Жалпы орта білім беру деңгейінің «Жаратылыстану»



жүктеу 0,67 Mb.
Pdf просмотр
бет10/35
Дата25.11.2018
өлшемі0,67 Mb.
#24564
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35

5)  оқулық  мəтінімен  жұмыс  істеу  негізінде  кесте,  сызбанұсқалар 
құрастыру; 
6)  зертханалық  жəне  практикалық  жұмыстар  орындауда    техникалық 
қауіпсіздік шараларын сақтау; 
7)  жер  бетінде  тіршіліктің  дамуы  мен  адам  эволюциясының  кезеңдерін 
бейнелейтін  кестелер  құрастыруда  оқулықтың  жəне  басқа  оқу  құралдарының 
мəтіндерін пайдалану; 
8)  биологиялық  нысандармен  жұмыс  істеу  үшін  оқулықтың  мəтінін 
пайдалану; 
9) «əлеуметтік дарвинизм» жəне нəсілшілдікке дəйекті сын айта білу. 
 
 
 
 
 
 
6. Жүйелі-əрекеттілік нəтижелер 10-11 сынып оқушылары 
қолдана білуі тиіс: 
 
1)  жасушалық  теория  туралы  білімдерін  органикалық  дүниенің  бірлігін 
дəлелдеуге пайдалану; 
2)  шағылыстыру  сызбанұсқаларын  құруда,  зат  жəне  энергия  алмасу 
мен,генетикалық  жəне  молекулалық  биологияға  есептер  шығаруда  арнайы 
генетикалық ұғымдар мен белгілерді пайдалану; 
3)  ғылыми  жəне  көпшілікке  арналған  əдебиеттермен  жұмыс  істеуде 
пəндік жəне атаулық көрсеткіштерді пайдаланып дағдылану; 
4)  мəтін  тезистерін  конспектілерді,  рефераттар  т.б.  дайындауда 
кеңейтілген жоспар құрып дағдылану; 
5) электрондық материалды  интернетті пайдалануға дағдылану; 
6)  оқулықпен  жұмыс  істеу  барысы  нда  мəтіндерінің  мазмұнына  сай 
кестелер сызбанұсқалар құрастырып дағдылану; 
 
 
«География» пəнінен оқу бағдарламасы 
(қоғамдық-гуманитарлық бағыт) 
 
 
1. Түсінік хат 
 
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 
тамыздағы  №1080  Қаулысымен  бекітілген  Орта  білім  берудің  (бастауыш, 
негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 
сəйкес əзірленген. 
2. 10-11 сыныптардағы география курсының бағдарламасы географиялық 
білімнің бірізділігін жəне үздіксіздігін көрсетеді, мақсаты – қазіргі əлемді оқып-
 
 


білуде  оқушыларға  қиын  да  жан-жақты  экономикалық-географиялық  білімді 
меңгерту,  функционалдық  сауаттылықты  жəне  оқушылардың  бейінді-
мамандану бағдарларын тереңдету. 
3. Курс өзінің алдына келесі міндеттерді қояды: 
1)  алдыңғы  сыныптарда  оқылған  жалпы  географиялық  заңдылықтар 
туралы  білім,  ұғымдар  жəне  идеялардың  негізінде  ғаламшар  табиғатының 
біртұтастығы туралы білім жəне көзқарасты одан əрі дамыту; 
2)  дүниежүзі  саяси  картасының  жəне  дүниежүзілік  шаруашылықтың 
қалыптасу  кезеңдерін    оқып-білу  үрдісінде  саяси,  географиялық  білімнің 
қалыптасуын жалғастыру; 
3)  табиғат  пен  қоғамның  қазіргі  даму  кезеңіндегі  өзара  байланысын, 
қоршаған  ортаны  қорғаудың  маңызын  жəне  табиғатты  тиімді  пайдалануды, 
Қазақстан жəне дүние жүзі масштабында тұрақты даму проблемаларын түсіну;  
4) 
ғаламшар 
мемлекеттерінің 
түрлерін 
оқып-білу, 
ұлттық 
шаруашылықтың даму деңгейі əр түрлі елдердің ерекшеліктерін анықтау; 
5)  табиғи,  əлеуметтік-экономикалық,  геоэкологиялық  үдерістер  мен 
құбылыстарды сипаттау жəне талдау үшін ғаламдық, аймақтық жəне жергілікті 
жағдайларды үйлесімді пайдалану біліктілігін меңгеру;  
6)  дүние  жүзінің  халықтарын,  дүниежүзінің  шаруашылық  жүйесін, 
олардың  құрамы,  құрылымы,  орналасуы  жəне  ерекшеліктері,  халықаралық 
байланыстар  жəне  халықаралық  экономикалық  ынтымақтастық  туралы  оқып-
білу барысында оқушылардың білімін одан əрі тереңдету; 
7)  толеранттылыққа,  өзге  ұлттарды  жəне  олардың  мəдениетін  сыйлауға 
тəрбиелеу;  
8)  оқушылардың  бейінді-кəсіптік  бағдарларын  дамыту,  болашақ 
мамандықты саналы түрде таңдауға ықпал жасау;  
9)  карталармен,  сызбанұсқалармен,  графиктермен,  диаграммалармен, 
кестелермен, интернетпен, білім берудің цифрлық ресурстарымен жұмыс істеу 
кезінде  ойлау  қабілетінің  одан  əрі  дамуына  жағдай  жасау,  əр  түрлі 
экономикалық-географиялық  əдебиеттен  қажетті  материалдарды  жинақтау 
жəне талдау жасауда сөйлеу жəне көптілділік, статистикалық, картографиялық 
жəне  басқа  да  мəліметтерді  өздігінен  өңдеу  жəне  түсіндіру  дағдыларын 
меңгерту; 
10) 
жоғары 
патриоттық 
сезімді, 
Қазақстан 
Республикасының 
Конституциясын
 
құрметтеуге, белсенді азаматтық ұстанымды тəрбиелеу.  
4.  Бағдарламада  берілген  барлық  практикалық  іс-əрекеттер  тəжірибелік 
дағдыларды дамытушы жəне қалыптастырушы болып табылады, міндетті түрде 
бағаланатын практикалық жұмыстар нөмірмен белгіленген. 
5. Пəнаралық байланыстар: 
1)  математикамен,  қаржылық  сауаттылықты  дамыту,  нарықтық 
экономиканың  қызмет  атқаруы,  қазіргі  кездің  биржа  қорлары,  капиталдың 
акционерлік  формалары  жəне  экономиканың  түрлері  туралы  оқу  барысында, 
есептеуге арналған практикалық жұмыстарды істеу барысында; 
2)  тарихпен,  əр  түрлі  елдердің  мемлекеттік  жəне  əкімшілік-аумақтық 
құрылымының  түрлерін  сипаттайтын  ұғымдар  мен  терминдерді  қолдану 
 
 


барысында,  дүниежүзі  саяси  картасының  өзгеру  себептерін,  дүниежүзі 
шаруашылығының тарихи кезеңдері туралы оқу барысында; 
 3)  қазақ,  қазақстандық,  орыс,  кеңес  одағының  ұлы  ақындарының, 
жазушыларының 
жəне 
сазгерлерінің 
шығармаларын, 
музыкалық 
шығармаларды, əндерді, əндердің үзінділерін пайдалану барысында; 
4)  химиямен,  дүниежүзі  елдерінің  химия  өнеркəсібін, «Ғаламдық 
проблемалар» тақырыбын оқу барысында; 
5)  биологиямен,  географиялық  қабықтың  құрамдас  бөліктерінің 
проблемаларын,  өсімдік,  жануарлар  жəне  балық  аулау  географиясын  оқу 
барысында; 
6) технологиямен, əлем елдері халықтарының, ұлттарының қолөнерін оқу 
барысында.
  
6. Оқу жүктемесі: 
10 сыныпта аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат; 
11 сыныпта аптасына 1 сағат, жылына 34 сағат. 
 
 
 2. Оқу пəнінің 10 сыныптағы базалық білім мазмұны 
 
7. Кіріспе (1 сағат): 
дүниежүзі  географиясы  пəні  жəне  құрылымы,  оның  географиялық 
мəдениеттің  қалыптасуындағы  рөл,  əлемнің  экономикалық-географиялық 
бейнесі жайлы көзқарас, білім беру көздері. 
8. «Дүние жүзінің жалпы сипаттамасы» бөлімін оқуға 14 сағат бөлінген: 
1)  тарихи-географиялық  аймақтар  жəне  дүние  жүзінің  саяси  картасы (4 
сағат),  тарихи-географиялық  аймақтар  жəне  дүниежүзінің  саяси  картасы,   
қалыптасу  кезеңдері,  оның  мазмұны,  дүниежүзі  елдерінің  мемлекеттік  жəне 
əкімшілік-аумақтық құрылымының формалары;  
тəуелсіз  мемлекеттер,  тəуелді  аумақтар  жəне  қазіргі  кездегі  дүниежүзі 
елдері  типтерінің  көп  түрлілігі,  дүниежүзілік  өркениет,  геосаясат,  геосаяси 
жағдай,  саяси  география  жəне  саяси  қарым-қатынас,  халықаралық  ұйымдар 
ұғымдары; 
№1 практикалық жұмыс «Елдердің геосаяси жағдайына баға беру»; 
2)  дүниежүзінің  халқы (4 сағат),  дүниежүзі  халқының  саны  жəне  ұдайы 
өсуі,  демографиялық  саясат,  халықтың  жастық-жыныстық  құрамы,  еңбек 
ресурстары жəне көші-қоны; 
халықтың  орналасуы,  тығыздығы,  урбандалуы  жəне  елді  мекендердің 
түрлері, халықтың нəсілдік, ұлттық құрамы жəне дүниежүзіндегі діндер; 
3)  дүниежүзінің  табиғат  ресурстары (4 сағат),  қоғам  мен  табиғат 
арасындағы  байланыс,  табиғат  ресурстарының  жіктелуі,  ресурстармен 
қамтамасыз етілу ұғымы; 
дүниежүзінің  табиғат  ресурстары  (отын-энергетикалық,  рудалы  жəне 
рудасыз,  дүниежүзі  экономикасының  ресурстық  əлеуеті,  энергияның  балама
 
көздері, Астана қаласы
 
ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу орны);  
 
 


жүктеу 0,67 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   35




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау