98
–
болашақ музыка пәнінің мұғалімдері қазақ ұлттық музыкасының мәнін,
ерекшеліктерін түсінеді және олардың тұлғаның интеллектуалдық дамуындағы
мүмкіндіктерін ескере отырып,
мектеп оқушыларының қазақ және басқа да
халықтардың ұлттық музыкасына деген қызығушылығын қалыптастыруға;
ұлттық музыканың мазмұндағы кәсіби іс-әрекетті байытуға; қазақ ұлттық
музыкасы арқылы өзін жеке интеллектуалды дамытуға әрдайым талпынады;
қазақ ұлттық музыкасын меңгеруге жіне оны болашақ кәсіби қызметінде
қолдануға деген белсенді, терең қызығушылығы және
қажеттілігі бар;
– қоғамның интеллектуалдық әлеуетін дамыту үшін қазақ ұлттық
музыкасы арқылы өзінің іс-әрекетіне оң ниеті, қазақ ұлттық музыка дәстүріне
терең танымдық қызығушылығы бар; тұлғаның интеллектуалдық дамуындағы
қазақ ұлттық музыкасының мүмкіндіктерін ескере отырып отандық және шет
елдік ғалымдардың көзқарастарын, кәсіби музыканың формасы мен әртүрлі
жанрдағы композиторлық әдістерін, қазақ ұлттық музыкасын дамытудың
кезеңдері мен шығу тарихын, жанрларының жіктемесін, музыкалық
құралдардың мәнерлігін, терең бейнелі
мазмұнын, оларды байыту мен әлемдегі
ұлттық музыкалық құндылыққа бағыттауды меңгерген; қазақ ұлттық музыкасы
арқылы тұлғаны интеллектуалды дамытудың тиімді әдістерін, оны
диагностикалауды; әр түрлі халықтардың ұлттық музыкасындағы жалпы
мазмұнды анықтауды біледі;
– қазақ ұлттық музыкасын жалпы адами және ұлттық байланыстағы іс-
әрекетті
жүзеге
асыруда
пайдаланады;
қазақ
ұлттық
музыкасы
арқылыинтеллектуалды дамуындағы іс-әрекеттің нәтижесін бағалайды; кәсіби
іс-әрекетінің құндылығын түсінеді, қазақ ұлттық музыкасы арқылы мектеп
балаларын тәрбиелеу және білім беруді табысты жүзеге асыру үшін қажетті
білім мен дағдыларға қол жеткізген; әртүрлі ұлттық дәстүрдегі музыкалық
шығармаларды дұрыс бағалайды және ұғынады, төл музыкалық мәдениеттегі
эмоционалдық-құндылықты терең түсінеді; мектепте білім алушыларды әртүрлі
музыкалық дәстүрдегі музыкаға қызықтыру қабілеті бар; жарқын, әртістік
сөйлеуге ие, ұлттық музыкалық шығарманы мәнерлі орындау, ұлттық
музыкалық материалды шебер таңдау, сыныптас тыс жұмыстарда және
сабақтарда әртүрлі халықтардың музыкасын қабылдау, оң ықпалды
қалыптастыру, білім алушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру қабілеті мен
дағдысын меңгерген; әртүрлі халықтардың ұлттық музыкасына қатысты
«жалпы» және «ерекше» формаларды анықтай алады.
Орта деңгей
–
болашақ музыка пәнінің мұғалімдеріне арналған педагогикалық іс-
әрекетті жүзеге асыру мақсатында қазақ ұлттық музыкасының мәнін түсінеді,
алайда тұлғаның интеллектуалдық дамуы үшін оның мәнін ескермейді. Осы
деңгейдегі студенттер әртүрлі халықтардың ұлттық музыкасындағы
дәстүрлерді, ұлттық ерекшеліктеріне қатысты оң көзқарастарға ие болады,
дейтұрғанмен оларды меңгеру үшін жарқын қажеттілікті талап етпейді; олар
қазақ ұлттық музыкасы арқылы өзін жеке интеллектуалды дамытуға талпына
бермейді; әртүрлі этникалық дәстүрдегі музыкалық шығармаларды жете