133
ағартушы және куманист Абайдың музыкалық портретін жасай алатындай,
Абай идеяларының көкейкестілігін көрсететіндей құралдарды іздестіруі қажет.
Осы мақсатпен ойынға қатысушылар жағдайдың дамуын ойдан шығара
отырып, бір жағдаятты студенттер әр түрлі рөлдерде болып көру үшін бірнеше
рет қайталайды. Ойын соңында педагог пен студенттер ұсынылған шешімдерді
талқылайды және қатысушылардың орындаушылығын бағалайды.
Оқытудың ойын әдістемесінің ерекшелігі болып жарыс табылады. Бұл
студенттердің білімін тереңдетуге ғана емес, сондай-ақ жеке ойлауын
ұшқырлай түсуге ықпал етеді. Жұмбақ және оның шешімі элементтері, ізденіс
және табу элементі жеке шешімге келуге ықпал етеді, ал жарыс элементі
міндеттерді жылдам және дәл орындауға ынталандырады.
Мұндай жарыс формалары болып әр түрлі конкурстар – сөзжұмбақтар
табылады.
Бірқатар конкурстарды өткізу үшін кеспе қағаздар, плакаттар, көрнекі
құралдарды әзірлеуге алдын ала дайындық қажет болады.
«Музыкалық кейіпкер, өзіңнің туындыңды тап» (М.А.Давыдова мен
И.А.Агапованың әдістемесі бойынша)
Алдын ала дайындық. Осы конкурсты өткізу үшін Қазақстан
композиторларының опера мен балеттерінің аты нақты әріптермен плакат
түрінде жазылған кеспе қағаздар әзірлеу керек. Әрбір музыкалық спектакльге
арналған оның персонаждарының тізімі дайындалады. Бұл атаулар сондай-ақ,
бөлек бір кішкентайй көлемді кеспе қағаздарға жазылады. Біз әрбір туынды
үшін үш кейіпкерден ұсынамыз.
Опера және оның кейіпкерлері тізімінің үлгісі:
1 «Абай» - Абай, Айдар, Ажар;
2 «Қыз Жібек» - Төлеген, Жібек, Бекежан;
3 «Алпамыс» - Алпамыс, Гүлбаршын, Мыстан;
4 «Қозы Көрпеш – Баян Сұлу» - Қозы-Көрпеш, Баян, Қодар;
5 «Айсұлу» - Айсұлу, Серке, Хасен;
6 «Біржан-Сара» - Біржан, Сара, Жанбота.
Конкурс барысы. Педагог опера және балает атаулары жазылған кеспе
қағаздарды алу үшін студенттер тағайындайды. Олар тақтаға шығады және оны
бойлай, әзірше плакаттарын ашпай қатар тұрады. Ойынның қалған
қатысушылары қалған кеспе қағаздарды талдайды және оларды зерттей
отырып, оларға қай туынды түскендігін және онда қандай кейіпкер бар
екендігін естеріне түсіреді. Педагогтың нұсқауы бойынша
тақта алдында тұрған
студенттер, өздерінің плакаттарын ашады, ал қалғандары өздерінің
шығармалары аталған жерден орын алады. Тапсырманы бірінші орындаған топ
жеңімпаз болады.
Қазақ халқының музыкалық өнері арқылы студенттердің эстетикалық
мәдениетін қалыптастыру процесінде оқу-іс әрекеттерінен бос уақытында
жүргізілетін аудиториядан тыс жұмыстардың орны үлкен.
Студенттердің аудиториядан тыс жұмыстар барысында оқу процесінде
және жеке іс-әрекеттерінде жинақтаған білімдер қорын іс жүзіне асыру
134
қажеттілігі туындайды. Бұдан басқа, аудиториядан тыс
жұмыстар студенттердің
саналы түрде қаншалықты білімдерді меңгергендігін, іскерліктері мен
дағдыларының
қалыптасқандығын,
шығармашылық
қабілеттерінің,
эстетикалық қабылдауының дамығандығын тексереді.
Педагогика саласындағы ғылыми әдебиеттерге жасаған талдау бүгінгі
таңда студенттердің аудиториядан тыс іс-әрекеттерін жетілдіру, оның жоғары
оқу орны профилімен байланысы, студенттердің қоғамдық жұмыстағы
кертартпалығы
мен
талапсыздығын
жеңу
жолдары,
ұйымдастыру
жұмыстарындағы іскерліктер мен дағдыларды тәрбиелеу мәселелерінің
көкейкестілігін көрсетеді. Осыған байланысты Г.П.Орлов «бос уақыты
қаншалықты көп болса, адамның прогрессивті дамуы үшін мүмкіндіктер
соншалықты көп болады... Бос уақыттың рөлі оны рухани және физикалық
даму үшін пайдалану факторларынан, сол іс-әрекеттің мазмұнынан және оның
адамға қатынасынан талап етіледі» деп, тұлғаның толық дамуы мен бос
уақытының тығыз байланыстылығын көрсетеді [216]. Аудиториядан тыс
жұмыстың оқу ісінен мынадай сипаттарын бөліп көрсетеді: біріншіден,
аудиториядан тыс жұмыстар әр түрлі жастағы және көпұлтты студенттік
топтарды біріктіреді, өйткені аудиториядан тыс жұмыстың барлық түрлеріне
төменгі курстың да, жоғарғы курстың да әр түрлі ұлт студенттері қатыса алады;
екіншіден, аудиториядан тыс жұмыстың барлық формалары әрбір студенттің өз
еркімен қатысу негізіне құрылады; үшіншіден, аудиториядан тыс іс-шараларда
студенттердің іс-әрекетінің деңгейі педагог қоятын баллмен бағаланбайды,
олардың кәсіптік, адамгершілік сапалары, шығармашылық қабілеттері,
эстетикалық көзқарасы қоғамдық тұрғыда бағаланады.
Біздің пікірімізше қазақ халқының музыкалық өнерін пайдалану арқылы
мынадай аудиториядан тыс жұмыс формаларын ұйымдастыруға болады:
фольклорлық экспедициялар, музыкалық лекториялар, ауызша журнал,
музыкалық қонақ бөлме, әдеби-музыкалық салон, театрландырылған
музыкалық-әдеби кеш (Қосымша В, Г, Д).
Студенттердің аудиториядан тыс іс-әректтері мынадай қызметтерді
анықтайды: студенттің интеллектуалдық-дүниетанымдық, адамгершіліктік-
эмоционалдық
және
шығармашылық-еріктік
бастамасының
бірлігі;
студенттердің музыкалық өнерге, балаларға, өзара тұлғалық қатынасы;
студенттердің жекелігінің бекуі мен дамуының айқындалуы, оларджың
музыкалық-тәрбиелік, шығармашылық қабілеттері; студенттер ұжымының
және ұжымдық сапаларының қалыптасуы; қоғамдық-тәрбиелік ұйымдарда
оқушылармен
жүргізетін
білімінің,
іскерліктері
мен
дағдыларының
қалыптасуы.
Студенттердің аудиториядан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастырудың тиімді
формасы болып фольклорлық экспедициялар саналады. Олар білім беру-
тәрбиелеу мүмкіндіктеріне ие: өйткені студенттер фольклор жинаумен
айналысып, тұрмыс салттарды зерттей отырып, халықтың рухани байлығын
таниды, ата-баба мұраларына сыйластық көзқарастары артады.