3) кәсіптік ауру немесе улану жағдайлары жөнінде халықтың санитарлық-эпидемиологиялық
салауаттылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшесіне;
4) қызметкерлер өкілдеріне;
5) қызметкер еңбек (қызметтік) міндеттерін атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан
шартын жасасқан сақтандыру ұйымына хабарлайды.
сақтандыру
Осы тарауға сәйкес арнайы тексерілуге тиіс жазатайым оқиға болған кезде жұмыс беруші:
1) жазатайым оқиға болған жердегі құқық қорғау органына;
2) өндірістік және ведомстволық бақылау мен қадағалаудың уәкілетті органдарына хабарлауға
тиіс.
3. Өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссияның талабы бойынша жұмыс
беруші өз қаражаты есебінен:
1) техникалық есептеулердің орындалуын, зертханалық зерттеулердің, сынақтардың, басқа да
сараптама жұмыстарының жүргізілуін және осы мақсаттарда сарапшы мамандардың тартылуын;
2) оқиға орнын және зақым келтірілген объектілерді фотосуретке түсіруді, жоспарлар,
эскиздер, схемалар жасауды;
3) көлік, қызметтік үй-жай, байланыс құралдарын, арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және
тексеру жүргізу үшін қажетті басқа да жеке қорғау құралдарын беруді;
4) мыналарды:
жұмыс орнының жай-күйін, қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың бар-жоғын
сипаттайтын құжаттарды (жоспарларды, эскиздерді, схемаларды, ал қажет болғанда оқиға орнында
түсірілген фото- және бейнематериалдарды және т.с.с);
нұсқау берулерді тіркеу журналдарынан және зардап шеккен адамдардың еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау жөніндегі білімін тексеру хаттамаларынан, жазатайым оқиға куәгерлері мен
лауазымды адамдардан жауап алынған хаттамалардан, зардап шеккен адамдардың түсініктемелерінен,
мамандардың сараптама қорытындыларынан үзінді көшірмелерді;
зертханалық зерттеулер мен эксперименттердің нәтижелерін;
зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зақымданудың сипаты мен ауырлық дәрежесі
немесе оның өлімінің себебі туралы, алкогольдік, есірткілік немесе уыттық мас болу белгісінің
бары (жоғы) туралы медициналық қорытындыны;
зардап шеккен адамға арнаулы киім, арнаулы аяқ киім және басқа да жеке қорғану құралдары
берілгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін;
аталған өндірісте (объектіде) мемлекеттік еңбек инспекторлары мен аумақтық мемлекеттік
қадағалау органының лауазымды адамдарының (егер жазатайым оқиға осы орган бақылайтын ұйымда
немесе объектіде орын алса) бұрын берілген нұсқамаларынан үзінді көшірмелерді, сондай-ақ
қоғамдық еңбек инспекторларының анықталған еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі
нормативтік талаптарды бұзушылықтарды жою туралы нұсқамаларынан үзінді көшірмелерді;
комиссияның қалауына қарай істің қаралуына қатысы бар басқа да құжаттарды береді.
Ескерту. 323-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2008.12.04
N 97-IV
(қолданысқа енгізілу
тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2009.12.30
№ 234-IV
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-б
. қараңыз),
13.06.2013
№ 102-V
(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі); 11.04.2014
№ 189-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн
өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014
N 239-V
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн
күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.
324-бап. Өндірістегі жазатайым оқиғаларды
тергеп-тексеру тәртібі
1. Арнайы тергеп-тексерілуге тиіс жағдайларды қоспағанда, өндірістегі жазатайым
оқиғаларды тергеп-тексеруді жазатайым оқиға болған кезден бастап жұмыс берушінің актісімен
жиырма төрт сағат ішінде құрылатын, мынадай құрамдағы комиссия жүргізеді:
төраға - ұйымның (өндірістік қызметтің) басшысы немесе оның орынбасары;
мүшелері - ұйымның еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметінің басшысы және
қызметкерлердің өкілі.
Жазатайым оқиға болған тиісті учаскедегі еңбек қауіпсіздігіне тікелей жауап беретін
лауазымды адам тергеп-тексеруді жүргізу кезінде комиссия құрамына енгізілмейді.
2. Арнайы тергеп-тексеруге:
1) ауыр немесе кісі өлімімен аяқталған жазатайым оқиғалар;
2) зардап шеккен адамдар жарақаттарының ауырлық дәрежесіне қарамастан, бір мезгілде екі
және одан да көп қызметкерлер ұшыраған топтық жазатайым оқиғалар;
3) қатерлі уланудың топтық оқиғалары жатады.
3. Жұмыс берушінің - жеке тұлғаның өндірісіндегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге жұмыс
беруші немесе оның уәкілетті өкілі, қызметкерлердің өкілі, жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруге
шарт негізінде де шақырылуы мүмкін еңбекті қорғау жөніндегі маман қатысады.
4. Қатерлі улану жағдайында комиссияның тергеп-тексеруіне халықтың
санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы
өкілдері қатысады.
мемлекеттік органның
5. Комиссияның жұмысына жұмыс берушімен немесе зардап шеккен адаммен тиісті шарттық
қатынастары бар сақтандыру ұйымының өкілі қатысуға құқылы.
6. Жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру мерзімі комиссия құрылған күннен бастап он жұмыс
күнінен аспауға тиіс.
7. Өндірістік практикадан өтіп жүрген, жалпы білім беретін, кәсіптік мектептерде және
жоғары оқу орындарында оқитын адамдар ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді жұмыс
берушінің және зардап шеккен адам өкілінің қатысуымен өз аумағында оқиға болған ұйымның басшысы
құратын комиссия жүргізеді.
8. Басқа ұйымның аумағында орналасып, жұмыс жүргізіп жатқан ұйымның қызметкері немесе
өндірістік тапсырманы (қызметтік немесе шарттық міндеттерді) орындау үшін басқа ұйымға
жіберілген қызметкер ұшыраған жазатайым оқиғаны тергеп-тексеруді аумағында жазатайым оқиға
болған ұйымның жауапты өкілінің қатысуымен жұмыс берушінің өзі жүргізеді.
9. Қызметкер қоса атқаратын жұмысын орындау кезінде ұшыраған жазатайым оқиғаны жұмыс өз
аумағында немесе соның тапсырмасы бойынша жүргізілген жұмыс беруші тергеп-тексереді және есепке
алады.
10. Көлік құралдарының авариясы салдарынан болған жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жол
жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті органның тергеп-тексеру материалдары
негізінде жүргізіледі.
Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі уәкілетті орган жазатайым оқиғаларды
тергеп-тексеру жөніндегі комиссия төрағасының талабы бойынша тергеп-тексеру материалдарының
көшірмелерін көлік оқиғасы болған күннен бастап бес күн мерзімде беруге міндетті.
11. Әрбір өндірістегі жазатайым оқиғаны тергеп-тексеру кезінде комиссия оқиға куәгерлерін
, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі талаптардың бұзылуына жол берген адамдарды
анықтайды және олардан жауап алады, жұмыс берушіден қажетті ақпарат және мүмкін болса, зардап
шеккен адамнан түсініктеме алады.
12. Жұмыс берушіге уақтылы хабарланбаған немесе нәтижесінде еңбекке қабілетсіздігі бірден
туындамаған (талап ету мерзіміне қарамастан) жазатайым оқиғалар зардап шеккен адамның (оның
өкілінің) өтініші бойынша немесе мемлекеттік еңбек инспекторының нұсқамасы бойынша өтініш
тіркелген, нұсқама алынған күннен бастап он күн ішінде тергеп-тексеріледі.
13. Жиналған құжаттар мен материалдар негізінде комиссия жазатайым оқиғаның мән-жайлары
мен себептерін анықтайды, жазатайым оқиғаның жұмыс берушінің өндірістік қызметімен байланысын
және тиісінше, зардап шеккен адамға оқиға орнында өзінің еңбек міндеттерін орындауына
байланысты болуы түсіндірілгенін анықтайды, жазатайым оқиғаны өндірістегі жазатайым оқиға
ретінде немесе өндіріспен байланысты емес жазатайым оқиға ретінде саралайды, еңбек қауіпсіздігі
және еңбекті қорғау талаптарының бұзылуына жол берген адамдарды анықтап, өндірістегі жазатайым
оқиғалардың себептерін жою және алдын алу жөніндегі шараларды белгілейді.
14. Режимді объектілердегі жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның
жұмыс жағдайлары осы объектілерге кіру, соларда болу ерекшеліктері ескеріліп айқындалады.
15. Қызметкердің (қызметкерлердің) еңбекке қабілеттілігін жоғалтуына әкеп соққан
өндіріспен байланысты әрбір жазатайым оқиға медициналық қорытындыға (ұсынымға) сәйкес еңбек
жөніндегі уәкілетті орган белгілеген
бойынша жазатайым оқиға туралы актімен қажетті
нысан
данасы жасалып (әрбір зардап шеккен адамға жеке-жеке) ресімделеді.
Достарыңызбен бөлісу: |