Үштілділікті дамыту
Облыстағы тіл саясаты Қазақстан халқын біріктіруші фактор ретінде тілдік ортаны дамытуға, сонымен қатар аумақтың лингвистикалық капиталын дамытуға бағытталған.
2015-2017 жылдары тілді дамытуға бөлінген қаражаттардың көлемі 185,6 млн. теңгені құрады. Еркін және тегін мемлекеттік тілді үйрену үшін жыл сайын тілді оқыту курстары ұйымдастырылады. Курста 2016 жылы 600 адам, 2017 жылы - 665 қамтылды (2015 ж. - 805).
Жалпы облыс азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі 80% құрайды (2015 ж. – 74%). Облыстың мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындарының үлесі жыл сайын өткізілетін әлеуметтік зерттеулермен анықталады. Облыс тұрғындарына мемлекеттік тілді оқыту жұмыстары 2004 жылдан басталған болатын. Күні бүгінге дейін мемлекеттік тілді тегін оқыту курстарында 14343 ҚР азаматы қамтылды.
Облысымызда 2015-2017 жылдары аралығында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша тестілеу өткізілді, оған 11184 бюджеттік сала қызметкерлері, түрлі компаниялар өкілдері, мемлекеттік қызметшілер тестілеуге қатысты, соның ішінде 9683 – тестілеу сынағына қатысқан, 1501 - сертификатқа тапсырды. Бұл жұмыстар болашақта да жалғасын таба береді.
Сонымен қатар, облысымызда ресми түрде қазақ тілімен қатар орыс тілі де қолданылады, ағылшын тілін үйренуге барлық жағдайлар жасалған.
БАҚ-та мемлекеттік тіл саясатын орыс тілінде насихаттау, тіл саясаты жөнінде қоғамдық пікір қалыптастыру, мемлекеттік тілді дамыту және қолданыс аясын кеңейту мақсатында жергілікті ТДК-42 телеарнасынан 222 телебағдарлама жұртшылық назарына ұсынылды.
Облыстық деңгейде мәнерлеп оқу және орыс жастары арасында тіл біліктілігі байқаулары, мемлекеттік тілді, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген жастар арасында олимпиадалар, мемлекеттік тілді техника тіліне айналдыру мәселелері бойынша ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізіледі.
Ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесін арттыру және «Тілдердің үштұғырлығы» жобасын жүзеге асыру мақсатында 2009 жылдан бері тегін ағылшын тілін оқыту курстары ұйымдастырылып келеді. Осы күнге дейін 5520 адам оқыды. 2016 жылы 665 тыңдаушы оқытылып, сертификаттарға ие болды, 2017 жылы – 910.
Тілдерді дамыту бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
мемлекеттік тілді оқыту инфрақұрылымдары: қазақ тілінде білім беретін балабақшалар мен мектептер айтарлықтай кеңейтілген;
іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшіру үдерісі белсенді жүзеге асырылған;
мемлекеттік тілді оқытудың әдістемелік қоры қалыптасуда.
|
қоғамның мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі біркелкі емес.
мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік кеңістікке енгізілуі жеткіліксіз.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
мемлекеттік тілді оқыту процесіне жаңа ақпараттық технологияларды енгізу, интернет-порталдарды жасақтау және тұрақты түрде жаңарту;
мемлекеттік тілдің коммуникативтік қызметін нығайту.
|
қазақстандық қоғамдағы тіл мәдениетінің төмендеуі.
|
Қол жеткізген нәтижелерге қарамастан, мемлекеттік тілдің қоғам өмірінің барлық салаларында қолданылу төмендігі байқалады. Саланың мәселелерінің арасында мемлекеттік тілдің қаржы, бизнес, ғылым, қызмет көрсету салаларындағы төмен қолданысы байқалады және мемлекеттік тілді оқыту әдістемесінің дамуы тиісті деңгейде емес.
Жастар саясаты
2018 жылдың 1 қаңтарына Батыс Қазақстан облысының 15 пен 29 жас аралығындағы жастар саны 139,4 мың адамды немесе облыс халқының жалпы санынан 21,5% құрайды, оның ішінде 71,3 мың адам қалада, 68,1 мың адам ауылдық жерлерде тұрады.
Жастардың бастамаларын дамыту және қолдау бағытында жастар бірлестіктерінің рөлі аса зор. Бүгінгі таңда 89 жастар қоғамдық бірлестіктері тіркелген, оның 64 - Орал қаласында, 25 облыс аудандарында жұмыс жасауда.
Облыста 6 республикалық жастар бірлестіктерінің филиалы бар: «БҚО жастары қауымдастығы» ЗТБ («Қазақстан жастар Конгресінің» өкілі), «Жасыл Ел» Республикалық жастар еңбек жасағы» БҚО штабы, «НұрОтан» партиясы БҚО филиалы «ЖасОтан» жастар қанаты, «Орал студенттер Альянсы» корпоративтік қоры, «БҚО студенттік құрылыс және жастар еңбек жасақтарының штабы» жастар қоғамдық бірлестігі, БҚО бойынша «Болашақ» қауымдастығы.
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде жастар саясатын қаржыландыру көлемі жыл сайын өсуде. Осы мақсатта 2015 жылы – 44,6 млн.теңге, 2016 жылы – 48,8 млн.теңге, 2017 жылы – 126,3 млн.теңге бөлінді.
Аудандарда жастар ресурстық орталықтарының желілері кеңеюде.
2013 жылдан бастап 252 адамды құрайтын штат санымен 14 жастар ресурстық орталығы құрылды. Жастарды жұмыспен қамту мақсатында облыстық ресурстық орталығы мен жұмыс берушілер арасында ынтымақтастық жөнінде меморандумдар жасалады.
2017 жылы жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтарына 4102 жас жолығып кеңес алған, соның ішінен 1830 адам жұмыссыздық мәселесі бойынша жүгінген. Жастар ресурстық орталықтарының көмегімен 414 жас тұрақты жұмыспен қамтылды.
Жастар жұмыссыздығы деңгейі 2015 жылы 4,2%-тен 2017 жылы 3,9%-ке дейін төмендеді (2016 ж. – 4,0%).
15-28 жас аралығындағы NEET жастарының үлесі (жастардың жалпы санынан жұмыс жасамайтын, оқымайтын жастардың үлесі) 2015 жылы 5,1%-тен 2017 жылы 2,8%-ке дейін төмендеді (2016 ж. – 3,1%).
Облыста «Жастар практикасы», «Дипломмен ауылға», «Жасыл Ел», студенттік құрылыс және еңбек жасақтары сияқты мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар іске асуда.
Техникалық және кәсіптік білім беру, ортадан кейінгі және жоғары оқу орындарының түлектерін жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында 2015-2017 жылдары 3968 адам жастар практикасына жолданды, соның ішінде 2015 жылы – 1074 адам, 2016 жылы – 1326 адам, 2017 жылы – 1568 адам.
2015-2017 жылдары «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша ауылдық жерлерге 1419 маман келді, олар 644,6 млн. теңге сомаға көтерме жәрдемақы алды. 1067 жас маман тұрғын үй сатып алуға 3,1 млрд. теңгеге жеңілдетілген несие алды.
Облыста «Жасыл Ел» еңбек жасағы және студенттік құрылыс жасақтары белсенді жұмыс атқаруда. Жыл сайын «Жасыл ел» бағдарламасы шеңберінде көгалдандыру жұмыстарын ұйымдастыруға 1175-ке жуық адам тартылады. 2015-2017 жылдары құрылыс объектілерінде студенттік құрылыс жасағының 847 сарбазы еңбек етті.
Жастар саясаты бойынша SWOT-талдау
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
жастар арасындағы жұмыссыздықтың төмен деңгейі;
ҚР-ның басқа облыстарымен салыстырғанда жастар арасындағы NEET үлесінің ең төменгі деңгейі;
жастардың жастар қоғамдық бірлестіктерінің қызметіне араласуының жоғарғы деңгейі.
|
жоғарғы және арнаулы орта оқу орындары түлектерінің өз мамандықтары бойынша жұмысқа орналасуының төменгі деңгейі;
жастарды әлеуметтік қолдауға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобаларды қаржыландыру деңгейінің төмендеуі;
жастардың әлемдік діни ағымдардың негізгі бағыттары туралы мәліметтерді аз білуі.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
жастар ресурстық орталығы қызметін үйлестіру арқылы жастарға тиісті әлеуметтік қолдау көрсету.
|
деструктивті діни ағымдардың қызметіне жастардың тартылуы.
|
Жастар арасындағы негізгі проблемалық мәселелер діни сауатсыздық, еңбекке орналастыру және жас отбасыларды әлеуметтік тұрғын үймен қамтамасыз болып табылады.
Жастар жұмыссыздығының субъективті факторларына жастардың жұмыс жасауға деген ұмтылысының төмендігі, психологиялық жағынан дайын болмауы, білім алуға деген мотивация деңгейінің жеткіліксіздігі, болашақ жұмысына деген артық талаптардың болуы. Және де объективті жақтарына жоғары оқу орындарындағы білімнің төмен деңгейі, еңбек жолындағы арнайы қызметтердің бәсең болуы жатады.
Сонымен қатар, еңбек нарығындағы сұраныстың тиісті деңгейде ақпараттандырылмауы, жастардың ауылдан қалаға көшуі, мамандық бойынша бос орындардың жеткіліксіздігі және т.б. жағдайлар осы мәселені қиындата түсуде.
Қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп
Азаматтық қорғау жүйесін жетілдіру облыс аумағында төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі басты міндеттердің бірі болып табылады.
Су тасқынының келеңсіз салдарынан 86 елді мекен және Орал қаласы саяжай аумақтарын су басу қаупі туындайды, бұл аймақта 40 мыңнан астам адам тұрақтаған және 10 мыңнан астам тұрғын үй қоры мен әлеуметтік-мәдени бағыттағы объектілер орналасқан. Су тасқынына қарсы іс-шараларды қамтамасыз ету мақсатында су тасу қаупі бар өзендерде жарылыс жұмыстарын жүргізетін жару бригадаларын тартып, жанар-жағармай материалдарының, құм қапшықтарының резервін алдын-ала дайындау, гидрологиялық бекеттер бойынша мониторинг жүргізу, қорғаныс бөгендері мен бөгерттерді нығайту қажет.
Су тасқыны жағдайын бақылау мақсатында Орал, Үлкен және Кіші көлдері бойынша тасқын суды апатсыз өткізіп жіберу, Ирикли және Варфоломеев су қоймаларын қауіпсіз және өзара тиімді пайдалану, Орынбор, Саратов және Батыс Қазақстан облыстарының шекаралас аудандарындағы су тасқынынына қатысты жедел жағдай мәселелері бойынша өзара ақпарат алмасу жүргізіледі.
РФ ТЖМ Дағдарыс жағдайларын басқару орталықтарынан Орынбор және Саратов облыстары бойынша су қоймаларының жұмыс режимі туралы деректерді жүйелі түрде алып тұру жолға қойылды, бұл қауіпті гидрологиялық жағдайларға мониторинг жүргізуге ықпалын тигізеді.
2015 жылы Теректі ауданы Ұзынкөл аулы округі Барбастау өзеніндегі су қоймасында күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді, 2016 жылы - Сырым ауданы Шолақ-Аңқаты су қоймасында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары, 2017 жылы - Зеленов ауданы Переметное ауылы Деркөл өзенінде құйылмалы гидротехникалық құрылыс салынды.
2018 жылы Теректі ауданы Приреченск ауылдық округі Караоба өзенінде гидротехникалық құрылысты күрделі жөндеу жоспарланған.
Елді мекендердің 80%-дан астамы мемлекеттік өртке қарсы қызмет бөлімшелері қызмет көрсететін радиустан тыс орналасқан, жақын маңдағы өрт сөндіру бөлімдеріне дейінгі қашықтық 30 км-ден 200 км-ге дейінгі көрсеткішті құрайды. Бөлімшелердің мұндай алшақ орналасуы тұрмыстық өрттерге жедел әрекет етуге кері әсерін тигізеді. Облыстың елді мекендерін өрттен қорғау үшін кем дегенде 4 өрт сөндіру депосы мен 35 бөлек өрт сөндіру бекетін құру қажет.
Бүгінгі күнге 20 километр радиусте жақын жатқан 39 елді мекеннің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін 12 өрт сөндіру бекеттері құрылды.
Облыс бойынша табиғи өрттердің алдын-алу және сөндіру үшін 2966 адам саны құрайтын 150 ерікті өрт сөндіру құрамасы құрылды. Ерікті өрт сөндіру құрамалары 9 автоцистерна, 448 бейімделген техника, 1701 аспалы өрт сөндіру құралдары және 105 мотопомпамен жабдықталған.
Төтенше жағдайларды талдау көрсеткендей, қабылданған шаралардың арқасында төтенше жағдайлардың және олардың салдарынан азаматтардың қаза болуының саны азайып отыр. 2017 жылы төтенше жағдайлар және зардап шеккендер саны сәйкесінше 64 және 46 құрады, бұл 2015 жылмен салыстырғанда 39,6%-ке және 76,4%-ке аз.
2017 жылы өрт саны 663 құрады (2015 жылдан 9,9%-ке аз), өрттен шығындар – 80,4 млн. теңге (42,2 млн. теңгеге аз).
Проблемалық мәселе: мемлекеттік азаматтық қорғау жүйесінің облыстық аумақтық шағын жүйесі күштерінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға жедел әрекет ету дәрежесі маусымдық су тасқындарына, су басулар мен өрттерге қарсы тұру инфрақұрылымын салудың аяқталмауына, соның ішінде хабарлау жүйесінің, ақпараттық қамтамасыз ету мен байланыстың, апаттық-құтқару қызметтері құрылымдарының техникалық жарақталуының жеткіліксіздігіне байланысты төмендейді.
Қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алудағы басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып қабылданып жатқан ішкі істер органдарының шаралары облыстағы криминогендік жағдайға тиісті бақылауды жүзеге асыруды, әлеуметтік-құптауға лайық деңгейде ұстауға мүмкіндік береді. 2017 жылы тіркелген қылмыстардың саны 2015 жылмен салыстырғанда 6,5%-ке төмендеді, соның ішінде аса ауыр - 35,2%-ке, ауыр - 33,1%-ке.
26-кесте
Көрсеткіштер
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж.
|
2017 ж.
2015 ж.
%-пен
|
Тіркелген қылмыстар мен оқиғалардың барлығы
|
12 864
|
13 028
|
12 031
|
93,5
|
10 мың тұрғынға шаққандағы қылмыстың пайыздық деңгейі
|
203
|
203
|
187
|
х
|
Кәмелетке толмағандар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы
|
2,8
|
2,3
|
2,2
|
х
|
Бұрын қылмыс жасаған тұлғалар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағы
|
22,1
|
24,9
|
48,8
|
х
|
Көшеде жасалған қылмыстар санының үлес салмағы
|
19,8
|
17,4
|
14,1
|
х
| Қылмыстың деңгейі
Көше және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстардың алдын алу мақсатында жол-патрульдік полиция бөлімшелерін жабдықтау, бейне қадағалау камералары желісін дамыту бойынша жұмыс жүргізіледі. 2017 жылы 346 қауіпсіздік камерасы орнатылды (облыс бойынша - 463 бірлік), жергілікті полиция инспекторларына 49 қызметтік автокөлік сатып алынды.
Бейне қадағалау жүйесінің көмегімен 88 қылмыс ашылды немесе 2016 жылдың деңгейінен 1,2%-ке көп, 54 мың құқық бұзушылық анықталды (6,9%-ке көп).
Қабылданған алдын алу шараларының нәтижесінде кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстардың үлес салмағын 2015 жылы 2,8%-тен 2017 жылы 2,2%-ке дейін, көшеде жасалған қылмыстардың үлес салмағын сәйкесінше 19,8%-тен 14,1%-ке дейін төмендетілді.
Қылмысқа қарсы күрес бойынша жұмыстың басым бағыттарының бірі есептегі контингентпен, әсіресе бұрын сотталған адамдармен профилактикалық жұмыстарды ұйымдастыру. 2017 жылы бұрын қылмыс жасаған тұлғалар тарапынан жасалған қылмыстардың үлес салмағының 48,8%-ке дейін өсуі статистикалық деректерді қалыптастыру кезінде құқық бұзушылықты есепке алу-тіркеу тәртібіндегі критерийлердің өзгеруіне байланысты қылмыстық құқық бұзушылық туралы ақпараттар қайталап қылмыс жасаған адамдар соттылығы шешілген немесе өтелгеніне қарамастан есепке алынады.
Сотталған адамдарға профилактикалық әсер етудің негізгі тетіктері әкімшілік қадағалау, шартты-мезгілінен бұрын босатылғандарды бас бостандығынан айыру орындарына қайтару және шартты жазалауды бостандығынан айыруға алмастыру болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдармен бірлесеп сотталған тұлғаларды жұмысқа орналастыру, сондай-ақ жаңа мамандықтарға оқыту бағытында жұмыстар атқарылуда.
27-кесте
Жол-көлік оқиғаларының көрсеткіштері
Көрсеткіштер атауы
|
2015 ж.
|
2016 ж.
|
2016 ж.
|
2017 ж. 2015 ж. %-пен
|
Тіркелген ЖКО барлығы, уақиға
|
503
|
448
|
405
|
80,5
|
олардың
|
|
|
|
|
қайтыс болған адамдар саны
|
99
|
92
|
99
|
100
|
жарақат алған адамдар саны
|
642
|
546
|
534
|
83,2
|
Автокөлік саны (бірлік)
|
198156
|
199113
|
195747
|
98,8
|
Жол-көлік оқиғаларының деңгейі 10 мың автокөлікке шаққанда
|
25,4
|
22,6
|
15,6
|
61,4
|
2017 жылы 2015 жылмен салыстырғанда жол-көлік оқиғалары – 19,5%-ке, әр түрлі жарақат алғандар 16,8%-ке азайды.
Жол-көлік оқиғаларының деңгейі 10 мың автокөлікке шаққанда 2015 жылы 25,4-тен 2017 жылы 15,6-ға дейін азайды.
Автокөліктер санының көбеюі, ауа – райының қолайсыз жағдайы, жол қозғалысына қатысушылардың көлік жүргізу тәртібін сақтамауы жол көлік оқиғаларының орын алуына себеп болып отыр. Ауа-райының қолайсыздығынан 2017 жылы облыстың жолдарында 26 жол-көлік оқиғасы тіркелді (2015 ж. - 25), онда 10 адам қаза тапты (2015 ж. - 9), 56 адам әртүрлі сипаттағы дене жарақатын алды (2015 ж. - 34).
Сонымен қатар, апат жағдайына тікелей әсер ететін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзуды анықтау үшін күнделікті жұмыс жүргізіледі. Мәселен, 2017 жылы 82,4 мың жол қозғалысы ережесін бұзу, 129,9 мың әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Қоғамдық қауіпсіздік және құқықтық тәртіп бойынша SWOT-талдау:
Күшті жақтары
|
Әлсіз жақтары
|
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан облыс халқы мен аумағын қорғау бойынша жағдайлар жасалынды;
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қауіп-қатерді төмендету және шығынды азайту бойынша жағдайлар жасалынды;
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау бойынша жағдай жасалған;
облыстық ішкі істер органдарының техникалық қамтамасыз етілуін жаңарту және күшейту жүргізілді.
|
өртке қарсы қызмет гарнизоны автопаркінің техникалық жарақтандырылуы, техниканың 60%-тен астамы ескірген;
өрт сөндіру депосы санының жеткіліксіздігі;
өрт қауіпсіздігі ережелерін, сонымен қатар су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша тұрғындардың мәдениетінің төмендігі;
коммуналдық меншіктердің гидротехникалық ғимараттардың бірқатары жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарын қажет етеді;
«мектеп» полиция инспекторларының штат саны тиісті нормаға сәйкес жасақталмаған;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды әлеуметтік оңалту және бейімдеу, оларды жұмысқа орналастыру мәселелері деңгейінің жеткіліксіздігі;
жол қозғалысына қатысушылардың көліктік тәртібінің төмендігі.
|
Мүмкіндіктер
|
Қауіп-қатерлер
|
табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту бойынша уақытылы іс-шаралар қабылдау;
төтенше жағдайлардың алдын алу жүйесін жетілдіру;
тұрғындарды төтенше жағдайлар болу қауіпі туралы СМС-хабарлама жіберу арқылы, кабельдік телеарналар бойынша ақпараттандыру;
автомобиль жолдарының жағдайын заманауи талаптарға жеткізу;
құқық бұзушылықтарды бейне бақылау, фото- және видео белгілеу желісін дамыту және кеңейту;
жолдардағы құқық бұзушылықтарды автоматты түрде жазып алатын техникалық құралдарды қолдана отырып, жол қозғалысына қатысушылардың тәртібін нығайту.
|
төтенше жағдайлар мен оқиғалар, соның ішінде күзгі-қысқы жылыту мезгілдеріндегі өрт, табиғи (дала және орман) өрт қауіпі;
гидротехникалық ғимараттардың бұзылуы кезінде елді мекендерге қауіп төну жағдайлары;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың әлеуметтік жайғаспағандығы;
автомобиль парктерінің күрт өсу қарқынынан жол-көлік оқиғаларының арту қауіпі.
|
Негізгі мәселелер болып табылады:
автомобиль паркінің өсу қарқыны көше-жол желісінің даму қарқынынан асады;
жергілікті маңызы бар жолдардың техникалық жағдайының нашарлығы;
білім беру ұйымдарына бекітілген ювеналдық полиция қызметкерлерінің жетіспеуі;
көптеген көшелер мен көп қабатты үйлердің аулаларының жарықтандырылмауы ұрлық пен тонау қылмыстарының жасалуына ықпал етеді.
Аталған мәселенің шешімін табу үшін бұрын сотталған тұлғалар үшін жұмыс орындарына квота бөлу туралы кәсіпорындармен меморандум жасасу, бұрын қылмыс жасаған тұлғаларды бақылауды қатаңдату, облыстағы елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру бойынша жұмыстар жүргізу, жүргізуші кадрларды даярлау жүйесін жақсарту, техникалық жылдамдық өлшеуіш құралдары және «зияткерлік қиылыстар» желісін ұлғайту, «мектеп» полиция инспекторлары лауазымдарының штат санын көбейту қажет, бұл оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жұмыстарымен ертерек айналысуға мүмкіндік береді.
Ішкі істер органдары тарапынан құқық бұзушылықтардың алдын алу және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қабылданған шаралар облыста қылмыстың деңгейін төмендетуге, азаматтардың конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етуге, құқық қорғау органдарына деген сенімін арттыруға ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |