«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет122/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

235 



немесе  біреуінің  бала  тәрбиесінен  шет  қалуы,  яғни,  баланың  толық  емес  отбасында  тәрбиеленуі 

салдарынан болады. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесі бойынша, қылмыс жасауға итермелейтін 

тағы бір әсер – отбасындағы жетіспеушілік, таршылық. Жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 20-25 

пайызы  материалдық  жағдайдың  төмендігінен  жасалады  екен.  Оның  себептері,  көбінесе,  ата-

аналардың  ішімдікке  салынуынан;  отбасының  қаражатына  ұқыппен  қарамуынан,  жұмыссыз 

отыруынан  болады.  Қазір  материалдық  байлықтың  рухани  байлықтан  жоғары  тұрған  уақытында 

жасөспірімдер  арасында  «анау  керек,  мынау  керек»  деген  көзқарастардың  әсерінен,  «өзгелерде  бар 

нәрсе  менде  неге жоқ»  деген оймен де қылмыс  жасалатыны  белгілі.  Жасөспірім  бойында жағымды 

қасиеттерді дамытуда әлеуметтік-педагогикалық, психологиялық әдістерді қолданып, тәрбиені ерікті, 

зорлықсыз  түрде  асыру  керек.  Ата-аналар  бала  тәрбиесінде  қолданатын  әдістерді  таңдауда  жиі 

қателеседі.  Мәселен,  кей  отбасы  өктемдік  (авторитарлық)  жолды  ұстанады.  Жасөспiрiмдердiң  жеке 

басын сыйламау, адам қатарына санамау, қаталдық (диспотизм), негiзсiз жазалау, көп сөз, қорқыту, 

ұру-жасөспiрiмнiң  қатыгез,  қатал,  ашықтан-ашық  отбасы  талабын  орындамай,  өз  бiлгенiн  iстеуге 

бейiм болып өсуiне әкелiп соқтырады. Отбасының бала тәрбиесіндегі рөлін анықтау үшін жүргізілген 

жұмыстарымыздың  барысында  (жеке  әңгіме,  тестік  үлгідегі  сауалдар),  ата-аналардың  27  пайызы  өз 

балаларына  әр  түрлі  себептерге  байланысты  аз  көңіл  бөліп,  тиісті  шара  қолданбай,  мектепте  бала 

тәрбиесінде көмек бере алмайтынын мойындайтыны байқалады [3, 14б.]. 

Әдістемелік ұсыныстарды басшылыққа алып, біз мектептегі «қиын» баланы қайта тәрбиелеу ісі 

бойынша  ұжымның алдында  төмендегідей  әлеуметтік  педагогикалық  талаптар  қойдық:    Әр  «қиын» 

балаға  арналған  күнделік  жүргізу.  Күнделікте  «қиын»  баланы  қайта  тәрбиелеуді  қажет  ететін 

қылықтары  есепке  алынады:  баланың  әр  сабақтағы  белсенділігі,  себепсіз  босатқан  сабақтары,  ата-

анасының, сынып жетекшісімен, пән мұғалімдерімен, сыныптағы жолдастарымен қарым – қатынасы, 

пәндер  бойынша  үлгерімі  және  сабақтан  тыс  уақытты  пайдалануы,  өз  қызығушылығы  бойынша 

үйірмеге қатысуы. Педагогикалық кеңесте және әдістемелік бірлестіктер мәжілістерінде «қиын» бала 

мәселесін  жүйелі  түрде  қарастыру.  Арнайы  әлеуметтік  педагогикалық  шешім  шығарылады  және 

хаттама  жеке  жазылады.  Шешімнің  орындалуын  мектеп  директоры  қадағалайды.    Оқу  жылының 

аяғында  педагогикалық  кеңесте  жеке  қайта  тәрбиелеудің  нәтижесі  талданады,  жіберілген 

кемшіліктерді  жою  жолдары  қарастырылады.  Келесі  оқу  жылына  қайта  тәрбиелеу  жұмысының 

жоспары жасалады. Тәрбиесі қиын оқушыны болдырмау мақсатында біздің мектепте «Бұзақылықтың 

алдын  алу  кеңесі»  жұмыс  атқарады.  Кеңестің  төрайымы,  мүшелері  сайланады.  Жұмыс  жоспары 

мектептің  орналасқан  ауданының  қиындықтарын  ескеріп  жасалады.  Кеңестің  мақсаты:  оқушының 

есепке алынуының себептерін анықтау, қиындықты шешу жолдарын көрсету, бұзақылықтың алдын 

алу  шараларын  ұйымдастыру.  Кеңес  айына  бір  рет  немесе  қажетіне  қарай  екі  рет  отырыс  өткізеді. 

Кеңесте  оқушының  құжаттары  қаралып,  шешім  қабылдағаннан  кейін  бала  мектепішілік  есепке 

алынады.  Кейбір  қиын  оқушылардың  оқу-тәрбие  процесінде  және  ұжымшылдық  өмір 

қатынастарында белгілі ауытқушылықтар болса, дер кезінде қол ұшын беріп, одан сақтандыру, оны 

туғызатын себептерді жою керек [3, 24б.].  

Қиын  тәртiптi  балаға  айналмау  үшiн  оған  көптеген  ақыл-кеңес  сонымен  қатар  тәрбие  берiлуi 

Аристотельден кейiнгi 2-шi ұстаз аталған ұлы  ғалым Әбу Насыр Әл-Фарабидiң «Адамға ең бiрiншi 

бiлiм  емес,  тәрбие  беру  керек,  тәрбиесiз  берiлген  бiлiм  азаматтың  қас  жауы,  ол  келешекте  оның 

өмiрiне  опат  әкеледi»  дегенi  мәлiм.  Бәрiмiзге  белгiлi,  бiздiң  қоғам  аса  күрделi  жағдайларды  бастан 

кешiрдi.  Өтпелi  кезеңге  тән  өмiр  ауыртпалығын  ешкiм  жоққа  шығармайды.  Қазiргi  кезде  оқушы 

жастардың  20  пайызы  iшiмдiкпен  таныс,  10  пайызы  шылым  шегедi,  есiрткi  қолданушылар  қатары 

өсiп  келедi.  Қылмыстың  ең  ауыр  түрiне  баратын  жастар  көбейiп  отыр.  Осылардың  арасында  қазақ 

балаларының үлес салмағы аз емес.   Ұрпағымыздың  жұмсақ  мінезді,  мейірімді,  байланыс  жасауда 

қиындық  тудырмауы  үшін,  өмірдің  қатал  сынына  төзбей  «қиын  бала»  атанған  бауыр  етіміз 

балалардың тәрбиесіне  бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып іске кірісуіміз қажет. 

 

Әдебиеттер: 

1. Аль фараби  трактаттары. Педагогика журналы. 

2. Кімов Л.К, Мадин И.Б Қиын оқушыларды тәрбиелеу мәселелері. Алматы, 2004. 

3. Тәртібі нашарлаған оқушылармен тәрбие жұмысының ерекшеліктері. 2016- №2 

 

 



 


 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

236 



 

Арман Бота 

5В050300-Психология 

Ғылыми жетекшісі: әл.ғ.м., аға оқытушы  С.Т.Бапаева  

ҚазМемҚызПУ 

 

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕР МЕН ИНТЕРНЕТТІҢ СТУДЕНТТЕРГЕ ЫҚПАЛЫ 

 

 

 

Студенттердің  өміріндегі  әлеуметтік  желілер  мен  интернеттің  рөлін  зерттеу  мәселесі  өзекті 

екендігі сөзсіз. Салыстырмалы түрде жақында ғана пайда болған әлеуметтік желілер қазіргі заманғы 

адамның  өмірінде  нық  берік  орнығып  алған.  Күнделікті,  әлемде  миллиондаған  адамдар  дәл 

әлеуметтік  желілердің  көмегімен    бір-бірімен  араласып,  кездесу  туралы  келісіп,  ақпарат  іздейді. 

Оның  көлемі  жыл  сайын  күтпеген  жылдамдықпен  үдей  түсуде.  Ал  сол  сан  мыңдаған  адамдардың 

ішіндегі  ең  белсенді  қолданушылары  студенттер  десек,  еш  қателеспейміз.  Әрбір  студент  әлдебір 

танымал  әлеуеттік  желіде  тіркелген  немесе  оның  бірнеше  парақшасы  бар.  Алайда,  интернет 

қауымдастықтардың,  әлеуметтік  желілердің  адамның  дүниетанымына,  әлеуметтік  белсенділігіне 

және өмірлік стратегияларына ықпалын бір жақты бағалауға болмас. Алайда, интернет  – тәуелділік 

шынайы  өмірден  виртуалды  әлемге  кетіп  қалу  қаупінің  пайда  болуына  себепші  болуда.  Екінші  бір 

қауіп,  интернеттегі  ақпараттың  сенімділігіне  байланысты.    XXI  ғасырда  ақпараттық  ортаның  рөлі 

артуда, демек ақпараттың үлкен көлемін қолдануға байланысты кәсіби  және оқу іс-әрекетінің түрлері 

де көбеюде. Іс-әрекеттің ондай түрі компьютерлік техниканы пайдалануды қажет етеді, онсыз мүмкін 

емес.  Оның  кеңінен  қолданылуы  соншылақты,  ол  жаһандық  компьютерлендіру  мен 

ақпараттандырудың  жеке-дара,  психологиялық  және  әлеуметтік  салдары  турасындағы  мәселенің 

туындауы заңды [1, 125 б.].  

Қазіргі  заманғы  компьютерлік  технологиялардың  адам  атқаратын  іс-әрекеттің  барлық 

түрлерінде    кеңінен  қолданылуы  –  мойындалған  жәйт  десек  те  болады.  Бірнеше  он  жылдықтар 

шамасында  өзінің  виртуалды  ортасы,  ерекше  терминологиясы,  өмір  салты  бар  компьютерлік 

субмәдениет  қалыптасуда.  Бірнеше  жылдар  бұрын  біз  компьютерлік  тәуелділіктің  бүгінгі  таңда 

соншалықты өзекті болатындығын елестете де алмадық. Ал ол мәселенің өзектілігі артпаса, азайған 

жоқ.  Қазіргі  кезде  «компьютерлік  тәуелділік»  термині  психикалық  ауытқулар  мәселелерімен 

айналысқан көптеген ғалымдармен әлі де мойындалмағанымен, адам мен компьютердің арасындағы 

патологиялық байланыстың қалыптасуы айқын байқалуда.  

Интернетке  тәуелділікті  алғашқылардың  бірі  болып  АҚШ-та  психиатр  Кимберли  С.Янг 

зерттеген  болатын.  Ол  1996  жылы  «Интернетке  тәуелділік:  ауытқудың  жаңа  түрінің  пайда  болуы» 

деген  мақаланы  жариялап,  интернетке  тәуелділіктің  себептері  мен  зардаптары  туралы  мәселені 

қозғаған  болатын.  Сол  уақыттан  бері  жүргізілген  бірқатар  зерттеу  жұмыстары  көптеген  елдерде 

интернетке  тәуелділіктен  зардап  шеккен  адамдар  санының  күрт  артқанын  дәлелдеуде.  Интернет-

тәуелділікті зерттеуге көп уақытын жұсаған дәрігер, психиатр Кимберли Янг (University of Pittsburgh-

Bradford)  интернет-тәуелділіктің  400-ден  астам  жағдайын  зерттеп,  интернетті  және  модемді  қосуға 

мүмкіндігі бар кез келген адам оған тәуелді болуы мүмкін деп есептейді, әрі ондай сырқатқа үйінде 

компьютері бар адамдардың шалдығу мүмкіндігі жоғары деген болатын [2, 24 б.].   

«Компьютерлік  тәуелділік»  термині  шамамен  1990  жылы,  компьютерлік  өндіріс  қарқынды 

дами  бастағанда  қолданыла  бастады.  Ол  адамның  аталмыш  машинаның  мониторында  бүкіл  бос 

уақытын зая кетіріп, онсыз тіршілік ете алмайтын күйін білдіреді. 

«Интернет-тәуелділік» терминін И.Гольденберг ұсынған болатын: ол адамның тұрмыстық, оқу, 

әлеуметтік,  еңбек,  отбасылық,  қаржылық  немесе  психологиялық  аумақтарына  зиянды  ықпалы  бар 

интернет  пен  компьютерді  қолданудың  нәтижесінде  орын  алатын  мінез-құлықтың  ауытқуы.  Бірақ, 

қазіргі кезде интернет тәуелділік өз бетінше жеке сырқат деп есептелмейді.  

Orzack (1999) бойынша ересек жастағы аддиктер мен әйелдер жеке хабарламалармен жасырын 

алмасу мүмкіндігі бар чаттарда жиі тіл табысады. Жас адиктер мен ер адамдар ойындарға әуес келеді.  

Ресейде  компьютерлік  тәуелділік  мәселесін  А.Жичкина  (интернет  тәуелділік  шкаласы), 

Е.Щепелина  («Интернетті  қабылдау»  сұрақнамасы),  И.Бурлаков  (компьютерлік  ойындарға 



жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   118   119   120   121   122   123   124   125   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау