«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
201
Диалогтарды қалай дұрыс пайдалану керек екенін жақсы түсіну үшін Блокнот қосымшасын
құру мысалын қарастырамыз
Сурет1. Диалогтарды қалай дұрыс пайдалану керек екенін жақсы түсіну үшін Блокнот
қосымшасын құру мысалын қарастыру.
Сурет2. Бос формаға элементтер орнату.
Сурет3. Delphi7 қосымшаларын пайдаланып Блокноттың формасын құру.
Сурет4. Main Menu қосымшасын пайдалана отырып Латын әліпбиінде жазу.
ДЖ-ың алдына қойған мақсаты орындалды. DELPHI ОББ-дың визуалды емес компоненттері
мен IDE элементтерін пайдаланып құрастырылған «Блокнот» мәтіндік редакторы қосымшасы мен
оның түсініктеме жазбасы - ТЖ-сыCD дискке жазылып, жұмыс жасап тұр, ДЖ қосымшасы жоба
түрінде бөлек бумаға сақталған және компиляцияланған. ДЖ-ны құру барысында Delphi 7.0 об-
ъектілі бағытталған бағдарламалау ортасы мен сол ортаның IDE элементтері мен Визуалды емес
компоненттері кеңінен пайдаланылып, қосымша әмбебап программалар жиыны түрінде орын-
далған. Delphi 7.0 объектілі бағытталған бағдарламалау ортасы мен сол ортаның аталған
мүмкіндіктері мүмкіндіктері толық зерттелген. Орындалған ДЖ-ның қортындысы болып, толық
жұмыс жасап, шартқа сай басқарылып тұрған «Блокнот» мәтіндік редакторы қосымшасы мен оның
түсініктеме жазбасы саналады. ДЖ-ның ТЖ-сында құрылған жаңа офистік қосымша, пайдаланушы-
ға арналған және программистке арналған нұсқауларымен бірге ұсынылып, толық сипатталған.
ДЖ-ның қортындылау бөлімінде құрылған «Блокнот» мәтіндік редакторы қосымшасы баға-
ланып, оны пайдаланушыға толық нұсқау құрастырылған.
ДЖ-ның түсініктеме жазбасында талапқа сай бөлімдерінің бәрі дерлік сипатталып, мазмұны
бойынша келтірілген және жетік түрде түсіндірілген.
Әдебиеттер:
1. Культин Н.Б. «Delphi 6. Программирование на ObjectPascal» - СПб.: БХВ – Петербург,
2001.
2. Шафрин Ю. «Информационные технологии»,- М., Лаборатория Базовых Знаний, 2000
3. Балабекова М.Ж. Delphi7. Объектілі бағытталған ортада бағдараммалау. Оқу-әдістемелік
құралы. – Алматы: Credo баспасы, 2009. -186 б.
«ЖАСТАР ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ: БҮГІНІ МЕН БОЛАШАҒЫ»
Студенттер, магистранттар, докторанттар мен жас ғалымдарды 72-Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы
Сәуір, 2019
202
Мұсаева Малика
5В011000-Физика
Ғылыми жетекшісі: PhD, аға оқытушы Г.Ә. Қаптағай
ҚазМемҚызПУ
ОТЫН ЭЛЕМЕНТІ LaMnO
3
ПЕРОВСКИТТІ КАТОДЫНЫҢ ЖҰМЫС ТИІМДІЛІГІН
АРТТЫРУ
Аннотация. Твердооксидные топливные элементы (ТОТЭ) представляют значительный интерес в
связи с их высокой эффективностью и экологичностью при преобразовании химической энергии в
электрическую. Одним из способов преодоления температурного ограничения работы ТОТЭ и повышения
каталитической активности является допирование металлического катализатора на катод ТОТЭ , как
серебро, палладий или платина. Металлическое серебро является потенциальным компонентом катодов,
работающих при температурах ниже 800°C, благодаря хорошей каталитической активности, высокой
электропроводности и относительно низкой стоимости. Таким образом, в работе исследуются особенности
механизма взаимодействия кислорода с катодным материалом при внедрении допанта серебра.
Abstract: Solid oxide fuel cells (SOFC) are of considerable interest due to their high efficiency and ecology in
the conversion of chemical energy into electrical energy. One way of avoiding the temperature limitation of the SOFC
operation and increasing catalytic activity are the doping a certain amount of metal catalyst to the SOFC cathode ,
such as silver, palladium or platinum. Metallic silver is a potential component for cathodes that operate at
temperatures below 800°C, due to its good catalytic activity, high electrical conductivity and relatively low cost.
Thus, there investigates the features of the mechanism of interaction of oxygen with the cathode material
during the introduction of the Ag dopant.
Соңғы уақытта дәстүрлі энергия көздерінің (мұнай, көмір, табиғи газ) бағасы тұрақты түрде
өсуіне байланысты баламалы энергетиканың дамуына, оның ішінде отын элементтері негізінде
электрохимиялық энергия көздеріне негізделетін сутегі энергиясына көп көңіл бөлінуде. Отын
элементтерінде қышқылдану-қалпына келу реакциясы процесінде бөлінетін энергия электр
энергиясына жанудың аз эффективті аралық кезеңінсіз түрленеді.
Отын элементі дегеніміз - химиялық энергияны электр энергиясына тікелей айналдыратын
электрохимиялық ұяшық. Қатты оксидті отын элементтері отынды жаққандағы жоғары тиімділігі
мен экологиялығы бойынша айтарлықтай қызығушылық туғызады. ҚООЭ жылу машинасы емес,
сондықтан ол энергияны түрлендіргенде пайдалы әсер коэффициенті шектелмейді [1]. Мұнымен
қоса, ҚООЭ жұмысы кезінде парникті газдар аз бөлінеді [2].
Қазіргі уақытта жоғары температуралы (1000
℃ -ге дейін) ҚООЭ сутегін және басқа табиғи
газдарды қолданады. Әйткенмен жоғары жұмыстық температура негізінен қолданатын материалдың
термотөзімділігіне, химиялық орнықтылығына, қойылатын талаптарға сай құралдың бағасы жоғары
болады, осылай қымбат компоненттер мен жылуалмастырғыштар қолдануға әкеледі [2, 670б.]. Осы
мәселелерді шешу үшін ҚООЭ-нің жұмыстық температурасын орташа мәнге дейін (500-700
℃ )
төмендету керек. ҚООЭ жұмыстың температурасын төмендету көптеген практикалық
артықшылықтарға ие: құрылғының қызу уақытын жұмыстың температураға дейін азайту,
қолданылатын материалдардың қасиеттеріне қойылатын талаптарды төмендету, жылу энергиясы
шығындарын азайтады. ҚООЭ қатты қуысты катодтан, анодтан және электролиттен тұрады.
Ауыспалы метал перовскиттері құрылымы әртүрлі химиялық орнықты және химиялық құрамы
әртүрлі болғандықтан ҚООЭ компоненттерін жасау үшін қолданылады [3]. Отын элементтерінің бұл
тобының артықшылықтары: эффективтілігінің жоғарылығы, ұзақ мерзімді орнықтылығы, отынды
таңдаудағы икемділігі, қалдықтарының аз болуы мен бағасының арзандығында. ҚООЭ катодының
материалы механикалық орнықты электролитпен жақсы термиялық және химиялық үйлесімді
қоршаған атмосфера әсеріне, оттегінің қалпына келу реациясына қатысты химиялық орнықты,
сонымен қатар электр өткізгіштігі жоғары болуы керек [3, 20б.].
Практикада қолданылатын ҚООЭ катодының материалы механикалық орнықты,
электролитпен жақсы термиялық және химиялық үйлесімді, қоршаған атмосфераға, оттегінің
қалпына келу реакциясына қатысты жоғары химиялық орнықты, жоғарғы электрөткізгіш, катализдік
активті болуы керек. ҚООЭ эксплатациясында температуралық режим бойынша шектеулерді жою
үшін және катализдік активтілігін арттыру үшін катодтқа күміс, палладий немесе платина сияқты
метал катализатор қосылады. Катодтың активті қабатына катализатор қосылғанда оттегінің қалпына