86
Психикалық модель жасанды немесе табиғи тілдердегі операциялық кешеннің
белгілік және кеңістіктегі объектінің сызбасын қамтиды [184]. Бейнелі-
кеңістіктік және белгілік элементтердің ойындағы өзара байланысы
шығармашылықтың әртүрлі психологиясын қарастырады.
Педагогикада модель мамандарды даярлау мәселесін зерттеуде кеңінен
қолданылады: оқу-кәсіби және кәсіби қызметтің моделі; кәсіби даярлықтың
моделі.
Белгілі бір объектінің көп жақтылығы мен үлкен көлемділігі кәсіби
даярлықтың ерекшелігі мен маманның кәсіби даярлығының бейнесін ұсынады.
Осындай модель бір жағынан біліктілік ерекшелігін (маманның тұлғалық
сапасы мен білімі, қабілетін талап етеді), басқа жағынан – оқу жоспарлары мен
оқу бағдарламаларын (тұлғаның сапалық кәсіби мәнін өңдеу қабілеті, дағдысы,
білім жүйесін құрылымдауды қамтамасыз ететін кешенді оқу міндеттері мен
оқу ақпараттарының мазмұнын) қамтиды.
Қазіргі таңда модельдеу танымның және түрлендірудің әдісі ретінде
кеңінен қолданылады. Бұл ғылыми зерттеудің бір әдісі ретінде жаңа әдістердің
қызметін ашуға мүмкіндік береді.
Жаңа әдісті енгізудің қажеттілігі өзінің кәсіби қызметіндегі әдістерді
қолдана отырып қабілет пен дағдылардың процестері мен шынайы
жағдайларын
құрылымдау
ерекшелігіндегі
ойлау
түрлерінің
жаңа
шығармашылық субъектіні құрылымдаудың міндеті болып табылады.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ ұлттық музыкасы арқылы
студенттерді интеллектуалды дамытудың алға қойылған міндеті қажетті
қабілет, құралдар мен жағдайын анықтауға мүмкіндік береді.
Педагогикалық үдерісті модельдеу мәселесін С.И.Архангельский,
Ю.К.Бабанский, В.П.Беспалько және т.б. қарастырған. Онда модельдеудің
жалпы тәсілін көрсететін педагогикадағы модельдеу әдістеріне қажетті
дәлелдемелер мен негіздемелер қолданылады [185-187].
Модельдеу оның қызметінен тыс және ішкі жүйедегі объектінің тұтас
өзара байланысындағы кешенді білім беруді қарастыра отырып жоғары
абстракциялық үдерістің күрделі құрамын ұсынуға мүмкіндік береді.
Ұйымдастыру моделінде оларды басқаруға мүмкіндік беретін қызметтің
базалық үдерісіне мақсатты бағытталады.
Біздің жасаған модель қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды
дамыту жағдайын қамтамасыз ету үшін болашақ мұғалімдердің қызметін
жаңарту мен жақсарту бағытында біртұтас үдерістегі педагогикалық жоғары
оқу орындарында мамандарды даярлауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді
(сурет 4). Ұлттық музыка құралдары арқылы тұлғаны интеллектуалды
дамытудың белгілі бір деңгейіндегі білім алушы осы үдеріске қатыса отырып
интеллектуалды дамудың жоғары деңгейіне жетеді. Тұтастық субъектінің
қызметін функциялау мен танымдық қызметін ынталандыру нәтижесін
көрсететін даму деңгейі жоғары ерекшеліктің синтетикалық сападағы
педагогикалық үдеріс болып табылады. Педагогикалық үдерістің біртұтастығы
87
гармониялық өзара байланыс пен оның кешенді құрамындағы бірыңғай ішкі
құрылым болып саналады.
Біздің зерттеуіміз үшін В.М.Монаховтың «тұтастық пен бірлестік,
тұтастық аясында дамыту мен тәрбиелеу, оқытудың бірлігі» туралы
анықтамасы маңызды болып табылады. Педагогикалық үдеріс уақыт және
кеңістік аясында өтеді. Оның ішінде күйінің өзгеруі, дамуы кезеңінің сатылары
жүріп жатады. Ол динамикалық заңдылыққа; тұлғаның дамуына;
ынталандыруына; сезімдік, логикалық және тәжірибелік бірыңғайлыққа;
педагогикалық және танымдық іс-әрекеттің бірлестігіне; өзара шарттылыққа
(қажеттілік-мүмкіндік-шарттар) ие [188]. Яғни, В.М.Монахов педагогикалық
үдерістегі оқыту, тәрбиелеу, дамыту бағытын білім алушының (субъект пен
объект) барлық іс-әрекетінің жиынтығымен анықтайды.
Біз жасаған модель педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ ұлттық
музыкасы арқылы студенттерді интеллектуалды дамыту үдерісіндегі жоғарыда
көрсетілген барлық элементтердің өзара байланысы мен бірлестігін ұсынады.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ ұлттық музыкасы арқылы
студенттерді интеллектуалды дамытуға қажетті модельдеу үдерісінің шарттары
әдістемелік негіздегі зерттеу үдерісін анықтау болып табылады.
Педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ ұлттық музыкасы арқылы
студенттерді интеллектуалды дамытудың теориялық-әдіснамалық тұғырлары:
аксиологиялық – жекелеген тұлғаның интеллектуалды дамуындағы жалпы
адами және этномәдени құндылықтардың рөлін бейнелейді; антропологиялық –
болашақ мұғалімнің кәсіби білім берудегі жекелеген тәсілдің сапасын анықтау
мен болашақ мұғалімнің ішкі тұлғалық ерекшелігіндегі жүйе құраушы
тұрғысынан қарастырылады; әлеуметтік мәдени – тұтас қоғамдағы және әрбір
адамның өміріндегі ұлттық музыканың мәні мен орнын анықтайды.
Зерттеліп жатқан модельдеудегі жалпы әдістемелік негізге жүйелік және
синергетикалық тәсіл қолданылады.
Жүйелік тәсіл педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ ұлттық
музыкасы арқылы студенттерді интеллектуалды дамыту үдерісін қарастыру
қажеттігіне бағытталатын жүйенің қалыптасуы мен болашақ мұғалімдердің
жалпы кәсіби мәдениетін, адамгершілік-рухани, интеллектуалдық, әдістемелік,
коммуникативтік, орындаушылық, технологиялық мәдениетін дамыту болып
табылады. Бұл бір жағынан, зерттеліп жатқан объектінің тұтастығын білдірсе,
екінші жағынан – оның кешенін құрайтын динамикалық өзгерісі мен өзара
байланысын құрайды. Осы тәсілдің көзқарасы бойынша қазақ ұлттық музыкасы
арқылы студенттерді интеллектуалды дамыту құрылымдық және іс-әрекеттік
кешеннің жиынтығын ұсынады. Мұндай кешендер тұтас интеллектуалды даму
үдерісінің мәнін көрсету мен бір-бірімен өзара тәуелділік және өзара
байланысының кешенін құрайды.
Синергетикалық тәсіл қарама-қарсы туындайтын мәселенің шешімін табу
үшін ішкі және сыртқы ұсыныстардың белгілі бір қажеттілігіндегі үздіксіз
үдерістің педагогикалық жоғары оқу орындарында қазақ ұлттық музыкасы
арқылы студенттерді интеллектуалды дамытудың мүмкіндіктерін қарастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |