«Жастар және ғылым: бүгіні мен болашағы» 71-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция аясындағыстуденттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдардың «smart nation. Kz» ғылыми марафоны Сәуір, 2018


«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»



жүктеу 10,14 Mb.
Pdf просмотр
бет123/226
Дата04.02.2020
өлшемі10,14 Mb.
#28209
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   226

 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

237 



тәуелділік),интернет тәуелділік кешендізерттеген О. Генисаретский пен Н. Носов, А.Е. Войскунский 

сынды ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады [3, 100 б.].  

Қазақстанда  интернетке  тәуелділікті  Е.Е.Жарасбаев,  А.Алтай  Б.Ерниязов  студенттердің 

интернетке тәуелділігін қарастырып, оны жоюға бағытталған ұсыныстарды береді.. 

1970-ші  жылдардың  соңында  адамдар  бір-бірімен  әңгімелесе  алатын  алғашқы  электронды 

хабарландыру тақталары пайда бола бастады. Әрине, сол кезде бүгінгідей ыңғайлы болған жоқ, бірақ 

адамдарды  ғаламторда  біріктірудің  бұл  алғашқы  қадамдары  еді.

 

Келесі  кезең,  алғашқы  on-line 



сервистердің  пайда  болуы  еді.  Әңгімелесуге  арналған  чатты жасаған  бірінші компания  CompuServe 

болды. Сервисте әңгімелесудің бір сағатына 30 доллар төлеу керек еді, бұл осы компанияның негізгі 

кемшілігі болды. 

Кейін  жедел  хабарламалар  жүйесі  пайда  болды.   Файлдарды  жіберетін  және  чаттағы  жедел 

әңгімелесудің  бірінші  сервисі,  1988  жылы  MultiUser  Talk  программасын  алмастырған   IRC  (Internet 

Relay  Chat)  болды.  1991  жылғы  «Шөлдегі  дауыл»  әскери  операциясын  «on-line»  режимінде  бүкіл 

әлемнен келген хабарламалар трансляциясынан кейін IRC-дің кең танымла болды. IRC – дің негізгі 

кемшілігі шектеулі қолдану болды. 

1990  жылдардың  ортасында  ICQ  құрылды,   ол  жеке  компьюерлерге  арналған  жедел 

хабарламалар жеткізудің бірінші жүйесі болды. ICQ-дің негізін Mirabilis компаниясы қалады.  Бүгінгі 

таңда ICQ Mail.Ru Group-тың құрамына кіреді, 2012 жылдың наурыздағы көрсеткіш бойынша әлем 

бойынша 23.4 млн. қолданушысы бар. 

Әлеуметтік  желілер  Интернетте  1995  ж.  бастап  кең  таралған,  осы  жылы  бірінші  әлеуметтік 

желі  -  Classmates.com  (Сыныптастар)  сайт  ашылды.  2003-2004  жж. MySpace, Facebook жобалары 

шықты. 

Қазіргі  таңда  интернетке  тәуелділік  қазіргі  заманғы  қоғам  үшін  күрделі  мәселелердің  біріне 



айналуда. Жүргізілген зерттеулер Интернет пен әлеуметтік желілердің адамның тұлғалық дамуының 

тежелуіне  ықпал  етіп,  тіпті  кей  жағдайларда  толықтай  құлдырауға  ұшыратып,    әлеуметтік  қауіпке 

ұласатынын  дәлелдеуде.  Көптеген  белсенді  қолданушылардың  компьютердің  немесе  смартфонның 

дисплейнің алдында көп уақыт өткізетін болғандықтан олардың денсаулықтарының жалпы жай-күйі 

нашарлап,  интернет  тәкелділікке  ұшырауы  мүмкін.  Яғни  жаһандық  коммуникацияның  дамуындағы 

белсенді үдерістерге байланысты жаңа бір қауіпті сырқат түрі – интернетке тәуелділік пайда болуда. 

Интернетке тәуелділік дегеніміз Интернетке қосылуға бағытталған ойдан кетпейтін мазасыз ниет әрі 

одан  дер  кезінде  ажырай  алмау  сияқты  ауыр  күй.  Оның  бірнеше  белгілері  болуы  мүмкін,  мысалы 

мінез-құлқын  қадағалай  алмау,  Интернетке  кіргендегі  эйфория  сезімі,  достарына,  отбасына,  сүйікті 

ісіне  көңіл  бөлмеу,  қызығушылықтың  болмауы,  сарыуайымға  ұшырау.  Ондай  мәселе  боның  басты 

себепшісі  –  Интернетсіз  пайда  болмас  еді.  Тәуелділік  көп  қолданушылары  бар  әрі    контенті  желі 

қолданушыларының өзімен артып отыратын интерактивті веб-сайттар мен қосымшалар – әлеуметтік 

желіллердің  пайда  болуына  тікелей  байланысты.  Олар,  яғни  желі  қолданушылары  ортақ 

қызығушылықтары  бар  қолданушылар  тобында  араласуға  мүмкіндік  беретін  автоматтандырылған 

әлеуметтік орта іспеттес.  

Теориялық  талдаудың  нәтижесінде  әлеуметтік  желілерді  пайдалануға  байланысты 

туындайтын мәселелерді шешу жолдарын анықтауға болады деп ойлаймыз: желіде өкізетін уақытын 

шектеу;  бос  уақытын  өткізудің  өзге  жолдарын  іздеу  (мысалы,  спротпен  шұғылдану, 

қызығушылықтарына  орай  үйірмелер  мен  секцияларға  қатысу,  кітап  оқу  және  т.б.);  өзінің  шынайы 

тіршіліктегі  өміріне  баса  көңіл  бөлу  (университеттегі  оқуына,  қоғамдық  іс-шараларға  қатысу, 

отбасына, достарына көңіл бөлу); достарымен  көп уақыт өткізу. 

Аталмыш  мақаладағы  теориялық  материалдарды  әлеуметтік  желілердің,  соның  ішінде 

интернеттің студенттердің оқудағы үлгеріміне деген жағымсыз ықпалының алдын алу шараларында, 

шынайы өмір салтын насихаттауда пайдалануға болады деп есептейміз.  



 

Әдебиеттер: 

1.  Д.М.  Ивановна  «Психологическая  профилактика  интернет-зависимости  у  студентов» 

автореферат диссертаций на соискание степени кандидата психологических наук. Пятигорск – 2010 

2. Янг К. С. Диагноз – Интернет-зависимость // Мир Интернет. 2000. ғ 2. С. 24–29. 

3.  Войскунский  А.  Е.  Феномен  зависимости  от  Интернета  //  Гуманитарные  исследования  в 

Интернете / под ред. А. Е. Войскунского. М., 2000. С 100–131. 



                                                                                                                       


 «ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»               

Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды  72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы               

Сәуір, 2019 

 

238 



Ахан Қарлыға 

5В010100-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбелеу  

Ғылыми жетекшісі: п.ғ.к., қауым. проф. А.М.Жубандыкова  

 

 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ  АСЫҚ ТЕРАПИЯСЫ НЕГІЗІНДЕ 

ТАНЫМДЫҚ ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУДЫҢ МАҢЫЗЫ 

 

Түйіндеме.  Мақалада  мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  асық  терапиясы  арқылы  танымдық 



қабілеттерін  дамытудың  маңыздылығы  жөнінде  жазылған.  Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  танымдық 

қабілеттерін  дамытуда  асық  терапиясын  пайдаланудың  теориялық  негіздері  анықталып,  әдістемесінің 

тиімділігін тәжірибеде дәлелдей білген. 

Abstract. The article considers features of development of informative abilities of preschool children through 

asinotherapy. Identified theoretical foundations of the use of asinotherapy in the development of cognitive abilities of 

children of preschool age and has proven the effectiveness of techniques in practice. 

 

Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаев  «Болашаққа  бағдар:  рухани  жаңғыру»  атты  мақаласында 



«Халқымның  тағылымы  мол  тарихы  мен  ықылым  заманнан  арқауы  үзілмеген  ұлттық  салт-

дәстүрлерін  алдағы  өркендеудің  берік  діңі  ете  отырып,  әрбір  қадамын  нық  басуын,  болашаққа 

сеніммен бет алуын қалаймын»,  деп ұлттық код ретінде халықтың ғасырдан беріп сақталып келген 

салт-дәстүрлерін қазіргі заманға бейімдеп тәрбие құралы ретінде қолдану қажеттілігін ескертеді 

1 – 


3 б.

.  



Асық  –  қазақтың  ықылымнан  келе  жатқан  ұлттық  спорттық  ойындарының  бір  түрі.  Оны 

қазақтардан  басқа  қырғыздар,  қарақалпақтар,  алтайлықтар  да  ойнады.  Асық  –  төрт  түлік  малдың 

ішінде  қой-ешкінің  тілерсегінде,  асықты  жілік  басында  орналасатын  шымыр  сүйек.  Ойнай  бiлген 

адамға асықтың пайдасы орасан зор. Асық ойыны адамды мергендiкке, ептiлiкке баулиды. Бұған қоса 

аяқ-қолдың қимылын жақсартып, денсаулыққа көп пайдасын тигiзедi. 

Айналадағы әлемді бала ойын, 

еңбек,  серуен,  ұйымдастырылған  оқу  іс-әрекетінде  тәрбиешімен,  ересектермен,  құрдастарымен 

қарым-қатынас  кезінде  танып  біледі.  Осындай  жетістіктерге  жету  үшін  тәрбиеші  алдында  тұрған 

ертеңгі  болашағы  деп  қарап,  баланың  мінез  кұлқын,  сана-сезімінің  жетілу  дәрежесін  таным 

үрдістерінің  (түйсігі,  қабылдауы,  ес,  ойлау,сөйлеу,  зейінінің)  дұрыс  бағытта  қалыптасып,  дамуын 

қадағалап  әpi  дамытып  отыру  керек.

 

Балалардың  таным  мүшелерін  және  де  шығармашылық 



қабілеттерін   дамыту  мақсатында  танымдық-шығармашылық  асық  ойындарын  қолданудың  маңызы 

зор. 


Асықты  қазіргі  таңда  оқу-дамыту  құралы  ретінде  пайдаланып  жүрміз.  Мектепке  дейінгі  білім 

беру  бағдарламасында  бекітілген  5    саланы,  атап  айтқанда    Шығармашылық,  Денсаулық, 

Коммуникация,  Әлеумет  білім  беру  салаларын  қамтиды.    «Таным»  білім  беру  саласы  бойынша  

математика  сабағында  сабағына  алып  келейік.  Мысалы  үшін,  «Таразы»  ойыны  арқылы  балаларды 

санауға,  бір-көп,  ауыр-жеңіл  түсініктерін  қалыптастыруға  болады.    «Коммуникация»  бойынша 

әріптер  бар,  буынға  бөлінген,  «Байқампаз  буындар»  деген жіпке  тізіп  қоюға  болады.   «Денсаулық» 

білім  беру  саласы  бойынша  масссажный  дорожка  майтабандыққа  қарсы,  аяғын  дұрыс 

қалыстастыруға  арналған,  табандағы  нүктелерді  дамытуға  байланысты  дүние.  «Шығармашылық» 

білім беру саласы бойынша асықты бояуға малып, қағаз бетіне сурет салуға мүмкіндігі бар. 

«Асық терапиясының» тағы бір ерекшелігі – барлық жас тобындағы балаларға, ерекшеліктеріне 

сай қолдануға болады. Яғни, жүргізілетін әдістер түрліше күйде болады.  Мысалы, I сәбилер тобында 

қолданылатын  ойын  түрлері:  «Асықтарды  жіпке  тіз»  ойыны  арқылы  баланың  саусақ  маторикасын 

дамытуға  мүмкіндігіміз  бар.  ІІ  сәбилер  тобында  түстеріне  қарай  бір-бірімен  біріктіріп,  балаларды 

танымдық  қабілетін  дамытуға  болады.  Асықты  бояуға  малып  отырып  сурет  салып,  компазиция 

жасайды.  Қасында,  алдында,  жанында,  бірге  деген  түсініктерді  қалыптастыруға  болады.  Көзбен 

көреді,  қолмен  ұстайды,  бала  дамиды.  Асықпен  құмда  сурет  салуына  болады,  яғни  мұны 

терапиялардың түйісуі деуімізге де болады. Асықпен дойбы, шертпек секілді ойындар ойнайды.  

Тәжірибелік-эксперимент  жұмыстары  Алматы  қаласы  Бостандық  ауданына  қарасты  №90 

бөбекжай  балабақшасында  жүргізілді.  Балалардың  асық  терапиясы  арқылы  танымдық  қабілеттерін 

дамытуда  зерттеуге  арналған  тәжірибелік-эксперименттің  нәтижесінде  балалардың  танымдық, 

шығармашылық,  іс-әрекеттік,  қарым-қатынас  белсенділіктерінің  артқандығы  анықталды.  Біз 

құрастырған  асық  терапиясы  арқылы  танымдық  қабілеттерін  дамыту  әдістемесі,    белсенділікті 

арттыруға  бағытталған  ойын  технологиясы,  ата-аналармен  ынтымақтастықта  жүргізілген  жұмыстар 

мазмұны  ересектер  тобындағы  оқу-тәрбие  үдерісін  ұйымдастыруға  маңызды  өзгерістер  әкелді. 




жүктеу 10,14 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   226




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау