Жастар ресурстық орталықтары қызметінің стандарты және бағалау



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет5/26
Дата01.01.2018
өлшемі0,78 Mb.
#6807
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

 

3)  волонтерлік  ұйымға  және  (немесе)  волонтерге  жоспарланатын  және 



жүзеге асырылатын волонтерлік  бағдарламалар  (жобалар)  және волонтерлік 

акциялар, оларға қатысушылардың саны, олардың өткізілу орны мен уақыты, 

оларды  өткізуге  қойылатын  талаптар  туралы  ақпаратты,  соның  ішінде 

өздерінің интернет-ресурстарына орналастыру арқылы береді; 

4) волонтерлік қызметті жүзеге асыру үшін волонтерге жағдай жасайды

5) волонтерлік ұйымға және (немесе) волонтерге ұсыным хат береді. 

ЖРО-на  волонтерлерді  тарту  және  волонтерлік  қызметті  қолдау 

шаралары  Қазақстан  Республикасының  «Волонтерлік  қызмет  туралы» 

Заңына сай атқарылуы тиіс.  

 

4. ЖРО-ның негізгі мақсатты аудиториясы 



 

Жастар  –  бұл  жас  ерекшелігі  сипаттамаларының,  әлеуметтік 

жағдай 

ерекшеліктерінің 



және 

әлеуметтік-психологиялық 

қасиеттерінің  сабақтастығы  негізінде  біріктірілетін  әлеуметтік-

демографиялық  топ.  Жастардың  әлеуметтік  топ  ретіндегі 

ерекшеліктері  олардың  ахуалдарының  өтпелі  болуымен, 

әлеуметтік  мобильдіктің  жоғары  деңгейімен,  мәртебесінің  өзгеруіне 

соқтыратын  жаңа  әлеуметтік  рөлдерді  игеруімен  (студент,  азамат,  шаңырақ 

иесі), өмірдегі өз орнын белсенді түрде іздеуімен, нормалар мен құндылықтар 

жүйесін қалыптастыруымен сипатталады. 

 

Жетекші  қызмет  түрлері  тұрғысынан  алғанда



4

,  жастық  шақ  білім 

алудың (оқудың) аяқталуымен және еңбек өміріне кірісумен (еңбек қызметіне 

араласумен) тұспа-тұс келеді.  

 

Психология  тұрғысынан  алсақ,  жастық  –  бұл  өзінің  Мен-дігін  тану, 



адамның  дербес  тұлға  ретінде  қалыптасу,  қайталанбас  тұлғалық 

ерекшеліктердің  пайда  болу,  өзінің  ерекше  жетістікке  және  бақытқа  жету 

жолдарын іздеу кезеңі. 

 

Құқық тұрғысынан алғанда, жастық – бұл азаматтық кәмелеттікке жету. 



1994  жылдың  27  желтоқсанындағы  ҚР  Азаматтық  Кодексі  17-бабының                   

1  және  2-тармақтарына  сәйкес  Қазақстан  Республикасында  азаматтың  өз 

әрекеттерiмен  азаматтық  құқықтарға  ие  болуға  және  оны  жүзеге  асыруға,                 

өзi  үшiн  азаматтық  мiндеттер  жасап,  оларды  орындауға  қабiлеттiлiгi 

(азаматтық  әрекет  қабiлеттiлiгi)  кәмелетке  толғанда,  яғни  он  сегiз  жасқа 

толғаннан  кейiн  толық  көлемiнде  пайда  болады.  Жасы  кәмелетке  жеткен 

тұлға  толық  құқықтық  қабілеттілікке  ие,  азаматтың  барлық  құқықтарын 

пайдалана  алады  (дауыс  беру  құқығы,  заңды  некеге  тұру  құқығы  және  т.б.). 

Сонымен  қатар,  жас  тұлға  өзіне  белгілі  бір  міндеттерді  алады  (заңдарды 

сақтау,  салықтарды  төлеу,  еңбекке  жарамсыз  отбасы  мүшелеріне  қамқорлық 

көрсету, Отанды қорғау, т. б.). 

 

Жастар топтамасында болатын 10-14 жыл ішінде жас адам жеке өмірге 



толыққанды саналы тұлға ретінде кірісуі үшін білім алуы, кәсіби және өмірлік 

                                                           

4

 «Қазақстан Жастары-2016» Ұлттық баяндамасы. А.С. Қайдарова, Д.Ә. Әшімханова, А.Е. Маулітов, Л.Ю. 



Зайниева, М.А. Мекебаева, А.С. Жүсіпова, О.В. Қалдыбаева, Г.О. Насимов, М.Ж. Сеңгірбай, А.Н. Тесленко. 

Астана, 2016 ж. 




10 

 

маңызы бар дағдыларды меңгеруі, құқықтар мен міндеттерді білуі, азаматтық 



және адамгершілік тәрбие курсынан өтуі қажет.  

Осыған  байланысты,  ЖРО  жастардың  әлеуметтенуін  және  әлеуметтік 

ортаға интеграциялануын жүйелі түрде қамтамасыз етуге міндетті.  

Бірақ, ресурстардың шектеулі болуына байланысты, ЖРО  өз қызметіне 

барлық  жастардың  қатысуын  қамтамасыз  ете  алмайды.  Осыған  байланысты, 

жастардың нақты басымды санаттарын анықтап алу керек. 

Жастардың  басымды  санаты  –  осал  жастар  (қиын  жағдайда  қалған 

жастар), оны бірнеше топқа бөлуге болады:  

1) ерекше қажеттіліктері бар жастар; 

2) Заңмен қақтығысы бар жастар

3) жас отбасылар

4) 14 бастап 29 жас аралығындағы жас оралмандар; 

5)  14  бастап  29  жас  аралығындағы  жетім  балалар  мен  ата-ана 

қамқорынсыз қалған балалар

6) ауыл жастары

7) жұмыссыз жастар

8) NEET-жастар және т.б.  

Алғашқы  кезекте  жұмыс  жасалуы  қажет  осал  жастарды  ЖРО  өздері, 

халық  санаттарының  жергілікті  ерекшеліктеріне  және  өңірдің  әлеуметтік-

экономикалық жағдайына байланысты анықтайды. 

Жастарды,  әсіресе  осал  топтардан,  қоғамдық  өмірге  жұмылдыра 

отырып,  әлеуметтік  инклюзия  үшін  жағдай  жасау  керек  –  яғни,  жынысына, 

әлеуметтік мәртебесіне, біліміне қарамастан қоғамдық өмірге және шешімдер 

қабылдауына белсенді араласулары үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету. 

Сондай-ақ,  әлеуметтік  инклюзия  -  бұл  сан  алуан  адами  мүмкіндіктер, 

қажеттіліктер мен құндылықтар қоғамның дамуына ықпал ететін орта. 

Сонымен  қатар,  жастармен  жұмыс  жасау  барысында  олардың  жас 

мөлшеріне де назар аудару керек: 

14-17 жас – кіші топ;  

18-23 жас – орта топ;  

24-28 жас (қоса алғанда) – ересек топ. 

Жас  бойынша  жіктелген  топтардың  әлеуметтік-психологиялық 

ерекшеліктерін  ескере  отырып,  ЖРО-ның  жастардың  басымды  мақсаттық 

топтарымен атқаратын жұмыстарының әдістері мен формалары олардың жас 

ерекшеліктеріне сәйкес өзгеше болуы мүмкін. 

 

5. Жастармен жұмыс жөніндегі маман 



 

ЖРО-ның негізгі қызметкері – жастармен жұмыс жөніндегі маман. 

Жастармен жұмыс жөніндегі маман – қысқа мерзімдік оқудан және 

сертификаттаудан  өткен,  жастармен  бейресми  білім  беру 

әдістемесі  бойынша  жұмыс  жасайтын,  жастардың  тұлғалық  және 

әлеуметтік  дамуына  ұмтылатын,  жеке  және  топтық  жұмыстарды 

ұйымдастыру қабілеттері бар ересек тұлға.  

Жұмысының  сипаттамасы:

  өз  қызметі  барысында  жастармен  жұмыс 

жөніндегі  маман  жастармен  жұмыстың  негізгі  қағидаларын  басшылыққа 

алады  және  белгілі  бір  жағдайдың  ерекшеліктеріне,  мақсатына,  мақсатты 




жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау