46
(файлдар емес) желі бойынша серверден клиентке қарай жіберіледі. Клиент –
сервер архитектурасының ерекшелігі SQL – сұрату тілін пайдалану болып
табылады. Клиент – сервер концепциясы шартты түрде 1.2 суретте
бейнеленген.
Сурет 1.1 Файл – сервер принципі бойынша ДҚ- дағы ақпаратты өңдеу
схемасы
Сурет 1.2 Клиент-сервер принципі бойынша ДҚ-дағы ақпаратты өңдеу
схемасы
Деректер қорының құрылымдық элементтері
Деректер қоры ұғымдары мынадай құрылымдық элементтер ұғымдарымен:
өріс, жазба, файл (кесте) тығыз байланысты. (сурет1.3)
Ө р і с, - ақпараттың бөлінбейтін бірлігі – реквезитке сәйкес келетін
деректерді логикалық ұйымдастырудың қарапайым бірлігі. Өрісті сипаттау
үшін мына көрсеткіштер қажет:
А т ы , мысалы, Фамилиясы , Аты, Әкесінің аты, Туған мерзімі;
т и п і, мысалы, символды, сандық, календарлық;
ұ з ы н д ы ғ ы, мысалы, 15 байт және де таңбалардың ең көп саны енеді;
д ә л д і г і, сандық деректтер үшін, мысалы, екі сандық бөлшек бөлігін беру
үшін екі ондық таңба.
47
Сурет 1.3 ДҚ-ның негізгі құрылымдық элементтері
Жазба – логикалық байланыстағы өрістер жиынтығы. Жазба данасы – оның
өрістерінің нақты мәні бар жазбаның жеке іске асқан түрі.
Файл (кесте) – бір құрылымның жазба даналарының жиынтығы.
Файл жазбаларының логикалық құрылым сипаты сурет 1.4 көрсетілгендей,
өрістер мен олардың жазбалар тізбегінен тұрады.
Файл аты
Өрісі
Өріс форматы
Аты
(белгіленуі)
Толық
атауы
Кілт белгісі
Типі Ұзынд
ығы
Дәлдігі
(сандар
үшін)
1 аты
┘
N аты
Сурет1.4 Файл жазбаларының логикалық құрылымы
Файл жазбасының құрылымында мәндері кілт болатын өрістер көрсетіледі:
жазба данасын білдіретін бірінші кілт (БК) іздеу және топтау белгілері
қызметін атқаратын екінші кілт (ЕК) (екінші кілт мәні бойнша бірнеше жазба
табуға болады).
Деректер үлгілерінің түрлері.
Кез – келген ДҚ ядросы ретінде деректер үлгісі бола алады. Деректер үлгісі
дегеніміз деректердің құрылымдарының жиынтығының деректер бүтіндігін
шектеу және деректермен операциялар жасау.
Деректер үлгісі – деректер құрылымы жиынтығы мен оларды өңдеу
операциялары. ДҚБЖ иерархиялық, желілік немесе реляциялық үлгілеуге
немесе осы үлгілердің белгілі бір жиынындағы комбинациясына негізделген.
Деректер үлгісінің үш негізгі типін қарастырайық: иерархиялық, желілік,
реляциялық.
Иерархиялық дерктерді үлгілеу.
Иерархиялық құрылым бір – бірімен белгілі бір ережелер бойынша
байланысқан элементтер жиынтығын береді. Иерархиялық байланыстағы
48
обьектілер бағытталған граф (төңкерілген ағаш) құрады. Оның түрі 2.1
суретінде бейнеленген.
Иерархиялық құрылымның негізгі ұғымдарына мыналар жатады: деңгей,
элемент (түйін), байланыс. Түйін дегеніміз белгілі бір бьектіні сипаттайтын
деректер атрибуттарының жиынтығы. Схемада иерархиялық ағаштың түйіндері
граф төбелері ретінде бейнеленген. Төменгі деңгейдегі әр түйін, жоғары
деңгейдегі бір түйінмен ғана байланысқан. Иерархиялық ағаштың ешқандай
төбеге бағынбаған, ең жоғарғы деңгейде орналасқан бір түйіні бар (ағаш
түбірі). Тәуелді (бағыныңқы) түйіндер екінші, үшінші т.б. деңгейлерде
орналасады. ДҚ – дағы ағаштар саны түбір жазбалары санымен анықталады.
ДҚ әрбір жазбаға түбір жазбадан тек бір жол болады (иерархиялық). Мысалы:
2.1. суретінде көрсетілгендей С4 жазбасы үшін өтетін жол А және В3
жазбалары арқылы өтеді.
Сурет 2.1. Иерархиялық құрылымды ДҚ- графикалық бейнеленуі
Желілік деректерді үлгілеу
Желілік құрылымда алдыңғы аталған негізгі ұғымдардағы (деңгей, түйін,
байланыс) әр элемент кез – келген басқа элементтен байланыста бола алады.
Реляциялық деректерді үлгілеу
Реляциялық
деген ұғым (ағыл.
relatіon -
қатынас) ДҚ жүйелерінің маманы
белгілі американдық Е. Кодданың есімімен байланысты.
Бұл
үлгілер
деректер
құрылымының
қарапайымдылығымен,
пайдаланушыға ыңғайлы кесте түрінде сипаттайды және бұл үлгіде
қатынастардың және деректерді өңдеуде реляциялық есептеулердің формалды
алгебралық аппаратын қолдану мүмкіндігі бар.
Реляциялық деректерді екі өлшемді кесте түрінде ұйымдастыруға
бағытталған. Әр реляциялық кесте екі өлшемді массив түрінде беріледі де, мына
қасиеттерге ие болады:
- кестенің әр элементі – деректердің бір элементі;
- кестедегі бағандардың бәрі біркелкі, яғни бағандағы барлық элементтер
бір типте (сандық, таңбалық т.б.) және бәрінің ұзындығы бірдей;
- әр бағанның өзіне ғана тән (уникальный) аты бар;
- кестеде бірдей жолдар жоқ;
- кестеде жолдар мен бағандардың орналасу тәртібі әркелкі;
Қатынастар кесте түрінде беріледі. Кестедегі жолдар кортеж немесе жазба
деп, ал бағандар қатынастар атрибуты немесе домен, өрістер деп аталады. Бір
49
мәнді жазбаны анықтайтын өрісті – қарапайым кілт деп (кілтік өріс) атайды.
Егер жазбалар бірнеше өрістермен анықталса, онда мұндай кестенің құрамды
кілті бар деп есептеледі. Екі реляциялық кестені байланыстыру үшін бірінші
кетенің кілтін екінші кестенің кілтінің құрамына енгізу керек (кілттер бір –
бірін қайталауы мүмкін).Басқа жағдайда бірінші кестенің құрылымына сыртқы
кілтті енгізу қажет. Сыртқы кілт екінші кестенің кілті болады.
Инфологиялық үлгі құрудағы реляциялық жол
Ақпараттық обьект
–
бұл дүниенің, заттың (нақты обьект, іс, процесс, оқиға)
логикалық байланыстағы реквизиттер түріндегі (ақпараттық элементтер)
жиынтығының сипаты. Ақпараттық обьектілердің дүниелік сипатының мысалы
ретінде: цех, қойма, материал, жоғарғы оқу орны, студент, емтихан тапсыру
т.б.с.с. қарастыруға болады. Белгілі бір реквизиттік құрамдағы және
құрылымдағы ақпараттық обьект класс (тип) құрайды. Оған өзіне ғана тән ат
беріледі (таңбалық белгімен), мысалы: студент, сессия, стипендия. Ақпараттық
обьектінің іске асыру – даналар жиынтығы көп. Олардың әрбіреуі
реквизиттердің нақты мәндері мен кілт мәндерімен анықталады (қарапайым бір
реквизит немесе құрамды бірнеше реквизит)Ақпараттық обьектінің басқа
реквизиттер тек сипатталады. Сонымен бірге бір реквизиттер бір ақпараттық
обьектілер үшін кілттік болса, басқа ақпараттық обьектілер үшін сипатталатын
болуы мүмкін.
Деректер кестелерге әртүрлі тәсілдермен топталуы мүмкін, яғни бір –
бірімен байланысқан ақпаратық обьектілердің ұйымдасқан әр түрлі
жиынтықтары болуы мүмкін. Бұл қатынастардағы атрибуттар топталуы
рационалды болуы керек, Яғни бір – бірін қайталайтын деректерді азайтуға,
және оларды өңдеп, жаңалап тұратын процедураларды оңайлатуға мүмкіндік
болуы керек.
Деректерді енгізгенде, өзгерткенде, жойғанда белгілі бір қатынастар
жиынтығы қатынастар қалыптылығы деп аталатын талапты қанағаттандырса
онда оның басқаларға қарағанда жақсы қасиеттерге ие болуға мүмкіндігі бар.
Қатынастар қалыптылығы – деректер қорындағы қайталауды болдырмайтын,
онда сақталатын деректердің өзара қарама қайшылығын болдырмайтын, ДҚ
жүргізуге кететін еңбекті азайтатын (енгізу, жөндеу) қатынастарды (кестелерді)
қалыптастыруға керек шектеулердің формальды аппараты. В.Коддол
қатынастардың үш түрлі қалыпты формасын анықтады және ол кез – келген
қатынасты үшінші (ең жетістікті) қалыпты формаға түрлендіретін механизмді
ойлап тапты.
Бірінші қалыпты форма
Егер қатынастар атрибуттары қарапайым болса (бөлінбейтін) , онда
қатынас, қалыпты немесе бірінші қалыпты түрге келтірілген деп аталады.
Қатынастарды бірінші қалыпты формаға түрлендіру реквизиттер (өрістер)
санының өсуіне және кілттің өзгеруіне әкеліп соғады.
Мысалы, мына қатынас Студент =
(Номері,
Фамилиясы, Аты, Әкесінің аты,
Күні, Группасы) бірінші қалыпты формада.
Достарыңызбен бөлісу: |