93
Педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ ұлттық музыкасы арқылы
студенттерді интеллектуалды дамытудың
қорытынды кезеңі болашақ
мұғалімдердің жеке іс-әрекетіне тиісті тәжірибесін қалыптастыру жүзеге
асырылады. Осы кезең жұмысы кәсіби-мәнді тұлғалық сапаларды
қалыптастыруға бағытталады. Мұнда оқытушы негізінен бақылаушылық
қызмет атқарады, ал студент оқу іс-әрекетінің жоғары формасы болып
табылатын өзіндік жұмысты іске асырады. Егер студенттің өз іс-әрекетін
дұрыс бағдарлай алатын қабілеті қалыптасса, онда ол өзінің қызметін өзгерте
отырып талап етілген тиісті нәтижеге қол жеткізе алады. Ал бұл болса, оның
интеллектуалды дамуының көрсеткішін көрсетеді.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ ұлттық музыкасы арқылы
студенттерді интеллектуалды дамытудың барлық құрылымдық кешені тұтас
педагогикалық үдерісте кезең-кезеңімен қалыптасады. Алайда, осы әрбір
кезеңнің үдерісі басым мақсаттар мен міндеттердің қызметіндегі ынтаны
түсіну, алдымен ынталандыру кешеніне бағытталады. Педагогикалық жоғары
оқу орындарында қазақ ұлттық музыкасы арқылы студенттерді интеллектуалды
дамытудың моделін жасау үшін тұлғалық-бағдарлық білім беру кеңістігін құру
қажет.
Өйткені, студенттерді қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды
дамыту үдерісі олардың кәсіби даярлығын жүзеге асырумен қатар жүреді.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында студенттерді қазақ ұлттық
музыкасы арқылы интеллектуалды дамытудың деңгейі біздің көрсеткен
белгілер арқылы жүзеге асады. Педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ
ұлттық музыкасы арқылы болашақ мұғалімдердің интеллектуалды дамуының
көрсеткіштері қатарында төмендегілер қамтылады:
- студенттердің қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды дамуын
қажетсінуі,
қызығушылығының,
ынтасының
болуы
(
қажеттілік-
ынталандырушылық компонент);
- болашақ кәсіби іс-әрекетте қазақ ұлттық музыкасын тұлғаны
интеллектуалды дамыту мақсатында қолдануға білімінің болуы (
когнитивтік
компонент);
- мақсатқа жетудің дербестігі мен табандылығы (
эмоционалды-
құндылықтық компонент);
- тұлғаны интеллектуалды дамытуда қазақ ұлттық музыкасының әлеуетін
пайдалану қабілеті, қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды дамуын
өзін-өзі бағалауы, өзінің іс-әрекетіне талдау жасау деңгейі (
іс-әрекеттік-
рефлексивтік компонент).
Болашақ музыка пәні мұғалімінің кәсіби іс-әрекеті мен біліктілік
ерекшелігіне қойылатын білім беру бағдарламаларының талаптарын ескере
отырып әрбір компонентті қарастыруда қазақ ұлттық музыкасы арқылы
болашақ мұғалімнің интеллектуалды дамуының өлшемдерін, көрсеткіші мен
деңгейін анықтаймыз.
Қажеттілік-ынталандырушылық компонент мұғалімді қазақ ұлттық
музыка саласындағы іс-әрекетке ынталандыруды, кәсіби-педагогикалық және