27 320,9
|
6,7
|
Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу
|
3 707,4
|
2 803,0
|
2 803,0
|
0,7
|
Білім беру
|
5 085,5
|
3 172,3
|
3 172,3
|
0,8
|
Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер
|
4 061,6
|
3 419,2
|
3 419,2
|
0,9
|
Қызметтердің басқа түрлерін көрсету
|
36 611,6
|
40 568,0
|
40 568,0
|
10,1
|
Қолайлы бизнес ахуалға, аймақтың инвестициялық тартымдылығына, табиғи және минералдық бай ресурстардың болуына, өңірдің қолайлы географиялық орналасуы мен қолайлы инвестициялық жағдайдың болуына қарамастан, инвестициялар құрылымы өзгеріссіз қалпында қалып отыр, яғни ауыл шаруашылық, құрылыс, қызмет көрсету және басқа салаларда қарқынды өсім байқалмайды. Ең ірі кәсіпорын-инвесторларының көбі мұнай-газ өнеркәсібінде шоғырланған.
Облыс аудандары аумағының инвестициялық тартымдылығы
Облыс аудандарының аумағы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы салаларын дамытуға мүмкіндік беретін ресурстық әлеуетке ие.
Бөрлі ауданында ірі Қарашағанақ мұнай-газ конденсат кен орны және Ақсай бор кен орындары бар.
Зеленов ауданында Чинарев мұнайгаз конденсат кен орны игерілуде, құрылыс құмын, құмды-қиыршық тас қоспасы, сазды (кірпіштік) шикізатын, Погодаев кен орнында керамзит сазын, Цыганов кен орнында кварцты құмын барлау және өндіру жұмыстары іске асырылуда.
Облыстың Ақжайық ауданында «Сатимола» борлы-калий тұз кен орны, «Индер» кен орнында құмды-қиыршық тас қоспасы мен құм игерілуде.
Теректі ауданындағы Түксай кен орнында сазды керамзит шикізатын, цемент шикізаты бар Ақсуат кен орнында борды, Ақжайық кен орнында минералды суды және басқаларын өндіру ұйымдастырылған.
Тасқала ауданындағы Семиглавый Мар кен орнында бор, сазды шикізат және опока қорлары бар, гидравликалық қоспа ретінде Шипов кен орнында табылған кремний сазын пайдалануға болады.
Зеленов, Теректі, Тасқала, Сырым және Бөрлі аудандарының ауыл шаруашылығы алқаптары өсімдік шаруашылығы саласын дамытуға мүмкіндік береді. Ақжайық, Бөкей ордасы, Жаңақала, Жәнібек, Қаратөбе және Казталов аудандары мал шаруашылығын дамыту үшін жем-шөптік ауыл шаруашылығы алқаптарына ие.
Бөкей ордасы, Бөрлі, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Тасқала және Шыңғырлау аудандары шекара маңындағы аудандар болып табылады және Ресей Федерациясының облыстарымен шекараласады.
2017 жылдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға инвестициялардың ең көп көлемі немесе 51,6% Бөрлі ауданына салынды (210,4 млрд. теңге), бұл Қарашығанақ газ конденсаты кен орнын игерумен байланысты. Зеленов ауданына 22,5% инвестициялар тартылды немесе 91,6 млрд. теңге, бұл Чинарев мұнайгаз конденсаты кен орнын игерумен байланысты. Орал қаласына 16,9% немесе 68,9 млрд. теңге инвестициялар салаларды дамытуға бағытталды.
Казталов – 8,1 млрд.теңге (2,0%), Теректі аудандарына 8,5 млрд.теңге (2,1%) инвестициялар бағытталды.
Инновациялар және инвестициялар бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
табиғи және минералдық ресурстарға бай болуы салдарынан облыстың инвестициялық тартымдылығы;
қолайлы географиялық орналасуы;
машина жасау және прибор жасау кәсіпорындарындағы жоғары білікті кадрлар;
қорғаныс кәсіпорындарының ғылыми-техникалық әлеуеті.
|
инвестицияларды тартуды қамтамасыз ететін (арнайы аймақтар, қаржылық, банктік, ақпараттық-талдау, консалтингтік, көліктік және өзгелері) инфрақұрылымдардың дамымағандығы;
ғылым мен өнеркәсіп арасындағы әлсіз байланыс;
инвестицияларды тартумен байланысты, мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақсыздығы.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
инвестицияларды тарту бойынша тиімді мемлекеттік және жеке инфрақұрылымдарды қалыптастыру;
экономиканың қайта өңдеу секторына өндіруші секторынан инвестицияларды қайта бөлу есебінен экономиканың орнықты және теңгерімді өсуін қамтамасыз ету.
|
инвестициялардың бағыттылығы және экономиканың шикізатқа сай келмеуін сақтай отырып жоғары тәуекелдік экономиканы сақтау;
негізгі капиталға инвестициялардың төмен көлемінен өңірді дамытудың қолда бар өнеркәсіптік-өндірістік әлеуетін жоғалту;
инвестициялық жобалар үшін қаржыландырудың жоқтығы.
|
Қаржыландырудың жеткіліксіздігі, бизнес және ғылымның өзара әрекеттесуінің әлсіздігі инновациялық дамудың негізгі мәселесі болып табылады. Сонымен қатар, ғылыми қызметкерлердің технологиялық кәсіпкерлік тәжірибесінің болмауы, технологиялар трансферті мен инновацияларды енгізудің қолданыстағы жүйесінің тиімсіздігі, ал бизнес құрылымдарда озық ғылыми жетістіктері мен перспективалары, оларды коммерцияландыру туралы ақпарат проблемасы бар.
Отандық зерттеулер мен әзірлемелер нақты нарықтық талаптар мен шарттарға әлсіз бағытталған және импорттық ғылымды қажетсінетін өнімдермен және қызметтермен бәсекелестікті сақтамайды. Дайын ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің тәртібі жоқ.
Инвестициялық ахуалды қалыптастыру кезінде теріс рөлді көрсететін проблемаларға инфрақұрылымның дамымауы, инвестициялардың бағыттылығы және экономиканың шикізатқа сай келмеуін сақтай отырып жоғары тәуекелдік экономиканы сақтау, инвестициялық жобалар үшін қаржыландырудың жоқтығы және т. б. жатады.
Әлеуметтік сала
Білім беру
Мектепке дейінгі білім беру.
2017 жылдың қорытындысы бойынша облыста 185 балабақша, 52 «мектеп-балабақша» кешені және 246 шағын орталық жұмыс жасайды. Мектепке дейінгі ұйымдар саны 2015 жылы 470-тен 2017 жылы 490 бірлікке дейін өскен.
Жалпы, облыстың мектепке дейінгі білім беру саласында балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен (3-тен 6 жасқа дейін) қамтуда 99,9%-ке дейін арттырумен айқындалған оң беталыс байқалады (2015 жылы – 97,9%).
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтудың оң серпіні баланың бірінші сыныпқа қабылдануына дайындығын арттыруға және жалпы білім беретін мектептің бастауыш буынында оның табысты бейімделуіне ықпал етті.
19- кесте
Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының даму көрсеткіштері
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
2017 жыл 2016 жылға %-пен
|
Мектепке дейінгі ұйымдар - барлығы
|
470
|
474
|
490
|
103,4
|
оның ішінде: мемлекеттік
|
456
|
450
|
447
|
99,3
|
жеке
|
14
|
24
|
43
|
179,2
|
Балабақша саны
|
157
|
166
|
185
|
111,4
|
Мектеп - балабақша саны
|
52
|
52
|
59
|
113,5
|
Шағын орталықтар саны
|
261
|
256
|
246
|
96,1
|
Мектепке дейінгі ұйымдардағы бала саны, мың адам
|
28,5
|
29,3
|
30,4
|
103,7
|
3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту, %
|
97,9
|
99,7
|
99,9
|
х
|
Достарыңызбен бөлісу: |