88
Болашақ мұғалімдердің күнделікті өміріне бағытталатын құндылықты
қолдануда оларды тану, меңгеру, қабылдаулары арқылы болашақ
мұғалімдердің мүмкіндіктерін қамтамасыз ету және ұлттық музыканың
мәдениетіндегі құндылықты білімді ұсынатын мәдени шығармашылық,
мәдениет жасампаздық дамуының тәжірибесін меңгереді. Осыған байланысты,
бүгінгі күні енгізген оқу пәнінің мәдени ақпаратын меңгеріп қана қоюды
шектеуге
болмайды, мәдени білімді көтеру қажет.
Жоғарыда көрсетілген құрылымдардағы педагогикалық жоғары оқу
орындарында қазақ ұлттық музыка құралдары арқылы студенттерді
интеллектуалды дамытудың модельдік процесінде кәсіби білімнің
мәдени
парадигмасына негізделген.
Мәдени бейнедегі білім берудің принципі мен мәні Н.Б.Крылов,
В.И.Слободчикова және т.б. еңбектерінде жан-жақты қарастырылған [189, 190].
Мәдени бейне түсінігінде олардың өзара байланысындағы ұлттық және жалпы
адами құндылықтарды бейнелейтін білім беру құралдарының қабілеті; жаңа
туындыларды және дәстүрлі мәдени бейнелерді құру; ұлттық музыканың
мазмұнын, ұлттық музыканың мәдени құндылығын студенттер бойына сіңіру
болып табылады.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында кәсіби білім берудің мәдени
бейнесінің
мазмұны қамтамасыз етіледі: әр түрлі музыкалық мәдениеттің
ерекшелігіндегі білімнің қатысы (ұлттық және әлемдік музыкалық мәдениет,
классикалық және заманауи музыкалық мәдениет және т.б.); мәдени-тарихи
мазмұнның
дәуірін
қатыстыра
отырып
кәсіби
композиторлық
шығарамашылықтың ұлттық дерек көздеріне жүгінуі және бүгінгі күндегі
музыкалық мәдениеттің ортақтастығы, адамгершілік, рухани құндылығына
бағытталады.
Мәдени бейнедегі білім беру іс-әрекетінің мәніне жатқызуға болады:
ұлттық музыкалық мәдениеттің негізгі құндылығын меңгеру,
ұлттық
музыкалық мәдениеттің тілін меңгеру, психологиялық шиеленісін түсіну, өзінің
біліміне сенімсіздік (қабілетіне), ұлттық музыканың әлеуметтік мәнін түсіну,
музыкалық-ағартушылық қызметті жүзеге асырудығ құралдарын меңгеру.
Педагогикалық
зерттеудің
әдістемесі
модельденетін
объектінің
құрылымын ұсынады. В.В.Краевский, В.А.Сластенин және т.б. ғалымдар
мақсаттық, мазмұндық және процестік элементтер педагогикалық модельдің
тұтастығын бейнелейді деген ойға келген [191, 194].
Осыған байланысты педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ ұлттық
музыка құралдары арқылы студенттерді интеллектуалды дамытудың моделіне
мақсаттық, мазмұндық және іс-әрекеттік элементтер қатысады.
Модельдің
мақсаттық элемент білім беру саласындағы тұлғаның
сұранысына және кәсіби мұғалімнің музыкасының талабын ескере отырып
құрастырылады. Педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ ұлттық
музыкасы арқылы студенттерді интеллектуалды дамытудың мақсаты
студенттердің қазақ ұлттық музыкасы арқылы өзін-өзі интеллектуалды дамыту,
өзін-өзі
білімдендіру
қажеттілігін
дамыту,
студенттің
тұлғалық
89
шығармашылығындағы қабілетін ашу, рефлексиясын дамыту, ішкі ынтаның
пайда болуындағы әртүрлі деңгейлердегі студенттердің жетістікке жету жолын
анықтау болып табылады.
Модельдің
мазмұндық элементі педагогикалық жоғары оқу орындарында
қазақ ұлттық музыкасы арқылы студенттерді интеллектуалды дамытудың
талаптарына жауап беретін білімнің мазмұнын құрайды. Мемлекеттік
стандарттағы мазмұн тұлғаның өзін-өзі интеллектуалды жетілдірудің бастапқы
дейгейін қамтиды. Музыкалық-педагогикалық білім берудің мазмұндық
элементі педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ ұлттық музыкасы
арқылы студенттерді интеллектуалды дамытудың қабілетіндегі когнитивті,
жылдамдық,
эмоционалдық,
эстетикалық
және
шығармашылық
ерекшеліктердің құндылығын бейнелейді. Музыкалық білім берудің мазмұны
рационалдық және рационалдық емес категорияны қамтиды. Рационалдық
жалпы педагогикалық негізді құрайтын музыкалық оқытудың принципі мен
заңнамалығын анықтайды. Рационалдық емес санадан тыс және әрдайым
логикалық көзқарас бойынша түсінік беруге қиындық тудыртады.
Рационалдық емес музыкалық педагогика (интуициялық, рухтану, нұрға
бөлену) әлі күнге дейін толық зерттелмеген. Сонымен қатар, педагогикалық
жоғары оқу орындарында қазақ ұлттық музыкасы арқылы студенттерді
интеллектуалды дамытудың мазмұндық категориясы адамның қабылдау
көзқарасындағы
қызығушылықты
туындатады.
Ол
музыкалық
шығармашылықтың мәнін анықтайды және педагогикалық жоғары оқу
орындарында қазақ ұлттық музыкасы арқылы студенттерді интеллектуалды
дамыту үдерісіне ықпал етеді.
Мазмұндық блоктың тікелей жалғасы және оның қосымша мазмұнын
құрайды. Тиісті тұлғалық білім берудің бағыттылық тұжырымдамасы
ұсынылатын құралдардың үздіксіз байланысын қамтиды. Мазмұн үдерістен тыс
жүзеге асырылмайды. Мазмұндық кешен басыңқы ретінде анықталады, алайда
мақсаттық және іс-әрекеттің қатысуынсыз іске асуы мүмкін емес.
Жобаланатын
модельдің
мазмұны
педагогикалық
жоғары
оқу
орындарында қазақ ұлттық музыкасы арқылы студенттерді интеллектуалды
дамытудың мынадай принциптерін ұстанады:
- тұлғалық мазмұн мен саналық
қызметтің принципі;
- тұлғаның өзін-өзі іштей бағалауына жүгінуге ынталандыру, субъектілі
бақылаудың принципі;
- эмоционалдық, интеллектуалдық, еріктік бағытқа ие болатын өзін-өзі
ынталандырудың пайда болуы үшін жағдай жасау, тұлғалық мәнінің іс-
әрекетіндегі принципі;
- адамның танымдық мәнін түсіну, өзінің өмірлік тәжірибесіне жүгіну
қажет екендігін анықтайтын витегенді білім беру принципі.
Осының барлығы тұлғалық ойдың пайда болуына мүмкіндік жасайды.
Осындай принципті жүзеге асыру үшін әртүрлі әдістер қолданылады (диалог,
іскерлік ойындар мен «шығармашылық тапсырмалар» және т.б.). Олар
студенттердің интеллектуалды дамуы үшін ұлттық музыкалық білім беру