«Астана медицина университеті» АҚ
УДК 618.12:618.177
АННОТАЦИЯ
диссертациялық жұмыс
Философия ғылымдарының докторы (PhD)
мамандығы бойынша: 6D110100 – МЕДИЦИНА
Тақырыбы: «Бедеулікке шалдыққан әйелдердің жатыр түтікшелерінің
жағдайын бағалау»
Ғылыми жетекші: м.ғ.к., профессор Г.У. Ахмедьянова
Шетелдік ғылыми кеңесші:
MD,
профессор Фелис Петраглия
Флоренция, Италия
Орындаушы: Әкетаева Ә.С.
Астана, 2018 г.
КІРІСПЕ
Бүкіл әлемдегі некедегі бедеулік заманауи медицинадағы маңызды және
күрделі мәселелердің бірі болып табылады, бұл туу деңгейінің төмендеуіне,
өмір сапасының нашарлауына алып келеді. Ерлі-зайыптылардың жиілігі 15-
16% құрайды [1-5]. Қазақстан Республикасында әртүрлі авторлардың
деректеріне сәйкес, некедегі бедеулік жиілігі 12-ден 15,5% -ке дейін болады
[6,7].
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бедеулікке
байланысты 2016 жылға дейінгі ресми статистикасына сәйкес, бедеулік
негізінде 16755 бала туатын жастағы әйелдерде тіркелді. Жалпы
гинекологиялық ауруларда бедеу жұптардың үлесі 18% құрайды [8].
Сарапшылардың пікірінше, жыл сайын Қазақстанда 20 мың жұпқа
«бедеулік» диагнозы қойылады. 65-70% жағдайында хирургиялық ем,
гормондарды түзету және әрбір үшінші науқас (30-35%) қосымша
репродуктивті
технологияға
жүгінеді
[9].
Әйелдердің бедеулігінің басты себебі - бұл түтікшелі- перитонеалды
фактор, оның жиілігінің төмендеу үрдісі жоқ, бұл көбінесе жатырдың
қосымша қабыну ауруларының ұлғаюымен байланысты. Алайда жатыр
түтікшелерінің зақымдануы эндометриоз, жатыр миомасы сияқты
репродуктивті ағзалардың патологиясына да байланысты болуы мүмкін.
Практикалық медицинаға диагностикалау мен хирургиялық емді
жүргізу үшін эндовидеохирургияны енгізу арқылы оны қалпына келтіру
емінде де қолдану оңайырақ болды. Бұл лапароскопиялық емді бедеулік пен
репродуктивті мүшелерінің патологиясымен бірге қолданудың келешегін
алдын-ала анықтайды.
Жатыр түтікшелерінің жағдайын дұрыс бағалауға негізделген
реконструктивтік оталарды дұрыс таңдау бедеулік пен репродуктивті
мүшелерінің патологиясы кезінде лепароскопиялық емді қолданудың
тиімділігін арттырудың бір жолы болып табылады.
Осылайша, репродуктивті мүшелерінің патологиясымен бірге жүретін
бедеулікті диагностикалау мен емдеудің әр түрлі әдістерінің тиімділігі туралы
әдебиеттегі ақпараттың жеткіліксіздігі мен сәйкессіздігі, жалпыға бірдей
критерийлердің жоқтығы, диагностикалау мен емдеу алгоритмі, осы санаттағы
науқастарда лапароскопиялық араласудың көрсеткіштері мен ауқымын
анықтау осы жұмыстың өзектілігін және қажеттілігін анықтады.
Зерттеудің мақсаты: Бедеулікпен бірге созылмалы сальпингит,
эндометриоз, жатыр миомасымен ауыратын репродуктивті жастағы әйелдерге
дифференциалды басқару тактикасын жүргізе отырып, жатыр түтікшелерінің
жағдайын зерттеу.
Зерттеу объекты: Бедеулікпен бірге созылмалы сальпингит,
эндометриоз, жатыр миомасы туындаған репродуктивті жастағы науқастар.
Зерттеудің тақырыбы: жатыр түтікшелерінің жағдайын зерттеу,
бедеулікпен негізгі репродуктивті аурулармен қоса жүретін науқастарды
зерттеу және жүргізу алгоритмін жасау.
Зерттеу міндеттері:
1. Бедеулікпен бірге созылмалы сальпингит, эндометриоз, жатыр миомасы
туындаған репродуктивті жастағы әйелдердің гинекологиялық статусына
клиникалық
және
статистикалық
талдау
жүргізу.
2. Бедеулікпен бірге негізгі репродуктивті мүшелерінің патологиясы
туындаған
әйелдердің
жатыр
түтікшелерің
жағдайын
анықтау.
3. Бедеулікпен бірге негізгі репродуктивті мүшелерінің патологиясы
туындаған
әйелдердің
жатыр
түтікшелерің
патоморфологиялық
зерттеулерінің нәтижелерін талдау.
4. Бедеулікпен бірге негізгі репродуктивті мүшелерінің патологиясы
туындаған науқастарда гистеросалпингографияға қатысты
лапароскопиялық
хромогидротубацияның
тиімділігін
бағалау.
5. Бедеулікпен бірге негізгі репродуктивті мүшелерінің патологиясы
туындаған науқастарды қарау және жүргізу алгоритімін дамыту
мен негіздеу.
Ғылыми жаңалық. Созылмалы сальпингит, эндометриоз және жатыр
миомасы сияқты репродуктивті мүшелерінің патологиясымен бірге
туындаған бедеулігі бар науқастар арасында жатыр түтікшелерінің
жағдайына салыстырмалы талдау жүргізілді. Осы талдаудың нәтижесінде
бедеулікпен созылмалы сальпингит кезінде жатыр түтікшелерінің кедергісі
66%; эндометриозбен бірге - 23%; жатыр миомасымен бірге - 32% (p>0,05)
құрады.
Бедеулікпен бірге негізгі репродуктивті мүшелерінің патологиясы:
созылмалы сальпингит, эндометриоз және жатыр миомасы туындаған
әйелдердің жатыр түтікшелерің патоморфологиялық құрылымдарын
зерттеуде қабыну процесі нәтижесінде жатыр түтікшелерінің шырышты
қабатының деструктивті-склеротикалық өзгерістері, қан-тамырлар жүйесі
мен лимфа дренаждық өзгерістері, булшық-ет қалындауы байқалады,
сондықтан жатыр түтікшелерінің транспорттық қызметінің бұзылысында
қабыну процесі қауып фактор ретінде маңыздылығын негіздейді.
Репродуктивті мүшелерінің патологиясы туындаған әйелдерде
бедеулік факторын диагностикалау кезінде гистеросалпингографиямен
салыстырғанда лапароскопиялық хромогидротубацияның диагностикалық
маңыздылыға айқындалды.
Бедеулікпен бірге созылмалы сальпингит, эндометриоз және жатыр
миомасы туындаған науқастарда жатыр түтікшелерінің жарақаты мен
окклюзиясына байланысты және жүктілікті жоспарлау немесе көмекші
репродуктивті технологияға дайындық кезеңі ретінде жүргізу алгоритімі
жасалды.
Тәжірибелік маңыздылығы.
1. Зерттеуден алынған нәтижелер жатыр түтікшелерінің жағдайын
диагностикалауды оңтайландыруға және репродукциялық мүшелердің әртүрлі
патологияларымен бедеулігі туындаған әйелдерді емдеуге жеке көзқарасты
негіздеуге мүмкіндік берді.
2. Эндоскопиялық әдісті талдау нәтижесінде бедеулікпен бірге
созылмалы
сальпингит,
эндометриоз,
жатыр
миомалары
кезінде
репродуктивтік бедеуліктің тактикасын таңдау көрсеткіштері анықталды.
3. Зерттеу нәтижелері бойынша әртүрлі патологияларымен бедеулігі бар
науқастарды басқаруға сараланған тәсілі мен жатыр түтікшелерінің
жағдайын
зерттеу
алгоритмі
жасалды.
4. Бедеулікпен бірге негізгі репродуктивті мүшелерінің патологиясы
туындаған науқастарды зерттеу және жүргізу алгоритімі Астана
қаласындағы ШЖҚ МКК №1 және ШЖҚ МКК №3 перинаталды
орталықтардағы гинекологиялық бөлімдерінде іс жүзінде қолданылады.
Қорғауға ұсынылатын диссертациялық зерттеудің негізгі ережелері:
1. Бедеулікпен созылмалы сальпингит туындаған науқастарда бедеулігінің
себептері 66% жағдайларда созылмалы склеротикалық деформацияланған
сальпингит, бұл кезде жатыр түтікшелерінің өтімділігі 34% құрайды
(p>0,05).
2. Бедеулікпен эндометриоз ұштасқанда бедеулік 23% жағдайда түтікшелік
фактормен және 68% -да қабыну процесстің болуымен байланысты
(p> 0,05).
3. Бедеулікпен жатыр миомасы үйлесімінде бедеулік 32% жағдайда
түтікшелік факторға және жатыр түтікшелерінің механикалық
деформациясы
туындағанына
байланысты.
Бұл патологиядағы кіші жамбастың жабысқақтық процесі - 52% құрайды
(p> 0,05).
4. Лапароскопиялық хромогидротубация мен гистеросальпингографияның
диагностикалық мүмкіндіктерін салыстыру кезінде бірінші топта
диагностикалық дәлдік 59,6%, екінші топта 37,5%, үшінші топта 78,0%
болатыны анықталды.
5. Бедеулікпен бірге созылмалы сальпингит, эндометриоз және жатыр
миомасы туындаған науқастарда жатыр түтікшелерінің жағдайын бағалауда
лапароскопиялық хромогидротубация негізгі
таңдау әдісі болып табылады.
Диссертация материалдарының апробациясы.
Жұмыстың негізгі ережелері ғылыми баяндамалар түрінде баяндалды және
талқыланды:
1. «Астана медицина университеті» АҚ жас ғалымдар мен студенттердің
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, 2015 жылғы 9-10 сәуір,
Астана қаласы;
2. «Денсаулық туралы ғылым» халықаралық студенттік конференциясы «II-
oji tarptautinės sveikatos mokslų studentų konferencijos Ir XVIII-oji tarptautinės
mokslinės-praktinės konferencijos» 2016 жылғы 6 сәуірде Клайпеда,
Литва;
3. «Ғылым және медицина: жастардың қазіргі заманғы көзқарасы»
студенттер мен жас ғалымдардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік
конференциясы, 2016 жылғы 14-15 сәуір, Алматы;
4. «Астана медицина университеті» АҚ жас ғалымдар мен студенттердің
халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы, 14-15 сәуір, 2016,
Астана қаласы;
5. «Астана медицина университеті» АҚ жас ғалымдар мен студенттердің
халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы, 2017 жылғы 13-14 сәуір,
Астана қаласы;
Қорытынды: 1.Клиникалық және статистикалық деректерді талдау
көрсеткендей:
- 1 топтағы созылмалы сальпингитпен және бедеулікпен бірге 30-34 жас
аралығындағы (38,30%, 39,29%) және осы патологияның көріністерінің 2
топтарының эндометриозымен ұштастыра отырып, бедеулігі бар әйелдерде
аналық миомамен бірге 35 жастан 39 жасқа дейін (66%) біріктірілді (p <0.01).
1 топтағы бедеулікпен созылмалы сальпингит және 2 топтағы бедеулікпен
эндометриоз туындаған әйелдердің патологиясының көріністері 30-34 жас
аралығындағы (38,30%, 39,29%), ал 3 топтағы бедеулікпен жатыр миомасы
35 жастан 39 жас аралығында (66%) кездеседі (p<0,01).
-біріншілік бедеулік 41,49%, 58,93% және 46% жағдайларда, екіншілікті
бедеулік 58,51%, 41,07 % и 54 % жағдайларда 1, 2 және 3 топтарда тиісінше
диагнозы қойылды.
- бедеуліктің ұзақтығы орта есеппен 4,82 + 2,8; 3,41 + 2, 4 және 4,86 + 3,01 жыл
1, 2 және 3 топтарда тиісінше кездесті.
- үш топтағы ауырсыну синдромы сенімді түрде бірдей кездеседі χ
2
= 4.953
(p>0,05).
- 1-ші және 2-ші топтағы етеккіршілік бұзылыстарының белгілері бірдей,
ал 3 топта х2 (Хи-квадрат) көрсеткіші жоғары болды: χ
2
= 9.416 (p<0,01).
2. Лапароскопиялық операция кезінде жатыр түтікшелерінің жағдайы
анықталды:
- 2 топтағы перитубарлық адгезия жиілігі 1-ші және 3-ші топтарға
қарағанда 39% жағдайда жоғары болды (р<0,05);
- 1 топтағы бір жақты гидросальпинкстің кездесуі 2 және 3 топтарға
қарағанда 15% жоғары болды (р<0,05).
- 2 және 3 топтағы науқастарда лапароскопиялық хромогидротубация
тексеру кезінде (68% және 52%) жиіліктерде кіші жамбаста айқын
байқалған жабысқақ ауру процесінің болғанына қарамастан жатыр
түтікшелерінің екі жақтылық өтімділігі (77% және 68%) сақталған.
3. Жатыр түтікшелерінің құрылымын патоморфологиялық зерттегенде 1,
2 және 3 топтарға тиісінше 16%; 14,3%; 16% жағдайда созылмалы
склеротикалық деформацияланған сальпингиттің бар екендігі расталды, бұл
жатыр түтікшелерінің өтімділігінің бұзылуының және репродуктивтік
қызметінің қолайсыз болжамы болуының негізгі себебі.
4. Үш нозологиялық топпен бірге бедеуліктегі гистеросальпингографияға
қатысты лапароскопиялық хромогидротубацияның тиімділігін салыстырмалы
бағалау: әдіс сезімталдығы 66,67%; 61,54%; 87,50%, ерекшелігі - 36,36%,
30,23%, 73,53%, диагностикалық дәлдік 59,57%; 37,50% жағдайларда 1, 2
және 3 топтарда тиісінше кездеседі.
5. Гистеросальпингография мен лапароскопиялық хромогидротубацияны
қоса алғанда, үш нозологияда жатыр түтікшелерінің жағдайын бағалауда
әзірленген алгоритмі бедеулікпен ауыратын науқасты қарау және жүргізу
үшін негіз болып табылады.
Жарияланымдар туралы мәліметтер. Диссертациялық жұмыс тақырыбы
бойынша 18 ғылыми жұмыс жарияланған, оның ішінде Қазақстан
Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым
саласындағы бақылау комитеті
ұсынған
Қазақстан басылымдарында
8
басылым; Thomson Reuters Impact Factor 2016 = 0,768 және Scopus Сitoscore
2016 = 0, 85 ақпараттық базасында индекстелген басылымда ағылшын тілінде
1 мақала; Scopus Сitoscore ақпараттық дерекқорында индекстелген
журналдарда ағылшын тіліндегі 2 мақала 2014 = 0,164; 2 мақала ағылшын
тілінде («Медицина ғылымдарының ғылыми журналдары», «Ғылыми
зерттеулердің халықаралық журналдары» және халықаралық конференциялар
материалдарында 5 мақала (Литва, Қазақстан).
2 жұмыс актісі енгізілген
.
Диссертацияның көлемі мен құрылымы. Диссертациялық жұмыс орыс
тілінде 133 бетте компьютерлік теру арқылы жазылған; кіріспе, тұжырым,
қорытынды, тәжірибелік ұсыныстар мен қолданылған әдебиеттер тізімі бар 4
бөлімнен тұрады. 146 пайдаланылған әдебиеттер тізімі 96 орыс тілінде және
50 шет тілдерінде берілген. Диссертация 65 кесте, 50 сурет және 3 (А, В,
С) қосымшамен толықтырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |