барудың міндеттері мен нысанасына сәйкес болу нәтижелері туралы актіге қоса беру үшін қағаз
және электрондық жеткізгіштердегі құжаттарды (мәліметтерді) не олардың көшірмелерін беруге;
3) болу нәтижелері туралы актінің екінші данасына алғаны туралы белгі соғуға;
4) объектіде болу үшін келген адамдардың осы объект үшін белгіленген нормативтерге сәйкес
әсер етудің зиянды және қауіпті өндірістік факторларынан қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
міндетті.
4. Мемлекеттік еңбек инспекторының кіруіне кедергі келтірілген жағдайда, болуды жүзеге
асыратын мемлекеттік еңбек инспекторы және бақылау субъектісінің уәкілетті адамы қол қоятын
хаттама жасалады.
5. Болу ішкі еңбек тәртіптемесінің қағидаларында белгіленген бақылау субъектісінің жұмыс
уақытында жүзеге асырылады.
6. Бақылау субъектісінде болу мерзімі бір күннен аспауға тиіс.
7. Бақылау субъектісінде болу нәтижелері бойынша мемлекеттік еңбек инспекторы әкімшілік
құқық бұзушылық туралы іс қозғамастан, бірақ бақылау субъектісіне болу нәтижесінде анықталған
бұзушылықтарды жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, болу нәтижелері туралы екі данада
акт жасайды.
Болу нәтижелері туралы актіде:
1) актінің жасалған күні, уақыты және орны;
2) бақылау органының атауы;
3) болуды жүргізген мемлекеттік еңбек инспекторының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған
кезде);
4) баратын бақылау субъектісінің атауы немесе тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде),
болған кезде қатысқан жеке немесе заңды тұлға өкілінің лауазымы;
5) болу күні, орны және кезеңі;
6) болу нәтижелері туралы, оның ішінде анықталған бұзушылықтар туралы, олардың сипаты
туралы мәліметтер;
7) баратын бақылау субъектісі өкілінің, сондай-ақ болу кезінде қатысқан адамдардың
актімен танысуы туралы немесе танысудан бас тартуы туралы мәліметтер, олардың қолдары немесе
қол қоюдан бас тартуы;
8) болуды жүргізген мемлекеттік еңбек инспекторының қолы көрсетіледі.
8. Болу нәтижелері бойынша ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болған жағдайда, жеке
тұлға немесе заңды тұлғаның басшысы не олардың өкілдері оларды жазбаша түрде береді.
Ескертпелер және (немесе) қарсылықтар болу нәтижелері туралы актіге қоса беріледі, бұл
жөнінде тиісті белгі соғылады.
9. Болу нәтижелері туралы актінің бір данасы танысу және анықталған бұзушылықтарды жою
жөнінде шаралар қолдану және басқа да әрекеттер жасау үшін жеке тұлғаға немесе заңды тұлғаның
басшысына не олардың өкілдеріне тапсырылады.
10. Болу нәтижесінде анықталған бұзушылықтар бойынша бақылау субъектісі қарсылықтар
болмаған кезде, болу нәтижелері туралы актіні алған кезден бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей,
анықталған бұзушылықтарды жою жөнінде қолданылған шаралар туралы ақпарат беруге міндетті.
11. Мемлекеттік еңбек инспекторлары тексерілетін субъектілерге бару мен тексеруді есепке
алу кітабында тегін, лауазымын және актіде жазылған деректерді көрсете отырып, жүргізілетін
әрекеттер туралы жазба жасауға міндетті.
12. Болу кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды
бұзушылықтар болмаған жағдайда, болу нәтижелері туралы актіде тиісті жазба жасалады.
Ескерту. 38-тарау 328-1-баппен толықтырылды - ҚР 27.06.2014
N 212-V
Заңымен (алғашқы
ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).
328-2-бап. Ведомстволық есепке алу
1.
Алып тасталды - ҚР 29.12.2014
№ 269-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі)
Заңымен.
2. Еңбек жөніндегі мемлекеттік инспекция тұрақты және үздіксіз негізде бақылау
субъектілеріне барудың саны мен қолданылған шаралардың ведомстволық есепке алынуын жүргізуге
міндетті.
Бақылау субъектілеріне барудың ведомстволық есептілігінің жиынтық деректері еңбек
жөніндегі мемлекеттік инспекцияның интернет-ресурсында орналастырылады.
Ескерту. 38-тарау 328-2-баппен толықтырылды - ҚР 27.06.2014
N 212-V
(алғашқы ресми
жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); өзгеріс
енгізілді - ҚР 29.12.2014
№ 269-V
(01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
329-бап. Мемлекеттік еңбек инспекциясы қызметінің
принциптері мен негізгі міндеттері
Мемлекеттік еңбек инспекциясының қызметі қызметкерлердің құқықтары мен бостандықтарын
сыйлау, сақтау және қорғау, заңдылық, әділдік, тәуелсіздік және жариялылық принциптері
негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік еңбек инспекциясының негізгі міндеттері:
ұйымдарда Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды
қамтамасыз ету;
қауіпсіз еңбек жағдайларына құқықты қоса алғанда, қызметкерлердің құқықтары мен
бостандықтарын сақтауды және қорғауды қамтамасыз ету;
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының мәселелері бойынша қызметкерлер мен жұмыс
берушілердің өтініштерін, арыздарын және шағымдарын қарау болып табылады.
330-бап. Мемлекеттік еңбек инспекторларының құқықтары
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының сақталуын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру
кезінде мемлекеттік еңбек инспекторларының:
1) еңбек заңнамасының сақталуына тексеру жүргізу мақсатында ұйымдар мен кәсіпорындарда
кедергісіз болуға;
2) жұмыс берушілерден өздеріне жүктелген функцияларды орындауға қажетті құжаттарды,
түсініктемелерді, ақпаратты сұратуға және алуға;
3) жұмыс берушілер орындауға міндетті нұсқамалар, қорытындылар беруге, сондай-ақ
әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамалар мен қаулылар толтыруға, әкімшілік жазалар
қолдануға;
4) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсініктемелер беруге;
5) ұйымдардың, жекелеген өндірістердің, цехтардың, учаскелердің, жұмыс орындарының
қызметі және жабдықтардың, тетіктердің пайдаланылуы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
туралы нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сай келмейтіні анықталған жағдайда, оларды
үш күннен аспайтын мерзімге, көрсетілген мерзім ішінде міндетті түрде сотқа талап-арыз бере
отырып, тоқтата тұруға (тыйым салуға);
6) жұмыс орындарында белгіленген талаптарға сай келмейтін арнаулы киімнің, арнаулы аяқ
киімнің және басқа да жеке және ұжымдық қорғану құралдарының берілуі мен пайдаланылуына тыйым
салуға;
7) жұмыс берушіге (оның өкіліне) хабарлай отырып және тиісті акт жасау арқылы арнаулы
киім үлгілерін, пайдаланылатын немесе өңделетін материалдар мен заттарды талдау жасау үшін
алуға;
8) өндірістегі жазатайым оқиғаларды белгіленген тәртіппен тергеп-тексеруге;
9) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау мәселелері бойынша оқудан, нұсқау беруден,
білімін тексеруден өтпеген қызметкерлерді жұмыстан шеттету үшін жұмыс берушілер орындауға
міндетті нұсқамалар беруге;
10) Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу, мемлекеттік еңбек инспекторларының
актілерін жұмыс берушілердің орындамауы фактілері бойынша тиісті құқық қорғау органдарына және
Достарыңызбен бөлісу: |