Жалпы орта білім беру деңгейінің «Жаратылыстану»



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет15/35
Дата25.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#24564
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35

географиялық  карталар,  топографиялық  карталар,  картография  жайлы 
жалпы деректер, Глонасс, GPS жəне Galileo жаһандық навигация жүйелерімен 
танысу,  картографиялық  проекция,  картаның  өлшеуіш  ресурстары,  шартты 
белгілер; 
№1  практикалық  жұмыс  «Географиялық  жəне  топографиялық 
карталардың өлшеуіш ресурстарымен жұмыс»; 
3)  литосфера  жəне  жер  қыртысы (3 сағат),  Жердің  геологиялық  тарихы, 
тау  жасалу  кезеңдері,  литосфера  жəне  оның  даму  заңдылықтары,  Жердің  жер 
бедері (рельефі), оның даму заңдылықтары; 
4)  атмосфера  жəне  климат (3 сағат),  атмосфераның  құрамы  жəне 
құрылысы, оның қасиеттері, атмосфералық циркуляция, ауа райы, климат жəне 
олардың жіктелуі; 
5) гидросфера (2 сағат), гидросфера, оның құрамдас бөліктері, қасиеттері 
жəне су айналымы, дүниежүзілік мұхит, мұхиттар, құрлық  сулары; 
6) биосфера (1 сағат), биосфера туралы түсінік, оның құрамы, құрылымы, 
ноосфера ұғымы; 
7)  географиялық  қабық  заңдылықтары (2 сағат),  географиялық  қабық, 
оның  заңдылықтары,  табиғат  кешендері  мен  компоненттері  туралы  түсінік, 
ландшафт жəне оның түрлері туралы түсінік; 
географиялық  белдеулер  жəне  табиғат  зоналары,  географиялық  қабық 
компоненттерін қорғау проблемалары. 
9. «Дүниежүзінің жалпы сипаттамасы» бөлімін оқуға 17 сағат бөлінген: 
1) «Тарихи-географиялық  аймақтар.  Дүниежүзінің  саяси  картасы» (5 
сағат): 
тарихи-географиялық  аймақтар  жəне  дүниежүзінің  саяси  картасы –  
қалыптасу  кезеңдері,  дүниежүзі  елдерінің  мемлекеттік  жəне  əкімшілік-
аумақтық  құрылымының  формалары,  тəуелсіз  мемлекеттер  жəне  тəуелді 
аумақтар; 
қазіргі  кездегі  дүниежүзі  елдері  типтерінің  көп  түрлілігі,  дүниежүзілік 
өркениет,  геосаясат,  геосаяси  жағдай,  саяси  география  жəне  саяси  қарым-
қатынас, халықаралық ұйымдар ұғымдары;  
№ 2 практикалық жұмыс «Таңдау бойынша бір елдің геосаяси жағдайына 
баға  беру  жəне  дүниежүзіндегі  жағдайларға  байланысты  ол  елде  болатын 
өзгерістерге  болжау  жасау,  геосаяси  жағдайы  қолайлы  жəне  қолайсыз  елдерді 
анықтау, себептерін түсіндіру»; 
2)  дүниежүзінің  халқы (5 сағат),  дүниежүзі  халқының  саны  жəне  ұдайы 
өсуі,  демографиялық  саясат,  халықтың  жастық-жыныстық  құрамы,  еңбек 
ресурстары,  халықтың  тығыздығы,  орналасу  ерекшеліктері  жəне  халықтың 
көші-қоны,  халықтың  нəсілдік,  тілдік,  ұлттық  құрамы  жəне  дүние  жүзіндегі 
діндер, елді мекендердің түрлері жəне урбандалу; 
3) табиғат ресурстары (4 сағат), қоғам мен табиғат арасындағы байланыс, 
табиғат  ресурстарының  жіктелуі,  ресурстармен  қамтамасыз  етілу  ұғымы, 
дүниежүзінің табиғат ресурстары (отын-энергетикалық, рудалы жəне рудасыз); 
дүниежүзі  табиғат  ресурстарының  басқа  түрлері  (жер,  су,  биологиялық, 
рекреациялық, Дүниежүзілік мұхит ресурстары);   
 
 


№ 3 практикалық  жұмыс  «Табиғат  ресурстарымен  жоғары,  орташа  жəне 
төмен  қамтамасыз  етілген  елдерді  анықтау» (отын-энергетикалық,  рудалы, 
химиялық шикізат, су, биологиялық, рекреациялық); 
4)  «Ғылыми-техникалық  революция  (ҒТР)  жəне  дүниежүзілік 
шаруашылық» (3 сағат): 
ғылыми-техникалық  революция  (өзіне  тəн  ерекшеліктері,  құрамдас 
бөліктері, техника мен технологияның даму жолдары, шаруашылық дамуының 
негізгі бағыттары); 
дүниежүзілік  шаруашылықтың  салаларын  орналастыру  факторлары, 
кибернетика ғылымы жəне ҒТР жағдайында адам факторының рөлі; 
қорытынды  семинар  (қазіргі  кезеңде  қоғам  мен  экономиканың  ғылыми-
техникалық жаңаруы). 
10. «Дүниежүзілік шаруашылық» бөлімін оқуға 16 сағат бөлінген: 
1)  дүниежүзілік  шаруашылыққа  жалпы  шолу (2 сағат),  дүниежүзілік 
шаруашылықтың  қалыптасуы,  дамуының  негізгі  кезеңдері,  құрылымы, 
халықаралық  географиялық  еңбек  бөлінісі,  халықаралық  мамандану  салалары, 
халықаралық 
экономикалық
 
ықпалдастық
 
(интеграция), 
ұлтаралық 
корпорациялар (ҰАК); 
экономиканы  ұйымдастырудың  типтері,  аумақтық  айырмашылықтары 
жəне дүниежүзілік шаруашылықтың басты орталықтары; 
2)  дүниежүзілік  өнеркəсіп (4 сағат),  өнеркəсіпті  орналастырудың 
заңдылықтары  жəне  факторлары,  отын-энергетика  кешені,  дүниежүзінің 
металлургиясы; 
дүниежүзінің  машина  жасау  өнеркəсібі,  өңдеуші  өнеркəсіптің  басқа 
салалары; 
3)  ауыл  шаруашылық  географиясы (3 сағат),  ауыл  шаруашылығының 
жалпы  сипаты  (маңызы,  аграрлық  қатынастары,  даму  бағыттары),  өсімдік 
шаруашылығының географиясы, мал жəне балық аулау шаруашылығы;
 
4)  көлік  географиясы (2 сағат),  дүниежүзілік  көлік  географиясы, 
дүниежүзілік  қатынас  жолдары  (құрлық,  су,  əуе),  жаңа  телекоммуникациялық 
жүйелер, ғаламтор; 
5) халықаралық экономикалық байланыстар (5 сағат): 
халықаралық  экономикалық  байланыстардың  түрлері,  сыртқы  сауда, 
халықаралық қаржы-қаражат жүйесі, халықаралық банктер,  
халықаралық  туризм,  экономикалық  ынтымақтастық,  экономикалық
 
ықпалдастық жəне халықаралық экологиялық жобалар, Қазақстан халықаралық 
экономикалық қарым-қатынас жүйесінде; 
№ 4 практикалық  жұмыс  «Дүниежүзі  шаруашылығының  саласына 
(өнеркəсіптің  немесе  ауыл  шаруашылығының)  сипаттама  беру»  жоспар 
бойынша;  
11. «Тəуелсіз  Мемлекеттер  Достастығы  елдері  (ТМД)»  бөлімін  оқуға 17 
сағат бөлінген: 
1) «ТМД  елдеріне  жалпы  шолу» (1 сағат),  ТМД  елдеріне  жалпы  шолу, 
пайда  болуының  қысқаша  тарихы,  ішкі  жəне  сыртқы  экономикалық 
байланыстары, қарама-қайшылықтары, Кедендік Одақ; 
 
 


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау