ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет67/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   82

143 
 
 
 
Сурет  6 – Қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалдық дамудың 
когнитивтік компоненті бойынша көрсеткіштер (эксперименттің бастапқы 
мәліметтері) 
 
Айқындау  экспериментінің  үшінші  кезеңі  болашақ  мұғалімдердің 
интеллектуалдық 
дамуының 
эмоционалдық-құндылықтық 
компонентін 
диагностикалау  мақсатына  ие.  Мұндай  кезеңде  біз  алдымызға  мынадай 
міндеттер қойдық:  
- студенттердің 
қазақ  ұлттық  музыкасы  арқылы  интеллектуалды 
дамытудағы бағыттылық деңгейін анықтау; 
- студенттердің  халықтық  музыкалық  шығарма  жөнінде  қарым-қатынас 
жасауда эмоционалдық құндылықтық деңгейін зерттеу; 
- студенттердің 
халықтық 
музыкалық 
шығарманы 
эмоционалдық 
орындаудағы қабілетін анықтау.  
Алға қойылған міндеттер тестілеу, шығармашылық тапсырмалар, бақылау, 
әңгімелесу әдісінің көмегімен шешілді.  
Топтық  және  жеке  әңгімелесу  кезінде,  сондай-ақ  зерттеу  үдерісін   
жүргізудегі  студенттерді  бақылауда  көптеген  студенттер  Қазақстандағы 
халықтық  музыканың  тәрбиесіндегі  бірқатар  салт-дәстүрлердің  жойылып  бара 
жатқандығына 
қамығуы, 
жастардың 
халықтық 
музыкаға 
деген 
қызығушылығының төмендігі, «бұқаралық мәдениеттің» жоғарылығы; көптеген 
студенттердің  басым  бөлігі  қоғамның  өркендеуі  мақсатында    қазақ  ұлттық 
музыкасы  арқылы  интеллектуалдық  дамудың  маңызды  екендігін  айтады, 
алайда олардың болашақ кәсіби іс-әрекетінің үдерісінде мектеп оқушыларының 
эмоционалдық-құндылықтық  саласын  қалыптастыруға  әсер  ете  алмайтыны  
байқалды.        
Студенттердің шығармашылық тапсырмаларында белгіленген сұрақтардың 
ішінен оларды ойландыратын бес немесе алты маңызды сұрақты таңдауға ерік 
бердік. Зерттеудің нәтижесінде көрсеткендей, студенттер үшін маңыздысы ұлт 
аралық  байланыстағы    мәдениетті  қалыптастыру  үшін  Қазақстан  халқының 
0
10
20
30
40
50
60
70
Жоғары
Орташа  
Төмен
0
33.33
66.67
0
44.55
55.45
Эксперимент тобы 
Бақылау тобы


144 
 
музыкасын зерттеу (94,5%), интеллектуалдық даму әдісі мен мазмұнын өзгерту 
(92,3%),  интеллектуалдық  даму  деңгейін  көтеру  (73,6%)    мәселесі  болып 
табылады.  Алайда,  студенттердің  эмоционалдық  кеңістігіндегі  маңызды  орын 
алатыны  эстрадалық  көңіл  көтеру,  өнердегі  танымал  жанрлар,  сонымен  қатар 
заманауи  кезеңдегі  ұлттық  дәстүрдегі  композиторлар  туындыларын  меңгеру 
мен  ұлттық  музыка  арқылы  балалардың  интеллектуалдық  дамуы  мәселесі 
заманауи студенттерді қызықтырмайтындығы көрінді.   
Интеллектуалдық 
дамудың 
эмоционалдық-құндылығын 
тестілеу 
нәтижесінде  сұралғандардың  көбісі  халықтық  музыкаға  немқұрайлы 
қарайтынын  байқатты.  Эмоционалдық  ықыластың  жоғары  деңгейінде  жарқын 
уайымның  сипатталуы,  көңіл-күйдің  ауысуы,  халықтық  музыкалық 
шығарманың  әртүрлі  бейнесіне  байланысты  ұғыну,  халықтық  музыкалық 
шығарманың мазмұнын түсінуге талпыну, шығарманы орындау ниеті айқындау 
кезеңіндегі  тыңдаушылар  арасынан  байқала  қойған  жоқ.    Эмоционалдық-
құндылықтық  компоненеттің  орта  деңгейіне  жататын  студенттерде  ырғақтық 
жоспардағы  халықтық  музыкалық  шығармалар  немесе  кейбір  жарқын 
динамикалық  эмоциялар  байқалмады,  тек  музыканың  ішкі  философиялық 
мазмұнына жарқын эмоциялары мен уайымдауы ішінара көрініс тапты.  Төмен 
деңгейдегі 
студенттерде 
халықтық 
музыкалық 
шығармаға 
деген 
немқұрайдылық  болды,  ешқандай  сезімді  сезінбейді,  тыңдау  немесе  халықтық 
музыкалық  шығарманы  орындау  кезінде  ешқандай  эмоция  байқалмайды. 
Оларды  мазмұны  қызықтырмайды,  осыған  байланысты  халықтық  музыканы 
орындауға қызығушылық танытпайды.        
 
 
 
Сурет 7 – Қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалдық дамудың 
эмоционалдық-құндылықтық компоненті бойынша көрсеткіштер 
(эксперименттің бастапқы мәліметтері) 
 
Алынған  мәліметке  сәйкес  болашақ  мұғалімдердің  интеллектуалдық 
кешеніндегі  эмоционалдық-құндылықтық  компоненттің  даму  деңгейін 
0
10
20
30
40
50
60
70
Жоғары
Орташа  
Төмен
0
33.33
66.67
0
44.55
55.45
Эксперимент тобы 
Бақылау тобы


145 
 
бейнелейтін  келесі  нәтижелерге  қол  жеткіздік.  Алынған  нәтижелер  7  суретте 
көрсетілген: 
Айқындау  экспериментінің  төртінші  кезеңі  ұлттық  музыка  арқылы 
болашақ 
мұғалімдердің 
интеллектуалдық 
дамуының 
іс-әрекеттік-
рефлексивтік  компонентінің  даму  деңгейін  анықтау  мен  мақсатын 
айқындауды көздеді.  
Мұндай кезеңнің міндеттері мынадай:  
- халықтық 
музыкалық 
шығарманың 
саласын 
жүзеге 
асыруда 
студенттердің тұлғалық бағытын анықтау; 
- халықтық  музыкалық  шығарманың  құралдары  арқылы  қызметті 
түрлендіру,  ұлттық  музыканы  меңгерудегі  студенттердің  белсенділік  деңгейін 
анықтау.  
Зерттеу  тестілеу,  сауалнама,  бақылау  әдісінің  көмегімен  жүргізілді. 
Сауалнаманың  сұрақтары  халықтық  музыкалық  шығарманың  мазмұнын  терең 
ұғыну үшін әртүрлі іс-әрекеттердің әсер ету деңгейін, олардың шығармашылық 
дербес  мәнірлігіндегі  қабілетін,  этномузыкалық  қызметтің  түрлерін,  мектеп 
оқушыларының  интеллектуалдық  даму  көрсеткіштерін,  балалармен  жұмыс 
істеу  үшін  халықтық  музыкалық  шығармасын  таңдау  өлшемдерін,  халықтық 
музыкалық  шығарманың  интеллектуалдық-даму  мүмкіндіктері  мен  мазмұнын 
түсінуді, халықтық музыкалық шығарманың құралдары арқылы тәрбиелеу мен 
жалпы  музыкалық  білім  берудің  мақсатындағы  сұхбат  берушінің  білімін 
дамыту  деңгейін  анықтауға  мүмкіндік  берді.  Жоғарыда  көрсетілген  білімнің 
деңгейін  анықтау  үшін  болашақ  мұғалім-музыканттың  түсіндірмелі  сөздігін 
қолдандық:  студенттерге  ұлттық  музыкалық  білім  беру,  халықтық  музыкалық 
шығарма, интеллектуалдық даму түсінігінің кіріспесін енгізуді ұсынды.    
Сауалнамада олардың көзқарасына сай келетін нұсқаларды таңдай отырып 
студенттерге қойылған сұрақтарға жауап беру ұсынылды.   
Сауалнаманың  сұрақтарына  халықтық  музыкалық  шығарманы  меңгеру 
жұмыстарына қатысты қабілет пен дағдыны құрылымдау; халықтық музыкалық 
шығармаға  қатысты  республикалық,  қалалық,  университеттің  іс-шараларына 
қатысу 
(фольклорлық 
концерттер, 
мерекелер, 
халықтық 
музыканы 
орындаушылармен кездесулер (аспаптық және әншілік) қамтылды.  
Студенттердің  әртүрлі  музыкалық  қызметтерінің  түрлерін  меңгеру, 
тапқырлық  көріністер,  педагогикалық  тәжірибе,  концерттерде  орындау,  оқу 
барысында  оларды  бақылау  кезіндегі  ұлттық  музыканы  стандартты  емес 
ойлауды  біріктіру  анықталды.  Іс-әрекеттік-рефлексивтік  компоненттің 
құрылымдау  деңгейін  анықтауда  студенттердің  музыкалық  іс-әрекетінің 
формалары мен түрлерін меңгеру деңгейі – суырып салмалық, тыңдау бойынша 
іріктеу;  музыкалық  тапсырмаларды  шығармашылық  тәсілмен  шешу,  қиялдың 
көрінісі, халықтық музыкадағы шығарманы қолдану бейнесі айқындалды.  
Эксперименттің  басында  болашақ  мұғалімдердің  интеллектуалдық 
дамуындағы  іс-әрекеттік-рефлексивтік  компонент  дамуының  бастапқы  
деңгейлік көрсеткіші 8 суретте ұсынылды.  
 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау