Жәй html мысалы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет16/38
Дата25.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#6101
түріПрограмма
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38

43
батырмасына  өзгереді. Енгізілген  белгі  іздеу  критериясының  белгісі  болады.
Енгізу барысында  алаңдар ретін өзгертпеңіз.
Енді Find Next командалық  батырмасын  басыңыз. Excel программасы
тізімнің  бірінші  элементінен  бастап, керек  элементі  іздеуді  бастайды. Егер
программа  қажет  элементті  тапса, ол  диалогты  терезеге  шығады. Егер  іздеу
шартын  қанағаттандыратын  тағы  бір  элементті  табу  керек  болса, Find Next
батырмасын басыңыз. Егер іздеуді кері бағытта жүргізу керек болса, Find Prev
командалық  батырмасына  басыңыз. Іздеуде  әртүрлі  критерияларды
араластыруға  болады. Мысалы, кейбір  алаңдар  белгісі  берілген  саннан  үлкен
болса  немесе  берілген  символдар  тізбегінен  сәйкес  болса, іздеу  элементтерін
енгізуге болады.
Егер  іздеу  критериясын  бірде-бір  элемент  қанағаттандырмаса, дауыс
сигналы  естіледі. Бірнеше  іздеу  критериялары  берілсе, программа  берілген
шартты қанағаттандыратын элементті ғана табады.
Деректерді талдау
Excel программа  үлкен  тізімдерді  талдау  үшін  арнайы  құралдар
қарастырылған.
Деректерді  талдау  деп – кесте  деректері  бағынатын, белгілі  бір
заңдылықтар  мен  тенденцияларды  түсінетін  әдістерді  айтамыз. Excel
программасының  версиясына  енген (Pivot Table) тірек  кестесі  тізім
деректерінің  өзара  қатынасын  талдауға  арналған. Тірек  кестесі, кесте
конструкторы көмегімен қадам арқылы жасалады. Тірек кестесінің құрылымын
интерактивті  режимде  алаңдар  атын  кестенің  бір  бөлігінен  екінші  бөлігіне
ауыстыру арқылы өзгертуге болады.
Тірек  кестелерінен  басқа Excel программасында  деректерді  жиын  арқылы
талдау  әдісі  бар. Теңдеуді  шешуді  іздеу  директивасы  өте  пайдалы, мұнда
анықталған қатынасты  қанағаттандыратын  берілген  алаң  белгісі арқылы басқа
белгілер табылады.
Data менюінен Pivot Table директивасының  диалог  терезесінен  тірек
кестелерінің  констуркторын  ашыңыз. Бұл  терезеде 4 қадам  арқылы  тірек
кестесін құруға болады.
Бірінші  қадамда  деректер  түсуінің  алыну  көзін  көрсету  керек. Егер
алынатын  деректер  тізімде  бар  болса, MS Excel List or Database селекторлық
батырмасын басып, келесі қадамға Next батырмасы арқылы көшіңіз.
Екінші  қадамда  тізім  орналасқан  жұмыс  бетінің  ортасын  көрсету  қажет.
Мұнда құрылатын тірек кестесіне тізімнің бір бөлігі ғана қажет болса, тізімнің
жарты бөлігін ғана беруге болады.
Үшінші қадамда (Layout) тірек кестесінің құрылымы беріледі. Алаңның оң
жағында  тізім  атаулары  орналасады, ал  ортада – тірек  кестесінің  құрылымы
ұсынылады. Бұл  алаңда, жол, бағана  дәне  деректер  алаңы  бар  болады. Кесте
құрылымын беру үшін жолдар мен алаңдар дерегін тышқанның маус көмегімен
енгіземіз. Тірек  кестесін  құрғанда  келесі  ережелерді  ұстаныңыз. Деректерге
талдау  жасалатын  алаңдар  аттарын Data деректер  алаңына  сүйретіп  әкеліңіз.
Жол  аттары  жазылады ROW-ға, және  бағана  аттары  жазылатын Column-ға
классификацияланатын алау аттарын беру қажет. Келесі қадамға өту үшін Next


44
батырмасын  басыңыз. Төртінші  қадамда  кесте  құруға  арналған  бірнеше
опцияларды  беруге  болады. Pivot Table енгізу  алаңына Starttng Cele адресі
көрсетіледі. Pivot Table Name енгізу  алаңында  кесте  аты  көрсетіледі.егер
бақылау  индикаторында Grand Totals for Columns және Grand Totals for Rows
енгізу  қажет, сонда  тірек  кестесінің  әрбір  жолы  мен  әр  бағанында  жалпы
соммалар  есептелетін  болады.  Тірек  кестесі  мен  алынатын  тізімнің  арасында
статистикалық байланыс бар, ол байланыс тек кесте құрғанда ғана бар болады.
Тізім деректерін өзгерткенде тірек кесті өзгермейді. Тізім мен кесте мазмұнын
шығару үшін Data менюінен Refresh Data шақыру қажет.
Негізгі әдебиеттер: :[1] – 1 – 638 c, [2] 1- 432 c.
Қосымша әдебиеттер: [8] –  c.
Бақылау сұрақтары:
1. Қолданбалы программалық қамтаманың құрамы.
2. Сериялы құжаттарды дайындау принциптары.
3. Презентация өңдеу этаптары.
4. Excel –де адресациялау түсінігі?
5. Адресация типтері.
6. Диаграмма түрлері.
3.6 Деректер  қорын  басқару  жүйесі. Деректер  қорының  құрылымдық
элементтерінің  негізгі  түсінігі. Деректер  моделдерінің  түрі. Инфологиялық
модель  құрудың  реляциялық  әдістемесі. ДҚБЖ  кестелерінің  функциональды
мүмкіндіктері. ДҚБЖ –мен жұмыс істеудің негізгі технологиялары.
Дәріс конспектілері:
Деректерді  интеграциялау  концепциясына  негізделген  қәзіргі  ақпараттық
жүйелер  сақталатын  үлкен  көлемді  деректер  бар, құрылымы  күрделі  болып
келеді  және олар көптеген  пайдаланушылардың  әртүрлі деңгейлеріндегі талап
тілектерін қанағаттандыруы керек.
Негізгі ұғымдар
Кез – келген  ақпараттық  жүйенің  нақты  дүниедегі  обьектілер  жайлы
деректерді  өңдеу. Кеңінен  түсіндірер  болсақ  деректер  қоры  дегеніміз – нақты
дүниедегі  белгілі  бір  сала  бойынша  бар  обьектілер  бойынша  мағұлыматтар
жиынтығы. Пәндік (салалық) аумақ  деп  нақты  дүниенің  бір  бөлігін  айтамыз.
Бұл  бөлік  басқарудағы  ұйымдастыру  мәселелерін  зерттеу  үшін  ең  соңында
оның жұмысын автоматтандыру үшін керек. Мысалы, кәсіпорын, жоғарғы оқу
орыны  т.б.с.с. Деректер  қорын  құрғанда  пайдаланушы  әртүрлі  белгілері
бойынша реттеп, одан көптеген басқа да белгілердің жинақталуы бойынша тез
таңдау жүргізе алады. Мұндай жұмысты, егер деректер құрылымы тәртіптелген
болса  ғана жүргізуге болады. Құрылымдық түр жасау – ол деректерді  көрсету
тәсілдері жөнінен  келісім жасау  деген  сөз. Құрылымдық түрі жоқ деректердің
мысалы ретінде мәтіндік файлды келтіруге болады.


45
Деректер  қорының  пайдаланушысы  ретінде  әртүрлі  қолданбалы
программалар, программалық кешендер жүре алады. Соңғы пайдаланушы деген
атқа  ие  ретінде  әр  сала  мамандары  болады. Қәзіргі  кездегі  деректер  қоры
технологияларында, ДҚ құру, оны жұмыс қалпында ұстау пайдаланушылардың
ДҚ-на  қатынап  отыруын  қамтамасыз  етіп  отыру  деген  сияқты  көптеген
қызметтерді  арнайы  программалық  құрал – деректер  қорын  басқару  жүйесі
басқарады.
Деректер қоры (ДҚ) – белгілі бір пәндік аумаққа жататын құрылымдық түрі
бар деректердің атауы бар жинағы.
Деректер қорын басқару жүйесі  - ДҚ  құруға, оны  актуалды  күйде  ұстауға
ондағы  керек  ақпаратты  іздеуді  ұйымдастыруға  қажет  программалық  және
тілдік құралдар кешені.
ДҚ – дағы  деректерді  басқарудың  орталықтандырылған  сипаты, қордағы
сақталатын  ақпаратқа  әкімшілік  қызметін  жүктейтін  адамның (не  адамдар
тобының) болуын қажет етеді.
 Деректер қорының жүйеленуі
Деректерді  өңдеу  технологиясы  бойынша  ДҚ  орталықтандырылған  және
үйлестірілген  деп  бөлінеді. Орталықтандырылған  ДҚ- да  бір  ғана  есептеу
жүйеісінің  жадында  сақталады. Егер  бұл  есептеу  жүйесі  ЭЕМ  желісінің
компонентасы  болса, онда  бұндай  қорғау  үйлестірілген  қатынау  болады. ДҚ
пайдаланудың  мұндай  тәсілі  әдетте  дербес  компьютерлердің (ДК) жергілікті
желілерінде  қолданылады. Үйлестірілген  ДҚ  есептеу  жүйесінің  әртүрлі  ЭЕМ
сақталатын, Өзара  қиылысатын  немесе  бірін  бірі  қайталайтын  бөліктерден
тұрады. Мұндай  қормен  жұмыс  істеу  үлестірілген  деректер  қорын  басқару
жүйесі  (ҮДҚБЖ) көмегімен іске асады. Деректерге қатынау тәсілдері бойынша
ДҚ  жергілікті  қатынау  ДҚ  және  қашықтағы  немесе  желілі  қатынау  ДҚ  деп
бөлінеді. Желілік  қатынау  тәсіліндегі  деректер қорының  орталықтандырылған
жүйелерінде әртүрлі архитектура болады:
файл-сервер;
∙ клиент-сервер.
Файл-сервер
.
  Желілі  қатынау  ДҚ  жүйелерінің  архитектурасы  бойынша
желідегі  бір  машина  негізгі (орталық) болып  бөлінеді (файлдар  сервері). Бұл
машинада  басқалары  пайдаланатын  орталықтандырылған  ДҚ  сақталады.
Желідегі басқа машиналар, пайдланушы жүйелерінің орталықтандырылған ДҚ
қатынауын  қамтамасыз  ететін  жұмыс  станцияларының  қызметін  атқарады.
Пайдаланушы  сұратуларына  сәйкес  деректер  қоры  файлдары  жұмыс
станцияларына  жіберіп, сонда  өңделеді. Бір  түрлі  деректер  бірнеше
сұратулардың  жиі  түсуі  ақпараттық  жүйенің  жұмыс  жылдамдығын  азайтады.
Пайдаланушылар  жұмыс  станцияларында  жергілікті  ДҚ  құрып, оны  өздері
жеке пайдалана алады. Файл – сервер концепциясы шартты түрде 1.1 суретінде
бейнеленген.
Клиент-сервер. Бұл  концепция  бойынша  орталық  машина (ДҚ  сервері)
орталықтандырылған ДҚ сақтаумен бірге деректерді өңдеудің негізгі қызметін
өзі  қамтамасыз  етуі  керек. Клиент (жұмыс  станциясы) сұрату  жасаған
деректерді  серверден  іздеп  оны  табу  қажеттігі  болады. Табылған  деректер


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау