84
мәнерлілікті жете түсінуін талап ете отырып
олардың ақыл-ойларын
белсендіреді. Музыкалық талғамды қалыптастырудағы этномәдениеттің
мүмкіндіктері болып, студенттердің оны игеру барсындағы
сезімдік-саналық
қабылдау қабілетттерінің пайда болуы табылады. Студенттің халық
музыкасының
құндылықтарын
білуге
деген белсенді ұмтылысынан
қалыптасқан талғамы музыкалық-эстетикалық қабылдаудағы белгілі бір
жүйелілікті түзеді және халық музыкасына тән қасиеттерді біріктіруге
қабілеттілігі тұрғысынан идеал, сезімдер, көзқарастар, қабілеттіліктер,
қажеттіліктері пайда болады.
Студенттердің
музыкалық
талғамдарымен
халық
музыкалық
шығармашылығы арқылы қалыптасатын олардың идеалы тығыз өзара
байланыста болады. Шығармашылықтың негізгі кейіпкері адам болып
табылады. Ол арқылы халық композиторлары адамгершілік құндылықтарды
анықтайды, ішкі дүниенің байлығын, рухани және физикалық бейненің
сұлулығын ашады. Кемелденген адам бейнесінің идеалы халық өнерінде
көркем образдар арқылы беріледі. Сұлу адам туралы эстетикалық түсініктердің
үлгісі болып Құрманғазының «Сырым-сазы», «Саранжап» күйлерінде,
Махамбеттің «Қайран Нарын» күйінде көрнекті қолбасшылардың
бейнелерінің берілуі мысал бола алады. Сол сияқты «Алпамыс», «Қамбар
батыр», «Ер Тарғын» және т.б. эпикалық жырларда басты кейіпкерлер
жауларымен күресте барлық қиындықтарды жеңе алған батырлар образдары
арқылы беріледі.
Жоғарыда айтылып өткендер халық музыкасының студенттерді
интеллектуалды дамытудың маңызды құралы болып табылатындығын
көрсетеді. Өйткені, алдыңғы тарауда баяндалып өткендей тұлғаның
интеллектуалды дамуы оның психикалық үдерістерінің (түйсік, қабылдау,
ойлау, зейін) дамуынан талап етіледі. Осы психикалық үдерістердің дамуына
ұлттық музыка құралдары тікелей ықпал етеді. Олай дейтініміз,
адам
музыканы, соның ішінде ұлттық музыканы оған эмоционалдық қатынасы
негізінде қабылдайды, сезінеді, ой елегінен өткізеді, есінде сақтайды, зейіні
ауады. Ал бұл болса, оның адамгершілік тұлғалық қасиеттерінің дамуына,
ақыл-ойының өсуіне, интеллектуалды дамуына алып келеді.
Сонымен ұлттық музыканың тарихи-әлеуметтік-мәдени тереңдігі, халық
философиясына бай мазмұны, эмоционалдық, эстетикалық
әсерлілігі тұлғаның
-
танымдық білімін жетілдіреді,
-
халықтың философиялық, діни, адамгершілік
көзқарастарын талдауға
мүмкіндік жасайды,
-
музыкалық санасын, музыкалық ойлауын қалыптастырады,
-
музыканың шартты тілін түсінуге және мазмұнын толық
қабылдауын
дамытады,
-
естігенін ойша толықтыра және байыта отырып, өзінің қиялын шыңдай
түседі,
-
музыкалық қабілеттерін аша түседі, оларды шығармашылыққа баулиды,
-
сұлулыққа қызығушылықты, қажеттілікті дамытады.