80
ала келген кәрілік туралы айтылады. Осы әндер қазіргі қазақ әндерін
орындаушылардың репертуарында міндетті түрде айтылып жүр.
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақтың дәстүрлі әндерінің тарихында Майра
Шамсутдинованың шығармашылығы ерекше орынды иеленеді. Ол халықтың
кәсіби әндерін орындаушы әншілер қатарында белгілі болды. Оның жайдары да
өміршең әні «Майра» бүгінгі күнге дейін Қазақстанның барлық аймақтарында
айтылып жүр. Бұл туынды жанры бойынша – авторды халыққа таныстыратын
ән-автопортрет. Дейтұрғанмен мұнда оның қай руға, қай текке жататындығы
айтылмайды. Бірінші кезекке оның әйелдік тартымдылығы, замандастарын
жастықтың қадірін білуге, осы шақта ойнап-күлуге шақыруы қойылған. оның
мотивтері әннің көтеріңкі, өміршең қалпын анықтайды. Мұндағы сөз қатарлары
танымал қара өлеңге тән мотивтер ғана емес, қазақтың сал және серілерінің
эстетикасының, «жырнамалық» өзгешелігінің, жастықтың және мерекенің
символы.
Қазақтың
халықтық
музыкалық
шығармашылығында
азаматтық
тақырыптарды қамтитын Абай әндерінің орны үлкен. Оларда ақынның халық
өміріндегі орны мен әндері, әділетсіздікке қарсы күрес, рулық, қазақ
әйелдерінің отбасындағы және қоғамдағы теңдігі жырланады. Абай әндері
тұлғаның адамгершілік тұрғыдан жетілуін, өмірге дүниетанымдық көзқарасын,
экологиялық проблемалар мен табиғаттың әсемдігін жырлайды. Оның әндік
мұрасындағы айрықша орынды терең психологиямен, қарым-қатынастық
күйзелістермен ерекшеленетін махаббат әндері иеленеді. Абай әндері қазақ
халық әндерінің әуенімен және орыстың қалалық, тұрмыстық және
классикалық романстардың әуендерінің түйіскен жерінде пайда болғанымен,
олар шын мәніндегі ұлттық әндер. Олар қарапайым, жариялылық,
қолжетімділік сипатқа ие. Бұл салада да Абай өзінің поэзиясындағы сияқты
новатор. Шығыс елдері музыкасының білгірі В.М.Беляев «Қазақстанның
музыкалық мәдениеті» мақаласында Абай әндері қазақтың жаңа әндерін
тудыруға жол көрсетеді, мұндай стильді «қазақтың қалалық әндері» деуге
болатындығын көрсетеді. Белгілі қазақ музыкатанушысы М.М.Ахметова бұл
стиль
«халықтық
және
кәсіби
Қазақстан
композиторларының
шығармашылығындағы ұлттық бұқаралық әндер мен романстардың дамуына
негіз болады» деп жазады. Абай әндері өшпес рухани құндылықты көрсете
отырып, Абайдың көпқырлы музыкалық-көркемдік мұраларына жаңа нәр беріп,
байытып
және
кеңейтіп
жүрген
Қазақстан
композиторларының
шығармашылығында жаңа мәнге ие болды.
Қазақтың халық шығармашылығының мазмұны мен педагогикалық
мүмкіндіктерін талдау көрсеткеніндей оның орындауға жеңілділігі,
қолжетімділігі, дүниетанымдық бағыты, шексіз адалдығы, көркемдік тұрғыда
жетілдірілген
формалары
педагогикалық
іс-әрекеттердің
жан-жақты
жүргізілуіне
мүмкіндіктер
береді.
Қазақ
халық
музыкалық
шығармашылығының педагогикалық мүмкіндіктерін жүзеге асыру барысында
мына мәселелерге көңіл аударған дұрыс: қазақ халық музыкалық
шығармашылығы музыкалық, музыкалық-поэтикалық, ақпараттық сипатқа ие;
81
тұлғаның ұлттық руханилығын қалыптастыруға ықпал ете отырып адамдарды
топтастырудың және олардың қарым-қатынас жасауының құралы бола алады;
әлеуметтің өмір сүруін басқаруға септігін тигізе отырып норамтивтік
құндылыққа ие; сұлулықты жеткізудің құралы болуы себепті эстетикалық
құндылыққа ие; туған жеріне сүйіспеншілікті, ұлттық мәдениетті, оның шығу
тегін, дәстүрлерін мен әдет-ғұрыптарын көзінің қарашығындай сақтауды
бейнелеу арқылы патриотизмге баулиды; ұлттық өзгешелікті бейнелейтін
музыкалық құралдарының өзіндік жүйесіне ие.
Сонымен қазақ халық музыкалық шығармашылығының балалар мен
жастарды тәрбиелеуде ескеруге қажетті бірқатар ерекшеліктері бар.
И.И.Земцовскийдің зерттеуіне сүйене отырып халық шығармашылығының
мәні қосарланған құралдар арқылы көрініс табатынын атауға болады:
дәсүрлілік – заманауи; көпэлементтілік – бірэлементтілік, орындаушылық –
шығармашылық және орындаушылық – жаңғыртушылық; әмбебаптық –
ұлттық; спецификалық – типологиялық; жанрлар жүйесі – жанрлар
спецификасы; анонимділік – авторлық; формулалық – суырып салмалық;
ауызекі шығармашылық – көпнұсқалылық.
Осы ерекшеліктерге сипаттама бере кеткен жөн:
– көптеген халық әндері мен күйлері өмірлік талап-сұраныстардан, ерекше
бір өмірлік және эстетикалық мақсаттардан туындайды, сонымен бірге жарық
бір эмоционалдық жағдайларды суреттейді. Мәселен, бесік жыры бөбекті
тербетеді және нәзіктік пен сүйіспеншілікті, мейірімді жеткізеді; маусымдық-
әдет-ғұрыптық жырлар магиялық арбаулар мен қорғауларға негізделгенімен
ашық-жарқын эмоциялармен беріледі; еңбек жырлары іс-әрекет ритміне ықпал
ете отырып, көтеріңкі немесе қуанышты лептерге толы болады. Қазақ халық
музыкалық шығармашылығының функционалдылығы болып әр түрлі жанрдағы
интонациялық айтылу құрылымы анықталады, тіпті ән немесе күйдің өзінің
функциясын жоғалтқан жағдайда да. Сондықтан да ән мен күйді қабылдау
барысында оның тұрмыстық функциясы, сондай-ақ эмоционалдық-бейнелі
мазмұны ескеріледі.
– қазақ халық музыкалық шығармашылығындағы синкреттілік
айтылуының, поэтикалық мәтінінің, қимылының, мимикасының және т.б.
бірлігін білдіреді.
– қазақ халық музыкалық шығармашылығындағы ұжымдық көбінесе
туындының шығарылуында және оның мазмұнында, бәріне түсінікті қарым-
қатынас құралы тұрғысынан әмбебап тілді пайдалануында пайда болады.
М.А.Некрасованың пікірінше, «халық шығармашылығының образды тілі
барлық халыққа түсінікті. Ал бұл болса, халық шығармашылығының
жалпыадамзаттық мәнінен туындайтын планетарлығын көрсетеді. Ол бәрінен
бұрын әр түрлі ұлттардың халық өнеріндегі мотивтерінің ұқсастығынан
көрінеді...».
Халық әндері мен күйлері барлық уақытта тыңдармандардың бірге
қатысуына, олардың қабылдауын жеңілдететін, оларды жақындастыратын
эмоционалдық күйге лайықталып құрастырылады. Екінші жағынан автордың
Достарыңызбен бөлісу: |