ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет82/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82

184 
 
ойындарын атауына болады. Әобір жауап балмен бағаланады. Бал белгіленген 
мөлшерге жеткенде зат сатылады.  
Мұнда  қатысушылар  мен  салон  қонақтарының  шығармашылық  қарым-
қатынасының  негізінде  қазақ  халық  музыкалық  өнері  саласынан  білімдерін 
тесереді және бекітеді. Іс-шараның өтуі барысында студенттер шығармашылық 
іс-әрекеттерде өзін танытуға мүмкіндік алады. Мұның бәрі студенттердің қазақ 
музыка  жанрына,  қазақ  халқының  әдет-ғұрыптары  мен  дәстүрлеріне 
эстетикалық  қатынастарын  қалыптастыруғаықпал  етеді,  олардың  эстетикалық 
түсініктерін  айқындайды,  эстетикалық  талағамдары  мен  көзқарастарын 
қалыптастырады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


185 
 
ҚОСЫМША Г 
 
«19  ғасырдағы  қазақ  ақындары  мұраларындағы  эстетикалық 
құндылық» тақырыбына театрландрылған әдеби-музыкалық кеш  
 
Қазақ  халық  музыкасын  аудиторидан  тыс  уақыттарда  пайдалануды 
ұйымдастырудың тағы  бір формасы болып театрландрылған әдеби-музыкалық 
кеш табылады. 
 
Мақсаты:  қазақ  халық  музыкалық  өнеріне  қызығушылығын  адмыту, 
халық  музыкалық  өнерінің  эстетикалық  мәні  туралы  түсініктерін  кеңейту, 
шығармашылық қабілеттерін дамыту. 
Дайындық  жұмыстары  –  эпизодтарды  сахналастыруды  даярлау; 
қатысушылардың  костюмін  әзірлеу,  әсіресе  Біржанның  костюмі  айрықша  көз 
тартарлық болуы тиіс; концерттік нөмірлерді дайындау. 
Сахнаны және аудиторияларды безендіру. Мынадапй мәтіндер жазылған 
плакаттар  қабырғаға  ілінеді:  «Біржан  –  қазақ  халқы  музыкалық  мәдениетінің 
шоқтығының  бірі»  (А.Жұбанов);  «Дәуірлер  мәдениетінің  деңгейі,  бөлек  бір 
адам  секілді  бұрынғыға  қатынасымен  анықталады»  (А.С.Пушкин);  «Маған 
барлық қазақ даласы ән салып тұрғандай естіледі» (Г.Потанин). 
Кеш  қатысушылары:  1  жүргізуші,  2  жүргізуші,  Абай,  Біржан,  Әйгерім, 
қонақтар рөлін орындаушылар, концерттік нөмірлерпді орындаушылар.  
Кештің  барысы:  1  жүргізуші  –  Барлық  халықтың  өнер  тарихында 
басқалар  үшін  жаңалық  болып  табылатын  дәуірлер  болады.  Қазақ  халқының 
мәдениеті  үшін  осындай  дәуір  болып  19  ғасырдың  екінші  жартысы  саналады. 
Бұл дәуір қазақтың кәсіптік мәдениетінің - әдебиетінің, поэзиясының, өнерінің 
өркен  жайған  кезеңі;  бұл  ақын-әншілер  мен  композиторлардың  (күйшілердің) 
«алтын ғасыры».  
2  жүргізуші:  Ежелгі  дәуірден-ақ  Шығыста  шығармашыл  тұлға  ерекше 
орынға  ие  болды.  Соның  ішінде  қазақ  халқының  ақындары  мен  жыраулары 
халықтың  рухани  өміорінде  аса  мәнге  ие  болды,  әсіресе  олардың  қоғамның 
эстетикалық  санасын  қалыптасытурға  ықпал  етуі  аса  маңызды  саналды. 
Ақындар  сипаттамасындағы  идеялық-шығармашыл    келбетініңең  маңызды 
қырларының  бірі  –  олардың  өздерінің  қоғам  алдындағы  ағартушы,  шешен, 
философ, ойшыл тұлға тұрғысындағы міндеттерін түсінуі.  
1  жүргізуші  –  А.Жұбанов  өзінің  «Ғасырлар  бұлбұлы»  кітабында  Біржан 
шығармашылығын  суреттей  келе,  оның  дәл  осы  қырларын  кеңінен  ашады: 
«Біржан  өзінің  талантын  түсінді  және  бағалай  білді.  Ол  халықтың  ақынды, 
әншіні  тағатсыздана  күтетіндігін  түсінді,  оның  өнерінің  адамдарға  қажет 
екендігін  білді.  Біржан  қажырлы  еңбек  етті,  өзінің  шеберлігін  жетілдірді, 
шыңдай түсті». 
2  жүргізуші  -  Өнердің  мәнін,  оның  қоғамдық  және  тәрбиелік  рөлін  
барлығынан  артық  түсінгендердің  бірі  ұлы  Абай  болды.  Қанеки,  оның  өшпес 
өлең қатарларына жүгінейік, ол өзі-ақ бізге оны түсіндірер. 


186 
 
2  жүргізуші  –  Рахмет  Абай  аға.  Мұны  Сізден  артық  ешкім  айта  алмас. 
Мұның  бәрі  шығарманың  орны  үлкен  екендігін,  суретшінің  сұлулықты 
бейнелейтіндігін,  поэзия  мен  музыканы  шырқайтынын,  әннің  адамды 
ізгілендіретін күшке ие екендігін көрсетеді. Мұндай шығармалар әдетте ересек 
жаста  шығарылады  және  барынша  жетілдірілген  үлгілер  болып  саналады. 
Біржан  шығармашылығындағы  осындай  туынды  болып  оның  танымал    әні  – 
«Біржан-сал» автопортереті саналады.  
1  жүргізуші  –  Қанеки  көп  жылдар  бұрын  бұл  әннің  қандай  жағдайды 
туғанын  еске  түсірейік.  Бұл  сол  жылдары,  Сіздің  ауылға  Біржанның  алғаш 
келген жылы туған болатын, Абай аға. Ол көп ел аралыды, барлық жерде оны 
сыйлады, құрмет көрсетті.  
 Сахнада Абайдың, Әйгерімнің рөлін орындаушылар, қонақтар дастарқан 
бойлай  жайғасады.  Дәл  ортада  ең  төргі  орында  домбыра  ұстаған  Біржан 
рөлін орындаушы отырады.  
Дауыстап  оқып  беруші:  «Әйгерім  Абайдың  жанында  отырды.  Бүгін 
оларға ерекше қонақтар келді. Солардың арасында біріне баршаның ең құрметті 
қонақ тұрғысынан назары ауды. Бұл орта бойлы, ашық өңді, нұрлы жүзді, кең 
маңдайлы  сымбатты  жігіт  –  даңқы  жер  жарған  Біржан-сал    болатын.  Оның 
ешкімге ұқсамайтын,  ашық  әдемі даусы бүкіл  Сары-Арқаға  тарап  кеткен шақ. 
Ол  иығына  барқыттан  жасалған  жеңіл  қара  шапанды  жамылып  отырды...  Ақ 
жейдесінің  үстіне  қытай  шәйісінен  тігілген  алтын  жіппен  жиектелген  камзол 
киген. Басына шәйіден жасалған қылқаламмен көмкерілген тақия киген. Біржан 
«Біржан-сал» әнін шырқады». 
«Біржан-сал» әні шырқалды.  
1 жүргізуші – Біз Біржан орындауында әр түрлі әдемі әуендердің ақысы 
туылғанын тыңдадық. Біржанның икемді тамаша дауысы, бірде қоңыр баяулы 
үндерге  толса,    бірде  пиано  сыбысы  есітіледі,  әуен  кейде  арманға  жетелесе, 
кейде қатаңқы есітіледі.  
Абай  (Біржанға  бұрылып)  –  «Кейбір  ақындар  атақ, даңққа  қол жеткізсе, 
әннің  сөзіне  мән  бермей  бос  жылытраққа  әуес  болады  немесе  байларға  арын 
сатады.  Қайсыбір  ақындар  алғашқы  кездескен  адамынан  айырылмай  барлық 
атақты  мырзалардың  сойылын  соғып,  алдыларында  балаша  жорғалайды:  олар 
үшін  ән  бір  асар  тамағынан  артық  емес.  Ал  сен  -  әнді  өмір  табалдырығынан 
құрметті  орынға  көтересің.  Бұл  ең  басты  құндылық  –  ол  сенің 
артықшылығыңды анықтайды».  
2  жүргізуші  –  Біздің  қонақтарымызға  рахмет.  Ал  қазір,  ақындарды 
өнерден  не  ажыратады,  соны  талдап  көрейік.  Біріншіден,  бұл  ақындардың 
көркемдік  ойлауындағы  олардың  әмбебаптығына  негізделген  музыка  мен 
поэзияның  синтезі.  Біржанның,  Ақанның,  Әсеттің,  Мұхиттың  және  т.б. 
шығармашылық  жолы  олардың  музыкалық-поэзиялық  іс-әрекеттің  барлық 
түрін  –  орындаушылықты,  өлең,  ән  шығаруды,  айтысқа  түсуді  меңгергендігін 
көрсетеді.  Бұл  ақиқатында  музыканттың,  ақынның  және  орындаушының  бір 
жақта үйлескен  айрықша сапалы қасиеті.  


187 
 
1  жүргізуші  –  Бұдан  басқа,  қазақтың  әнші-композиторлары  дауыс  
тембрына бай, диапазоны кең, күшті дауысты  (көбінесе тенор), ал әннің әуені 
әнді  шығарушылардың  вокальдық  мүмкіншіліктерінен  тұрды.  Бұл  вокальдық 
қасиеттер халық бай терминологиясымен: демі зор әнші, көмейінен бал тамған 
әнші  сияқты  тұрақты  сөз  тіркестеріне  айналды.  Сондықтан  да  Біржанның, 
Абайдың, Аханның, мәдидің жыраулық бастамалары жаңа сапаға және ерекше 
мәнге  ие  болды.  Мұндай  сөз  бен  жырдың  органикалық  синтезіне  Біржанның 
«Адасқақ» әнін айтуға болады.  
Студенттің орындауында Біржанның «Адасқақ» әні орындалады. 
2 жүргізуші – Ақындардың өнері барлық ірі көркем шығармалар сияқты 
шығармашылық жаңалық болып табылады.  
Олар  өз  туындыларының  эстетикалық  мазмұнында  ұлттық  ойлаудың, 
мінездің өзгешелігін бейнелейді және ұлттық тәжірибеге  – қазақтың поэзиясы 
мен музыкасына сүйенеді. Яғни ақын шығармашылығына қазақ халқының ән-
поэтикалық    дәстүрлері,  олардың  сақталуы  мен  дамуы,  екінші  жағынан  – 
суретшінің шығармашылық жекелігі тән.  
 
Сондай-ақ басқа халықтар (шығыс, орыс) мәдениетімен өзара әрекеттестік 
нәтижесінде  пайда  болған  жаңа  сапалар  да  мыңызды  рөл  ойнайды.  Сонымен 
ақындар стилінде жекелік, ұлттық және жалпыадамзаттық бастама органикалық 
бірігеді.  
 
1  жүргізуші  –  Ақындардың  әншілік-поэзиялық  шығармашылығында 
шешендік  өнер  де  тыс  қалмаған.  1889  жылы-ақ  В.В.Радлов  қазақ  халқының 
керемет  бай  тілін,    шешендік  өнердің    мәні  мен  айрықшалығын  атап  өткен 
болатын.  Шешендік  өнердің  қыры  бастамаларды  кеңінен  пайдалануда  көрініс 
табады. Абай аға, Сіз осы туралы айтпаушы ма едіңіз? 
 
2  жүргізуші  –  Ақындар  өнерінің  ажырамас  бөлігі  –  суырып  салмалық. 
Зерттеу  шілер  ақындардың  бұл  қасиетін  былай  сипаттайды:  «Ақын  сөзі 
аөқпалы  өзен  секілді  толқи  аға  төгіледі.  Нағыз  ақын  суырып  салма  болған 
жәгне болып қалады. Ол барлық уақытта өз заманының ең қажетті, көкейкесті 
идеяларын паш етеді». 
 
1  жүргізуші  –  Эстетикалық  бағалау  мен  талғамды  жеткізушілер  болып 
жоғары  деңгейде  қабылдайтын  ұллтық  тыңдаушы  сааналады.  Ақынның  әрбір 
жаңа туындысы ауызба ауыз өзінің тыңдаушысы бар халық орындаушыларына 
жеткізілді.  
 
2  жүргізуші  –  Сондай-ақ  ақындар  өнерінің  шығыс  мәдениетімен 
байланысын  атап  өту  қажет,  шығармашылық  араласу  әдісімен  көрініс  тапқан 
назирасараи,  Омар  Хайям,  Фирдоуси,  Низами,  Навои  шығармашылықтарында 
кеңінен орын алды. Қазақтың поэтикалық шығармалығында бұл дәстүрді Абай 
аға, Сіз жалғастырып,  Шығыс ақындарының көрнекті туындыларына өзіңіздің 
танымал «жауаптарыңызды» беріп едіңіз ғой!  
 
1  жүргізуші  –  Ақындар  шығармашылығының  негізгі  бөлігі  –  лирика, 
махаббат,  табиғат  туралы  өлеңдер,  туған  өлкеге,  отанға  арналған  әнұрандар, 
жастық,  сұлулық  поэзия  тақырыбындағы  өлең-жырлар.  Осы  мұра  әр  түрлі 


188 
 
бояулы  сезімге  толы.    Бұл  мұңаю,  қуану,  адасу,  ажырасуға  төзе  алмау,  бірақ 
осының бәрін жеңіп шығатын күш – ол махаббат.  
 
Хордың орындауында Абайдың «Көзімнің қарасы» әні тыңдалады.  
 
2  жүргізуші  –  Қанеки  осындай  әдемі  жоғары  нотада  бүгінгі  кешімізді 
аяқтаймыз.  19  ғасырдағы  ақындар  мұрасы  өте  құнды  өшпес  мұра,  қазақ 
халқының шығармашылық ой өрісінің қозғаушысы.   
 
Осындай  аудиториядан  тыс  іс-шараларды  өткізу  студенттердің 
эстетикалық 
мәдениетінің 
қалыптасуына 
ықпал 
етеді. 
Өйткені 
қатысушылардың костюмдерін, концерттік нөмірлерін әзірлеу барысында олар 
эстетикалық 
іс-әрекетке 
араласады. 
Студенттердің 
сахналастырылған 
эпизодтарға  қатысу  олардың  шығармашылық  қабілеттерін  дамытуға,  актерлік 
шеберлігін  шыңдауға  әсер  етеді.  Олдардың  қазақ  ақындарының  мұрасын 
эстетикалық құндылық деп тануы, олардың кемелденген адам, сұлулық туралы 
түсініктерін  кеңейтеді,  эстетикалық  сезімдерін,  эмоцияларын  дамытады, 
ақындар шығармашылығы туралы білімдері молаяды, көзқарастары өседі, ата-
баба мұрасын білу арқылы, қазіргі  жағдайлардың мағынасын түсінеді. 
 Студенттер  қазақ  халқының  музыкалық  өнерімен  ғылыми-зерттеу 
жұмыстарын  жүргізу  барысында  да  етене  жақын  таныс  бола  алады.  Олар 
аннотациялар,  жазба  жұмыстарын,  рефераттар,  курс  жұмыстарын,  диплом 
жұмыстарын  жазу  барысында  халық  өнері  тақырыбында  зерттеу  жұмыстарын 
жүргізуі әбден мүмкін.  
Зерттеу барысында студенттер қазақ халқының музыкалық өнері туралы 
көптеген  жұмыстардың  өнертану  саласынан  жазылғандығына  көздерін 
жеткізеді.  Ал  бұлар,  болашақ  мұғалімдер  болып  саналатындықтан  олардың 
тәрбиелік  әлеуетін  анықтап,  мектепке  дейінгі  мекемелерде,  мектепте  сабақта, 
сабақтан тыс уақыттарда пайдалану жолдарын зерттейді. 
Ғылыми-зерттеу  жұмыстарын  жүргізу  үш  кезеңнен  тұрады.  Студенттер 
бірінші  кезеңде    өз  тақырыбы  бойынша  жұмыстың  мақсаты  мен  міндеттерін 
анықтайды,  теориялық  материал  жинақтайды,  деректер  жинайды,  бақылау 
жүргізеді (практика барысында қазақ халық музыкасы бойынша өздері ұсынған 
материалды жалпы білім беретін мектеп оқушыларының меңреуі бақыланады).   
Екінші  кезеңде  халық  музыкалық  шығармашылығынан  жинақталған 
материалдар, кітаптар, хрестоматиялар бойынша жұмыстар жүргізіледі, мектеп 
құжаттары  зерттеледі,  музыка  бағдарламаларына  талдау  жасалады.  Үшінші 
кезеңде  белгілеген  мақсат  пен  міндеттер  жүзеге  асырылады,  эксперименттік 
жұмыстар жүргізіледі, оның нәтижелеріне талдау жасалады.  
 
 
 
 
 
 
 
 


189 
 
ҚОСЫМША Д 
 
Қазақ халықының музыкалық өнеріне арналған  ғылыми-теориялық 
конференция 
 
 Студенттер 
қазақ 
халқының 
музыкалық 
өнері 
саласындағы 
тақырыптарда баяндама жасайды, ол үшін олар ізденеді, білімдерін кеңейтеді.  
Студенттер мынадай тақырыптарда баяндама жасауы мүмкін: 
1. Қазақ халқының музыкалық аспаптары – халық мәдениетін тану көзі.  
2. Қазақ халқының музыкалық өнерін мектепте сабақтан тыс жұмыстарда 
пайдалану. 
3. Қазақтардың балаларға музыкалық-эстетикалық тәрбие беру дәстүрлері 
және  оқушыларды  тәрбиелеу  процесінде  қазақ  халқының  музыкалық  өнерінің 
мүмкіндіктері.  
4. Тұлғаның эстетикалық мәдениетін қалыптастыру. 
5.  Төменгі  сынып  оқушыларын  қазақ  халқының  музыкалық  һөнеріне 
баулудың формалары мен әдістері.  
Ғылыми-теориялық  конференцияның  ерекшелігі  болып  студенттердің 
теориялық 
тұрғыдағы 
баяндамаларының 
конференция 
қонақтарының 
(шығармашылық  тұлғалар,  мәдениет  және  өнер  саласының  қызметкерлері, 
соғыс  және  еңбек  ардагерлері  және  т.б.)  сөйлеген  сөздерімен  органикалық 
байланысуы табылады. Ал мұның  студенттер үшін тәрбиелік мәні зор.  
Сондай-ақ  ғылыми-теориялық  конференция  белгілі,  музыкантқа, 
композитордың  өмірі  мен  шығармашылығына  арналуы  мүмкін.  Мәселен, 
Көрнекті  композитор  М.Төлебаевқа  арналған  конференцияның  тәлімдік  мәні 
зор  болуы  мүмкін.  Егер  оны  жақсы  ойланып  жасалған  жүйе  арқылы  өткізсе, 
тарихи, өнертанушылық, музыкалық-педагогикалық материалдарға негізделген 
эстетикалық  әлеуеті  мол  шығармашылық  мұрасы  бойынша  баяндамалар  мен 
хабарламалар,  сондай-ақ  М.Төлебаевтың  жерлестері,  мәдениет  және  өнер 
саласының  қызметкерлері,  оқытушылар  сияқты  қонақтардың  оны  еске  алу   
тұрғысынан әңгімелері және т.б. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Document Outline

  • Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
  • ЖаНҚҰЛ ТАМАРААСАР ҚАЛНИЯЗҚЫЗЫ
  • Ғылыми кеңесші
  • Пірәлиев С.Ж.
  • п.ғ.д., профессор
  • Қазақстан Республикасының  «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-III Қазақстан Республикасының Заңы (2015.21.07. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен). Астана. Ақорда.
    • Қазақстан Республикасы Президентінің бағдарламасы «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 нақты қадам» (20 мамыр 2015ж).

жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау