ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет42/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82

90 
 
үдерісін  меңгеруде  өзін-өзі  жүзеге  асыруға  мүмкіндік  жасайды.  Мұндай  әдіс 
ұлттық  музыка  арқылы  интеллектуалды  даму  үдерісіндегі    тұлғаның  мәнін 
ескере  отырып  тұлға  рефлексиялық,  шығармашылық  тәжірибе  алатынына 
сенімді.        
Жобаланатын  модельде  педагогикалық  жоғары  оқу  орындарында  қазақ 
ұлттық  музыкасы  арқылы  студенттерді  интеллектуалды  дамытудың  негізгі 
бағытына  мән  беру  қажет,  ол  дегеніміз  оларды  жүзеге  асыру  үшін 
педагогикалық шарттарға сүйену керектігін білдіреді.  
Педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ ұлттық музыкасы  арқылы 
студенттерді интеллектуалды дамытудың негізгі бағыттылығы келесі тұлғалық 
қызметті  анықтау  үшін  қажет:  ынталандырушылық  (көркем  бейненің  өзіндік 
көзқарасындағы  ұлттық  музыкалық  шығармашылықтың  жұмысындағы 
мүмкіндігін  құру,  өзін-өзі  интеллектуалды  дамытудағы  ұлттық  музыкалық 
шығарманы  меңгерудегі  ішкі  ынтаның  пайда  болу  қабілеті);  рефлексивтік 
(өзінің  психологиялық  және  шығармашылық  қабілетін,  өзіне  деген 
сенімділігінің пайда болуына көмектесу, әлеуметтік  мәнін түсінуге көмектесу, 
өзін-өзі қадірлеуді, өзін-өзі бағалауын көтеруге талпындыру); шығармашылық-
түрлендірушілік  (бастапқы  музыкалық  шығармамен  танысу  қызметіндегі  кез-
келген  тұлғаның  мәнін  шығармашылық  танылуына  мүмкіндік  жасау 
(композиторлық, стильдік дәуірді құру), музыкалық бейне мен орындаушылық 
техникада  жұмыс  істеу  және  көркем  бейнені  құрудан  түсіндіруге  дейін 
жеткізу);  рухани  тіршіліктің  деңгейін  қамтамасыз  ету  (тұлғаның  өзіндік 
сұранысына сәйкес жүзеге асыру).   
Музыкалық-теориялық  білімнің  мазмұны  тұлғаның  интеллектуалдық 
қабілетінің туындауы мен қалыптасу мүмкіндігі болып табылады. Арнайы білім 
беру  тұлғаның  интеллектуалды  дамуына  мүмкіндік  беретін  ұлттық  музыка 
құралдары арқылы жағдай жасау қажет.  
Педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ ұлттық музыка құралдары 
арқылы  студенттерді  интеллектуалды дамытудың  моделі  үш  кезеңді  қамтиды: 
базалық, дамытушылық, шығармашылық.  
Базалық  -  осы  кезеңнің  мақсаты  ынталандырушылық  және  когнитивті 
кешеннің  дамуы  болып  табылады.  Оның  мақсаты  болып  тұлғанын 
интеллектуалды  дамуындағы  ұлттық  музыканың  құндылығы  мен  ынтасын 
түсіну  табылады.  Интеллектіні  дамыту  үшін  ұлттық  музыканың  құндылығын 
түсінудің,  ұлттық  музыканы  меңгерудегі  орындаушылық  іс-әрекетті, 
музыкалық-педагогикаға  қызығушылықты  арттырудың  қажеттілігі  артады.  
Интеллектуалды  дамудың  көрсеткішінде  студенттердің  келесі  жоғары 
дейгейлік іс-әрекетке өту үшін қажетті жағдай болып табылатын репродуктивті 
іс-әрекеті  негізге  алынады.  Репродуктивті  оқу  іс-әрекеті  студенттің 
бағдарламаларына,  өлшемдерге,  қабілетіне  сәйкес  тапсырмаларды  жүзеге 
асырады. 
Яғни,  студент  оның  алған  білімі,  қабілеті  мен  іс-әрекетіндегі  тәсілін 
қолданады, алайда өзгеріп жатқан жағдайға бейімделе алмайды. Бізді олардың 
музыкалық-педагогикалық  іс-әрекеттегі  ұлттық  музыканың  құндылығын 


91 
 
түсінуі,  интеллектуалды  дамудың  қажеттілігін  ұғынуы  және  ұлттық  музыкаға 
деген қызығушылығының пайда болуы қызықтырады.  
Дамытушылық  кезеңнің  мақсаты  когнитивті,  эмоционалды-ерікті, 
жылдамдық-іс-әрекеттің  кешенді  дамуы  болып  табылады.  Оның  міндеттері: 
студенттердің  ұлттық  музыканы  меңгеру  қажеттілігін  түсіндіру;  музыкалық-
орындаушылық  байланысты  жүзеге  асыру;    оны  тиімді  іске  асырудың 
құралдары  мен  әдістерін  анықтау;    қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  тұлғаны 
интеллектуалды  дамыту  мәнін  ұғындыру,  білімін  қалыптастыру.  Осы  кезеңде 
аксиологиялық, зерттеушілік, рефлексивті іс-әрекет жүзеге асырылады. Соның 
нәтижесінде  студент  қазақ ұлттық  музыкасы  арқылы  тұлғаны  интеллектуалды 
дамытудың  әдіснамалық  білімін  меңгереді,  оның  ұстанымдарымен  танысады, 
интеллектуалды дамудың мәнін, оны жүзеге асырудың әдістері мен құралдарын 
меңгереді.  Студенттерде  ұлттық  стиль  туралы  білім  қалыптастырады,  ұлттық 
музыкалық  мәнерлеу  құралдарын  дамыта  қолдану  іскерліктерін  дамытады; 
интеллектуалды  даму  деңгейін  бағалауын  қалыптастырады,  рефлексивті 
қабілетін дамытады. Студенттердің   қазақ ұлттық музыкасы материалдарымен 
жеке  жұмыс  істеуге  ынталандырады.  Осы  кезеңде  қазақ  ұлттық  музыкасы 
арқылы интеллектуалды дамуының көрсеткіштері қатарында мыналарды атауға 
болады: студенттер өзінің алдына мақсат қоя алады, өзін-өзі білімдендіру мен 
өзін-өзі  дамытудың  жолдары  арқылы  жетістікке  жету  үшін  әдістер  мен 
тәсілдерді  таба  алады.  Оқу,  түсіну,  проблемалық-ізденістік  зерттеу  негізінде 
өзінің  іс-әрекетіндегі  аралық  және  соңғы  нәтижесін  бағалау  қабілетін 
қалыптастыру қажет.          
Шығармашылық  кезең.  Осы  кезеңнің  мақсаты  болып  рефлексивті, 
жылдамдық-іс-әрекеттік, 
эмоционалдық-еріктік, 
когнитивті, 
ынталандырушылық  кешенді  біріктіру  мен  дамыту    табылады.  Олардың 
міндеттеріне қазақ ұлттық музыкасын меңгерудегі шығармашылық іс-әрекетін 
түрлендіру  қабілеті  мен  мүмкіндігін  дамыту;  зерттеушілік,  саналық  бейнелік, 
рефлексивті іс-әрекетті жүзеге асыру кіреді. Студенттер қазақ ұлттық музыкасы  
арқылы  интеллектуалды  даму  тәжірибесін,  іс-әрекетін    меңгереді,    мүмкіндігі 
мен қабілетін дамытады, қажетті базалық білімін бекітеді.  
 
 


92 
 
 
Сурет 4 – Студенттердің қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды 
дамуының моделі 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау