104
1. Оқу-тәрбиелік үдерісте студенттердің субъектілік орнын қамтамасыз
ету оқу танымдық іс-әрекеттің субъектісі тұрғысынан педагогикалық жоғары
оқу орындарының студенттерін интеллектуалды дамытудың шарттарын
ұйымдастыру болып табылады. В.Л.Сластенин оқытушы педагогикалық білім
беру үдерісінде білім алушының кәсіби ынталануына, кәсіби жеке
қалыптасуына, кәсіби психологиялық дамуына арналған шарттарды құру мен
оларды педагогикалық рефлексияны тасушы ретінде қалыптастыруы
қажеттігін айтады [202, б. 89]. Гуманистік бағыттылықтың шартында студент
оқытудың белсенді субъектісі мен өзін-өзі талпындырушы, өзіндік дамушы
болып табылады. Бұл қазақ ұлттық музыкасы арқылы тұлғаны интеллектуалды
дамытудың өзара іс-әрекетінің мүмкіндіктері мен оқу ынтымақтастығының
теңдігі болатын субъект-субъектілік байланыстардың шарты туралы айтуға
мүмкіндік береді.
Қазақ ұлттық музыкасы арқылы педагогикалық жоғары оқу орындарының
студенттерін
интеллектуалды
дамытуда
оларды
жүзеге
асырудың
жауапкершілігін түсіне отырып әрбір топтың кәсіби даярлығына қатысты
жалпы
шығармашылық
ойлардың
бірлестігіндегі
студенттер
мен
оқытушылардың шығармашылық өзара іс-әрекетін тығыз байланыста жүзеге
асыру ұсынылады.
Болашақ музыка пәнінің мұғалімдерін кәсіби даярлау үдерісіндегі
тұлғалық тәсіл мынадай шарттарды ұйымдастыру арқылы жүзеге
асырылады: студенттердің тұлғалық шығармашылық әлеуетін дербес жүзеге
асыруға мүмкіндік жасайтын ойын қызметі, диалог, студенттер мен
оқытушылардың өзара тығыз әрекеттестігін жүзеге асыруда білім беру
үдерісінің субъектілік іс-әрекетін ұйымдастыру; рефлексиялық нәтиже үшін
өзінің іс-әрекеттік құралдарын таңдау, тұтас оқу-шығармашылық іс-
әрекетіндегі ынтаны түсіну мүмкіндігі, оқу-тәрбиелік үдерістегі студенттердің
субъектілік орнын қамтамасыз ету.
Cтуденттерді жеке іс-әрекетке қатыстыру тиісті алға қойылған
мақсатқа жету үшін белгілі бір міндеттерді орындауды ұйымдастыру
ұсынылады.
Дербес танымдық іс-әрекет мұғалімнің қатысынсыз белгілі бір іс-
әрекеттерді белсенді орындауды қамтамасыз ететін ұлттық музыкадағы білім
мен қабілетті практикада қолдану үдерісі болып табылады. Болашақ музыка
пәнінің мұғаліміне базалық және кәсіби циклдағы пәннің белгілі бір бөліміндегі
әдебиеттердің дерек көздерімен жұмыс істей алу, нақты қабілет пен
дағдыларды дербес өңдей алу қажет: ұлттық музыкадағы таныс емес
шығармаларды сараптау мен талдау; оларды қолдануда техникалық қабілетке
ие болу; жекелеген сабақтарға дайындалуы тиіс.
Ұлттық музыканы меңгерудегі шығармашылық орындаушылық –
тұлғаның интеллектуалды дамуы, ұлттық музыканың интерпретациялық
қабілеті, шығармашылық бейнесі, шығармашылық ойы, шығармашылық
батылдығы, өзін-өзі ұстауы, тұлғаның сапалығын белсендіретін дербес және
сыныптан тыс жұмыстар, маңызды оқу факторларынан талап етіледі.
105
Орындаушылық іс-әрекет міндетті дербес даярлықты талап етеді (шығармамен
дербес жұмыс істеу). Оқу қызметінде ұлттық музыканы меңгеру студенттердің
белгілі бір музыкалық-зерттеушілік ерекшеліктердегі танымына бағытталады.
Ұлттық музыканың музыкалық тіліндегі элементтерін оқу (ырғақ, темп,
динамикасы және т.б.) өзіндік жұмыстың жалғасын табады.
Тәжірибелік сабақтарда студент өзіндік жұмыстың біліміне, әдістемелік
кеңесіне деген бағыттылық алады. Бұл жерде студенттің шығармашылық
жұмысы басталады – оның өзіндік сұрақтары, өзіндік санасы, ол өзі белгілі бір
қорытынды шығарады. Сондай-ақ, өзін-өзі жетілдіруде тұлғаның қажеттілігін
қанағаттандыру үшін мүмкіндіктер құрылады. Осы үдеріс кезінде адамның
қабілеті шығармашылық орындауға айналады, ал шығармашылық қызметтің
тәсілі болып өзіндік іс-әрекеті қалыптасады. Тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыру
әрдайым өзіндік іс-әрекеттің ерекшелігі мен шығармашылықтың нәтижесінің
ерекшелігі болып табылады. Өзін-өзі жүзеге асырудың қажеттіліктік ерекшелігі
қажеттілікті қанағаттандыруды «түсірмей», еңсермей, жаңа сапалық деңгейдің
қажеттілігін талап етеді [204]. Қажеттілік динамикасы негізгі ерекшеліктің
жоғары деңгейіне көшудің тұжырымдамалық белсенділігін көрсетеді.
Д.Н.Узнадзенің пікірінше, егер қажеттілік белгілі бір орта жағдайындағы
мүмкіндікті қанағаттандыратын қажеттіліктен тыс болса, онда ол орта
субъектіні
іс-әрекетке
ынталандырмайды.
Ортада
қажеттілікті
қанағаттандыратын құрал болмайынша, субъект іс-әрекетке түспейді [205].
Жоғарыда
көрсетілгендерге
сүйене
отырып
шығармашылықты
қажеттілікті қанағаттандыруды ескеретін болсақ, онда қазақ ұлттық музыкасы
арқылы
педагогикалық
жоғарғы
оқу
орындарының
студенттерін
интеллектуалды дамыту үшін оның қозғаушы күштері болуы тиіс.
Қазақ ұлттық музыкасы арқылы болашақ мұғалімнің интеллектуалды-
шығармашылық қажеттілігін қанағаттандыру үшін музыкалық білім беру
кафедрасы аудиториядан тыс уақытта өткізілген музыкалық-жаңартушылық іс-
әрекет жағдайында олардың тұлғалық дамуын ескеру керектігі туындайды.
Бұған жоғары оқу орындарының ішінде жүргізілетін аудиториядан тыс іс-
әрекеттер (факультативтік, үйірме, музыкалық пәндердің жұмысы, әртүрлі
сайыстар, шығармашылық іс-шаралар және т.б.); үлкен қалаларда
ұйымдастырылатын
шығармашылық
іс-шаралар
(әртүрлі
мерекелер,
фестивальдар, қала күні және т.б.) жатады.
Қазақ ұлттық музыкасы арқылы педагогикалық жоғарғы оқу орындарының
студенттерін интеллектуалды дамытудың біртұтас үдерісінде аудиториядан
тыс шығармашылық жұмыстар барысында студенттердің тұлғалық мәнділік
шығармашылығына деген қажеттілікті дамыту керек. Бұл болашақ музыка
пәнінің мұғалімдерінің қызығушылығы мен физикалық қажеттілігі және рухани
дамуына сенімділік береді. Мұның бәрі қазақ ұлттық музыкасы арқылы
интеллектуалды-шығармашылық қажеттілікті дамытудағы тұлғаның еркіндігі
мен қажеттілігіне тән жеке іс-әрекеттерге талпындыратын әлеуметтік
құндылықтық сападағы интеллектуалды даму іс-әрекетінен талап етіледі.
Қазақ ұлттық музыкасы арқылы жеке шығармашылықты дамыту –
Достарыңызбен бөлісу: |