Қазақстанның адам құқықтарының сақтау жағдайы Жан-жақты
Мезгілді Шолу шеңберінде қарастырылады
ЖЕНЕВА (4 қараша 2019 ж.): БҰҰ Адам Құқықтары Қеңесінің Жан-жақты Мезгілді Шолу
(ЖМШ) Жұмыс тобы 2019 жылы 7 қараша күні
интернетпен тәкелей таратылатын
кездесуінде Қазақстанның адам құқықтарын дәріптеу жөніндегі мағлұматты үшінші рет
қарастырады.
Қазақстан ЖМШ Жұмыс тобының алдағы қарашаның 4-нен 15-не дейін өтетін
сессиясы қарастыратын 14 мемлекеттердің бірі. Қазақстанның
бірінші және екінші
ЖМШ рәсімдері
2010 жылдың ақпан айында және 2014 жылдың қараша айында болып
өтті.
Шолу келесі құжаттар негізінде өткізіледі: 1) қарастырылатын Мемлекет ұсынған
ақпарат – «ұлттық есептеме»; 2) Арнайы Рәсім ретінде танымал тәуелсіз адам
құқықтарын қорғаушылар мен топтар және адам құқықтары жайлы келісім-шарттардың
мүшелері мен БҰҰ-ның басқа да мүшелері қамтамасыз еткен есептемелер мен
ақпарат; 3) арасында ұлттық адам құқықтар жөніндегі мекемелер, аймақтық ұйымдар
және азаматтық қоғам топтары сияқты басқа да мүдделі тараптар ұсынған мәлімет.
7-
ші қарашада өтетін
Қазақстан бойынша шолудың негізі ретінде пайдаланған үш
есептемені
мына жерден таба аласыз.
Орны: 20 бөлме, Елдер сарайы, Женева
Уақыты мен күні: 9.00–12.30, бейсенбі, 7 қараша, 2019 (Женева уақыты бойынша,
GMT +2
сағат).
ЖМШ - БҰҰ-ның барлық 193 Қатысушы Мемлекеттеріндегі адам құқықтарына шолу
жасайтын ерекше үрдіс. Оның 2008 жылы көкек айында өткен ең тұңғыш
жиналысынан бастап осы күнге дейін БҰҰ-ның барлық 193 мемлекеті ЖМШ-дың бірінші
және екінші кезеңінен өтті. Үшінші ЖМШ кезінде қатысушы мемлекеттер қайтадан
алдында өткен шолулардан кейін адам құқықтары аясында өзгерістермен қатар
орындалуына бейімделген қадамдар мен олардың орындалуын қадағалауға міндетті
берілген ұсыныстардың қалай орындағаны туралы есеп береді.
Қазақстан делегациясы Қазақстан Республикасының Әділет министірі Марат
Бекетаев бастауымен келеді.
Баяндамашы ретінде Қазақстанды талқылауға Қытай, Чили және Исландия
мемлекеттерінің (тройка) өкілдері тағайындалды.
Сессияның вебсайтын келесі сілтемеден табуға болады
http://webtv.un.org
Қазақстанның шолу кезінде сөйлейтін баяндамашылардың тізімі және ұсынылатын
мәлімдемелер
ЖМШ-дың Экстранетінде
келесі сілтемеде жарияланады:
[
пайдаланушы: hrc extranеt (бос орын); құпия сөз: 1session].
ЖМШ Жұмыс тобы Қазақстанға қатысты ұсыныстарды қабылдауды 12 қараша күні
сағат 16:30-ға көздеп отыр. Шолу аясында қарастырылатын мемлекет ұсыныстарға
қатысты өзінің позициясын шолу кезінде білдіре алады. Бұқаралық ақпарат
құралдарына сол ұсыныстар айтылған күні алдын -ала таратылады.
СОҢЫ
Қосымша ақпарат алу үшін Роналдо Гомез мырзаға: +4122 917-97-
11/
mailto:rgomez@ohchr.org,
Sanna You
ханымға +41 (0) 22 917 8t38 /
syou@ohchr.org
,
немесе Sarah Lubbersen ханымға
+41 (0) 22 917 9813 /
slubbersen@ohchr.org
(
ағылшын тілінде ғана) хабарласыңыз.
Жан-жақты Мезгілді Шолу туралы көбірек білгіңіз келсе келесі сілтемеге
жолығыңыз:
www.ohchr.org/hrc/upr
БҰҰ Адам Құқықтары Қеңесі, бізді әлеуметтік медиа нысандарынан байқаңыз:
Facebook
Twitter
YouTube
Instagram