5
Жастармен жұмыс жүргізу қағидалары:
1) жастармен жұмыс жастар үшін атқарылады және оларды жұмыс
тетіктерін қалыптастыруға қатысты шешім қабылдауға қатыстыру арқылы
жастармен бірге іске асырылады;
2) жастармен жұмыс жастардың қажеттіліктеріне, мүдделері мен
тілектеріне негізделеді;
3) жастармен жұмыс жастардың ерікті қатысуына және жеке
бастамаларына негізделеді;
4) жастармен жұмыс барысында этикалық пайымдаулар мен тең
қарым-қатынас, құрмет, әрбір адаммен әріптестік қағидаттары басшылыққа
алынады;
5) жастармен жұмыс ашық түрде жүзеге асырылады және барлық
мүдделі тараптар үшін ашықтық сақталады.
Жастармен жұмыс барысында төмендегілерді ескеру қажет:
1) жастармен жұмыс Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес
жүргізіледі және мемлекеттік жастар саясатының ажырамас бөлігі болып
табылады;
2) жастармен жұмыс мүмкіндігінше жастардың тұрғылықты жеріне
жақын жүргізіледі;
3) жастар ресурстық орталықтары, жастар ұйымдары мен жастардың
өзін-өзі басқару органдары жастармен серіктесе отыра осы жұмыстың басты
ұйымдастырушылары болып табылады;
4) жұмыс ортасы жастар арасында танымал және жастардың бейресми
білім алуларына ықпалдасады;
5) жастармен жұмыс жасайтын тұлға (жастармен жұмыс жөніндегі
маман) – жастармен жұмыс жасау мақсаттары мен әдістеріне қатысты адал
және ашық;
6) жастармен жұмыс алдын-ала жоспарланады, әр түрлі әкімшілік
деңгейде үйлестіріледі және мүдделі тараптармен ынтымақтаса отырып
жүзеге асырылады;
7) жастармен жұмыс жүргізуді мақсатты түрде жоспарлау, жүйелі
бағалау және мониторинг жүргізу қажет;
8) жастардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуы мен бейресми білім
беру сапасы жастармен жұмыс нәтижелерін бағалаудың көрсеткіштері болып
табылады.
Жастармен жұмыс жасау кезінде, оларды қорғаншылыққа душар немесе
көмекке мұқтаж біркелкі топ ретінде, құрбан тұлғалар ретінде қарастырмауға
яғни, оларға проблема ретінде қарамауға ерекше мән беру қажет. Оның
орнына, оларды даму ресурсы ретінде қарастырған жөн. Яғни, жастарды үлкен
әлеуетке ие, талантымен және энергиясы толы қоғамның белсенді мүшелері
деп түсіну керек. Сонда, жас адамдардың қоғамдық өмірге қатысу деңгейі
жоғары болады және жастармен жұмыс нәтижелері сапалы болмақ.
Осылайша, жастардың қоғамдық өмірге қатысуы адамгершілік тәрбие
беру қызметін атқарады, жастардың бойында адамгершілік, гуманизм,
әлеуметтік қатысу, жауапкершілік және өзін-өзі жетілдіру сияқты
құндылықтарды жаңғыртады. Сондай-ақ, жастардың қоғамдық өмірге
қатысуы олардың патриоттық сезімдерін, азаматтық ұстанымдарын және
6
сана ашықтығын қалыптастыру мен дамытудың басты тәсілдерінің бірі
болып табылады.
3. ЖРО-ның жұмыс жасау әдістері
Жастармен жұмыс әр түрлі нысандарда әр түрлі әдістерді
пайдалану арқылы жүзеге асырылады. «Жастар» ғылыми-
зерттеу орталығының 2017 жылдың наурыз айында жастардың
пікірін анықтау мақсатында жүргізген сауалнама нәтижелері,
жастардың ЖРО-нан тікелей жұмысты күтетіндіктерін аңғартты.
Мәселен, сауалнамаға қатысқандардың 54% ЖРО жастар
бастамаларын қолдау және жобаларды жүзеге асыруға ықпалдасу бағытында
жұмыс жасауы керек деп санаса, 43,7% жастар кәсіпкерлігін дамыту керек
дейді, ал 38,5% жастарды өмірлік маңызы бар дағдыларға үйрету керек деген
ойда, 36,8% еріктілікті дамыту қажет деген пікірде болса, 36% жастардың
қоғам өміріне белсенді қатысуын қамтамасыз ету керек деген ойда, 36% осал
санаттағы жастармен жұмыс жасау қажет деп таниды, қалған 31%
психологиялық және заңдық көмек көрсету керек деп санайды.
Әр түрлі деңгейдегі ЖРО басшыларының SNW-талдауларының
нәтижелеріне сай, ЖРО-ның күшті жақтары – жастар бастамаларын қолдау
шаралары, жастар ұйымдарымен ынтымақтастық, жастар үшін сауық
іс-шараларын ұйымдастыру және жастардың жергілікті қауымдастық өміріне
қатысуын қамтамасыз ету. Соған қоса, ЖРО жұмысында жастармен жұмыс
жасаудың бейресми әдістерін пайдалану, жастардың осал топтарының іс-
шараларға және жобаларға қатысуын белсендету, сондай-ақ жастар үшін
«ашық, сенімді және қол жетімді кеңістік» қалыптастыру қажет.
Сондай-ақ, 2017 жылдың маусым айында өткізілген ЖРО директорлары
сауалнамасының нәтижелеріне сәйкес, жастармен жұмыстың негізгі түрлері
аталып өтті, олар – жастармен атаулы жұмыс, консультациялық көмек
көрсету, әлеуметтік жобаларды олардың қажеттіліктеріне сүйене отырып іске
асыру, жастардың бос уақытын ұйымдастыру, мемлекеттік бағдарламаларды
түсіндіру, жастардың арасындағы волонтерлік қызметті дамыту және
жастардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу.
Осыған байланысты, шетелдік және отандық тәжірибені ескере келе,
жастармен жұмыстың жастар ресурстық орталықтарының қолданысындағы
негізгі әдістері келесілер болып табылады (бірақ осылармен шектелмеу
қажет):
1) Жастардың өзін-өзі дамуы үшін ашық кеңістік құру.
Жастар ресурстық орталықтары тиісті аумақта тұратын жастардың
әлеуметтік деңгейіне, ұлтына және діни нанымына қарамастан барлығы үшін
ашық. Мұндағы негізгі мақсат – өз уақыттарын көшеде өткізетін және
қосымша пайдалы қызметпен айналысуға құлшынысы жоқ жастарды тарту.
Жастар ЖРО ғимаратына келіп, бос уақыттарын қандай да бір
міндеттемелерсіз өткізе алады. Мұнда олар бір-бірімен араласа алады, үй
тапсырмасын орындауға көмектесіп, кітап оқып, өз күндерінің қалай
өткендігімен бөлісе алады, өздерін толғандыратын сұрақтарды бірге
талқылап, идеялары мен бастамаларын дайындай алады, әлеуметтік ойындар
ойнап, спортпен шұғылдана алады және т.б.