Начало работы 26



жүктеу 0,8 Mb.
бет1/5
Дата24.05.2018
өлшемі0,8 Mb.
#16834
  1   2   3   4   5

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті
Ветеринариялық медицина құжырасы

А.А.Тегза

А.Ж.Рагатова
ҰСАҚ МАЛДАРДЫҢ ПАТОЛОГИЯЛЫҚ АНАТОМИЯСЫ
Оқу-әдістемелік кұрал

Қостанай, 2013



ББК 46.7 я 73

Т-3706000000
Авторлары:

Тегза Александра Алексеевна, ветеринариялық ғылым докторы, профессор

Рагатова Айнур Жолтаевна ветеринариялық ғылым магистірі
Рецензенттер:

Туякова Рауза Какеновна ветеринариялық ғылым кандидаты., доцент

Казкенов Калкаман Кайрошевич– ветеринариялық ғылым кандидаты, «Облыстық ветеринариялық лаборатория»РМҚК аға маманы

Шокубасов Валихан Баялыевич – аға оқытушы,ветеринариялық ғылым кандидаты


Тегза А.А., Рагатова А.Ж.

Ұсақ малдардың патологиялық анатомиясы. - Қостанай: А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті, 2013 – 50 бет


Оқулық-әдістемелік кешен СОӨЖ және лабораториялық, практикалық сабақтарды орындау үшін Ветеринарлық медицина және Ветеринарлық санитария мамандықтарына арналған.

Оқулықта малдарды техникалық жарумен дағдыларына ие болып, теоретикалық білімді толықтыруға мүмкүндік беретін мәліметтер келтірілген. Жануарлар патологиясы бағдарламасына енгізілмеген әр түрлі этиологиядағы аурулардың патоморфологиясын, патодиагностикасын, ажыратып балауын меңгереді.


ББК 46.7 я 73


А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік

университетінің оқу-әдістемелік кеңесімен бекітілген __ ________ж. № хаттама

© А.Байтұрсынов атындағы Қостанай

мемлекеттік университеті, 2013


Мазмұны


Кіріспе.............................................................................................................................................4

1 Зертханалық жұмыс. Лейкоздар...............................................................................................5

1.1 Зертханалық жұмыс. Құс ауруларын ажыратып балау.......................................................7

1.2 Зертханалық жұмыс. Құс тыныс алу мүшелерін ажыратып балау...................................11

1.3 Зертханалық жұмыс. Ит, мысық ауруларының патоморфологиясы...............................13

1.4 Зертханалық жұмыс. Ит, мысықтарға жалпы ауруларды ажыратып

балау..............................................................................................................................................14

1.5 Зертханалық жұмыс. Ит, мысықтардың ауруларын ажыратып

балау..............................................................................................................................................18

1.6 Зертханалық жұмыс. Ит, мысықтардың ауруларына қорытынды

бақылау.........................................................................................................................................18

1.7 Зертханалық жұмыс. Ет қоректілер обасы..........................................................................21

1.8 Зертханалық жұмыс. Кампилобактериоз, Лайма ауруы, Эрлихиоз,

Папиломатоз ................................................................................................................................21

1.9 Зертханалық жұмыс. Мысықтардың вирусты иммунодефициті,

созылмалы полиартрит,вирусты лейкемия...............................................................................24

1.10 Зертханалық жұмыс.Ит,мысық ауруларының патоморфологиясына

қорытында бақылау ....................................................................................................................27

1.11 Зертханалық жұмыс.Терісі бағалы аңдар мүшелерінің аурулары.................................28

№1.12 Зертханалық жұмыс. Терісі бағалы аңдар ас қорыту мүшелерінің

аурулары ......................................................................................................................................29

1.13 Зертханалық жұмыс. Несеп бөлу мүшелерінің патологиясы ........................................31

Өткен материал бойынша қорытынды сабақ............................................................................33

2 Студенттердің жұмысы

2.1 Терісі қымбат аңдардың жүрек қан тамырлар жүйесінің аурулары.перикардит.Миокардит.Миокардоз..........................................................................33

2.2 Терісі бағалы аңдардың зат алмасу бұзылуы......................................................................35

2.3 Токсикоздар. Терісі бағалы аңдардың уланулары..............................................................39

2.4 Токсикоздар. Терісі бағалы аңдардың астүзымен,ФОС,ХОС - пен

улануы, азықты уланулар............................................................................................................40

2.5 Вирусты инфекциялар: Құтырық, Вирусты парвовирусты энтерит.

Криптококоз ................................................................................................................................42

2.6 Пастереллез. Сальмонеллез..................................................................................................46

2.7 Стрептококкты, стафилококкты инфекция. Некробактериоз...........................................47

Өзіндік тексеріс сұрақтары ........................................................................................................49

Қолданылған әдебиеттер тізімі ..................................................................................................50

Кіріспе


Кіріспе

Ұсақ малдардың патологиялық анатомиясы – ветеринарлық мамандар студенттерінің оқитын арнайы пәндерінің бірі. Бұл пәнді терең оқып зерттеу,меңгеру – негізгі ветеринарлық пәндер бойынша материалды бекіту үшін негіз боп табылады.

Пәннің мақсаттарымен міндеттері: Ұсақ үй жануарларының, құстармен терісі бағалы аңдардың жұқпалы, жұқпалы емес, инвазиялық ауруларында патоморфология және патогенезін меңгеру.

Оқып зерттеу талаптары: Жануар және құс ауруларын алдын алу үшін ,соңғы балауды дұрыс қоюға студенттерді теоретикалық және практикалық дайындау.

Студент білуі және жасай алуы тиіс: патологиялық диагностика әдістерін,малдардың әр түрін сою әдістері, ауру этиологиясын меңгеру.

Осы пәнді меңгеруде қажетті пәндер тізімі:



  1. үй жануарлар анатомиясы – жануарлардың ішкі мүшелерінің макроскопиялық құрылымы;

  2. гистология – гистологиялық техника,торша, үлпа құрылымы;

  3. патофизиология – жалпы патологиялық процесстер патогенезі, қабыну, қан-лимфоайналым бұзылуы;

  4. биохимия – жануар организмінде зат алмасу;

  5. микробиология,вирусология – жануарлардың бактериалды және вирусты ауруларының қоздырушы морфологиясымен қасиеті;



Зертханалық жұмыс

1.1 Лейкоздар

Сабақтың мақсаты: Лейкоздың әр түрінде құстардың мүшелеріндегі патологиялық өзгерістерді оқу.

Материалмен жабдығы: суреттер көшірмелері, микроскоптар, микропрепараттар, П.И.Кокуричев 1973ж. паталогоанатомиялық атлас

Дайындыққа сұрақтар:

1Аурулардың патогенезі,симптомдары,паталогоанатомиялық сою суреті, ажыратып балау.

-Ньюкасл ауруы

- ауамұрын қапшықтарының созылмалы респираторлы аурулары, синдромдары.

- Гамборо ауруы.

- Жұмыртқасалу төмендеуінің синдромдары.

- Марек ауруы.


1 Лимфоидты лейкоз құс мүшесінде лимфоидты ісік түзілуімен сипаталады. Көбіне жыныстық жетілген тауықтар ауырады,сирек 4-5айлық балапандар және 1 жастан асқан тауықтар.

Мұндай лейкоз күрке тауықтарда, үйрекпен көгершін және жабайы құстарда байқалады.

Этиология: Қоздырушысы лейкозды-саркоматозды топтың РНҚ-дан тұратын онковирустар.

Патогенез: жұқтырылған балапандарда вирус алдымен көбееді, кейін бірнеше аптадан соң бурсалды фолликулда лимфобластар ісікті торшаға айналады. Құс жыныстық жетілген уақытта фолликул көлемі ұлғаяды.Кейіннен онда ісік түзіледі.Оның метастаздалуы пайда болып, басқа мүшелерде ісік тарай бастайды.

Паталогоанатомиялық өзгерістері: Құстарды союда немесе өлген құстарда ісік бұлшық етпен теріде сирек анықталады. Фабрициева сөмкесіне назар аударады, оның көлемі грек жаңғағына дейін жетеді.Оның кілегейінде сұрғылт-ақ ошақтар анықталады.12 айдан жоғары тауықтарда бұл мүше атрофияға ұшыраған.Басқа паталогиялық өзгерістер марек ауруындағыдай байқалады. Бірақ та лимфоидты лейкозда перифериялық жүйке бүзылуы байқалмайды.

2 Ретикулоэндотелиоз – гистиоциттен тұратын ісіктер пайда болуымен сипатталады. Жас тауықтар мен күрке тауықтар ауырады.Ұйрек, қаз, фазан эксперименталды жұқтырылады.

Этиология: Қоздырушысы ретикулоэндотелиоз вирусы.

Патогенез: Аз зерттелген. Инкубациялық кезең 5-8күн.

Паталогоанатомиялық өзгерістері: Аурудың белгілері Марек ауруының белгілерімен ұқсас келеді.Талақ және бауырдыңсинусоидты торшалары гиперплазия күйінде.

3 Миелоидты лейкоз – лимфоидтымен салыстырғанда миелоидты жаңа түзілулер сирек кездеседі. Ересек тауықтар жиі аурады.

Этиология және патогенез: Қоздырушысы лейкозды-саркоматозды топтың вирусы. Жілік майлы ұлпаның ажыратылмаған торшалары мишень торшалары болып табылады. Инкубациялық кезең 3-16 апта.

Жілік майында алғашқы өзгерістер байқалады.

4 Миелоидты лейкоз (миелобластоз) миелобласт саны 1мл-де 240 мыңға жетеді, эритроцит және гемоглобин күрт төмендеген.

Паталогоанатомиялық өзгерістері: бауыр ұлғайған, оның беткейі тайғақ көптеген ұсақ сұрғылт-ақ ошақтары бар қара қызыл түсті.Талақ және бүйрек гипертрофияға ұшыраған. Бауыр, талақ, бүйрек, ішекте түйінді ісікті зақымданулар бар. Жілік майы сулы, ақшыл-қызыл түсті.Тимус және фабрици сөмкесі зақымдалмаған.

5 Эритроидты лейкоз ( эритробластоз) пролиферативті және анемиялық түрі бар. Жалпы эритробластоз анық көрінген анемиямен және көзге көрінетін кілегеймен айдарының сарғаюымен сипатталады. Қан сулы,ақшыл қызыл, нашар ұыйды.

Паталогоанатомиялық өзгерістері: Өлген және сойған құстарда асцит байқалады.

Сабақ мазмұны:

1 Лейкоз кезінде мүше өзгерістерін оқу,суреттеу. Атлас 137б.259,260,261 сур.; Практикум;128б.37,38 сур

2 №1, №2 микропрепараттарды суреттеу және микроскоппен қарау.

3 кестені толтыру:

1 кесте – Ауру пайда болуында мүшелердегі өзгерістер

Лейкозды ажыратып балау




Ауру атауы

ағымы

ауру жасы

бауыр

ішек

талақ

жілік майы

гисто сурет

Лимфоидты лейкоз






















Эритробластоз






















Миелобластоз






















Остеопетроз






















Нейролимфоматоз






















Саркоматоз






















Ракты ісіктер






















Туберкулез






















Пастереллез






















Пуллороз






















Бақылау сұрақтары:

1 Құс лейкозының формаларын атаңыз.

2 Лейкозды кешен ауруларын атаңыз.

3 Лейкоздың қай формасында тек сүйек зақымданады ?

4 Эритробластоз дегеніміз не ?

5 Құс лейкозын балауда қан суреті қандай ?




1.1 Құс ауруларын ажыратып балау. Құс сальмонеллезы, Гамборо ауруы, Ньюкасл ауруы, созылмалы респираторлы ауру синдромы, Марек ауруы, инфекциялық энцефаломиелит.

Сабақ мақсаты: Ауруда құстардың мүшелеріндегі патологиялық өзгерістерді оқу.

Материал мен жабдығы: суреттер көшірмелері, микроскоптар, микропрепараттар, П.И.Кокуричев 1973 ж. паталогоанатомиялық атлас



Дайындыққа сұрақтар:

1 Гамборо ауруы,патогенезі,симптомы,пат жару суреті,ажырату.

2 Ньюкасл ауруы:патогенез,патологиялық анатомиясы,ажыратып балау.

3 Созылмалы респираторлы ауру синдромы.

4 ББЦ (пуллороз), паратиф, колибактериоз, үйрек вирусты гепатитінде құс мүшелерінде паталогоанатомиялық өзгерістер.
1 Құс сальмонеллезы. S.enteridesпен шақырылатын құс сальмонеллезіне өмірінің алғаш күнінен 2 айлық жасына дейінгі тауық отрядының төлдері қабілетті. Құсты жарғанда катаралды пневмония және энтерит, тифлит, талақ гиперплазиясы, үлкен сіңірілмеген сары уыз, бауыр, миокард, бүйректе гиперемиясымен дистофиясы, бұлшық етті қарында кутикула некрозымен эрозиялар, бас ми тамырының гиперемиясы, несепті қышқыл диатез, паренхиматозды мүше қан құйылулары анықталады.

S.typhimuriumмен шақырылатын сальмонеллезбен құстың әр түрінің төлдері 1,5-2 ай жастағылар аурады. Жарғанда үлкен сіңірілмеген сары уыз, клоациттер, жіті катаральді энтерит және тифлитмиокард, бүйрек, бауыр дистрофиясы, өкпе гиперемиясымен ісігі, талақ гиперплазиясы, эрозиялы кутикулит, сірлі-фибринозды перитонит, перигепатит, перикардит анықталады.

Пуллороз-тифке инкубацияның 8-10,18-19 күндік эмбрион қабілетті, сонымен қатар балапан, күрке тауықтар.

Оларды сойғанда энтерит, эрозиялы-ойық жаралы кутикулит, дифтеритикалық тифлит, клоациттер, жіті миокардит, жіті катаралды пневмония анықталады. Аурудың 4-5 күні жүрек, өкпе, бауыр, бас миында гранулемалар байқалады. Ересек құстарда – овариттер, сальпингиттер, сарыуызды немесе фибринозды перитониттер болады.

Колибактериозбен 1-120 жастағы төлдер ауырады. Оларды сойғанда кілегейде ішкі мүше сірлі қабатында, қанаттарында, эндокардта нүктелі қан құйылулар, аэросаккулит, пневмония, төлдермен тауықтарда – катаралды-геморрагиялық энтерит, сірлі-фибринозды перикардит, фибринозды полисерозит, овариттер байқалады.

Пастереллезге 80-120 күндік балапандар, 70-120 күндік күркетауықтар, 45-50 күндік үйректер. Сойғанда сірлі қабатта, кілегейде, тері асты клечаткада, құрсақта, жұмыртқалықтарда, миокардта нүктелі қан құйылулар, сірлі перикардит, катаралды геморрагиялық дуоденит, бауырда ұсақ некроз ошақтары, пневмония анықталады.

Гистомонозды Histamines meleagridis шақырады, оған тауық отрядының төлдері шалдығады. Сойғанда соқыр ішек пен бауырда өзгерістер анықталады. Ішек қабырғасы эластикалығын жоғалтып, жуандап, тығыздалған, беткейі бұдырлы, дақты суретке тән, перигепатит, бауыр некрозы, жайылымды перитонит анықталады.

Эймериозбен 15-180 күндік төлдер ауырады.Патологиялық өзгерістері эймерия түріне, олардың жиналу орыны, жұқтырылу белсенділігіне байланысты.Соқыр ішек кілегейі жуандаған, гиперемияға ұшыраған, қан құйылулар анықталады. Ішек жыны – ірімшік тәрізді, қоңыр түсті. Жіңішке ішек зақымданған жағдайда катаралды немесе катаралды-геморрагиялық энтерит байқалады.

Аспергиллезге (пневмомикоз) 1-120 күндік төлдер бейім келеді.Сойып қарағанда өкпе домбығуы, фибринозды пневмония, аэросаккулит анықталады. Өкпеде – некроз және 1-5мм диаметрде гранулемалар,ошақты немесе жайылған пневмония анықталады.

Колигранулематоз (Хьярре ауруы) тауық төлінде, сирек 2-4 айлық күрке тауықтар ауырады. Бірлік немесе көптеген колигранулема түрінде соқыр ішек пен бауырда жиналады. Өзіне тән белгі соқыр ішектің бифуркация орынында зақымдану анықталады. Кейде өзгерістер клоака аумағының терісінде анықталады.

Үйректердің вирусты гепатитімен өмірінің алғаш 30 күндік төлдер, жиі 5-10 күндіктер ауырады.Союда өзіне тән белгі бауырдағы шұбар қан құйылулар. Бауыр күрт ұлғайған, ақшыл қызыл түстен сарғыш түске дейін боялады, консистенциясы борпылдақ, капсула астында көптеген қанқұйылулар, некроз ошағы, өт жолы өтке толы. Тұмсық цианозы, ринит, конъюктивит.

Қаздардың вирусты энтериті 25 күндік қаздарда анықталады.4күндік қаз төлдерінде паталогоанатомиялық өзгерістер байқалмайды. Ересек жастағыларда молдір түсті сұйықтық ауыз қуысынан анықталады, безді асқазанда сілекей саны мол. Катаралды, геморрагиялық, фибринозды энтерит, күрт гиперемия, бауыр, бүйрек, миокардта дистрофиялық өзгерістер, талақ қанға толы,тері асты клечатка құрғақ.

Ас тұзымен улануға құстардың барлық түрлері бейім, әсіресе ересек тауықтар, күрке тауық, үйрек және т.б.. Сойғанда құстарда ауыз қуысының кілегейінде, ауыз, жұтқыншақ, өңеште гиперемия, қан құйылулар анықталады. Безді асқазанда көптеген сілекей, бүйрек ұлғайған, скелет бұлшық етінде анемия.

Несепті - қышқылды диатез әр жастағы құстарда анықталады. Паталогоанатомиялық жаруда ураттармен несеп қышқылы кеуде және құрсақ қуысының сірлі қабатында, ауа қапшығында, бүйрек, бауыр, талақ, жүректе анықталады.

2 Гамборо ауруы – диарея, бұлшық етті қан құйылулармен, бүйрек, фабрициева сөмкесінде зақымданулармен сипатталатын 2-15 күндік балапандардың жоғары контагиозды вирусты ауруы.

Қайнар көзі және жұқтырылу жолдары. Вирус ауалы-тамшылы жолмен, инвентарьмен жеңіл беріледі.

Инкубациялық кезең 72 сағат.

Тауық пен күрке тауық бейім.

Аурудың клиникалық белгілері 4-8 апталық балапандарда байқалады. Ауру құс енжар,отыра береді,су мен азықтан бас тартады.

Өлімге ұшырауы 5-10%, ал кейде 60%. Егер жұқтырылу алғашқы аптада басталса онда бауырдың қабынуын анықтайды.

Паталогоанатомиялық өзгерістері: Фабрициева сөмкесінде өзіне тән белгілер анықталады. Жіті түрінде ол 2-3есе ұлғайған. Кілегей домбыққан, қызарған, қара қызыл тусті. Қан құйылу бұлшық еттің әр топтарында және безді және бұлшық етті қарындарда байқалады. Бүйрек ұлғайған несеп тұзына толы.

Балау: эпизоотологиялық, клиникалық, паталогоанатомиялық, гистологиялық зерттеуге қарап қояды.

Ажыратып балау: сульфаниламидтермен, афлотоксоз, Е гиповитаминозбен улануды есептен шығару.

3 Ньюкасл ауруы – псевдочума – тауықпен күрке тауықтардың жіті жоғары контагиозды ауруы. Қоздырушысы – вирус. Жіті, жітіден жоғары, жітілеу өтеді.

Паталогоанатомиялық өзгерістері: жіті түрінде - септицемия құбылыстары байқалады. Ішекте дифтеритикалық ойық жаралар, некроздар.

Жітіден жоғары түрінде көптеген қан құйылулар,барлық мүшелерде гиперемия, бас миының домбығуы. Жітілеу түрі: жүдеу, қанаттары үрпейген, айдар цианозы, мұрын қуысынан сілекейлі бұлдыр эксудат бөлінеді. Кеуде құрсақ қуысының барлық мүшелері бұлдыр экссудатқа толы

Ажыратып балау:

1Пастереллез: талақ ұлғайған, эпикард асты қан құйылу, бауыр мен жүректе некротикалық ошақтар.

2 Инфекциялық энцефаломиелит - өзгеріс жоқ.

3 Ет қоректілер обасы – ішекте дифтеретикалық түрде қабыну, эрозия, ойық жара, әлсіз эксудат.

4 Инфекциялық ларинготрахеит – кеңірдек және көмей зақымдануы – қуыс фибринмен бітелген.

5 Инфекциялық бронхит – тыныс мүшелерінде катаралды құбылыстар.

4 Марек ауруы. Тауық тобының құстарының жоғары контагиозды ісікті ауруы. Жиі жіті түрінде, сирек классикалық формада өтеді.

Этиология: қоздырушысы – РНҚ-дан тұратын В тобының герпес вирусы. Маректің классикалық ауруы сирек кездеседі. 3-16 айлық құстар ауырады, қанаты, зобы, құйрығы, мойынының салдануы және көз көрмеуімен сипатталатын ауру.

Сойып зерттеу: бастапқы деңгейінде белгілері байқалмайды.Клиникалық белгілері:

1 сұрғылт-ақ түсті қасаң қабаты;

2 көз шарасы деформацияға ұшыраған және кішірейген;

3 шонданай, иық өрімінің зақымдануы.

4 бас миында әлсіз байқалған паталогоанатомиялық процесстер;

5 жұмыртқалықтың немесе аталық ұрық безінің ісінген, зақымданулары 60% жетеді,перитонит,гепатит; маректің жіті формасы кеңінен таралған, көбіне 1-5 айында байқалып, ескерусіз пайда болады. Клиникалық белгілері өзіне тән емес, қанаты, зобы, құйрығы, мойынының салдануы және көз көрмеуімен сипатталады.Өлімге ұшырауы 2-3 аптадан соң 30-80% барады.

Паталогоанатомиялық өзгерістері:

1 Сұр көз белгілерімен көру мүшесінің зақымдануы.

2 Терісінің өзгеруі: қанат фолликулдары ұстағанда қатты, биіктігімен диаметрі бойынша 3мм жетеді.

3 Тері асты клечатка мен бұлшық етте ісікті өсіндер.

4 Бауыр, талақ, бүйрек ұлғайған, сұрғылт қызыл түсті.

5 Аталық ұрық безімен жұмыртқалық көлемі диффузды ұлғайған, бұдырлы, тығыз, ақшыл-сары.

6 Безді қарын және ішек қабырғасы ошақты немесе диффузды жуандаған, консистенциясы тығыз.

7 Ісікті өсіндер жүректе,өкпеде,асқазан алды безде және ішек шажырқайында әр түрлі көлемде.

8 Зоб безімен фабрициев сөмкесі кейде көлемімен ұлғайған, казеозды массамен толы.

9 Перифериялық жүйке классикалық түрдегідей зақымдануы мүмкүн.

Гистоөзгерістері : көз зақымдануда – лимфоцитпен, плазмоцитпен, гистиоцитпен инфильтрация. Хрусталик деформацияға ұшыраған, некроз ошақтары бар. Зақымдалған перифериялық жүйке инфильтрацияға ұшыраған. Тимуспен фабрициев сөмкесі атрофияланған. Мұнда тимус бөлшектері ми зонасында лимфоидтық торша жиналу қорытындысында ұлғаюы мүмкүн.

Сабақ мазмұны:

1 Құс ауруларында мүшелердегі өзгерістерді оқып, суреттеу 73б.,26,27,28 сур. (В.П.Зеленский 1968)

2 №3, №4 микропрепараттарды суреттеу және микроскоппен қарау.

2 Кестені толтыру

2 кесте – Құс ауруларында мүшелердегі өзгерістер







Қоздырушы

Жұқтыру жолы

Ауру жасы

Негізгі өзгерістер

ББЦ













Паратиф













Тиф














жүктеу 0,8 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау