ЖанқҰл тамараасар қалниязқызы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет26/82
Дата25.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#17040
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82

57 
 

ҚАЗАҚ 
ҰЛТТЫҚ 
МУЗЫКАСЫ 
 
СТУДЕНТТЕРДІ 
ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ 
 
2.1 Қазақ ұлттық музыкасының жіктемесі 
Қазақтың  ұлттық  музыкасы    ұлттық-дербес  бейненің  жарқын  сапасын 
танытатын жоғары көркем ойларды білдіреді. Оның жанрлары сан алуан.  
Жанр  түсінігі  (французша  genre,  латынша.  genus  -  түр)  өнердің  барлық 
түрлерінде бар.  «Музыкалық  жанр»  ұғымының көпжақтылығы мен  ерекшелігі 
«музыкалық  шығарманың  түрлері  мен  қалыптасу  тарихына,  олардың 
қабылдауы  мен  өмірлік  мәніне,  қабылдауы  мен  орындау  шарттарына, 
тәсілдеріне,  сондай-ақ  мазмұны  мен  формасының  ерекшеліктеріне»  қарай 
анықталады [142]. Музыкалық жанрдың мазмұны мен формасының шеңберінде 
кешендік  мәнерлі  құралдарды  қолдану  арқылы  шығарманың  объективті 
мазмұны беріледі.     
Музыкалық  жанр  өзінің  дамуында  эволюцияға  ұшырады.  Музыкалық 
тілдік дамуы, халықтың музыкалық шығармасы мен кәсіби өнерінің бірлестігі, 
өзгеру жағдайындағы музыкалық шығармалар ескі жанрлардың түрленіп, жаңа 
туындылардың пайда болуына алып келді.   
Музыкалық  жанрдың  мәні  адамның  өмірлік  қажеттілігіне  қатысты 
(өнердің аралас түрлерінен бөлінбеген кезеңде пайда болған музыка жанрының 
халықтық-тұрмыстық  және  тұрмыстық  еңбектердің  үдерістерінде,  салт-
дәстүрлік қызметте қолданды) және белгілі бір өмірлік-тұрмыстық қызметтерге 
жатпайтындар деп бөлінді.  
60-70  жылдары  музыкалық  жанрдың  мәселелерін  Б.B.  Aсафьева  зерттеді. 
Музыканың эстетикалық және әлеуметтік әлеуетін негіздеді.  Л.A.Mазеля және 
B.A.Цуккерман  [143,  144]  еңбектерінде  музыкалық  жанрдың    белгілі  бір 
кешендік мазмұнға құрылатыны дәлелденді. Зерттеушілер музыкалық жанрдың 
алғашқы негізі (B.A.Цуккерман) ән мен күй, (C.C.Cкребков) декламациондық – 
моторлық  –  ән  айту  десе,  онда  A.H.Coxop  оларға  дыбыстық  және  әуендік 
өнердің  аспабын  қосады.  Күрделі  музыкалық  жанрдың  жіктелуі  оның 
факторларын  анықтауына  байланысты  біркелкі  болмайды.  Сондықтан 
музыкалық  ғылымда  музыкалық  жанрдың  жіктемесіне  қатысты  әртүрлі 
жүйелер  қалыптасты.  Олар  негізгі  сападағы  факторларға  қатысты 
қарастырылады.  Мысалы,  егер  B.A.  Цуккерман  бірінші  жоспарға  типтік 
мазмұндағы  жанрды  анықтайтын  мазмұндық  факторды  алға  шығарса,  онда 
A.H.Coxop – анықтаушы фактор ретінде қоғамдық тұрмыстық, өмірлік музыка 
мен  оның  орындалу  және  қабылдау  жағдайына  қарай  анықтаған.  Орындау 
факторына  қарай  музыкалық  шығарманы  қабылдауда  тыңдаушылардың 
белсенділігі  –  дене  бітіміне  дейін  орындауға  қатысады  (қонақ  асы  дәстүрі) 
[145].   
Қазақ  әндері  мен  күйлерінің  ең  маңызды  ерекшелігі  студенттердің 
эмоционалдық  қасиетін  оятуы,  яғни,  бұл  шығармашылық  іс-әрекеттің  қажетті 
шарты болып табылады. Қазақ музыкасы жастарды эстетикалық  әсерге бөлеп, 


58 
 
рухани  өрлеуге,  сезімдеріне  ықпал  етіп,  көңіл-күйлерін  тудыруға  мүмкіндік 
береді [146]. 
Кәсіби  музыканы  дамыту  үшін  кәсіби  композиторлық  музыкаға  жататын 
халықтық  ән-күй  аспаптық  жанры  болатын  бірден  бір  жанр,  халықтың  және 
ұлттың  ритмі,  типтік  интонациясына  бағытталған  тұрмыстық  музыкалық 
жанрларға ие болады.  
Жіктеме  түсінігі  олардың  жалпы  белгілеріне  қатысты  бақылау  немесе 
зерттеу  объектілерін  топтастыру  деген  мағынаны  білдіреді.  Құрастырылған 
жіктеменің  нәтижесінде  жіктеудің  жүйесі  құрылады  (көбінесе  оны  жіктеудің 
үдерісі дейді).  
  Әр 
түрлі  аспектідегі  фольклорлық  жанрдың  жалпы  жіктелуі 
филологиялық, тарихи және музыкалық әдебиеттерде көрсетілген.  
XX  ғасырдың  этномузыкалық  білімінің  жіктелуіне  қарай  Е.В.Гиппиус 
жанр қоғамдық қызметтің әсерінен қалыптасады деген. Оның сөзінше, жанрды 
құрайтын  үдеріс  «қоғамдық  қызметтің  әсерінен  құрылатын  типтік  құрылым» 
қызметі 
музыкалық 
фольклордың 
бейнесіндегі 
музыкалық-ақындық 
құрылымның тұрақтылығымен анықталады [147]. В.Я. Проппаның анықтамасы 
бойынша  фольклорлық  жанр  музыкалық  құрылым  мен  орындаушылық 
формасы,  тұрмыстық  мәні,  ақындық  жүйесінің  бірлестігі,  шығарманың 
жиынтығы  болып  табылады.  Оның  сөзінше,  әрбір  жіктеме  белгілі  бір  белгіні 
жасау  мен  түрлерді  ұсынатын  анықтамаларға  негізделеді  (нақты  немесе  бір 
белгісінің жоқтығынан, бір белгінің әртүрлігімен, бір-бірінен алшақ тұруынан 
және т.б.) [148].   
И.И.Земцовский  әрбір  жанрдың  жүйесі  «ұзақ  тарихи  дамудың 
нәтижесінде,  кешеннің  генетикалық  өзара  байланысы»  ретінде  және  жаңа 
түсініктегі  -  «фольклорлық  кешен»  құрайтын  кешендегі  әлеуметтік-тарихи 
ортасы,  тұрмыстық  қызметі,  мазмұны,  музыкалық  бейнесі,  орындаушылық 
стилі мен тұрмыстық тәсілдері арқылы анықталады дейді [149].   
Қазақтың  ән  шығармасындағы  жанрдың  қалыптасуы  тарихи  сұрақтармен 
ұштасуы терең зерттеуден бастау алады: ладолық құрылым [150] мен әуендерді 
өңдеудегі әннің сызбасын анықтау, тарихи заманнан бері біздің уақытқа дейінгі 
Жетісудің    мәдени  әндерінің  ерекшеленуі,  қазақтың  вокалдық  және  ауыз  екі 
шығармасындағы  кантилентті  және  декламациондық  тарихын  анықтау    [151], 
желдірме вокалдық жанрының термесі сипатталған [152, 153].  
Қазақтың  ұлттық  музыкасының  ерекшелігі  әртүрлі  әлеуметтік-
экономикалық,  тарихи,  географиялық  өмірі  мен  халықтың  тұрмыс  жағдайына 
сай  –  көшпелі  өмірлік  бейнеден  саяси  қуғынға  ұшыраған,  территориялық 
бірлескен әсерде қалды. А.Досаеваның пікірінше, қазақтың музыкалық ойлауы 
«диалектикалық  динамикаға  қарағанда,  метафизикалық  жағдайға  сай  келеді, 
тарихи-философиялық көңіл күй, жоғары деңгейде болады» [154]. Ансамбльдік 
(аспаптық,  хорлық)  және  қазақтың  дәстүрлі  би  музыкалық  ойлауының 
жетіспеушілігі дәстүрлі жеке орындаушылықты қалыптастырды.  
Жеке  орындаушылық  қазақтың  ауыз  екі  музыкалық  орындауларының  ең 
үздік жауһарларының бірі тұрғысынан, атап айтқанда  күй, өлең, терме, айтыс 


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   82




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау