«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет51/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

96 



Әбушахима Шакизада Жомартқызы 

1 курс студенті 

Ғылыми жетекшісі: т.ғ.к., қауымдастырылған профессор А.Т.Қаипбаева  

ҚазМемҚызПУ  

 

 

ҰЛЫ ДАЛА ЕЛІНІҢ БОЛАШАҒЫ-ЖАЛЫНДЫ ЖАСТАР 



 

Аннотация. 

В  статье  автор  указал  особенности  становления  и  развития  молодежи  будущее  нашей 

страны,  основные  направления  молодежной  политики.  В  то  же  время  соискатель  рассказывает  о  способах 

формирования молодежной политики. 

Absrtact. In the article the author pointed out the features of the formation and development of youth, the future 

of our country, the main directions of youth policy. At the same time, the applicant talks about how to form youth policy. 

 

Жастар!  Жастар  дегенде  ең  алдымен  ойыңа  келетін  бейне  ол  арман  жетелеген,  жарқын 



келешекке  көз  тастап,  нық  мақсатпен  алға  қарай  ұмтылған,  заман  ағымынан  да  қалмай  өздеріне 

жарасымды сәнді киімдерімен бір топ адамдар арасынан ерекшеленетін, әрдайым өздерінің жарқын, 

шат-шадыман  көңіл-күйімен  көзге  түсетін  адамдар  өкілі.  Сол  жастардың  бірі  менмін!  Басқалардың 

ойын толық білмесемде менің қиялымдағы жастардың бейнесі осындай. 

Жастар-  мемлекеттің  құнды  ресурсы  және  негізгі  қозғаушы  күші    болып  табылады.  Ел 

болашағы  мемлекеттік  жастар  саясатының  дамуына  тікелей  байланысты.  Мемлекеттің  маңызды 

міндеті  жастардың  қалыптасуы  мен  дамуына  қолдау  жасап,  қоғамда  жас  буынның  шоғырлануына  

жағдай  жасау  болып  табылады.  Жастар  азаматтық  қоғамның  бір  бөлшегі.  Кез-келген  елде    жастар 

саясаты ең бір басым бағыттардың бірі болып табылады. ҚР мемлекет пен жастар қатынасы саласын 

реттейтін,  негізгі  нормативті  құқықты  құжат  2004  ж.  7  шілдеде  қол  қойылған  №581  «Мемлекеттік 

жастар  саясаты  туралы»  Заң  болып  табылады,  бұл  құжатта  оның  мақсаты,  міндеттері,  жастарды 

мемлекеттік  қолдаудың  бағыттары  мен  мехнизмдері,  оның  әлеуметтік-саяси  құқықтары 

анықталған[1]. 

Қазақстан  Республикасы  тәуелсіздігін  алғаннан  кейінгі  жылдарда  Жастар  саясаты  өзіндік 

қалыптасу кезеңдерінен өтті. ҚР жастар саясаты: басымдық және болашақ. Жастар саясатының басты 

бағыттары: 

қазақстандықтарға патриоттық тәрбие беру; 

саяси және құқықтық тәрбие; 

рухани және адамгершілігі мол тәрбие; 

интеллектуалды танымдық тәрбие; 

толеранттылықты қалыптастыру; 

салауатты өмір салтын сақтау; 

қоршаған ортаға баулу, экологиялық тәрбие. 

Бұл бағыттағы негізгі міндеттер:  

 

өскелең ұрпақты елі үшін  мақтаныш сезімі мен ұлттық құндылықтарға тәрбиелеу; 



 

болашақ мамандардың кәсібилігі мен бәсекелестігін дамыту; 



 

жоғары адамгершілігі бар, өзінің елі үшін жауапкершілігі мол азаматтарды тәрбиелеу; 



 

ұлттық  салт-дәстүрді  насихаттау,  оны  ұлтаралық  келісім  мен  толеранттылықпен  қатар 



тәрбиелеу; 

 



заман  талабына  сай  жастарды  бүгінгі  жағдайға  әлеуметтік-психологиялық  тұрғыдан 

бейімдеуде мемлекеттік көмек көрсету; 

 

болашақ жастарды салауатты өмір салты спортқа баулу [2]. 



Бала  кезде  алған  тәрбие,  тағлым  берік  болашақ  пен  адал  да  парасатты  ғұмыр  кепілі. 

Сондықтан,жастарды болашағымыз, елдің ертеңі, келешегіміздің кепілі деп санап, олардың тәрбиесі 

әрдәйім  ерекше  назарға  алынған.  Тек  үлкенге  құрмет,  кішіге  ізет  білдіре  алатын,  тәрбиемен  білімі 

қатар  қалыптасқан  ізгі  азаматтар  ғана  нағыз  елдің  болашағы  деп  түйсінген.  Әл-Фараби  бабамыз 

айтқандай «Тәрбиесіз берген білім- адамзаттың қас жауы» демекші білімділікті тәрбиемен ұштастыра 

білу  керек.  Біз  сонда  ғана  елді  алға  сүйер  кемеңгер  азаматтарға  айнала  аламыз.  Жоғарыда 

қарастырылған  жастар  саясатының  бағыттарынан  да  біз  осы  тәрбиені  көреміз.  Яғни,  бұл  бағыттар 



 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

97 



халқымыздың ғасырлар барысындағы тәжірибесінің негізінде іріктеліп жинақталған дүниелер болып 

табылады.  

Қазіргі  қоғам  «Жастар  саясатына»  кеңінен  көңіл  бөледі.  Оның  ішінде  жастарды  қолдау, 

олардың білімдерін шыңдап, биік мақсаттарға ұмтылуы үшін мүмкіндіктерін кеңейту. Бұл мәселелер 

еліміз  тәуелсіздігін  алып,  етек-жеңін  жинай  бастағаннан  бергі  қолға  алынған  шаралардың  бірі.  Иә, 

шынымен-ақ,  қазір  қайда  барамын,  білімімді  қалай  дамытамын,  оқуыма  қажетті  материалдарды 

қайдан  тапсам  болады,  өзімді  қалай  шыңдаймын  деген  анау  айтқандай  көп  сұрақтардың  жауабы 

шешілді.  Мүмкіндіктер  жетерлік.  «Не  істеймін?  Не  оқимын?»  десең  де  кітапханалармен,  оқу 

орындарының есіктері айқара ашық.. Ақылды, білімді жастарымыз мемлекеттік грантты жеңіп алып, 

сол  арқылы  отбасына  ешқандай ауыртпашылық  түсірмей-ақ  мемлекет  тарапынан  келген қолдаумен 

тегін  оқуда.  Мұнан  қалды  әртүрлі  мөлшердегі  шәкіртақыларда  тағайындалған.  Тіпті,  жоғары  білім 

алуға ниетті жастардың дамыған шет мемлекеттердегі алдыңғы қатарлы университеттерде оқуына да 

мүмкіндік  бар.  Ол  үшін  елімізде  арнайы  бағдарлама  да  әзірленген.  Атап  айтсақ,  «Болашақ» 

халықаралық  стипендиялық  бағдарламасы  да  еліміздің  жастары  әлемнің  озық  үлгідегі  жоғары  оқу 

орындарында  білім  алуына  жол  ашады.Халықаралық  «Болашақ»  бағдарламасы  арқылы  білім  алған 

жастар  шетелден  жинақтаған  тәжірибесін  ел  дамуы  үшін  жұмсайды.  Аталған  бағдарлама  аясында 

тағайындаған  стипендия  бойынша  әлемдегі  дамыған  мемлекеттердің  озық  оқу  орындарында  білім 

алған жастардың көпшілігі елімізде мемлекет игілігі жолында жұмыс жасауда.  

Шет  елдерде  өз  білімін  шыңдауға  байланысты  мен  өз  университетімнен  де  мысал  келтіре 

аламын.  Менің  өзімде  осы  жоғарыда  аталып  өткен  мемлекеттік  грант  бойынша    қазақ  қыздарының 

қарашаңырағы  Қазақ  Ұлттық  қыздар  педагогикалық  университетінде  тарих  кафедрасының  1 

курсында  оқимын.  Егер  терең  білім  негізінде  үлгілі  студент  ретінде  өзіңді  көрсете  білсең,  осы 

университет  қабырғасындағы  грантыңды  сақтап  халықаралық  келісім  шарт  негізінде  өзіміздің 

бауырлас  еліміз  Түркия  мемлекетінде,  сонымен  қатар  АҚШ-тың  Миссисипи  университетіндет.б. 

біліміңді одан әрі дамытуыңа, нәтижесінде қос диплом иегері атануға мүмкіндік жасалған.  

  Жастық жігер- жарқын болашақ. Қоғам жұмыла еңбек етіп, бірлік пен ынтымақтың арқасында 

өзгеретіндігі  әлімсақтан  аян.  Бүгінгі  күні  елімізде  көптеген  жастар  ұйымдары  белсенді  жұмыс 

атқарып келеді. Мәселен,  «Нұр  Отан» партиясының жанынан құрылған «Жас Отан» жастар қанаты 

қоғамдық-саяси  жұмыстардың  көшбасшысы  болып,  жастардың  белсенділігін  арттыруға  атсалысып 

келе жатса, «Жасыл ел» еңбек жасақтары тазалық, көгалдандыру жұмыстарына жәрдем ете отырып, 

табиғатты қорғауға үлкен үлес қосуда. Ал Қазақстан Студенттер альянсы, Қазақстан Жастар конгресі 

студент  жастардың  әлеуметтік-экономикалық,  құқықтық  және  тұрмыстық  мәселелерін  шешуде 

жастарды  қолдау  жөніндегі  жобалар  әзірлеп,  олардың  жүзеге  асуына  бастамашы  болып  отыр. 

Еліміздің  ертеңіне  бейжай  қарамайтын  белсенді  жастар  Тәуелсіздіктің  25  жылдық  мерейтойы  мен 

Алматы қаласының 1000 жылдығына орай «Болашағы жарқын Мәңгілік Елдің жастары» деген атпен 

республикалық  патриот  жастар  форумында  бас  қосқан  болатын.  Алматы  қаласы  жастар  саясаты 

басқармасы  мен  Қазақ  ұлттық  қыздар  педагогикалық  университетінің  ұйымдастыруымен  өткен 

жастар  форумына  республиканың  әр  өңірінен  100-ден  астам  жастар  ұйымдарының  өкілдері  мен 

Жастар  ісі  жөніндегі  комитет  төрағалары,  Алматы  қаласы  студенттер  альянсы,  «Жасыл  ел»  жастар 

еңбек жасақтары, Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жарасым» жастар канаты, «Алматы еріктілер 

лигасы»,  «Сұңқар» студенттер кәсіподағы  қатысты [3]. Мұның бәрі біздің мемлекетіміздегі жастар 

үшін жасалған игі іс-шаралардың бірі. 

  Жастар – қоғамның болашағы мен қозғаушы күші. Бұл оймен дауласудың өзі артық. Ел ертеңі 

– жастардың қолында. Ағымдағы жылдың «Жастар жылы» деп белгіленуі де осының айғағы болып 

табылады.  Жастар  жылы  кейбір  айтулы  даталар сияқты  ұрандатып,  желеулетіп  өткізе  салатын жыл 

емес. Бұл жыл нағыз елім деп соққан жүректі азамат, азаматшаларымыздың еңбектеніп, тер төгетін 

жылы.  

 

Әдебиеттер: 



1.  М.Ноғайбаева,  Т.Омарбеков,  Б.Кәрібаев,  Қ.Қаражан.  Қазақстан  (Қазақ  елі)  тарихы.  –

Алматы, Литрес. 2017 ж. 

2.  Қазақстан  (Қазақ  елі)  тарихы  4  кітаптан  тұратын  оқулық.  Тәуелсіз  Қазақстан: 

алғышарттары жіне қалыптасуы. 4-кітап. –Алматы. Қазақ университеті баспа үйі. 2017 ж. 

3.  Әсел Әнуарбек. Жастар- жарқын болашақ бастауы. Turkistan// 13 қазан 2016 ж. 

 



жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау