ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет38/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82

82 
 
тұлғалық  жекелігі    жоғары  шеберлік,  дәстүрлерді  сақтау  іскерлігі, 
қайталанбайтын стильдік сипатқа ие.  
–  қазақ  халық  музыкалық  шығармашылығының  жазбаша  еместігі 
жұмбақталған  екпіндер  (интонациялар)  мен  ұлттық-өзгешелік  дыбыстық 
кешендері  сақталатын  халықтың  тума  жадысының    арқасында  ауызекі 
шығармашылық  дәстүрімен  ауызба-ауыз  ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізілуімен 
байланысты  болды.  Ал  бұл  болса,  студенттердің  халық  музыкалық 
шығармашылығын  қабылдауға  арналған  дауыс  ырғақтық-есіту  түсініктерін 
қалыптастыру үшін маңыздылығын көрсетеді.  
5)  Ән  шығармашылығының  дәстүрлілігі  халықтың  санасында  жатталған 
ладоинтонациялық  және  ритмоинтонациялық  стереотиптерде  байқалады. 
Белгілі  фольклор  зерттеушісі  В.Е.Гусевтің  «халық  әндерінің  барлық  тарихи 
кезеңдерде  заманауи  болып  табылатындығы  оның  сол  дәуірде  туғандығында 
емес, қаншама ғасырлар бұрын жасалғандығына қарамастан оны жас ұрпақтың 
жақсы  қабылдауында  екендігі    фольклордың  өзінің  табиғи  жаратылысынан» 
делінген сөздері тектен-текке айтылмаған болуы керек [179].  
Студенттердің  халық  әндері  мен  аспаптық  мәдениетін  игеру  барысында 
ғасырлар бойы сараланған музыкалық дауыс ырғақтары бекітіледі, музыкалық-
екпінділік  есітуін  тәрбиелей  отырып  этномузыкалық  ойлауы  қалыптасады. 
Халық  музыкалық  шығармашылығының  мазмұнын  игеруі  барысында 
студенттер  оның  мазмұны  есебінен  белгілі  бір  этностың  әлеуметтік  субъекті 
тұрғысынан өзінің ішкі дүниесін байыта түсуіне мүмкіндік алады.  
Халық  музыкалық  шығармашылығы  дүниені,  ғарышты,  табиғатты 
қабылдауда  діни  түсініктерге  жақын    ерекше  дүниетанымдық  көзқарасқа  ие, 
Оларға рухтар, пір тұтушылар, құдай сенімдері тән (Тәңір, Ұмай және т.б.); ата-
бабалар аруағына сенім; табиғат пірі, жер (Жер-ана), су, жан-жануарлар, аспан 
құбылыстары және т.б. Осы шығармашылықта адамның табиғатпен жыне оның 
құбылыстарымен 
жақындық 
сезімдері 
айқын 
көрініс 
табады. 
Ән 
шығармашылығының  шығу  тарихы  ежелгі  дәуірге  саяды.  Ол  өмірдің  тұтас 
қатпарларын  бейнелеу  тұрғысынан  пайда  болған  және  ежелгі  магиялық-әдет-
ғұрыптық  негізге  ие.  Бастапқы  ырғақтар  арғы  дүниемен  байланыс  құралы 
тұрғысынан  (бақсылар  сарыны,  әдет-ғұрыптық  әндер),  күнтізбедегі  ырымдар 
жиынтығы  тұрғысынан  пайда  болды.  Адамның  табиғатпен  байланысы  әдет-
ғұрыптар  мен  дәстүрлерді,  олармен  байланысты  әндер  мен  күйлердің  пайда 
болуына ықпал етті. 
Әндер  мен  күйлер  адамгершілік  құндылықтардың,  халық  даналығының 
негізі  болып,  адамгершілік  туралы,  сұлулыққа  тәрбиелеу  туралы  кітаптарды 
алмастырды.  Олар  «халықтың  тұрмысы  туралы  мәліметтер  тарихтың  өзінен 
артық  береді,  адамгершілік  өлшемдерін  түсіндіреді,  адами  әрекеттерін 
тексереді, оның рухани айнасы бола алады» [180].  
Халықтың  әндері  мен  күйлері  өзіне  бұқара  адамдардың  сезімдік-
эмоционалдық  күйлерін  жинақтайды,  яғни  ғасырлар  елегінен  өткен  және 
әдетке  айналған,  өзіндік  сипатқа  ие  қоршаған  табиғатқа  және  өмірге 
эмоционалдық  қатынасты  білдіреді.    Халық  музыкасының  көркемдік 


83 
 
ықпалының  ерекше  күші  жастардың  белгілі  бір  көңіл  күй  сезімдерін  оята 
отырып,  көңілін көтеруге ықпал етеді.  
Сонымен 
бірге 
қазақ 
халық 
музыкалық 
шығармашылығының 
эмоционалдық  әсерлілігі  олардың  білімін  жетілдіруге  ықпалы  басым  
танымдық  мүмкіндіктерінің  жоғарылығын  жоққа  шығармайды.  Қазақ  халық 
музыкалық  шығармашылығын  меңгеру  үдерісінде  студенттер  халық 
композиторларының  дүниетанымымен  және  әлеуметтік-тарихи  процестің 
жалпы  заңдылықтарындағы  жеке  стилистикалық  дәстүрлерді  жасауымен 
байланысты анықталатын «ұлттық стиль» ұғымын игереді, халық музыкасының 
ритм,  тембр,  динамика,  метр  сияқты  халық  музыкасының  мәнерлеу 
құралдарының  мәнін  түсінеді,  олардың  арасында  мелодияның  адам  сөзін, 
өкінішін,  үндеуін,  наразылығын  екпін  арқылы  беретіндігін  ұғынады;  қазақ 
музыкасының  жанрлық  жүйесінің  спецификасын  айқындайды;  халық 
музыкалық  шығармашылығын  халықтың  философиялық,  діни,  адамгершілік 
көзқарастары тұрғысынан талдайды.  
Халық музыкалық шығармашылығының ерекшеліктері көбінесе қоршаған 
табиғат  сипатымен  ерекшеленеді:  әннің  күшті,  қатты  дауысы,  ән  дауысының 
келесі  ауылға  жетуі  мүмкін  болатындай  жоғары  ноталар  барынша  кеңінен 
қолдануы;  лирикалық  әндердің  созылмалылығы,  әндетілуі  шексіз  далалармен, 
кең  өзендермен  және  т.б.  байланыстылығын,  ат  жарыстарының  ритмі 
көшпенділер өмірінің жауларымен шайқасуын білдіреді.  
Халық  музыкалық  шығармашылығын  тудыру  үдерісінде  студенттердің 
халық  музыкасы  құндылықтары  туралы  ұғымдарды  жете  түсіну  жиынтығы 
тұрғысындағы  музыкалық  санасы,  музыкалық  ойлауы  қалыптасады.  Бұл 
түсініктер белгілі бір талдаулар формасында көрініс табады және дүниеге, өзіне 
жеке  қатынастарын  бейнелейді.  Осы  арқылы  музыкалық  ойлау  мен 
студенттердің  халық  музыкасын  меңгеру  барысындағы  қалыптасатын 
дүниетанымымен, адамгершілік қасиеттерімен байланысы байқалады.  
Әндер  мен  күйлердің  көркемдік  құралдарын  үйрене  отырып  студенттер 
оның шартты тілін түсінуге және мазмұнын толық  қабылдауға үйренеді. Олар 
халықтың музыкалық өнері туындыларын толық  қабылдай отырып, белгілі бір 
дәрежеде  өнер  тудырушылар  саналады  –  естігенін  ойша  толықтыра  және 
байыта  отырып,  өзінің  қиялын  шыңдай  түседі.  Яғни  әндер  мен  күйлер 
қабылдау  дағдыларын  қалыптастырады.  Сонымен  бірге  халық  музыкалық 
шығармашылығын  қабылдау  студенттердің  әрбірінің  бойында  бар  музыкалық 
қабілеттерін аша түседі, оларды шығармашылыққа баулиды. 
Өз кезегінде өзінің халқының музыкалық шығармашылығы туындыларын 
қабылдау  студенттерге  басқа  халықтар  этномәдениеті  үлгілерін  жан-жақты 
және  терең  түсінуге,  толғанып,  түйсіну  қабілеттерін  дамытуға  мүмкіндік 
береді.  Өйткені  халық  музыкасын  меңгеру  әлемдік  музыкалық  мәдениетті 
түсіну  мен  қабылдаудың  маңызды  шарты  болып  табылатын  сұлулыққа 
қызығушылықты, қажеттілікті дамытады.  
Халық музыкалық шығармашылығының қиялды дамытуда рөлі орасан, бұл 
көркемдік образдар арқылы өмірді бейнелеуі себепті, студенттерді музыкадағы 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау