99
бағалау мен ұғынуда, әртүрлі халықтардың ұлттық музыкасына деген мектеп
оқушыларының қызығушылығын оятуда шығармашалық бастамашылдықды
көрсете алмайды;
–қазақ ұлттық музыкасы арқылы тұлғаны интеллектуалды дамыту
принциптерін,
құрылымдарының
мәнін
ішінара
біледі;
тұлғаның
интеллектуалдық дамуындағы ұлттық музыка туралы жеткілікті білмейді;
кәсіби музыканың әртүрлі жанрындағы композиторлардың жүзеге асыратын
әдістерін, ұлттық музыка жанрын жіктеуді, музыкалық мәнерліктің
құралдарын, даму кезеңдері мен шығу тарихын, ұлттық музыка құралдары
арқылы тұлғаны интеллектуалды дамытудың тиімді әдістерін және оны
диагностикалау әдістерін жетік білмейді; өзінің кәсіби іс-әрекетін жүзеге
асырудағы ниеті мен белсенділігінің болмауынан қазақ ұлттық музыкасы
арқылы тұлғаны интеллектуалды дамытудың маңыздылығын мәселесін дұрыс
түсінбейді; қазақ ұлттық музыкасының жеке түрлерін білуге дербес талпынады;
қазақ ұлттық музыкасынан эмоционалдық әсер алуға ұмтылады, алайда қазақ
ұлттық музыкасының тұлғаның интеллектуалдық дамуындағы әлеуетін дұрыс
түсіне
қоймаған;
– қазақ ұлттық музыка құралдарын қолдануға ынтасы жоқ, қазақ ұлттық
музыка құралдарын кейбір іс-әрекетінде пайдаланады және нәтижесін
бағалайды; қазақ ұлттық музыкасы арқылы тұлғаны интеллектуалды дамытуға
бағытталған кейбір қабілет пен дағдыларға ие.
Төмен деңгей:
–
болашақ мұғалімдерді қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды
дамыту ерекшеліктерінен хабары бар, алайда қазақ ұлттық музыкасы арқылы
тұлғаны интеллектуалды дамытудың мәнін түсінбейді. Осы деңгейдегі
студенттерде интеллектуалды дамудың құралы тұрғысынан ұлттық музыканы
меңгеруге деген қажеттілік пен қызығушылық жоқ, қоғамның қазақ ұлттық
музыкасы арқылы интеллектуалды дамуына үлес қосуға ынтасы жоқ; өзінің
болашақ кәсіби қызметінде қазақ ұлттық музыкасын қолдануға ниеті жоқ;
әртүрлі халықтардың музыкалық шығармашылығындағы дәстүрдің ұлттық
ерекшелігіне мән бермейді; мектеп оқушыларының әртүрлі халықтардың
музыкасына қызығушылығын дамытуға шығармашылық бастамашылдық
танытпайды; қазақ ұлттық музыкасы арқылы өзін жеке интеллектуалды
дамытуға талпынбайды;
– ұлттық музыканы дамытудың кезеңдері мен шығу тарихы туралы
білімге, музыкалық мәнерлік құралдарына, жанрлардың жіктелуіне, кәсіби
музыкадағы әртүрлі композиторлық жанрдың қолданылу әдістеріне, тұлғаның
интеллектуалды даму мүмкіндігіне ие; алайда төл музыкалық-мәдениеттің
эмоционалдық-құндылықтық білім, білік, дағдысын меңгермеген; қазақ ұлттық
музыкасы арқылы тұлғаны интеллектуалды дамыту үшін қажетті тәжірибелік
қабілет пен дағдыларға ие емес, әртүрлі ұлттық музыка дәстүріндегі мектеп
оқушыларын музыкаға қызықтыра алмайды, сондай-ақ қазақ ұлттық музыкалық
шығармасын эмоционалдық тұрғыдан орындай алмайды, тиісті сабақ мазмұны