135
Осыған байланысты осы жұмыс формасының дайындық кезеңінде
«Фольклорлық экспедицияның қатысушысына жадынама» сабағы өткізіледі.
Жадынама мыналардан тұрады: 1. Адамның ойланып істеу қабілеті барлық
уақытта оны жайлы сезіндіреді, сондықтан сұрақ қоюдан алдын ойланып ал. 2.
Өзіңнің жазбаларыңда әнді не күйді жазып алған адамның аты-жөнін, тегін,
жасын, сол күнді, орнын жазуды ұмытпа. 3. Барлық жазбалар дәл болуы керек.
4. Ешуақытта жадыңа сенбе, өзімшіл болма.
Студенттер фольклордың әр түрлі жанрларының көп нұсқаларымен, өмір
сүруімен,
аймақтық
таратылуымен
танысады;
шығармадан
ауызекі
шығармашылықты, жазба әдебиетінен фольклорды ажырата білуді үйренеді;
әндер, күйлер, аңыздар мен ертегілер жинау дағдыларын игереді.
Студенттердің фольклорлық экспедицияда бірге болуы шығармашылықты,
жұмысқа қабілетті ұжым болуға итермелейді. Олардың руханиқызығушылығы
бірдей болады. Күнделікті ұжымда бірге болатын жағдай әрбіріне эстетикалық
әсер ету, немесе керісінше әрбір ұжым мүшесінің эмоционалдық күйі ұжымды
белсендіруге ықпал етуі мүмкін. Студенттер неғұрлым көп білген сайын,
соғұрлым білімдерімен белсене бөлісуге асығады.
Қазақ ұлттық музыкасы арқылы студенттерді интеллектуалды дамытуда
аужиторияда және аудиториядан тыс сабақтар формалары мен онда
қолданылатын әдіс түрлерінің бірқатары қосымшада берілген (Қосымша 1-6).
Рухани қызығушылықтарының ортақтығы ұжымдағы адамгершілік
байланысты күшейте түседі. Студенттер бір-бірімен пікір алмасуы, жазып алған
ертегі аңыз, ән, күйлерін, талқылап ой бөлісуі мүмкін. Ал бұл болса олардың
танымдық қызығушылықтарын дамытуға, халық музыкалық өнері
құбылыстарын
эмоционалдық-бағалаушылық
тұрғыда
қабылдауын
қалыптастыруға, адамгершілік қатынастарының интеллектуалдық қырын ашуға
ықпал етеді.
3.3 Тәжірибелік-эксперимент жұмысы нәтижелері
Тәжірибелік-эксперимент жұмыс Абай атындағы Қазақ ұлттық
педагогикалық университетінде, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінде «5В010600-Музыкалық білім» мамандығында жүргізілді.
Экспериментке барлығы 88 (бакалавр), олардың ішінен екі топты бөліп алдық –
бақылау тобы (47 адам) және эксперимент (41 адам) тобы.
Диагностика тұлғаның нақты даму деңгейінің сапасы мен қабілетін ғана
анықтап қоймай, жақын және алыс болашағындағы адамның қабілетіндегі
икемділік, құзыреттілік мүмкіндіктерін анықтауды қарастырады. Адам бойында
бір сапаның біреуі жеткіліксіз құрылымдалса, онда басқаларының жоғары
дамуына мүмкіндік беріледі. А.К.Маркова педагогтар барлық көлемдегі
сапаның дамуы арқылы емес, көбінесе күшті жақтастарының тарапынан
бәсекелестіктен қалмас үшін дамудың жоғары нәтижесіне ерісетіндігін айтады.
Осыған байланысты диагностикалау үдерісінде белгілі бір сападағы қабілеттің
пайда болуын емес, тежейтін жағдайларын да ескеру қажет [217].
136
Қазақ ұлттық музыкасы арқылы студенттердің интеллектуалды дамуының
біз белгілеген өлшемдерге сәйкес дейгейін анықтау үшін музыкалық-
педагогикалық, психологиялық және педагогикалық тұтас диагностиканың
әртүрлі әдістерін кешенді қолдану қажет деп есептедік. Атап айтқанда:
- студенттің
интеллектуалдық
даму
тұлғасын
психологиялық-
педагогикалық диагностикалау әдістері (әңгімелесу, бақылау, арнайы
сауалнамалар, тесттер, шығармашылық тапсырмалар және т.б.)
- интеллектуалды-даму ортасының әдістері;
- білім беру үдерісіндегі жалпылама материалдарды диагностикалау
әдістері;
- студенттерді қазақ ұлттық музыкасы арқылы интеллектуалды дамыту
үдерісіне қатысатын студенттерді жеке психологиялық-педагогикалық
диагностикалау әдістері;
- оқытушыларды жеке психологиялық-педагогикалық диагностикалау
әдістері және т.б.
Тәжірибелік-эксперимент жұмысы үш негізгі кезеңнен тұрады: айқындау,
қалыптастыру және қорытындылау. Айқындау эксперимент аясында зерттелген
кешенді диагностикалауға мәліметтерді жинау әдістері жатады (сауалнама,
тестілеу, бақылау, әңгімелесу, талдау, студенттердің шығармашылық
жұмыстары); әдістерді өңдеу мен мәліметтерді біріктіруге (статистикалық және
талдамалық әдістер, салыстырмалы-салғастырмалы талдау).
Бірінші кезеңдегі айқындау эксперименті Қазақ мемлекеттік қыздар
педагогикалық университетінде, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетте жүргізілді:
Айқындау экспериментінің міндеттері:
- 5В010600 – Музыкалық білім мамандығы бойынша оқу-әдістемелік және
типтік бағдарламаларға, оқу жоспарына сараптамалық талдау жасау оның
ұлттық музыка құралдарымен педагогикалық жоғары оқу орындарында
студенттердің интеллектуалды дамуын жүзеге асыратын мүмкіндіктерін
анықтау және болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлаудың мақсатты
бағыттылығын зерттеу;
- осы мамандықтағы студенттердің қазақ ұлттық музыкасы арқылы
интеллектуалды дамуының деңгейін анықтау.
Айқындау экспериментінде қазақ ұлттық музыкасы арқылы студенттердің
интеллектуалды дамуының деңгейін көрсететін бастапқы кесіндісі ұсынылады.
Айқындау эксперименті ұлттық музыка құралдарымен студенттердің
интеллектуалды дамуының қажеттілік-ынталандырушылық, когнитивтіік,
эмоционалдық-құндылықтық және іс-әрекеттік-рефлексивтік компоненттері
бойынша (1.3 параграфында белгіленген) тұтас төрт кезеңмен жүргізілді.
Қажеттілік-ынталандырушылық компонентін анықтау ұлттық музыкаға
студенттердің танымдық қызығушылығының дейгейін айқындау мақсатында
сауалнама жүргізілді. Сауалнама О.С.Гребенюктың ынталандыру тестінің
негізінде құрылды [218]. Оның нәтижесінде көрсеткендей, бүгінгі студенттік
жастар поп, хард-рок, рэп музыкасы бойынша - 97,4%, жеке музыкалық білімін
Достарыңызбен бөлісу: |