Жалпы орта білім беру деңгейінің «Жаратылыстану»



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет17/35
Дата25.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#24564
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35

5) №2 практикалық  жұмыс (1 сағат) «Атлас карталарын пайдаланып бір 
елге кешенді сипаттама беру» (бағдарламада қарастырылмайтын ел). 
16. «Америка елдері» бөлімін оқуға 15 сағат бөлінген: 
1)  Американының  ашылу  жəне  игерілу  кезеңдері (1сағат),  жаңа  дүние 
аумағының  ашылу,  қоныстану,  отарлау  жəне  игерілу  тарихы,  аймақтары, 
Американың  байырғы  халықтары,  олардың  құрамы  жəне  орналасуы, 
шаруашылығы жəне тұрмысы, мəдениеті, салт-дəстүрлері, үндіс тайпаларының 
отарлаудан кейінгі жағдайы,  Америка елдерінің қазіргі заманғы топтары; 
2) «Американың жоғары дамыған елдері» (7 сағат): 
Америка Құрама  Штаттары (6 сағат), геосаяси жағдайы, экономикалық-
географиялық  жағдайы,  мемлекеттің  қалыптасу  тарихы,  табиғат  жағдайлары 
мен ресурстары; 
халқы, демографиялық жағдайы, урбандалуы; 
шаруашылығының  жалпы  сипаты,  өнеркəсібі,  ауыл  шаруашылығы, 
қаржы  жүйесі,  көлік  қатынасы,  ішкі  айырмашылықтары  жəне  АҚШ 
экономикалық-географиялық  аудандары,  туристтік  нысандары,  сыртқы 
экономикалық байланыстары, Қазақстанның АҚШ қарым-қатынасы; 
№3 практикалық жұмыс «Ел аумағына ауызша саяхат жасау арқылы елге 
сипаттама беру» жоспар бойынша; 
Канада (1 сағат),  геосаяси  жағдайы,  экономикалық-географиялық 
жағдайы, мемлекеттің қалыптасу тарихы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, 
халқы,  қалалары,  шаруашылығының  жалпы  сипаты,  өнеркəсібі,  ауыл 
шаруашылығы,  көлік  қатынасы,  туристтік  нысандары,  сыртқы  байланыстары, 
Қазақстанның Канадамен қарым-қатынасы; 
3) «Латын  Америкасының  дамушы  елдері» (7 сағат),  құрамы,  геосаяси 
жағдайы,  саяси  картасының  қалыптасу  кезеңдері,  отарлау  иеліктері, 
мемлекеттік  құрылымы,  елдердің  топтары,  Латын  Америкасының  табиғат 
жағдайлары мен ресурстары, теңдесі жоқ табиғат нысандары жəне байлықтары; 
халқы (құрамы, саны, тығыздығы, урбандалуы, еңбек ресурстары); 
шаруашылығының  жалпы  сипаты,  экономикасының  даму  үлгілері, 
өнеркəсібі,  ауыл
 
шаруашылығы,  көлік  қатынасы,  отарлау  заманының  мұрасы, 
туристтік  нысандары,  сыртқы  байланыстары,  Қазақстанның  аймақ  елдерімен 
қарым-қатынасы; 
Бразилия,  экономикалық-географиялық  жағдайы,  қалыптасу  тарихы, 
табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы, шаруашылығының жалпы сипаты, 
өнеркəсібі, ауыл шаруашылығы, көлік қатынасы, сыртқы байланыстары. 
17.  «Африканың дамушы елдері» бөлімін оқуға 6 сағат бөлінген: 
1)  Африканың  дамушы  елдері,  құрамы,  қазіргі  замандағы  геосаяси 
жағдайы,  саяси  картасының  қалыптасу  кезеңдері,  отарлық  иеліктері, 
мемлекеттік құрылымы, елдердің топтары жəне аймақтары, табиғат жағдайлары 
жəне ресурстары, экологиясы жəне ерекше қорғалатын аумақтары – қорықтар, 
ұлттық саябақтар; 
халқы  (саны,  демографиялық  сұрақтары,  тығыздығы,  еңбек  ресурстары, 
ұлттық жəне діни құрамы); 
 
 


шаруашылығының  жалпы  сипаты,  өнеркəсібі,  өнеркəсіптік  аудандар, 
ауыл шаруашылығы, көлік қатынасының ерекшеліктері, бірсалалы экономика – 
отарлау  заманының  мұрасы,  туристтік  нысандар,  Африка  аймақтарының  ішкі 
айырмашылықтары,  сыртқы  байланыстары,  Қазақстанның  материк  елдерімен 
қарым-қатынасы; 
2)  №4  практикалық  жұмыс  «Африка  аймақтарының  табиғат 
ресурстарының ерекшеліктері» жиынтық кестесін құрастыр; 
3)  №5  практикалық  жұмыс  «Экономикасының  дамыған  жəне  дамушы 
сипатын  анықтау  мақсатында, «қосарлы»  экономикалы  ел  Оңтүстік  Африка 
Республикасына  қысқаша  экономикалық-географиялық  сипаттама  жасау», 
жоспар бойынша. 
18.«Аустралия,  Мұхит  аралдары,  Антарктика»  бөлімін  оқуға 4 сағат 
бөлінген: 
1) «Аустралия  жəне  Мұхит  аралдары  елдері» (1 сағат),  ашылу  тарихы, 
қоныстануы  жəне  игерілуі,  аймақтың  құрамы,  Мұхит  аралдары  елдері 
шаруашылығының қысқаша сипаттамасы; 
2) «Аустралия  Одағы» (2 сағат),  геосаяси  жағдайы,  экономикалық-
географиялық жағдайы, табиғат жағдайлары жəне ресурстары, халқы; 
шаруашылғының  жалпы  сипаты,  өнеркəсібі,  ауыл  шаруашылығы,  көлік 
жүйесі,  ішкі  айырмашылықтары,  сыртқы  байланыстары,  Қазақстанның  
Аустралиямен қарым-қатынасы; 
3)  №6  практикалық  жұмыс: «Аустралия  Одағын  Қазақстан 
Республикасымен  салыстыру» (табиғат  жағдайлары,  табиғат  ресурстары, 
шаруашылығы,  өнеркəсіп  орталықтары  жəне  олардың  орналасуы,  халықтың 
қоныстануындағы  ұқсастықты  анықтау.  Аустралия  экономикасының  даму 
тəжірибесі); 
4) «Антарктика  жəне    Антарктида» (1 сағат),  Антарктика  жəне 
Антарктида – əр  түрлі  мемлекеттердің  халықаралық  ғылыми  ынтымақтастық 
зонасы,  зерттеулердің  жетістіктері  жəне  келешегі,  материкті  зерттеудегі 
ресейлік, кеңестік, қазақстандық зерттеушілер мен ғалымдардың үлесі. 
19. «Адамзаттың  ғаламдық  проблемалары»  бөлімін  оқуға 7 сағат 
бөлінген: 
1)  ғаламдық  проблемалар,  олардың  сипаты  жəне  шешу  жолдары, 
ғаламдық  проблемалардың  түрлері,  олардың  өзара  байланысы,  дүниежүзінде 
бейбітшілікті сақтау проблемасы; 
экологиялық  проблемалар,  энергетика  жəне  шикізат  проблемалары, 
демография,  денсаулық  сақтау,  мəдениет  жəне  білім  беру  проблемалары, 
дамушы  елдердің  проблемалары,  бұрынғы  отарлық  иеліктердің  дəрменсіздігі, 
азық-түлік проблемасы, дүниежүзілік мұхит проблемалары; 
ғаламдық  проблемаларды  шешудің  негізгі  жолдары,  мемлекеттердің 
халықаралық ынтымақтастығының қажеттілігі. 
 
 
4. 10-сынып оқушысының дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 
 
 
 


20. Пəндік нəтижелер. 10 сыныптың соңында оқушылар: 
1) Жер ғаламшарының негізгі өлшемдерін, оның Күн жүйесіндегі орнын 
жəне құрылысын;  
2)  географиялық  карталардың  мазмұны  мен  түрлерін,  проекцияларды, 
градус торын жəне карталардың өлшеуіштік қасиеттерін; 
3)  геохронологиялық  кестені,  геологиялық  тарихтың  кезеңдерін, 
эраларды, дəуірлерді, тау жасалу кезеңдерін; 
4)  литосфералық  плиталарды,  олардың  түрлерін,  ірі  платформаларды 
жəне геосинклинальдық белдеулерді; 
5)  құрлық  жəне  мұхит  түбінің  жер  бедерінің  ірі  пішіндерін  (таулар, 
жазықтар), олардың дамуын, өзгеруін; 
6)  атмосфераның  құрамын,  құрылысын  жəне  қасиеттерін,  негізгі  климат 
қалыптастырушы факторларды, ауа массаларын, климаттық белдеулерді; 
7)  гидросфераны,  оның  құрамдас  бөліктерін,  дүниежүзілік  мұхитты, 
оның  бөліктерін,  қасиеттері  мен  маңызын,  құрлық  суларын,  ірі  өзендерді, 
көлдерді, сарқырамаларды;  
8) биосфераның құрамын, құрылымын жəне маңызын, ноосфера ұғымын, 
Жердегі биомассаның арақатынасын; 
9)  географиялық  қабықтың,  табиғат  кешендері  мен  компоненттерінің 
жалпы  заңдылықтарын,  географиялық  белдеу,  табиғат  зонасы,  ландшафт 
ұғымдарын; 
10) 
географиялық 
қабық 
компоненттерін, 
халықаралық 
жəне 
қазақстандық  «Қызыл  кітапқа»  енгізілген  жануарлар  мен  өсімдіктерді  қорғау 
проблемаларын; 
11) бөлімнің арнайы терминдерін; 
12)  тарихи-географиялық  аймақтарды,  дүниежүзінің  саяси  картасының 
қалыптасу кезеңдерін;  
13) дүниежүзі елдерінің мемлекеттік жəне əкімшілік-аумақтық құрылымы 
формаларын,  тəуелсіз  мемлекеттерді  жəне  тəуелді  аумақтарды,  қазіргі  кездегі 
дүниежүзі елдерінің типтерін; 
14)  дүниежүзілік  өркениет,  геосаясат,  саяси  география,  геосаяси  жағдай, 
ұғымдарын; 
15)  саяси  қарым-қатынас  жəне  олардың  негізгі  бағыттары  туралы 
ұғымды, Қазақстан Республикасының көршілес жəне алыс шет елдермен саяси 
қарым-қатынасын; 
16) қазіргі кездегі дүниежүзілік халықаралық ұйымдардың рөлін; 
17) Жер шары халқының санын жəне олардың орналасуын;  
18)  халықтың  ұдайы  өсуі,  демографиялық  саясат,  еңбек  ресурстары, 
экономикалық  белсенді  халық  (ЭБХ),  халықтың  жастық-жыныстық  құрамы, 
көші-қон,  урбандалу – оның  деңгейі  жəне  формалары,  агломерация, 
мегалополис ұғымдарын; 
19)  дүниежүзі  халықтарының  жіктелуін,  ең  ірі  халықтарды,  тілдерді, 
əлемдік жəне ұлттық діндерді;  
 
 


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау