Жастар ресурстық орталықтары қызметінің стандарты және бағалау



жүктеу 0,78 Mb.
Pdf просмотр
бет14/26
Дата01.01.2018
өлшемі0,78 Mb.
#6807
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26

28 

 

3.  Белгілік  қатысу.  Бұл  жағдайда  жастардың  пікір  білдіруге  құқылы 



екендіктерінің  көрінісі  қалыптастырылады,  ал  шын  мәнінде  оларда  таңдау 

жоқ.  


2.  Қатысудың  көрнекілігі.  Бұл  жағдайда  жастар  жобаға  қосалқы  түрде 

көмек  немесе  қолдау  көрсету  үшін  жұмылдырылады,  ал  ересектер 

бастаманың жастардікі еместігін жасырмайды.  

1.  Үстемдік  жүргізу.  Бұл  жағдайда  жастар  жобаға  көмек  көрсету  үшін 

жұмылдырылады, ал ересектер бастаманы жастардікі деп таныстырады. 

Жастармен  жұмыс  жөніндегі  мамандардың  өз  қызметтері  барысында 

"Қатысу сатысы" қағидаттарын белсенді түрде пайдалану арқылы жастардың 

саналы  түрде  қатысуын  қамтамасыз  ету  керек.  ЖРО  мен  жастар 

ұйымдарының жобалары мен бағдарламалары сол жастардың қажеттіліктері 

мен  мүдделеріне  сай  болуы  керек,  жастардың  ерікті  түрде  қатысуының 

қамтамасыз  етілуі  міндетті,  "үстемдік  көрсетуге",  "көз  бояушылыққа"  және 

"жалғандыққа" жол бермеулері шарт.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 


29 

 

3-қосымша 



     

 

Жастардың бейресми білімі

6

 

 

 



Бейресми  білім  –  жастардың  білімдері  мен  дағдыларын  дамытуға 

бағытталған,  ресми  білім  беру  жүйесінен  (мектептер,  колледждер  мен 

университеттер)  тыс  іске  асырылатын  ұйымдастырылған  және  жүйелі 

шаралар. 

Бейресми  білімнің  көмегімен  өзінің  және  қоғамның  мәселелерін 

шығармашылықпен саналы түрде шеше алатын жауапты тұлға қалыптасады, 

қоғамның  белсенді,  құзырлы,  саналы  да  сапалы  өмір  сүруге  бейім  мүшесі 

тәрбиеленеді. 

Бейресми білім берудің міндеттері: 

1)  сыни  ойлау  дағдыларын  дамыту  және  оларды  жеке,  қоғамдық  және 

кәсіби қызметте пайдалану;  

2)  әр  адамның  өз  дарының  ашуына,  мүмкіндіктерін  жүзеге  асыруына, 

өзін тексеруіне жағдай жасау; 

3) белсенділігіне, саналылығына және дербестігіне ықпал ету; 

4)  жеке  дүниетанымының  қалыптасуына  және  әлемдегі  өзгерістерге 

бейімделе білуге баулу. 

Бейресми  білім  беру  қағидалары  жастармен  жұмыс  жасаудың 

қағидаларына  сай  келеді.  Онда  жастардың  ерікті  түрде  қатысуы  –  бейресми 

білім беру үрдістерінің кез-келген түрінің негізі. Осы қағидаларды ғана жүзеге 

асыра  отырып,  біз  жастардан  парасаттылықты,  белсенділікті  және  қатысуға 

деген ынтаны күте аламыз. 

Бейресми білім берудің қағидалары:  

1)  Еріктілік.  Қатысушылар  оқу  бағдарламасын  және  оны  кімнің 

жүргізетіндігін  өздері  таңдайды.  Оқуға  ерікті  түрде  қатысады,  сабақтарды, 

олардың нысанын, сипаты мен ұзақтығын өздері таңдайды; 

2) Ерекше орта. Бейресми білім беру ерекше ортада жүзеге асырылады.  

Оған қатысушылардың өздерін қауіпсіз сезінулері мен тәжірибе жасауларына, 

қандай  да  бір  әрекеттерді  орындауға  тырысып  көрулеріне,  қоршаған 

тұлғаларға зиян келтірместен тәуекелге баруларына жағдай жасайтын белгілі 

автономия  тән.  Сонымен  қатар,  мұндай  ортаның  жастар  өз  мойындарына 

әрекеттері  үшін  жауапкершілікті  толығымен  ала  алатын  орта  болуы  керек, 

аздаған сәтсіздіктің, тіпті, қате шешімнің жастар үшін қауіп төндірмеуі керек. 

Басқаша айтар болсақ, жастарға өздерін көрсету мүмкіндігі берілуі керек, бұл 

осы жаста қажетті нағыз өмірлік тәжірибе алуға ықпал етеді; 

3)  Белсенді  қатысу.  Бейресми  оқыту  нәтижелеріне,  ең  алдымен, 

қатысушылардың  жеке  белсенділігі  арқылы  қол  жеткізіледі.  Белсенділікке 

жеке  тәжірибесін  талқылауға  және  салдарын  сезінуге  бөлінетін  жеке  уақыт 

ықпал  етеді,  қажет  болған  жағдайда  жаңа  тәжірибе  алуға  мүмкіндік  беретін 

                                                           

6

  Ж.  Гайлюс,  А.  Малинаускас,  Д.  Петкаускас,  Л.  Рагаускас.  Руководство  для  работающих  с  группами 



молодежи. Опыт неформального обучения в Литве. Варшава, 2013 ж. 


30 

 

жасанды  жағдайлар  қалыптастырылады,  теориялық  материалдар  мен  оны 



қалай пайдалану керектігі туралы сұрақ қою мүмкіндігі беріледі; 

4)  Тұтас  көзқарас.  Тұлғаның  тұтастай  қабылдануын  білдіреді,  оқыту 

мақсаты  және  жұмыс  әдістері  сезімнен,  санадан,  физиологиядан  тәуелсіз 

түрде  ескеріледі.  Тұлғаға,  топқа  және  тақырыпқа  уақыт  тең  бөлінеді. 

Бейресми  білім  беру  барысында  эмоциялық,  физикалық,  интеллектуалдық 

және  әлеуметтік  сипаттағы  әдістер  біріктіріледі  –  осының  барлығы 

толыққанды дамуды қамтамасыз етеді; 

5)  Тәжірибе  арқылы  оқыту.  Бейресми  білім  беру  үрдісі  сезіну  арқылы 

қабылданған  жағдайда  ғана  пайдалы  болатын  тәжірибеге  негізделген. 

Сондықтан,  әр  тәжірибесі  рефлексия  барысында  талқыға  салынады,  одан 

кейін  күнделікті  өмірде  ұстанымға  айналатын  және  қолданылатын 

қорытындылар жасалады; 

6) Бір деңгейдегі коммуникация. Бейресми оқыту – бұл қауіпсіз процесс, 

адам өзін еркін ұстай алады, өмірлік тәжірибесімен бөлісе отырып, өзінің әлсіз 

жақтарын  ашық  айтады,  қателіктерін  мойындайды  және  қателік  жасаудан 

қорықпайды.  Бұл  қатысушыларға  да,  оқытушыларға  да  қатысты. 

Коммуникацияның бір деңгейде болу қағидасы өз қателігің арқылы бір-бірін 

оқыту кеңістігі болып саналады. Осылайша, бірлесіп өсуге жағдай жасалады. 

7)  Сырттай  бағалаудың  болмауы.  Бейресми  білім  беру  –  бұл 

бәсекелестіктің  салдарынан  жасанды  түрде  пайда  болатын  алаңдаушылық 

жоқ  кеңістік.  Оқу  барысында  алынатын  тәжірибенің  өзі  бағалы  болып 

саналады  және  өз  алдына  нәтиже  деп  қарастырылады.  Осы  қағидатты 

басшылыққа  ала  отырып,  қатысушылардың  бір-бірімен  салыстырылмайтын 

ортасы  қалыптастырылады,  бірақ  өздеріне  баға  беру  мүмкіндігі 

қарастырылған,  әрқайсы  өз  жолы  бойынша  қаншалықты  алға  ұмтыла 

түскендерін айтады. Осылайша, өзін тек өзімен ғана салыстыру ниеті туындап, 

оқу басында, оқу барысында және оның соңында өзінің қандай болғандығын 

өзі  бағалайды.  Оның  үстіне,  нәтижелері  бірден  көріне  бермейді,  біраз  уақыт 

өткен соң байқалады (және бұл уақыт дербес). Сондықтан, бейресми білімнің 

нәтижелері туралы емес, ықпалы туралы айту керек; 

8)  топтық  үрдістерге  бағдарлану.  Бейресми  оқытудағы  топ  –  бұл 

қоғамның  өзіндік  моделі  (шағын  социум).  Мұндай  шағын  социумда 

тұлғааралық 

қарым-қатынас 

қалыптастыруды, 

бірлескен 

шешімдер 

қабылдауды,    өзара  міндеттер  мен  жауапкершілікті  бөлуді  оңай  үйренуге 

болады. Топтағы дербес даму қарқындырақ жүреді. 

Еуропа елдеріндегі бейресми білім

7

 

Мәдени  және  тарихи  факторларға  байланысты  Еуропа  елдерінің 

бейресми білім беру жүйесі өзінің бағыты және қалыптасқан жұмыс амалдары 

бойынша ерекшеленеді. 

Бейресми білім берудің даттық моделі XIX ғасырдан бастау алады және 

Еуропадағы  ең  ежелгі  деп  есептеледі.  Негіз  ретінде  дат  философы                                  

Н.  Грундвигтің  "Folkeoplysning"  тұжырымдамасы  алынған.  Онда  әлеуметтік-

мәдени іс-шаралар, жастар мен ересектердің білім алуы, сондай-ақ, сана-сезім 

мен  қоршаған  әлемге  (awareness  building)  қатысты  дүниетанымды 

                                                           

7

 А.Богдзевич, О.Иванова, А.Назина, М.Степанов. Тренер – группа – семинар: другой путь образования 



молодежи, Берлин, 2009 


жүктеу 0,78 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау