«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы»



жүктеу 96,5 Kb.
Дата09.11.2018
өлшемі96,5 Kb.
#18726



Өскеменқаласы

«Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі

118 қаулысына өзгеріс және толықтыру енгізу туралы


Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2018 жылғы 28 қыркүйекте 5678 болып енгізілді
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексiнiң 18-бабының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы 20 сәуірдегі №118 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі 4550, 2016 жылғы 1 маусымдағы «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде, 2016 жылғы 27 маусымдағы № 68 «Дидар», 2016 жылғы 9 маусымдағы № 68 «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысына мынадай өзгеріс және толықтыру енгізілсін:

2 қосымшаның:

2 тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

«2. Негізгі персонал: барлық мамандықтағы дәрігерлер, фельдшер, медициналық мейіргер, фармацевт, диеталық мейіргер, барлық мамандықтағы мұғалімдер, тәрбиеші, дефектолог, логопед, арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарының (ұйымдардың) әдіскері, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, жұмыспен қамту орталығының (қызметінің) құрылымдық бөлімшесінің маманы, қарттар мен мүгедектерге күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар жасы 18-ден асқан мүгедек балаларға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік қызмет жөніндегі консультант, иппотерапия жөніндегі нұсқаушы-әдіскер, мәдени ұйымдастырушы, шаштаразшы, емдік денешынықтыру жөніндегі маман, жүзу жөніндегі нұсқаушы, музыкалық жетекші, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант.»;

мынадай мазмұндағы 4 тармақпен толықтырылсын:

«4. Қосалқы персонал: ассистент.».

2. Облыс әкімінің аппараты, облыстың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің облыс аумағында таралатын мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің әлеуметтік сала мәселелері жөніндегі орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Шығыс Қазақстан облысының

әкімі Д. Ахметов

«КЕЛІСІЛДІ»

Шығыс Қазақстан облыстық

мәслихатының хатшысы



_____________В. Головатюк

2018 жылғы «7» қыркүйек
жүктеу 96,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау