Жастар ресурстық орталықтары қызметінің стандарты және бағалау



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет4/26
Дата01.01.2018
өлшемі0,78 Mb.
#6807
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

 

 



 

 

 

 

"ЖРО 

қызметінде 

жастардың 

тұлғалық 

құзырларын 

дамытуға 

бағытталған  қосымша  білім  беруді 

қамтамасыз  ету  қажет.  Жасыратыны 

жоқ, 

арамызда 

тіпті 

түйіндеме 

толтыра  алмайтындар  да  бар.  Кейде, 

ЖРО-на  жастар  ата-аналарымен  келіп 

жатады.  Бұл  бір  жағынан  жастардың 

бойында жауапкершілік, тіл тапқыштық 

және 

сенімділік 

сияқты 

өмірлік 

дағдылардың  жоқтығын  білдіреді.    Дәл 

осы 

бағытта 

жүйелі 

жұмысты 

қамтамасыз ету керек". 

Нұршинов Кенесары, 

Батыс Қазақстан облысы, 

 ЖРО директоры 

Сондай-ақ, 

отбасы 

мен 


жақын 

қоршаған ортаны жастардың даму үрдісіне 

араластыру  маңызды.  Осы  тұрғыда,  ата-

аналар 


үшін 

ашық 


есік 

күндерін 

ұйымдастыру ұсынылады. 

ЖРО-да жастарға арналған сан алуан 

шаралар  өткізуге  болатын  бірнеше  орын-

жайлар  (орындар)  болуы  қажет.  ЖРО 

ғимараты  (орын-жайы)  жастар  үшін 

ешқандай  кедергісіз  және  қол  жетімді 

болуы қажет. 

2) 

Жастарды 

ақпараттандыру 

және оларға кеңес беру. 

ЖРО  жастарға  мемлекеттік  қолдау 

шаралары, аймақтық, республикалық және 

халықаралық  мүмкіндіктер  туралы  әр 

түрлі  интерактивті  әдістер  мен  әлеуметтік 

медиа арқылы ақпараттардың жеткізілуін іске асырады.  

Сондай-ақ, 

жастармен 

жұмыс 

жөніндегі 



мамандар 

жастарды 

толғандыратын мәселелер бойынша кеңес беруді жүргізеді: мамандық таңдау, 

жұмысқа  орналасу,  білім  алу,  жобаларды  әзірлеу,  жеке  қатым-қатынастар 

немесе психологиялық қолдау көрсетеді. Кеңес беру қызметтері кеңес  берудің 

интеграцияланған моделіне сай болуы керек, яғни, берілетін кеңестер жастар 

үшін түсінікті және қол жетімді болуы шарт. 

3) Жастарды өмірлік маңызы бар дағдыларға үйрету. 

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) анықтамасы бойынша 

«өмірлік маңызды дағдылар – адамдардың түрлі мәселелерді тиімді шешуіне 

және  күнделікті  өмірдегі  қиыншылықтарды  жеңуіне  мүмкіндік  беретін                       

оң  мінез-құлыққа  бейімделу  мүмкіндіктері».  БҰҰ  Балалар  қоры  (ЮНИСЕФ)  

оларды «адамдарға орынды шешім қабылдауға, тиімді қарым-қатынас құруға, 

сондай-ақ  дербес  басқару  дағдыларын  қалыптастыруға  мүмкіндік  беретін, 

салауатты  және  нәтижелі  өмір  сүруін  қамтамасыз  ететін  психологиялық-

әлеуметтік және тұлғааралық дағдылардың үлкен топтамасы» деп атайды. 

Жастармен  жұмыс  жөніндегі  білікті  мамандар  ЖРО  өмірлік  маңызды 

дағдылар  бойынша  тренингтер  жүргізеді  (топтық  жұмыс,  креативті  және 

сыни  ойлау,  коммуникативтілік,  көшбасшылық,  гендерлік  теңдік  және  т.б.). 

Сонымен  қатар,  оқыту  барысында  отбасылық  құндылықтарға  және  рухани-

адамгершілік тұрғыда тәрбиелеуге басты назар аудару керек. Оқыту бейресми 

білім беру қағидалары негізінде жүргізіледі. 

4) Жастар бастамаларына қолдау және менторлық жасау.  

Менторлық (тәлімгерлік) – жастармен жұмыс жөніндегі тәжірибесі мол 

тұлғаның  тәжірибесі  аз  жас  адамға  өмірлік  ұстанымдарын,  білімі  мен 

дағдыларын  берудің  тиімді  тәсілі.  Осылайша,  жастармен  жұмыс  жөніндегі 

мамандар  жастарға  идеяларын  қалыптастыруға,  жобаларын  әзірлеуге 

жәрдемдесіп, менторлық көмек көрсетеді (жастар бастамаларын сүйемелдеу), 

іске  асыру  кезінде  оларды  жастармен  бірлесіп  талқылайды,  алынған 

тәжірибені  талдайды.  Сондай-ақ,  ЖРО  жастар  мен  жастар  ұйымдарының 

дайын жобалары мен бағдарламаларын іске асыруға көмектеседі. 



 

5)  Жастардың  қажеттіліктері  негізінде  бағдарламалар  мен 



жобаларды іске асыру.  

ЖРО  жастар  ортасының  негізгі  проблемалары  мен  қажеттіліктерін 

анықтайды  және  жастардың  қатысуымен  тұрақты  түрде  оларды  шешуге 

бағытталған,  сондай-ақ  рухани-адамгершілік  тәрбие  беру,  мүдделі 

тараптардың  қатысуымен  өскелең  ұрпақтың  мәселелерін  талдау  үшін  ашық 

пікір  алаңдарын  қалыптастыру  секілді  жобаларды  қоса  алғанда,  қысқа  және 

ұзақ  мерзімді  бағдарламаларды  жүзеге  асырады.  ЖРО  жобалары  мен 

бағдарламалары мынадай санаттарға бөлінуі мүмкін: 

1)  тұрақты  жеке/топтық  бағдарламалар  –    жастардың  белгілі  бір 

санаттары немесе топтары тұрақты түрде қатысатын бағдарламалар. Мұндай 

бағдарламалардың  мысалдары:  футбол  турнирлері,  музыкалық  үйірмелер, 

жастар театры және т.б. Қамқорлыққа зәру жастар үшін тұрақты бағдарламар 

қатарына,  нашақорлықтың  алдын  алу  бойынша  ақпараттандыру  курстары, 

ауыл  жастары  үшін  демалыс  шаралары,  мүмкіндігі  шектеулі  жастарға 

арналған  кәсіпкерлік  курстары  жатуы  мүмкін.  Бұл  ретте,  әлеуметтік 

инклюзияны  қамтамасыз  ету  маңызды.  Айта  кету  керек,  тұрақты 

бағдарламалардың аяқталу мерзімдері болмайды; 

2)  қысқа  мерзімді  бағдарламалар  мен  жобалар  –  белгілі  мерзімдермен 

шектелетін  жобалар  және  бағдарламалар.  Мысал  ретінде,  ауқымды  шаралар 

үшін волонтерлер дайындауды,  «Жасыл Ел» жобасын және т.б. айтуға болады. 

Мұндай  жобалар,  әдетте,  іске  асырудың 

барлық  кезеңінде  бір 

қатысушылардан тұрады; 

3)  бір  жолғы  іс-шара  –  жастар  бір  рет  қана  баратын  (жоспарланбаған, 

тұрақты  емес  және  жүйелі  емес)  және  белгілі  бір  күні  өткізілетін  шаралар. 

Мұндай  шаралардың  мысалдары:  бос  жұмыс  орындарының  жәрмеңкесі, 

Жайдарман  ойындары,  концерттік  бағдарламалар,  ұлттық  және  мемлекеттік 

мерекелер.  Мұндай  іс-шаралар  ай  сайын  қайталануы  мүмкін  (мысалы,  бос 

жұмыс орындар жәрмеңкелері), бірақ қатысушылары әр жолы басқа болады. 

Қызметтер  мен  жауапкершіліктерді  нақты  шектеу  үшін  жастармен 

жұмыс  жөніндегі  әр  маман  бір  бағдарламаға  немесе  жобаға  ғана  жауапты 

болуы қажет.  

Жұмыстың жекелеген әдістерін жүзеге асыру үшін он сегіз жасқа толған 

волонтерлерді  тартуға  болады.  Қазақстан  Республикасының  заңнамасына 

сәйкес  жасы  он  сегізге  толмағандар  волонтерлік  қызметпен  денсаулығына 

зиян  келмесе,  адамгершілік  жағынан  дамуына  және  білім  алу  барысына 

нұқсан келтірмесе ғана айналыса алады. 

Қазақстан  Республикасының  2016  жылдың  30  желтоқсанындағы 

«Волонтерлік  қызмет  туралы»  Заңының  15-бабына  сәйкес,  ЖРО  волонтерлік 

қызметті ұйымдастырушы ретінде:

3

 

1)  волонтерлік  бағдарламаларды  (жобаларды)  іске  асыруды  және 



волонтерлік акцияларды өткізуді ұйымдастырады

2)  волонтерлік  қызметті  қолдау  мен  ынталандырудың  мемлекеттік 

бағдарламаларын,  егер  бұл  осы  бағдарламаларда  көзделсе,  іске  асыруға 

қатысады; 

                                                           

3

  Қазақстан  Республикасының  2016  жылдың  30  желтоқсанындағы  №  42-VІ  «Волонтерлік  қызмет 



туралы» Заңы. 


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау