Жылдарға арналған батыс қазақстан облысының аумағын дамыту бағдарламасы



жүктеу 1,45 Mb.
бет5/17
Дата06.01.2020
өлшемі1,45 Mb.
#25953
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

АӨК бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы бойынша саланы дамытуды қолдау үшін жыл сайын бюджеттерден қажетті қаржы қаражатар бөлу;

  • ауыл шаруашылығы өндірісін дамытуды инвестициялайтын қаржы институттарының жеткілікті болуы;

  • жергілікті ауыл шаруашылығы өніміне сұраныс және салыстырмалы түрде төмен өткізу бағасы.

  • саланың табиғи-климаттық факторларға жоғары тәуелділігі;

  • өндірістің ұсақ тауарлығы;

  • ауылшаруашылық мұқтаждықтарына пайдалануға жарамды табиғи су көздерінің болмауы, жайылымның әлсіз суландырылуы.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • мал шаруашылығын дамыту;

  • дәстүрлі мал шаруашылығы саласының асыл тұқымдығын және өнімділік сапасын одан әрі жетілдіру;

  • ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу желісін ұйымдастыру және дамыту;

  • ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру.




  • мал басы санының азаюы, тиісінше және ауыл шаруашылығы өнімдерін шығару азаюы;

  • шығарылатын ауыл шаруашылығы өнімдеріне бағаның өсуі;

  • шекаралас елдерден өте жұқпалы аурулар әкелінуі жоғары ықтималдығы;

  • ауыл шаруашылығы өнімдері импортының өсуі.


Саланың негізгі проблемалық мәселері табиғи-климаттық факторларға жоғары тәуелділігі, аймақта дәстүрлі жайылымдық мал шаруашылығын дамытуды тежейтін жайылымдардың әлсіз суландырылуы, ауыл шаруашылығы өндірісінің ұсақ тауарлылығы.

Қайта өңдеу секторын дамытуды тежейтін негізгі факторлар: шикізатты дайындау, тасымалдау және сақтау бойынша логистиканың дамымауы, ол қайта өңдеу қуаттарының толық емес жүктелуіне әкеп соғады; сондай-ақ өнімсіз делдалдардың (алып сатарлар) болуы өнімнің негізсіз қымбаттауына септігін тигізеді, отандық ауыл шаруашылығы өнімдерінің және қайта өңдеу өнімдерінің ішкі және сыртқы нарықта төмен бәсекеге қабілеттілігі; импорттың едәуір көлемдерінің болу себебінен отандық азық-түлік өнімдерінің ішкі нарықта өткізуге байланысты қиындықтар.


Шағын және орта кәсіпкерлік

Облыс экономикасы дамуының басымды бағыты шағын және орта кәсіпкерліктің дамуы (әрі қарай - ШОК) болып табылады.

2015-2017 жылдар аралығында тіркелген ШОК субъектілерінің саны 5,9%-ке өсті. Белсенді ШОК субъектілерінің санының азаюына қарамастан (6,3%-ке), 2017 жылы 2015 жылмен саластырғанда жұмыспен қамтылғандар саны және ШОК субъектілерімен өндірілген өнім көлемі сәйкесінше 6,7%-ке және 43,8%-ке өсті.

13- кесте



ШОК даму көрсеткіштері


Көрсеткіш

Өлшем бірл.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

ШОК субъектілерінің тіркелген саны

бірлік

45 386

46 422

48 047

ШОК субъектілерінің белсенді саны

бірлік

39 588

36 157

37 111

ШОК субъектілерінің жалпы санында белсенділердің үлесі

%

87,2

77,9

77,2

ШОК-та жұмыспен қамтылғандар саны

адам

105 996

106 883

113 115

ШОК субъектілерімен шығарылған өнім

млрд. теңге

1 006,8

1 281,8

1 448,0

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту және қолдау мақсатымен облыста «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы (бұдан әрі – Бірыңғай Бағдарлама) іске асырылуда.

2015-2017 жылдары Бірыңғай Бағдарламаны жүзеге асыруға республикалық бюджет қаражатынан облысқа 6,5 млрд. теңге бөлінді.

Бірыңғай Бағдарлама аясында 3 жылда 414 жоба субсидияланды, 158 несие бойынша ішінара кепілдік ұсынылды, 4 жоба бойынша жетіспейтін инфрақұрылым жеткізілді, 45 грант берілді.

14 - кесте

Бірыңғай Бағдарлама аясында

қаржылай қолдау алған жобалар саны


Қолдау құралдары

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

Субсидиялау, соның ішінде барлық бағыттар бойынша

101

130

183

Кепілдік

63

48

47

Гранттар

11

15

19

Өндірістік инфрақұрылымды дамыту

3

0

1

2011 жылдан бастап Бірыңғай Бағдарлама аясында 4 - бағыт «Кәсіпкерлерді қаржылық емес қолдау» жүзеге асырылуда.

ШОК қаржылық емес қолдау шеңберіндегі «Бизнес кеңесші» компоненті бойынша 2015-2017 жылдары 2690 кәсіпкер, соның ішінде «Топ менеджментін оқыту» компоненті шеңберінде – 34 басшы, «Іскерлік байланыстар» компоненті шеңберінде – 63 кәсіпкер, шетелде тәжірибесін – 7 кәсіпкер өтті, «Аға сеньорлар» компоненті шеңберінде – 10 кәсіпкер, «Жас кәсіпкерлер мектебі» компоненті шеңберінде 213 кәсіпкер оқудан өтті.

Бірыңғай Бағдарлама бойынша жүзеге асырылып жатқан шаралар нәтижесінде 3 жылда 18,8 мың жұмыс орындары сақталып және қосымша 2,7 мыңнан астам жұмыс орындары құрылды.

Мемлекеттік бюджетке шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен түскен салықтық түсімдер көлемі 6,1%-ке немесе 2015 жылы 49,3 млрд. теңгеден 2017 жылы 52,3 млрд. теңгеге дейін артып отыр (2016 жылы – 51,7 млрд. теңге).

Ауыл кәсіпкерлерін қолдаудың басқа құралы ретінде Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы болып табылады, ол ауылдық инфрақұрылымды дамытуға, шағын несие ресурстарына қол жетілімділікті жеңілдетуге, кәсіпкерлік негіздеріне оқытуды ұйымдастырады.

2017 жылы республикалық бюджет қаражаттарынан және жалпы сипаттағы трансферттен шағын несиелерді жүзеге асыруға 852,8 млн.теңге бөлінді.

Екінші деңгейлі банктермен шағын несиелеу үшін жобаларды қарастыру жұмыстары жүргізілуде, 2017 жылдың қорытындысы бойынша сомасы 315,5 млн.теңгеге 29 несие (соның ішінде 21 старт-ап жобасы) берілді. Шағын несиелер бизнесті ашуға немесе кеңейтуге беріледі.

Сонымен қоса шағын несиелер бойынша кепілдік табыстау үшін бюджеттен 36 млн.теңге бөлінді. Жалпы сомасы 76,2 млн.теңгеге 14 кепілдік берілді.

2015-2017 жылдары Бизнестің жол картасы 2020 бағдарламасының екінші бағытын және Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауыл тұрғындарын кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға және шағын несиелендіруге республикалық бюджет қаражатынан 2,3 млрд. теңге бөлініп, игерілді. Барлығы 3 жылда шағын несие 624 адамға берілді, 295 - өз ісін ашты, 923 жұмыс орны құрылды, 329 адам өз бизнесін кеңейтті.


ШОК бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • кәсіпкерліктің дамуы үшін жағдай жасау;

  • шағын кәсіпкерлікті дамытудың нарықтық инфрақұрылымының болуы: «Даму» кәсіпкерлерлікті дамыту қоры» АҚ, кәсіпкерлер қауымдастығы, кәсіпкерлерді қолдау орталығы;

  • Орал қаласында кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығын құру;

  • ШОК субъектілерін мемлекеттік қолдау;

  • жалпы өңірлік өнімдегі ШОК үлесінің, ШОК-та жұмыспен қамтылғандар санының өсуі.




  • ШОБ субъектілерінің кепілдік мүліктерінің, меншікті айналым қаражаттарының жеткіліксіздігі;

  • банктік несиелеудің жоғары пайыздық сыйақы мөлшерлемесі; несие мекемелерінің құжаттарды ұзақ мерзімде қарауы; салық салу саласында жеңілдіктердің болмауы; кредиттік қарым-қатынастар саласындағы жеңілдіктердің болмауы;

  • шағын және орта бизнесті әртараптандырудың төмен деңгейі және салалық теңгерімсіздігі;

  • кәсіпкерлердің хабардар болуының әлсіз деңгейі, білікті кадрлардың тапшылығы.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • рұқсат беру рәсімдерін одан әрі жеңілдету және әкімшілік кедергілерді қысқарту;

  • ШОК субъектілерін мемлекеттік қолдауды күшейту.




  • ШОБ қалалық жерлерде шоғырлануы;

  • индустриялық инфрақұрылымның дамымауы;

  • кәсіпкерлікті қолдау инфрақұрылымының дамымауы.

ШОК-тың оң даму серпініне қарамастан, кәсіпкерліктің дамуына кедергі келтіретін бірнеше факторлар бар: материалдық-техникалық құралдарының қымбаттылығы, кепілдік мүлігінің болмауынан шағын бизнестің несиелік ресурстарына қол жеткізу деңгейінің төмен болуы, ШОК-тың инновациялық белсенділігінің төмен болуы, орынжайды жалға беру құнының және жабдықтар бағасының өсуі, кәсіпкерлердің және жалдамалы мамандардың кәсіптік білімінің төмендігі, ШОК дамуына бағытталған ауылдық жерлерде жүзеге асырылатын мемлекеттік мақсатты бағдарламалар жобаларының деңгейінің төмен болуы.

Жергілікті тұрғындардың өніміне сұраныстың төмендігі, ісін жаңа бастаған кәсіпкерлердің білімінің төмендігі аймақтың ШОК-тың дамуына кедергі келтіретін қатерлі факторлары болып табылады.

Аудандарда кәсіпкерліктің даму серпінінің төмен болуының негізгі себептеріне коммерциялық банктердің жобаларын аудандарда, ауылдарда жүзеге асыратын кәсіпкерлерді несиелеуге деген қызығушылығының төменділігі жатады. Тәжірибеде белгілі болғандай, аудан орталықтарында, ауылдық жерлерде қойылатын кепілдіктердің болмауынан және жобаның жүзеге асырылуынан туындайтын қауіп-қатерлерден сақтану мақсатында, коммерциялық банктер көбіне мұндай жобаларды қаржыландырудан бас тартады. Аталған фактор кәсіпкерліктің ауылдық жерлерде дамуына кедергі келтіреді.
Сауда

2017 жылы облыстың бөлшек тауар айналымының көлемі 265,3 млрд.теңге құрады, нақты көлемінің индексі – 101,7%. Тауар айналымынан алынған барлық көлем мемлекеттік емес секторларға тиесілі.

Өңірдің көтерме тауар айналымы 2017 жылы 315,1 млрд. теңгені құрады, нақты көлем индексі – 94,7%.

15 -кесте



Бөлшек және көтерме тауар айналымының көлемі

млрд. теңге





Бөлшек тауар айналымының көлемі

Көтерме тауар айналымының көлемі

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2017 ж. %-пен

2016 ж.

2015 ж.

2016 ж.

2017 ж.

2017 ж. %-пен

2016 ж.

ҚР

6555,8

7974,4

8892,9

102,7

16240,5

18011,8

19485,1

101,7

БҚО

195,4

241,8

265,3

101,7

231,9

307,1

315,1

94,7

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде базарлар мен жеке кәсіпкерлердің үлесі – 46%, саудамен айналысатын кәсіпорындар 54% құрады.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде 2017 жылы едәуір үлес 69,8% Орал қаласына тиесілі, облыстың аудандарына – 30,2%.

Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемінде азық-түлік өнімдеріне – 25,8% (2015 жылы – 29,0%), азық-түлік емес өнімдеріне 74,2% (71,0%) келеді.

2018 жылдың 1 қаңтарына облыста 7,4 мың дүкен жұмыс істейді, соның ішінде 8 - сауда алаңы 2000 мың ш.м кем емес.

Аймақта сауда базарларын оңтайландыру процесі басталып, әмбебап базарлардың саны қысқартылуда. 2018 жылдың басында облыста барлығы жалпы көлемі 273,3 шаршы метр 6780 сауда орнына арналған 31 рыногы тіркелді (2015 жылдың басына – жалпы көлемі 252,9 шаршы метр 7913 сауда алаңына арналған 32 базар).

Тауар ерекшелігі бойынша 15 әмбебап рыногы (жалпы рыноктар санынан 48,4%), 16 - мамандандырылған; сату түрлері бойынша – 27 бөлшек рыногы (87,1%), 4 - көтерме. Рыноктардың жалпы санынан 14-і немесе 45,2% жабық рыноктар, 1 немесе 3,2% – коммуналды рыногы.

Рыноктардың басым бөлігі Орал қаласында (6366 сауда орнымен 24 бірлік) және Бөрлі ауданында (231 сауда орнымен 2 бірлік) орналасқан.


Сауданың дамуы бойынша SWOT-талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • ішкі сауданы дамыту үшін заңнамалық және институционалдық негіздің болуы;

  • тауар айналымының өсуі;

  • бөлшек сауда базарында құрылған мықты қазақстандық ойыншылардың болуы.




  • инженерлік-техникалық инфрақұрылымды салу мен пайдалануға беру құнының жоғарылығы;

  • жаңа дүкендер немесе жұмыс істеп тұрған дүкендерді кеңейту үшін алаңдардың жеткіліксіздігі;

  • отандық кәсіпорындар өнімі ассортиментінің ауқымсыздығы, оның импорттық тауарлармен салыстырғанда бәсекеге қабілетінің әлсіздігі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • отандық өнім өндірісін өсіру;

  • әкімшілік кедергілерді төмендету бойынша мемлекеттік саясатты жүргізу;

  • көлік-логистикалық орталықтары желісін дамыту;

  • бәсекелестікті, сауда желілерінің бәсекеге қабілеттілігін өсіру;

  • орта топты қалыптастыру, халықтың төлем қабілетінің үлесін ұлғайту;

  • сауданы қолдау бойынша мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру.

  • шетел сауда желілері тарапынан отандық ойыншыларды ығыстыру және сіңіру;

  • шағын бизнес кәсіпорындарын қазіргі заманғы сауда пішімдерімен ығыстыру.



Сауданың дамуындағы оң серпінге қарамастан, салада проблемалық мәселелер байқалады:

ішкі сауда инфрақұрылымы деңгейінің жеткіліксіз дамуы;

көп уақыт сақталатын тауарлар (жарма, қант, өсімдік майы, ұн-жарма өнімдері) үшін тауар өндірушілердің өздерінен дистрибьютерлік жүйесі басым көтерме-бөлшек сауда желілері қалыптасқан және жұмыс жасауда, ал жылдам бұзылатын азық-түлік тауарлары саласында нәтижесіз делдалдар (алып-сатарлар) болуда, ол келесі себептермен түсіндіріледі:

өндірушілерден тауарларды «ауладан» көтерме сатып алатын, нәтижесіз делдалдар үшін қолайлы жағдай туғызатын, жылдам бұзылатын өнімдердің ұсақ тауарлы өндірісі;

ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және сауда желілерімен интегралданған ауыл шаруашылығы өнімінің көтерме буынының болмауы;

бөлшек сауда форматының заманауи дамымауы бөлшек секторын едәуір операциялық шығындарына әкеп соқтырады.

Алайда, қазіргі заманғы сауда объектілері мен нарықтарының қайта құру құрылысы үшін «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік қолдау бағдарламасы есебімен қаржы шараларының болуы, осы құралдардың пайдалану облысындағы бөлшек және көтерме сауданы дамытуға ықпал етеді.


Аймақаралық ынтымақтастық

Аймақаралық ынтымақтастық экономикалық қатынастардың маңызды факторы болып қалады, бұлардың негізінде түрлі өнеркәсіп салаларындағы өндірістік кооперацияның дәстүрлі қалыптасқан сұлбасы бар.

Батыс Қазақстан облысының іс жүзінде барлық аймақтармен сауда-экономикалық қатынастары бар. 2017 жылы басқа аймақтарға адамдар саны 50-ден астам өнеркәсіп кәсіпорындары бойынша тиеп-жөнелтілген өндірілген өнімнің көлемі 47,8 млрд. теңге (2015 ж. – 43,6 млрд. теңге, 2016 ж. – 98,4 млрд. теңге) құрады. Өнеркәсіп өнімінің ең көп көлемі Атырау облысына (79,2%) жіберілді. Аймақаралық қызметінің ең белсенді қатысушылары Оңтүстік Қазақстан (6,5%), Манғыстау (2,5%), Атырау (1,4%) облыстары және Алматы қаласы (1,7%) болып табылады.

2017 жылы резидент емес және басқа облыстардың резиденттерінен сатып алынған тауарлардың жалпы көлеміне қатысты өңірлерде сатып алынған тауарлардың үлес салмағы 25,9% құрады (2015 ж. – 37,8%, 2016 ж. – 44,1%). 2017 жылы басқа облыстардың резиденттерінен сатып алынған тауарлардың жалпы көлемі 19,2 млрд. теңге, соның ішінде Алматы қ. – 7,8 млрд. теңге (40,5%), Ақтөбе облысынан – 2,5 млрд. теңге (13,1%), Алматы облысынан – 5,0 млрд. теңге (25,9%), Қостанай облысынан – 2,2 млрд. теңге (11,3%).

Аймақаралық ынтымақтастықта белгілі бір тауар түріне дистрибьюторлардың болуы (жосықсыз бәсеке) күрделі мәселе болып табылады. Тауарлық нарықта үлкен өндірістік компаниялардың дистрибьюторларының (өкілдерінің) болуына байланысты, көбінесе шетелдік, жергілікті өнім өндірушілер олармен бәсекелесе алмайды, өйткені сұранысқа ие болған кейбір тауарлардың бағалары олармен демпингтенеді.

Аймақаралық ынтымақтастық дамуының жақсаруы:

мәдениет және экономикалық әлеуеті туралы аймақаралық ақпараттық айырбастауды ұйымдастыру;

аймақтың көрме-жәрмеңке шараларын жыл сайын өткізу;

қауымдастық құрылымдарымен және бірлестіктермен (Батыс Қазақстан облысының аймақтық кәсіпкерлер палатасы) халықаралық және аймақаралық ынтымақтастық саласы бойынша жұмысты жандандыру, соның ішінде ақпарат алмасу және бірлескен ұсыныстарды құру;

аймақтар арасында тәжірибие алмасу үшін алаңдар ұйымдастыру арқылы жеке бастамаларды және өнеркәсіп әлеуетін дамыту;

аймақтық тауар өндірушілерді маркетингтік ілгерілетуді ұйымдастыру арқылы аймақаралық тауар айналымының үлесін арттыру.
Аймақаралық ынтымақтастық бойынша SWOT-талдау


Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

  • шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің, өндірілген өнімі көлемінің сандық артуы;

  • отандық тауар өндірушілерді қолдайтын мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру;

  • жыл сайынғы аймақаралық іс-шараларды өткізу.




  • кепілзаттық қамтамасыздың болмауы себебінен несиелік ресурстарына қолжетімділігін шектеу;

  • өндірілілетін өнімнің көп бөлігінің бәсекеге қабілеттілігі төмен;

  • республика өнірлері бойынша өнімге қажеттілігі туралы ақпараттын болмауы.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

  • аутсорсинг және франчайзинг қағидалары негізінде ірі және орта кәсіпорындармен өзара тиімді кооперациялық байланыстарды жолға қою;

  • нарықтағы сұраныс және ұсыныс, бәсекелестер, шикізат жеткізушілер, дайын өнімдерді өткізу және тендерлерде қатысу мүмкіндіктері туралы ақпарат банкін құру;

  • шағын кәсіпорындардың тиімді қызмет істеуін қамтамасыз ететін нарықтық инфрақұрылымды дамыту.

  • импорттың жоғары көлемі;

  • шикізат ресурстарына бағалардың түсуі;

  • РФ тарапынан бәсекенің болуы;

  • отынға және энерготасымалдаушыларға бағаның өсуі көліктік шығындар өсіміне әсерін тигізеді.



Өңіраралық ынтымақтастықтағы өңірдің проблемалары:

өңірлердің айтарлықтай қашықтығы, бұл көлік инфрақұрылымының жеткіліксіз дамуын негіздей отырып өңіраралық тасымалдаудың жоғары көліктік шығындарына ұштастырады;

экономиканың көптеген салаларының төмен бәсекеге қабілеттілігі, тұтыну және инвестициялық сұраныстың негізгі сегменттерінде импорттың үстемдігін негіздей және қазақстандық компанияларға қолда бар әлеуетін ішкі нарықта пайдалануға мүмкіндік бермейді.


Инновациялар

2017 жылдың қорытындысы бойынша облыстағы 932 кәсіпорынның инновациялық қызметіне статистикалық бақылау жүргізілді. Аяқталған технологиялық инновациялары бар кәсіпорындардың саны 2017 жылы 49 бірлік құрады, соның ішінде 10 кәсіпорын өңдеу өнеркәсібінде (2015 ж. – 35, соның ішінде - 18).

Инновация саласының барлық түрлері бойынша жоғары белсенділік ірі кәсіпорындар арасында байқалады және 9,8% құрады (2015 ж. – 13,2%).

Өнімдік, үдерістік, ұйымдастырушылық және маркетингтік инновациялар бойынша кәсіпорындардың инновациялық белсенділігі 5,3% (2015 ж. – 4,1%), өнімдік және үдерістік инновациялар бойынша 1,5% (2015 ж. – 2,5%) құрады. Инновация саласында инновациялардың барлық түрлері бойынша едәуір белсенділік білім беру саласында байқалады - 50% (4 тексерілген кәсіпорыннан 2), саудада – 11,5% (226-дан 26), өңдеу өнеркәсібінде – 8,3% (121-ден 10). Тау-кен өнеркәсібі, электрмен жабдықтау, сумен жабдықтау саласындағы кәсіпорындарда инновациялар болған жоқ.

Инновациялық өнім көлемі 18,1 млрд. теңге құрады және 2016 жылмен салыстырғанда 5,3 есеге ұлғайды. Инновациялық өнім сомасы 12,4 млрд. теңгеге өткізілді (4,2 есеге көп).

Өнімдік және үдерістік инновациялар шығыны 6556,0 млн. теңге құрады (2015 ж. – 3955,3 млн. теңге). Бұл ретте, кәсіпорынның өнімдік және үдерістік инновацияларға жұмсалған меншіктік қаражат шығындары 385 млн. теңге құрады (барлық шығындарының 5,9%), банктердің қарызы есебінен – 6166,4 млн. теңге (94,1%).

16-кесте


жүктеу 1,45 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау