47
әрекеттің тәсілі өзін-өзі жүзеге асыру, өз ойын білдіру, өзін-өзі тану,
шығармашылық қабілетті дамыту, білім беру қажеттілігін қанағаттандыру
бағыттылығы, білім алушылар мен білім берушілердің бірлескен іс-әрекеті,
шығармашылық өзара іс-әрекетіне арналған кеңістіктегі білім беру іс-
әрекетіндегі саланың таралуын анықтайды [48, б. 91].
Тұлғалық тәсіл заманауи психологиялық-педагогикалық зерттеуде
жетекші рөл ойнайды. Мұндай тәсіл тұтас тұлғадағы субъектінің
педагогикалық үдерісте оқыту нәтижесіне жауапты, адамгершіліктік таңдауы,
мінез-құлықтық іс-әрекеттерді мойындайды.
Тұлғалық тәсілдегі әдіснамалық негіз бірыңғай қызметке былайша
бағытталады:
– ұлттық музыка арқылы білім алушыны интеллектуалды дамытудың
тұлғалық аспектісі оның даралығы мен жас ерекшелігінде;
– ұлттық музыка арқылы тұлғаның интеллектуалды даму үдерісін жүзеге
асыру мен олардың мәнін ашуда оның шығармашылық, зияткерлік, табиғи
тірегін ескеру;
– ұлттық музыка арқылы білім алушыны интеллектуалды дамытуда тұтас
тұлғалық мінез-құлқы мен адамгершілік танымын, эмоциясын, бірыңғай
интеллектті дамытуды ескеру;
– ұлттық музыка арқылы тұлғаның шығармашылық дамытуда әртүрлі
оқытудың
түрлері
мен
сыныптан
тыс
іс-әрекеттер,
мақсаттар,
ынталандырушыларды таңдау, өзін-өзі анықтау үшін жағдайлар жасау;
– ұлттық музыка арқылы тұлғаны интеллектуалды дамытуды оқу-тәрбие
үдерісінде нәтижелі жүзеге асыру студенттердің дәрісханалық және дәрістен
тыс іс-әрекеттерін қамтамасыз етеді.
Тұлғаны ұлттық музыка арқылы интеллектуалды дамуды қарастыруда біз
осы дамудың тұлғалық компонентінің түзілімі мен ерекшелігін анықтаймыз.
Біздің зерттеуіміздің пәніне сәйкес жүйелік тәсілдің әдіснамасына бағытталу
маңызды саналады. Зерттеушілердің көзқарасы бойынша жүйе белгілі бір
тұтастық қасиетке ие көптеген өзара байланыстарды қамтиды [105].
В.П.Кузьминаның анықтамасында «жүйе – заңнамалық және кіріктірілген
құрамға ие тұтастық пен бірыңғай тұрақтылықты қамтамасыз ететін
элементтердің (компоненттердің) өзара байланысы» болып табылады [106].
Жүйелік тәсіл тұтас суретті бейнелейтін әртүрлі объектідегі барлық тұтастықты
қарастыратын тұтас тәсіл. Жүйелік-тұтастық тәсіл зерттеліп жатқан объектінің
басты сапалық тұтастығындағы табиғи тұрақтылық, оның тұтас жүйесінің
құрылымы, дамуы, деңгейі, білім берудегі механизмі болып табылады.
Көрсетілген ережеге сәйкес біздің зерттеуіміздің пәндік жүйесінің тәсілдері
мыналарды қамтиды:
– жоғары оқу орындарында педагогикалық үдерістің жағдайына сәйкес өзін-
өзі ұйымдастыру жүйесінің ерекшелігі мен басқарудың үздіксіз үдерісі ұлттық
музыка арқылы болашақ мұғалімдерді интеллектуалды дамытудың жолдарын
қарастырады;
48
– жүйе құрайтын қарым-қатынас пен байланысты ескере отырып ұлттық
музыка арқылы болашақ мұғалімдерді тұтастай интеллектуалды дамытуға
бағыттайды;
– осы үдеріске ықпал ететін барлық факторларды ескере отырып ұлттық
музыка арқылы болашақ мұғалімдерді интеллектуалды дамытуды қарастырады;
– оқу және оқудан тыс уақыттағы педагогикалық үдерістегі барлық
субъектілердің өзара байланысындағы ұлттық музыка арқылы болашақ
мұғалімдерді интеллектуалды дамытудың жүйесін сипаттайды;
– зерттеліп жатқан тұжырымдаманың жүйесіндегі негізгі мәнді ашады.
Жүйелік сараптаманың негізгі ұстанымы соңғы нәтижені анықтау болып
табылады. Осы зерттеудің аясында соңғы нәтиже – қоғамдық-экономикалық,
тұлғалық-психологиялық, әлеуметтік-тұрмыстық тектес факторлардың тиімділігі
ұлттық музыка арқылы болашақ мұғалімдерді интеллектуалды дамытудың
жоғары деңгейін көрсетеді.
Дегенмен Л.А.Мазель, В.В.Медушевский және т.б. ғалымдар атап
өткендей музыка тану жүйесінде тұлғаның интеллектуалды дамуы маңызы мен
мүмкіндіктерін анықтауда ұлттық музыканың мазмұны қарастырылады.
Л.А.Мазель мұндай тәсілді «күрделі объектінің тұтастай зерттеудегі өзара
байланысының объектісін ескере отырып барлық бөліктері, элементтері,
деңгейі мен оның сыртқы ортасының жүйесі» тұрғысындағы қажетті
ықпалдастырылған ғылым деп қарастырады. Л.А.Мазель жүйелік тәсілді
анықтайтын білімнің үш саласын қамтыған: психологиялық-жүйелік тәсіл
әдістемелік ерекшеліктің қорытындысы мен музыкадағы эмоциялық бейнелену
механизмін ашуға алып келеді; жүйелік-семиотикалық күрделі мәдениеттегі
музыкалық тілдің музыкалық құралына тәуелдігі мен тиісті мәдениеттің
шығармасындағы «мазмұндық» музыканы қабылдауды қарастырады; жүйелік-
әлеуметтік қабылдау мен орындаудың жағдайы, оның әртүрлі тарихи
кезеңдерін құрылымдау, қоғамдағы шығармашылық өмірдің өзгерістерін
ескере отырып музыкалық шығарманы сараптау қажеттігін және т.с.с.
көрсетеді[107, 108].
Ұлттық музыка арқылы интеллектуалды дамытудың жүйелік тәсілін
сараптауды қолдана отырып екі, ішкі және сыртқы бағытты анықтадық.
Ұлттық музыка арқылы мұғалімдердің интеллектуалды дамуының сыртқы
бағыты мұғалімдердің кәсіби даярлығының құрылымын қарастырады. Жүйенің
ішкі құрылымы ұлттық музыка арқылы студенттерді интеллектуалды
дамытудың тұлғалық көрсеткіші мен өлшемдері арасындағы құрылымдық
кешенді анықтайтын өзара байланыс болып табылады. Құрылым «кейбір
құрамдас бөліктердің байланысы мен өзара орналасуы» тұрғысынан
түсіндіріледі. И.П.Подласый атап өткендей «жүйенің құрылымы қабылданған
элементтердің (компоненттердің) өлшемдерін құрайды, сонымен қатар
олардың арасындағы байланысты қамтиды» [109]. Әрбір жүйенің
компоненеттері өзінің құрылымы мен логикасына ие. Тұлғаның құрылымдық
компоненті қорытынды-диагностикалық, ұйымдастырушылық, әдістемелік,
мазмұндық, мақсаттық өзара байланыстардың блоктарын құрайтын жүйедегі
Достарыңызбен бөлісу: |