Жалпы орта білім беру деңгейінің «Жаратылыстану»



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет14/35
Дата25.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#24564
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35

тұтынушылар;  ҒТР  саланың  технологиялық  жағдайына,  еңбек  ресурстарының 
санатына талаптары туралы қорытындылар);   
11)  шикізат  пен  отын,  металлургия  өнімдерінің,  автомобиль,  су  көлігі, 
электронды  техника,  роботтар,  өнеркəсіп  станоктарын  жасаудың,  ауыл 
шаруашылығы  (бидай,  күріш,  май,  талшық,  сергіткіш,  қой,  ірі  қара,  шошқа, 
балық)  өнімдерінің  негізгі  түрлерін  шығаратын  көшбасшы  елдерді  кескін 
картаға белгілеу;  
12)  ғаламдық  проблемалар,  оларды  мəні  жəне  шешу  жолдары  жайлы 
оқулықтың,  əр  түрлі  басылымдардың,  интернеттің  материалдарына  талдау 
жасау; 
13) «Ресейдің  экономикалық  ауданына  қысқаша  экономикалық-
географиялық  сипаттама  жасау»,  үлгі  жоспар  бойынша  (экономикалық-
географиялық  жағдайы;  табиғат  жағдайлары  мен  ресурстарын  бағалау;  халқы;  
шаруашылығына  сипаттама;  экономикалық  ауданның  Ресейдің  экономикасы 
үшін маңызы, Қазақстанмен экономикалық байланыстары); 
14)  Азияның,  Шетелдік  Еуропаның,
   
Африканың,  Аустралияның,  Мұхит 
аралдарының,
 
Антарктиканың 
тарихи-географиялық 
аймақтарының 
шекараларын жəне жетекші елдерін кескін картаға түсіру;  
15) баяндама дайындау, тақырып үлгілері («Азия елдерінің ірі қалалары», 
«Азия елдері халықтарының ежелгі мəдениеті», «Адамзаттың дамуындағы Азия 
өркениеттінің  рөлі», «Азияның  демографиялық  рекордтары», «Елдің 
дамуындағы  жеке  тұлғаның  рөлі» (Кемаль  Ататүрік – Түркия,  Дэн  Сяо  Пин – 
Қытай, Махатма Ганди, Джавахарлал Неру – Үндістан, Ли Куан Ю – Сингапур, 
Махатхира Мохамада – Малайзия);   
16)  жоспар  бойынша  Батыс  Еуропаның  екі  шағын  капиталистік  еліне 
салыстырмалы сипаттама беру; 
17)  мамандану  салаларын  жəне  экспорттық  өнімдерін  көрсете  отырып, 
Еуропаның ірі өнеркəсіптік орталықтарына талдау жасау; 
18) «Еуропа  елдерінің  ірі  қалалары», «Латын  Америкасы  елдерінің  ірі 
қалалары», «Бразилияның,  Мексиканың    урбандалу  ерекшеліктері», «Африка 
елдерінің  ірі  қалалары», «Мысыр  пирамидаларының  құпиялары», «Сахельдің 
«қанттануы» – себеп-салдарлық байланысы» үлгі тақырыптарына баяндамалар 
дайындау; 
19) ауызша саяхат жасау арқылы АҚШ сипаттама беру (картаның, оқулық 
мəтінінің  жəне  басқа  да  ақпарат  құралдарының  көмегімен,  елдің  экономикасы 
үшін  ең  маңызды  штаттарды  атап  көрсету,  экономикалық-географиялық 
негіздеме  беру,  дəлелдемелер  келтіру,  олардың  ерекше  өзгешеліктерін  атап 
көрсету,  қорытындыда  Қазақстанда  қолдануға  болатын  экономикалық  даму 
тəжірибесін көрсету); 
20)  аймақтар  бойынша  ресурстардың  негізгі,  маңызды  жəне  тапшы 
түрлерін  анықтау  мақсатында,  негізгі,  ерекше  қорғалатын  аймақтарды  көрсете 
отырып  «Африканың  бес  аймағының  табиғат  ресурстарының  ерекшеліктері» 
құрама кестесін толтыру; 
21) елдің экономикалық-географиялық сипаттамасын жасау; 
 
 


22)  Аустралия  Одағы,  басқа  елдермен  табиғи  жəне  экологиялық-
экономикалық проблемалардағы ұқсастықтарын табу.  
 
 
 
«География» пəнінен оқу бағдарламасы 
(жаратылыстану-математикалық бағыт) 
 
 
1. Түсінік хат 
 
1. Оқу  бағдарламасы  Қазақстан  Республикасы  Үкіметінің 2012 жылғы                 
23  тамыздағы  № 1080 қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 
негізгі  орта,  жалпы  орта)  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартына  сəйкес 
əзірленген.  
2. 10-11 сыныптардағы география курсының бағдарламасы географиялық 
білімнің бірізділігін жəне үздіксіздігін көрсетеді, мақсаты – қазіргі əлемді оқып-
білуде  оқушыларға  қиын  да  жан-жақты  экономикалық-географиялық  білімді 
меңгерту,  функционалды  сауаттылықтық  жəне  оқушылардың  бейінді-
мамандану бағдарларын тереңдету.  
3.  Жаратылыстану-математика  бағытындағы  курс  өзінің  алдына  келесі 
міндеттерді қояды: 
1)  алдыңғы  сыныптарда  оқылған  жалпы  географиялық  заңдылықтар 
туралы  білім,  ұғымдар  мен  идеялардың  негізінде  ғаламшар  табиғатының 
біртұтастығы туралы білім жəне көзқарасты одан əрі дамыту; 
2)  дүниежүзі  саяси  картасының  қалыптасу  кезеңдерін,  дүниежүзілік 
шаруашылықтың,  геосаяси  проблемалар  мен  қазіргі  кездегі  қоғам  дамуының 
бағыттарын  оқып-білу  үдерісінде  саяси,  географиялық  білімнің  қалыптасуын 
жалғастыру; 
3)  табиғи,  əлеуметтік-экономикалық,  геоэкологиялық  үдерістер  мен 
құбылыстарды сипаттау жəне талдау үшін ғаламдық, аймақтық жəне жергілікті 
жағдайларды үйлесімді пайдалану біліктілігін меңгерту; 
4) 
ғаламшар 
мемлекеттерінің 
түрлерін 
оқып-білу, 
ұлттық 
шаруашылықтың даму деңгейі əр түрлі елдердің ерекшеліктерін анықтау; 
5)  дүниежүзінің  табиғат  ресурстарын,  өндіру  жəне  пайдалану 
технологияларын,  олардың  аймақтық  ерекшеліктерін  оқып-білу  үрдісінде 
экологиялық мəдениетті дамыту жəне тереңдету; 
6)  дүние  жүзінің  халықтарын,  дүниежүзінің  шаруашылық  жүйесін, 
олардың  құрамы,  құрылымы  жəне  ерекшеліктері,  халықаралық  байланыстар 
жəне халықаралық экономикалық ынтымақтастық туралы оқып-білу барысында 
оқушылардың білімін одан əрі тереңдету; 
7)  толеранттылыққа,  өзге  ұлттарды  жəне  олардың  мəдениетін  сыйлауға 
тəрбиелеу;  
8)  оқушылардың  бейінді-кəсіптік  бағдарларын  дамыту,  болашақ 
мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал жасау;  
 
 


9)  карталармен,  сызбанұсқалармен,  графиктермен,  диаграммалармен, 
кестелермен, ғаламтормен, білім берудің цифрлық ресурстарымен жұмыс істеу 
кезінде  ойлау  қабілетінің  одан  əрі  дамуына  жағдай  жасау,  əр  түрлі 
экономикалық-географиялық  əдебиеттен  қажетті  материалдарды  жинақтау 
жəне  талдау  барысында  сөйлеу  жəне  көптілділік,  статистикалық, 
картографиялық  жəне  басқа  да  мəліметтерді  өздігінен  өңдеу  жəне  түсіндіру 
дағдыларын меңгерту; 
10) 
жоғары 
патриоттық 
сезімді, 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясын  құрметтеуге,  белсенді  азаматтық,  өмірлік  ұстанымды 
тəрбиелеу.  
4.  Бағдарламада  берілген  барлық  практикалық  іс-əрекеттер  тəжірибелік 
дағдыларды дамытушы жəне қалыптастырушы болып табылады, міндетті түрде 
бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен белгіленген.  
5. Пəнаралық байланыстар:  
1)  математикамен,  қаржылық  сауаттылықты  дамыту,  нарықтық 
экономиканың  қызмет  атқаруы,  қазіргі  кездің  биржа  қорлары,  капиталдың 
акционерлік  формалары  жəне  экономиканың  түрлері  туралы  оқу  барысында, 
есептеуге арналған практикалық жұмыстарды істеу барысында; 
2)  тарихпен,  əр  түрлі  елдердің  мемлекеттік  жəне  əкімшілік-аумақтық 
құрылымының  түрлерін  сипаттайтын  ұғымдар  мен  терминдерді  қолдану 
барысында,  дүниежүзі  саяси  картасының  өзгеру  себептерін,  дүниежүзі 
шаруашылығының тарихи кезеңдері туралы оқу барысында; 
3)  əдебиет  жəне  музыкамен,  қазақ,  қазақстандық,  орыс,  кеңес  одағының 
ұлы  ақындарының,  жазушыларының  жəне  сазгерлерінің  шығармаларын 
мзыкалық шығармаларды, əндерді, əндердің үзінділерін пайдалану барысында; 
4) химиямен, дүниежүзі елдерінің химия өнеркəсібін оқу барысында; 
5)  биологиямен,  биосфера,  оның  құрамы,  құрылымы,  табиғат  зоналары, 
өсімдік, жануарлар жəне балық аулау жайлы, географиялық қабықтың құрамдас 
бөліктерін қорғау жайлы оқу барысында; 
6) технологиямен, əлем елдері халықтарының, ұлттарының қолөнерін оқу 
барысында.
  
6.  Типтік  оқу  жоспарына  сəйкес 10 – 11-сыныптарда  жаратылыстану-
математика  бағытындағы  «География»  курсын  оқуға  аптасына 2 сағаттан, 68 
сағат бөлінген. 
 
 
2. Оқу пəнінің 10 сыныптағы базалық білім мазмұны 
 
7. Кіріспе (1 сағат): 
 «География.  Дүниежүзіне  жалпы  шолу.  ТМД  елдері»  пəнін  оқытудың 
мақсаты мен міндеттері.  
8. «Жалпы географиялық заңдылықтар» бөлімін оқуға 16 сағат бөлінген: 
1) «Жер  ғаламшар  ретінде» (2 сағат),  Жер  туралы  қысқаша  мəліметтер,  
Жердің құрылысы; 
2) «Жердің картада бейнеленуі» (3 сағат): 
 
 


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау