ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет23/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82

51 
 
нәтижесінде болатын ішкі тұлғалық үдеріс  пен оның кәсіби өсуін қамтамасыз 
ететін  қажетті  субъект-объект  және  субъектінің  өзара  байланысындағы 
мақсатты бағыттылықты құрайтын педагогикалық үдерісті қамтиды [112-115]. 
Құзыреттілік тәсілдің идеясын жүзеге асыру еңбек нарығында әрбір білім 
алушылардың  құзыреттілік  жағдайы  үшін  тұлғаның  білім  берудегі  негізгі 
нәтижесіне  қол  жеткіуге  бағытталады.  Құзыреттілік  нақты  тұлғаның 
құзыреттілігін  меңгерудегі  нәтижесі  мен  субъектінің  қызметін  ерекшелеу 
болып табылады.   
Е.М.Павлютенков  кәсіби  құзыреттілікті  ерекшелеуде  «мамандардың 
маңызды  кәсіби  сапалық  еңбегіндегі  тиісті  өзінің  еңбегін  еркін  меңгерудің 
мазмұнын  (функциясы,  түрлері  және  іс-әрекетінің  құралдары),  оның  өз  іс-
әрекетін  қолдану  формасын»  анықтаған  [116].  Дегенмен,  И.А.Зимняя 
құзыреттіліктің  табиғи  мәнділігі  адамның  кез-келген  өзіндік  іс-әрекетіндегі  – 
кәсібилік,  коммуникативтік,  шығармашылыққа  терең  қызығушылық  таныту 
жағдайындағы тұлғаның бірыңғай құндылығын анықтайды [117]. 
Зерттеушілер  ғылыми  әдебиеттерде  құзыреттілік  тәсілдің  жетекші 
атқаратын  қызметі  мен  ұстанымына  негізделген.  Ғалымдар  оның  ұстанымын 
пән  аралық,  кешендік;  жартылай  іс-әрекеттік;  диагностикалық  тұрғыдан 
қарастырды. Құзыреттілік тәсілдің атқаратын қызметін былайша  анықтайды:  
–  заманауи 
түсініктегі 
 
логикалық 
мәніндегі 
«педагогикалық 
шығармашылық»,  «педагогикалық  мәдениет»  педагогикалық  қабілет  пен 
дағдылардың дамуын көздейді; 
–  педагогикалық білім берудің мазмұнын құрастырады және бағыттайды; 
–  болашақ  мамандар  даярлаудың  барлық  кезеңінде  оның  жүйесін 
диагностикалық анықтау үшін кәсіби-педагогикалық құзыреттілік деңгейіндегі 
түйінді, жалпы және арнайы құзыреттілік қарастырылады; 
–  педагогикалық  білім  беру  жүйесінде  инновациялық  үдерісті  дамытуды 
анықтайды. 
Құзыреттілік  мәселесіне  арналған  педагогикалық  зерттеудің  сараптамасы 
олардың әр қырынан қарастырылғанын көрсетеді.   
Бірінші  бағыттың  өкілдері  құзыреттілікті  оның  бірыңғай  теориялық  және 
практикалық  даярлығындағы  кәсіби  мамандардың  ерекшелігі  тұрғысынан 
қарастырады  (А.К.Маркова,    В.А.Сластенин  және  т.б.).  Авторлар  кәсіби 
міндетті табысты орындауға мүмкіндік беретін жаңа сұранысқа ие болудағы іс-
әрекеттің қабілетін жылдам және жеңіл меңгеруге мүмкіндік беретін жекелеген 
мамандардың қабілетін белгілеген [118, 119].   
Басқа авторлардың анықтамасы бойынша, мұғалімнің кәсіби құзіреттілігі – 
кәсіби  іс-әрекеттің  психологиялық  тиімділігін  ескеретін  білім  алушыларды 
дамыту  мен  тәрбиелеуде,  оқытуда  оң  нәтижелерді  қамтамасыз  ететін 
педагогтың тұлғалық өзін-өзі жүзеге асырудағы педагогикалық қарым-қатынас 
пен педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі бағытын қалыптастырады.  
С.Г.Молчанов,  A.C.Петровская   және  тағы  басқалар  кәсіби  құзыреттілікті 
құзыреттіліктің жиынтығы ретінде қарастырады (негізгі, базалық және арнайы). 
Негізгі  құзыреттілік  әрбір  кәсіби  құзіреттіліктің  негізін  құрайды.  Базалық 


52 
 
құзыреттілік  маманның  негізі  кәсіби  қызмет  түрлерін  жүзеге  асыру  үшін 
қажетті нұсқаусыз болып табылатын белгілі бір кәсіби іс-әрекеттің ерекшелігін 
көрсетеді.  Арнайы  құзыреттілік  кәсіби  іс-әрекеттің  нақты  пәндік  саласындағы 
ерекшелігін көрсетеді және маманның кәсіби құзыреттілігінің нұсқалық бөлігін 
құрайтын нақты кәсіби құзыреттіліктің түрлерін жүзеге асыру үшін қажет [120, 
121].  
«Құзыреттілік» термині әрбір қызмет саласындағы маманның қабілеті мен 
білімінің  сапасын  және  көлемін  көрсетеді.  Бір  жағынан,  құзыреттілік 
субъектінің  құқықтылығын  ерекшелесе,  басқа  жағынан  –  оның  белгілі  бір 
сұрақтар  жөнінде  хабардар  болуы  тиістігін  көрсетеді.  Осыны  ескере  отырып, 
мұғалімнің  кәсіби  іс-әрекеттік  құрылымында  ұлттық  музыка  арқылы 
студенттерді  интеллектуалды  дамытудың  ерекшеліктері  жөнінде  біз  іс-
әрекеттің  мазмұнын  қарастырып  қана  қоймай,  тұлғалық  қарым-қатынасты  да 
қарастырдық (қызығушылық, оның нәтижесіне қанағаттану, ынта және т.б.).    
Педагог-музыканттың 
кәсіби 
құзыреттілігіне 
қатысты 
заманауи 
зерттеушілер  «бейімділік  пен  құндылық,  кәсіби  және  өмірлік  тәжірибені, 
білімді  қолдана  отырып  шынайы  жағдайда  туындайтын  кәсіби  іс-әрекеттегі 
кәсіби мәселелер мен типтік кәсіби міндеттерді шешуде мамандардың қабілетін 
анықтайтын 
кіріктірілген 
ерекшелік» 
деп 
анықтаған 
[122]. 
Көріп 
отырғанымыздай,  кәсіби  құзіреттіліктің  мазмұнына  когнитивтік  және 
операционалды-технологияны  ғана  қарастырып  қоймай,  ынталандырушылық, 
этикалық, әлеуметтік және мінез-құлықтық адамның нақты сапасын  көрсететін 
барлық  тұлғаның  түсінігіндегі  заманауи  кәсіби  құзыреттілік,  оның  санасының 
дамуындағы  ерекшелігін  қарастырады.  Жоғарыда  көрсетілгендерді  ескере 
отырып,  ұлттық  музыка  арқылы  студенттерді  интеллектуалды  дамытудың 
заңнамалығын  қарастыра  отырып  құзыреттілік  тәсілдің  орнын  анықтауға 
мүмкіндік беретін кәсіби құзыреттіліктің маңызы қарастырылады.     
Жоғары мектептің оқу-тәрбие үдерісінде  ұлттық музыка арқылы болашақ 
педагогтарды 
интеллектуалды 
дамытудың 
шығармашылық 
іс-әрекеті 
жағдайында    студенттерді  білімді  меңгерудің  жолдарын  іздеуге  талпындыру, 
ұлттық  музыканың  тағылымдық  мүмкіндіктері  негізінде  танымдық  іс-әрекетін 
дамыту.  Жоғары  оқу  орындарындағы  мұғалімдердің,  болашақ  мамандардың 
пәндік  және  негізгі  құзыреттілігін  теориялық  және  практикалық  тұрғыдан 
қалыптастыруда  оқытуды  дамытудың  негізгі  тұжырымдамалық  қағидаларын 
басшылыққа алу қажет.   
Сондықтан  тұлғаның  интеллектуалды  дамуының  негізі  дидактикалық 
тұжырымдамасында  дамыта  оқытудың    (Л.В.Занков,  және  т.б.),
 
мазмұндық 
білімнің  (В.В.Давыдов,  Д,В.Эльконин),  ақыл-ой  іс-қимылын  кезең-кезеңмен 
қалыптастырудың  (П.Я.Гальперин,  Н.Ф.Талызина),  проблемалық  оқытудың 
(Т.В.Кудрявцев,  А.Н.Матюшкина,  М.И.Махмутов,  В.Оконь  және  т.б.),  оқу-
танымдық  іс-әрекетін  жандандыру  теориясының  (Т.И.Шамова),  танымдық 
қызығушылығын дамытудың (Г.И.Щукина) маңыздылығын айта кету қажет.  
Дамыта  оқытудың  тұжырымдамасының  негізгі  қағидасы  мұғалімдерге 
стратегиялық  мақсат  қана  қоймай,  тактикалық  (технологиялық,  әдістемелік) 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау