Жәй html мысалы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет19/38
Дата25.12.2017
өлшемі5,01 Kb.
#6101
түріПрограмма
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38

53
3. Теледидар сигналдарын өңдейтін құрылғылар қалай аталады?
4. Қысылған бейне ақпаратты өңдеуге арналған аппараттық құралдар қалай
аталады?
5. Мультимедиалық құжаттардың басқалардан ерекшелігі?
4.2  Мультимедиа  стандарттық  құралдары. Дыбыс  реттеуіші. Лазерлік
ойнағыш. Әмбебаб ойнағыш. Дыбыс жазғыш программасы.
Дәріс конспектілері:
Мультимедиа - комплексті ұғым. Бір жағынан ол құжаттардың ерекше типін
көрсетеді, басқа  жағынан  программалық  және  аппараттық  қамтаманың
айрықша 
класын 
білдіреді. Мультимедиа 
құжаттардың 
әдеттегіден
ерекшеліктері  мынада: оларда  дәстүрлі  мәтіндік, графикалық  деректерден
басқа  дыбыстық  және  музыкалық  обьектілер, анимацияланған  графика
(мультипликация), бейне  фрагменттер  болады.
Мультимедиа  программалық
қамтамасы
 – мультимедиа құжаттары мен обьектілерін құруға / немесе қалпына
келтіруге  арналған  программалық  құралдар.
Мультимедиа  аппараттық
қамтамасы
– Мультимедиа  программалық  қамтасы  құруға, сақтауға  және
қайталауға  арналған  жабдықтар. Бұларға  дыбыстық  карта  СD ROM - диск
жетегі және  дыбыстық колонкалар жатады. Жабдықтардың бұл тобын базалық
мультимедиалық  комплект  деп атайды.
Соңғы жылдары мультимедиа аппараттық құралдар класы тез дамуда. Оған
қәзір теледидар сигналдарын өңдеуге және телеграммаларды қалпына келтіруге
(ТВ - тюнерлер) арналған  құрылғылар  енеді. Сонымен  бірге  қысылған  бейне
аппаратты  өңдеуге  арналған  аппараттық  құралдар.(МРЕС) декодерлер ,
цифрлық бейне дискілерді қайталауға арналған диск жетектер (DVD),  компакт
–дискілерді  жазатын  жабдықтар (СD ROM және CD-RW) және  басқа  да
көптеген құралдар.
Мультимедиа  аппараттық  қамтамасы  болған  жағдайда (тым  болмаса
мультимедиа  комплексінің  базалық  көлемінде) – WINDOWS ОЖ-ны
мультимедиалық  обьектілер  мен  құжаттарды  құруға, сақтауға  және
пайдалануға  мүмкіндік  береді. Осы  мақсатқа  лайықталған  программалық
құралдар – программалар- стандарттар – сауықтар, категориясына кіреді.
Мультимедианың негізгі стандартты құралдарына мыналар жатады: дыбыс
реттеуші, лазерлік ойнағыш, әмбебаб ойнағыш және дыбыс жазғыш.
Дыбыс реттеуші.
Дыбыс  реттеуші  программасы  барлық  компьютерлік  жүйенің  дыбысын
реттейтін  базалық  реттеуішке  жатады. Яғни  ол  дыбыс  қаттылығының  барлық
түрін  реттейді. Программалық  және  аппараттық  құралдар  дыбыстары  осы
дыбыс  ретеуіш  қойылған  шек  көлемінде  жұмыс  істейді, дыбыс  реттеуіштерді
индекация  тақтасында  орнатып  болған  соң  оған  таңбаша  құрылады.
Тышқанның  сол  жақ  басқышын  осы  таңбашада  шерту  арқылыреттеуіш –
мастер ашылады.


54
Ол  компьютерде  орнатылған  барлық  дыбыс  құрылғыларына  әсер  етеді.
Тышқанның  осы  таңбашада  оң  жақ  басқышын  шерту  кеңейтілген  терезені
ашады  да, дыбысты  анықтауға  болады: стерео  баланс  және  әр  құрылғыға  өз
дауыс тембірін беруге болады.
Лазерлік ойнағыш.
Лазерлік  ойнағыш  программасы  СD ROM диск  жетегі  көмегімен
музыкалық аудио дискіні іске қосуға арналған. Программа дыбыс жолдарының,
экран  элементтерін  басқара  алатын  СD ойнағыштарын  басқара  алады  да
көшірме  алу  тізімдерін  құра  және  редакторлай  алатын, қайта  көшірмесін  алу
режимінің  жұмыс  жасауын  басқарады (үздіксіз  көшірмесін  алу, кездейсоқ
көшірмесін алу, таныса отырып көшірмесін алу).
Әмбебап ойнағыш.
Әмбебаб  ойнағыш  бағдарламасын  аудиодиск  ретінде  қолдануға  болады,
бірақ  ол  лазерлік  ойнағыш  сияқты  сондай  кең  көлемді  қызметтер  атқара
алмайды (оның  дыбыс  тізімімен  жұмыс  жасайтын  құралдары  жоқ). Ал  басқа
жағынан  алып  қарағанда  ол  жоғары  жан – жақтылығымен  өзгешеленеді  және
дыбыс  жазып  қана  қоймай, сонымен  қатар  әр  түрлі  форматтағы
бейнекөріністерді  де  суреттеп  береді. Электронды  мәтінді  құжаттарда
мультимедиалық  оюбектілер  кездескен  кезде  дәл  осы  стандартты  құрал
Wіndows бейнеленеді.
Ән/ дыбыс жазу программасы.
Ән  жазу  программасы  музыка  жазу  файлдарын  өз  бетінше  даярлауға
арналған. Дыбыс  көзі  ретінде  микрофон,
CD-ROM
диск  қондырғысы  немесе
сыртқы  қондырғылар  қолданылуы  мүмкін. Программаның  күнделікті  өмірде
қолданып  жүрген  магнитофонның  басқару  құралдарына  ұқсас  графикалық
басқару элементтері бар. Жасалған дыбыстық файлдар кейбір әсерлер (ән жазу
жылдамдығының  өзгеруі, дыбыс  қаттылығы, 4 эхо  әсері, ойнағышты
айналдыру) салдарынан  шектеулі  түзетулерден  өтуі  мүмкін. Программа
кішігірім  өлшемдегі  аудиоклиптар жасауға мүмкіндік береді. Оларды  жүйелі
шаралардағы  дыбыстық  схемеларды  безендіруге  пайдалануға  болады. Оны
OLE-
сервері ретіндеде қолдануға болады, ал қажет болған жағдайда дыбыстық
обьектіні мәтіндік құжатқа енгізуге болады.
Негізгі әдебиеттер: :[1] – 1 – 638 c, [2] 1- 432 c.
Қосымша әдебиеттер: [10] – с,  [11] –  с, [12] –  c.
Бақылау сұрақтары:
1. Мультимедиа дегеніміз не?
2. Дыбысты қатйту реттеуіші қандай қызмет атқарады?
3. Әмбебаб  ойнатқыш қандай функция атқарады?
4. Дыбыс жазу программасы қандай қызмет атқарады?
5. Лазерлік ойнатқыш міндеті қандай?
6. Компак – дискілердегі дыбыс қандай параметрмен жазылған?


55
5 – Дәріс.  Дәріс тақырыбы: КОМПЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІ  ЖӘНЕ  ИНТЕРНЕТ
ТЕХНЛОГИЯЛАР.
 5.1 Жүйелер  туралы  жалпы  мәліметтер, компьютерлердің  өзара  жүйелі
жұмыс істеу алғы шарттары мен қажеттілігі. Глобальді  және локальді жүйелер.
Локальді  жүйелердің  негізгі  технологиялары, протокол  және  стандарттары.
Байланыс  жүйесінің  аппаратуралары  және  сипаттамалары. Мәлімметтерді  беру
тәсілдері (асинхронды, синхронды, симплексті, дуплексті).
         Дәріс конспектілері:
Компьютерлік желі – бұл араларында ақпарат тасушысы жоқ, өзара ақпарат
алмаса алатын компьютерлік жиынтығы. Жүйе құрамына кіретін компьютерлер
өзара ақпараттар алмаса алатын, байланыс каналдары арқылы жалғасуы керек,
ал 
компьютерлерде 
жүйелер 
жұмысын 
байланыстыратын, басқару
бағдарламасын  ұйымдастыратын  арнайы  бағдарламаны  қамтамасыз  ететін
қондырғы орнатылуы қажет. Компьютерлік жүйе тораптардың (компьютерлер,
жұмыс  станциялардың  және  т.б) жиынтығынан  және  оларды  жалғастырып
тұрған тармақтардан тұрады.
Жүйе тармағы — бұл бір-бірімен байланысты тораптарды жаалғайтын жол.
Жүйе тораптары үш типті болады:
·
Шеткі торап — тек бір тармақтың соңында орналасқан;
·
Аралық торап — бірден көп тармақтардың соңында орналасқан;
·
Бір-бірімен  байланысты  торап — бұндай  тораптар  негізінен  бір-ақ
жолмен байланысқан.
Компьютерлердің  жүйеге  әртүрлі  қосылуын  оның  топологиясы  деп
аталады.
Жүйе топологиясының ең көп тараған түрлері:
 Сызықтық  жүйе.  Тек  екі  соңғы  және  кез-келген  аралық  тораптан  тұрады,
сонымен қатар кез-келген екі тораптың арасында тек қана бір-ақ жол болады.
Шығыршық  тәрізді  жүйе. Бұл  жүйе  бойынша  әрбір  торапқа  екі  тармақтан
қосылады.
Ағаш тәрізді жүйе. Екіден  көп соңғы  тораптардан  және  қалай  болғанда  да
екі аралық тораптан тұрады және екі тораптың арасында тек бір жол.
Жұлдыз тәрізді жүйе. Тек бір ғана аралық тораптан тұратын жүйе.
Ұя сияқты (тәрізді) жүйе. Кем дегенде екі тораптан тұратын және олардың
арасында екі немесе одан да көп жол бар.
Толық  байланысқан  жүйе. Кез-келген  екі  тораптың  арасында  тармағы
(бұтақы) бар. Компьютерлік  жүйенің  ең  басты  сипаттамасы-оның
архитектурасы.
Жүйе  архитектурасы - ол  мәліметтер  жіберу  жүйесінің  тарату  құрылымы,
оның  топологиясы,, құрылғысы (керек-жарағы) және  олардың  жүйедегі  өзара
әрекетінің ережесі. Жүйе архитектурасы көлемінде ақпаратты кодпен хабарлау
мәселелері, оның  адресіне  жіберу, үздіксіз  келіп  түсетін  хабарларды  басқару
жүйесінің  жағдайындағы  және  сипаттаудың  нашарлауы  кезіндегі  қателіктерді
бақылау мен талдау мәселелері қаралады.
Өте кең тараған  архитектуралар:


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау