141
қолданылады (0,7 және 0,3), К> 0,7 – білім алушылар оқытылып жатқан
материалдардың жоғары деңгейін меңгеруі (материал меңгерілді); 0,7 > К > 0,3
- білім алушылар оқытылып жатқан материалдардың орташа деңгейін меңгеруі
(материал ішінара меңгерілген); К < 0,3 – білім алушылар оқытылып жатқан
материалдардың төмен деңгейін меңгеруі (материал меңгерілмеген). Мысалы,
студент 12 сұраққа дұрыс жауап беруі тиіс болған, алайда ол 10 сұраққа жауап
берді, онда К = 10/12 немесе 0,8 (білім алушының ұлттық музыканы
меңгерудегі жоғары коэффиценті). Әзірленген тесттік тапсырмаларда бірнеше
нұсқаның ішінен дұрыс жауапты таңдау қажеттігі студенттерге ұсынылады,
олар «халық музыкасының шығармашылығы», «интеллектуалдық даму»,
«халықтық кәсіби композиторлық шығармалар» әртүрлі жанрдағы халық
музыкасының шығармашылығын айқындау, ән және аспаптық шығарманың
ерекшелігіндегі
аймақтық
орындаушылық.
Сауалнаманың
нәтижесі
көрсеткендей, 64,8% бақылау және эксперимент тобында сұрастырылған
студенттер
халық
музыкасының
шығармашылығы,
оның
тұлғаның
интеллектуалды
дамуындағы
мүмкіндіктерін
жеткілікті
білмейді.
Сұрастырылғандардың ішінен студенттердің 47% «интеллектуалды даму»,
76,3% «халықтық кәсіби композиторлық шығармалар» анықтамасын білмеді.
Осылайша, біз анық категорияларды меңгерудегі келеңсіз жағдайларды
көреміз. Студенттердің көбісі (92,4%) қазақ ұлттық музыкасы арқылы
студенттерді интеллектуалды дамытуға қатысты арнайы жұмыстар жүргізілу
қажет екендігін айтқан, қалған 7,6% осы сұраққа қатысты өзінің ойын айтуға
қиналды.
Оқытудағы базалық және бейіндеуші пәннің сапасына студенттер жақсы
деген баға берді (4 балл), алайда өзінің интеллектуалдық даму деңгейі бойынша
олар көбісі орта деңгейді көрсетті, және де келешекте одан әрі жоғарылатуын
қажет ететін бейнеледі. Оқытудың әдістерінің ішінен студенттер
шығармашылық жұмыстар, дидактикалық ойындар, семинарлар, көп топтық
ойындар, жеке жұмыс түрлерін (94,5%) қалайды.
Халықтық музыкалық шығармалардың студенттердің интеллектуалдық
даму деңгейіне әсер ету үшін жалпы білім беру, базалық және бейіндеуші
пәндерде мән берілу тиістігін байқауға алдын-ала сауалнама әзірледік, сондай-
ақ оқу сабағы мен аудиториядан тыс жұмыстардың үдерісіндегі тиісті даму
жағдайына әсер ететіні жөнінде де ескердік. Сауалнамада берілген сұрақтар
студенттердің «интеллект», «даму», «ұлттық музыка», «халықтық музыкалық
шығарма» және тағы басқа сөздерінің мәнін түсінетіндігін анықтауды қамтыды.
Қазақ ұлттық музыкасы арқылы студенттердің интелектуалдық дамуының
когнитивтік компонентінің дамуы деңгейін анықтау үшін салыстырмалы-
талдамалы тапсырмалар мен таңдау әдісін қолдандық.
Салыстырмалы-талдамалы тапсырманың әдісі аймақтағы орындаушылық
дәстүр мен жанрды бөлу арқылы халықтық музыкалық шығарманы әртүрлі
шығармадағы бес фрагментке бөлуді ұсынды. Мұндай тапсырма халықтық
музыкалық шығарма саласындағы теориялық білім, ақпараттандыру деңгейін
бейнеледі. Таңдау әдісіне келесілер ұсынылды: берілген халықтық музыкалық
142
шығарманың ішінен көпшілігіне ұнағанын таңдау және оны жазбаша түрде
сараптау (не себептен осы шығарманы таңдағанын түсіндіру, оның
педагогикалық мазмұнын, ойын, мәнерлік құралдарын ашу және т.б.).
Орындалған студенттердің жұмыстарын сараптай келе, олар халықтық
музыкалық шығармаға, оның жанрлық жіктелуі мен аймақтағы орындаушылық
дәстүрге, құнды мазмұндарға әлсіз бағытталғандығын көрсетті. Педагогикалық
жоғары оқу орындарында студенттердің интеллектуалдық дамуындағы
халықтық музыкалық шығарманың мүмкіндіктері көпшілік студенттер үшін
түсініксіз болғаны анықталды. Бақылау және эксперимент тобындағы
студенттер сараптау қабілеті бойынша, өзінің ойын айту, халықтық музыкалық
шығармаға баға беру, жоғары интеллектуалдық белсенділікті көрсетпеді.
Тұлғаның
интеллектуалдық
дамуындағы
халықтық
музыкалық
шығарманың мәнін түсінуге бағытталған сауалнаманың сұрақтарына жауап
ретінде музыка пәнінің мүмкіндіктерін анықтау (сабақ тақырыбы бойынша),
пән аралық байланысты орнату, халықтық музыкалық шығарманың қабылдау
кезіндегі шығарманы толық бейнелеуді ұсынатын жоғары деңгейі болмады.
Халықтық музыкалық шығарманың тәрбиелік мәндегі шығарманы түсіну үшін
орта деңгейге жататын студенттердің жауабы тұлғалық сападағы толық
ерекшелікті көрсетпей, жалпылама түрдегі балалардың тәрбиесінің мәнін
ерекшелеген. Тұлғаның интеллектуалдық дамуындағы халықтық музыкалық
шығарманың мәнін төмен деңгейде түсіну интеллектуалдық-дамудың
мүмкіндігін сезіну болмағандықтан болды.
Әндік шығарма (шертпе салт-дәстүрі, төкпе, аймақтық ән мен домбыралық
дәстүр) және домбыралық музыканың өзіне тән белгілері мен халықтық
музыканың ерекшелігіндегі білімді анықтау үшін «Дыбыстық сауалнама» әдісі
қолданылды. Онда халықтық музыкалық шығарманы тыңдаудан кейін
студенттерге мынадай сұрақтарға жауап беру ұсынылды:
1 Шығарманың стильдік негізін анықтау;
2 Жанрлық ерекшеліктерге бөлу;
3 Музыкалық-мәнерлік
құралдарды сипаттау (мелодия, гармония,
метроритм, динамика және т.б.).
Студенттердің білім деңгейі келесі бейнеде бағаланды:
- жоғары деңгей (3 балл) – музыкалық материалдардың өзіне тән белгілерін
нақты анықтау, жанрлық шығарманың ерекшелігі мен стилін толық ашу;
- орта деңгей (2 балл) – шығармашылық құралдардағы музыкалық-
мәнерліктің ерекшелігін жартылай ашу, шығарманың стильдік белгілерін
жеткіліксіз сипаттау;
- төмен деңгей (1 балл) – барлық үш сұрақтар бойынша үстірт немесе қате
білім.
Алынған мәліметке сәйкес студенттердің интеллектуалдық дамуының
когнитивтік компонентінің даму деңгейін бейнелейтін келесі нәтижелерге қол
жеткіздік (6-ші сурет):
Достарыңызбен бөлісу: |