55
дәстүріндегі диалогтың негізі болатын интеллектуалды дамытудың үдерісі
этностың рухани бірлестігіндегі маңызын құрайды [138].
Студенттердің интеллектуалды дамуының мәдени аралық диалог жүргізу
тәсілдерінің мәселелерін қарастыра отырып, құнды көзқарастарға тәрбиелеудегі
музыкалық өнердің мүмкіндіктерін айқындауға болады [139].
Заманауи білім беру жүйесі өркениетке жету үшін мынадай ұстанымдарды
жүзеге асыру қажет: өз халқының музыкалық мәдениетін қабылдай отырып
бірлесе өмір сүріп жатқан халықтың да музыкалық мәдениетін қабылдау керек,
содан кейін – әлемдік музыкалық мәдениетті түсіну үшін жартылай мәдени
ойлардағы жартылай музыкалық білім берудің студенттерді ұлттық музыка
арқылы интеллектуалды дамыту негізінде құрылуы тиіс.
Синергетикалық тәсіл (И.Пригожин және т.б.) сыртқы және ішкі
қалыптастырудағы күрделі иерархиялық ұйымға қатысты этностың ұлттық
музыкалық мәдениетіндегі өзін-өзі басқару, өзінің күйін өзгертуге
қабілеттілікті, тарихи динамиканы (кеңістіктік-уақыттық) қарастырады [140].
Күрделі жүйедегі ұлттық музыканы дербес ұйымдастыру – ішкі қабілет
пен мүмкіндікті жүзеге асырудағы дербес басқару үдерісінің танылуы болып
табылады. Дербестікті ұйымдастырудағы ұлттық музыкалық мәдениеттің
күрделілі оның табиғатындағы екі жақты жүйесі дербес ұйымдастыруды
құрайды: табиғи жүйедегі жалпы заңнамалықтың құрылымына бағыну, бір
жағынан әлеуметтік, табиғи, тарихи факторлардан талап етіледі. Әрбір ұлттық
музыкалық дамудың векторлары тұлғаны құраушы ұлттық музыкалық
шығармашылықтың ділі субъективтілікті қалайтын ұлттық музыкалық
мектептің бағыттылығы мен қызығушылығынан талап етіледі. Синергетиканың
пайда болу негізіндегі күрделі динамикалық жүйені құрайтын ұлттық музыка
дербестікті ұйымдастырушылығын қарастыруға мүмкіндік береді: ашықтық,
сызықты еместiк, тең дәлдік емес. Ашық жүйе тұрғысынан ол қоршаған орта
мен дерек көздері, энергия ағынымен ақпарат мазмұнын алмасуға мүмкіндік
береді. Ұрпақтан ұрпаққа берілетін халықтың әлеуметтік тәжірибесіндегі халық
музыкалық шығармашылығы тиімді пайдаланылмаса келесі ұрпаққа дұрыс
берілмейді, жарты жолда жоғалып кетеді. Сызықтық емес бір күйден басқа
күйге немесе ұлттық музыканың мазмұнының көп жақтылығы мен жүйеге
көшудің қабілеті тұрғысынан қарастырылу мүмкін (мысалы, ұлттық музыкалық
мәдениет – әлемдік адамзат игілігі). Ұлттық музыкалық шығармашылықтың тең
дәлдіктік еместігі ашық жүйе ретінде оның нұсқаулары, құрамы, құрылымының
өзгерісін анықтауға мүмкіндік береді.
Тұтастық тәсіл - (В.А.Сластенин және т.б.) адамның табиғи
интеллектіндегі жүйелік тәсілдің дамуын ескере отырып оның өзара бірлескен
ерекшелігі мен тұтастық құрамындағы күрделі динамикалық жүйесін құрайды.
Зерттеуде мұндай тәсіл тұлғаның интеллектуалды дамытудың ойын білдіртен
жоғары оқу орындарындағы ұлттық музыканы меңгеруге байланысты көп
жақты танымдық үдерістер тұтас жүйедегі объективті және субъективті
жақтардың ұлттық музыка арқылы студенттерді интеллектуалды дамытуды
қарастыруға мүмкіндік береді. Тұтастық тәсілдің мазмұнындағы ұлттық музыка
56
арқылы болашақ мұғалімдерді интеллектуалды дамытудың мәселесін зерттеу
тұлғалық пен кәсіби аспектілерінің бірлестігін қарастыруға мүмкіндік береді.
Тұтастық тәсіл кәсіби даярлықты құрайтын ұлттық музыка арқылы
интеллектуалды дамытуды қарастырады. Тұтастық тәсілдің функционалдықтан
айырмашылығы
интеллектуалды
тұлғаның
әлеуметтік
және
кәсіби
аспектісіндегі ұлттық музыка арқылы студенттерді интеллектуалды дамытуға
байланысты көп жақты түсініктер мен жекелеген қызметтердің болмысын
қарастырады [141].
Кешенді тәсіл тұтас мазмұны мен құрылымын талап ететін ұлттық музыка
арқылы студенттерді интеллектуалды дамытудың ерекшелігін зерттеудегі
жұмыстарын ұйымдастыру жүйесін құрастыруға мүмкіндік береді. Осы тәсіл
ұлттық музыка арқылы студенттердің интеллектуалды дамуы үдерісін оқу-
әдістемелік қамтамасыздандыруда бірқатар дидактикалық материалдар мен
элективті курс бағдарламасындағы оқу мазмұнын кешенді құрастыруда өзінің
көрінісін тапты.
Пәндік-бағыттылық тәсіл ұлттық музыка арқылы студенттерді
интеллектуалды дамытудың сыртқы құрылымдық элементіне қатысты таңдау
курстары, білім беру бағдарламаларының пәндік бағыттаушы және базалық оқу
курсының білім беру және тәрбиелеу әлеуетін қолдануға мүмкіндік береді. Оқу
материалдарының мазмұнын оңтайлы таңдауда ұлттық музыка арқылы
студенттерді интеллектуалды дамытудың тиімді нәтижесіне жетуге
көмектеседі.
Осы параграфта ұсынылған әдіснамалық тұғырлар жиынтығы ұлттық
музыка арқылы студенттерді интеллектуалды дамытудың моделін құрастыруда
жүйе құраушы және оны жүзеге асырудың механизмі болып табылады.
Қазақ ұлттық музыка арқылы студенттердің интеллектуалды дамытудың
моделін жасамас бұрын, осы музыка жанрларының жіктемесін және олардың
тұлғаны интеллектуалды дамытудағы мүмкіндіктерін айқындап алудың
қажеттігін тудырады. Ол туралы келесі бөлімде жан-жақты баяндалады.
Достарыңызбен бөлісу: |