1.2 Мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және оның қызмет ету ерекшеліктері және олардың мемлекеттік қызметкерлер моральіне ықпалы
Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.
Мемлекеттік қызметшілердің басты ережесі саналатын ҚР мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы» Жарлығымен бекітіліп, 01.07.2019 жылы өзгертулер енгізілді. Бұл кодекс мемлекеттік қызметкерлердің қызметтегі және күнделікті өмірдегі жүріс-тұрыстарының жаңа стандартын түзді. Мемлекеттік қызметшінің әр түрлі кәсіби сұрақтарды шешудегі адалдығы мен әділдігі, қайырымдылығы мен байсалдылығы, әріптестермен өзара қарым-қатынаста да, жұмыс барысы немесе жеке мәселемен келген сырт адамдармен қатынаста да маңызды роль атқарады. Сондықтан, қызметтік этика, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет бүгінгі таңдағы мемлекеттік қызметшінің жеке бет бейнесін көрсететін айна екенін ұмытпауымыз қажет [25]. Мемлекеттік қызметші халық пен мемлекет арасындағы көпір іспеттес. Кез келген мемлекеттік қызметші Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің талаптарын қатаң сақтауы тиіс.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары) Қазақстан Республикасының Конституциясына, ҚР-ның «Мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» 2015 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарына, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларына сәйкес мемлекеттік қызметшілердің моральдық-әдептілік бейнесіне қойылатын жалпы қабылданған талаптарды, сондай-ақ олардың мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.
Әдеп Кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталған.
Мінез-құлықтың жалпы стандарттарына сай мемлекеттік қызметшілер:
1) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
2) адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
3) өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;
4) жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
5) мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
6) қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
7) өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
8) жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
9) шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;
10) мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға;
11) қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;
12) мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға;
13) жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;
14) іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс [26].
Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде басшы лауазымдарды атқаратындар, ұжымда өз діни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды.
Қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттарына сай мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта:
1) жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық, оның ішінде қоғамдық орындарда адамның қадір-қасиетін және қоғамдағы адамгершілікке нұқсан келтіретін масаң күйде болу жағдайларына жол бермеуге;
2) қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға;
3) өз тарапынан қоғамдағы адамгершілікке, тәртіпке және қауіпсіздікке қол сұғушылыққа әкелетін заңнама талаптарын бұзуға және басқа азаматтарды құқыққа қарсы, қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс [27].
ҚР мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда – орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды адамдар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе аталған лауазымды адамдар болмаған жағдайда – орталық атқарушы органдардың басшылары Әдеп Кодексінің талаптарының орындалуын, Кодекстің мәтінін мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік қызметші және азаматтар, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер және ұжымдардан өз қызметтік міндеттерін орындау барысында жасалатын қарым-қатынас, әғни осыған байланысты жоғарыда көрсетілген қатынастар жүйесінде мемлекеттік қызметші байланыстырушы буып болып табылғандықтан, демократиялық даму концепциясы бойынша мемлекет қоғамға қатысты қызмет көрсету рөлін атқарады;
Мемлекеттің шексіз мүмкіндігін анықтайтын қарым-қатынас мемлекеттік қызметшінің жағдайын, орнын өз білгенінше орнықтыру ( көпшілік билік мақсаттарына деген берілгендік қағидасы);
Билік пен азаматтар арасындағы қарым-қатынас, азаматтарды шенеуніктерден, лауазымдық тұлғаларды қызметтік озбырлықтан қорғайтын құқық нормаларының реттелуі міндетті шарт.
Мемлекеттік қызметшілер:
–Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
–адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;
–өздері қабылдайтын шешімдердің заңдылығы мен әділдігін қамтамасыз етуге;
–жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын шешімдерді қабылдаудың ашықтығын қамтамасыз етуге;
–мемлекет мүддесіне нұқсан келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмыс істеу тиімділігіне кедергі жасайтын немесе тиімділігін төмендететін іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
–қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға;
–өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
–жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілер мен өзге де адамдардың қызметіне ықпал ету үшін өзінің қызметтік жағдайын пайдаланбауға;
–шындыққа сәйкес келмейтін мәліметтерді таратпауға;
–мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз етуге, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті, автокөлік құралдарын қоса алғанда, ұтымды, тиімді және тек қызметтік мақсатта ғана пайдалануға;
–қызметтік тәртіпті бұлжытпай сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін адал, бейтарап және сапалы атқаруға, жұмыс уақытын ұтымды және тиімді пайдалануға;
–мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша тұрақты түрде шаралар қабылдауға, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің тұтынушысы ретінде толығымен халықтың сұранысына бағдар ұстануға;
–жасағаны үшін заңнамада тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауаптылық көзделген құқық бұзушылықтар мен теріс қылықтарды жасауға жол бермеуге;
–іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс [28].
Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және ұқыптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуға тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс. Мемлекеттік қызметшілер, оның ішінде басшы лауазымдарды атқаратындар, ұжымда өз діни көзқарасын ашық көрсете алмайды, бағынысты қызметшілерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне қатысуға мәжбүрлей алмайды [29].
Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде:
–ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге;
–басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға;
–ұжымда әріптестерінің ар-намысы мен абыройына кір келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан аулақ болуға;
–әріптестерінің өз лауазымдық міндеттерін орындауына кедергі келтіретін әрекеттерге (әрекетсіздікке) жол бермеуге міндетті.
Басшылар қарамағындағы қызметшілермен қарым-қатынас кезінде:
–өзінің мінез-құлқымен бейтараптықтың, әділдіктің, риясыздықтың, жеке тұлғаның арнамысы мен абыройына құрметпен қараудың үлгісі болуға;
–меритократия қағидаттарын сақтауды қамтамасыз етуге, кадр мәселелерін шешу кезінде туыстық, жерлестік және жеке басына берілгендік белгілері бойынша артықшылық көрсетпеуге тиісті.
Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды адамдары жүзеге асырады. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты сыпайы нысанда жүргізуге тиіс.
Мемлекеттік саясатты жүргізумен, мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшілердің қызметімен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның атынан жарияланымдарына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде тек өз атынан жүзеге асыра алады.
Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық көріністерін жасаған деп көпшілік алдында негізсіз айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптау анықталған күннен бастап бір ай мерзімде оны теріске шығару жөнінде шаралар қолдануға тиіс.
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау мемлекеттік органның жолдамасы бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Сот төрелігі академиясында жүзеге асырылады [29].
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқу мерзімі және оқуға түсу тәртібі тиісті білім беру ұйымдарымен бекітілген Оқуға қабылдау қағидаларымен, сондай-ақ қолданыстағы заңнамаларға сәйкес айқындалады.
Мемлекеттік орган мемлекеттік қызметшіні мемлекеттік тапсырыс шеңберінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқуға жіберген жағдайда, оған жалақысы сақталмайтын демалыс беріледі және оның жұмыс орны (лауазымы) сақталады.
Мемлекеттік қызметші мемлекеттік органның жолдамасы бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде оқуды аяқтауға, оның ішінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің тиісті бағдарламасы бойынша дәреже алуға міндеттерді алады.
Оқуды сәтті аяқтаған мемлекеттік қызметшілерге жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік бағдарламаны толық меңгергенін растайтын құжат беріледі.
Саяси қызметшілер үшін «Жаңа формацияның басшысы» бағдарламалары және басқарушылық лауазымдарына орналасқан кезде арнайы курстар бойынша оқыту Мемлекеттік басқару академиясында және дербес білім беру ұйымдарында жүзеге асырылады [30].
Арнайы қайта даярлау курстарына Мемлекеттік басқару академиясы Назарбаев Университетімен бірлесіп әзірлеген мемлекеттік органдардың басшылары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдері, сондай-ақ Президент Әкімшілігі айқындайтын мемлекеттік қызметшілердің өзге де санаттары үшін арнайы оқу бағдарламалары мен оқыту әдістері кіреді.
Біліктілігін арттыру «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін Мемлекеттік басқару академиясында, ал «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілері үшін Мемлекеттік басқару академиясында және оның филиалдарында жүзеге асырылады.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің біліктілігін арттыру мемлекеттік орган қызметінің бейіні бойынша өзге де білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуы мүмкін
Мемлекттік қызметшілер қызметтік тәртіпті мүлтіксіз сақтау, қызметтік міндеттерін сапалы және әділ орындау, жұмыс уақытын тиімді пайдалану, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеу сияқты мемлекеттік қызметкерлерге қойылатын негізгі талаптарды орындаулары керек.
Біздің мемлекетіміздің Конституциясында азаматтардың мемлекет істерін басқаруға қатысу құқығы, мемлекеттік қызметке қолжетімділіктің тең құқылығы бекітілген. Бұл ұйымдастырушылық және құқықтық сипаттағы іс-шаралардың тұтастай жүйесімен қамтамасыз етіледі.
Конституцияға (13 б. 1п.) сәйкес, әр азаматтың оны құқық субъектісі ретінде мойындау және өзінің құқықтары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін барлық әдіс-тәсілдер арқылы қорғау құқығы бар. Өз кезегінде, адамның (азаматтың) құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру басқа тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауы, конституциялық құрылым мен қоғамдық адамгершілікке қастандық жасалмауы тиіс ҚР Конституциясының 12 б. 5п.). Еңбек келісімшартында мемлекеттік қызметке қабылданушы тұлға тарапы болу үшін ҚР “Мемлекеттік қызмет туралы” Заңының 13 бабында белгіленген арнайы талаптармен сипатталатын арнайы еңбек құқығы субъектісін меңгеруі тиіс [31].
Біріншіден, еңбек заңнамасының жалпы еңбек нормаларында белгіленген 18 жаспен салыстырғанда анағұрлым ересек жасқа жеткен азамат. Көпшілікпен мақұлданған еңбек-құқықтық доктринасында және заңнамалық көзқарастарға сәйкес, бұл шектеулер кемсітушілік айырмашылықты сипаттамадайды, ол еңбектің аталмыш түріне тән қатаң талаппен алдын ала белгіленеді және мемлекеттің кәмелеттік жасқа толмаған азаматтары жайлы ерекше қамқорлығын қамтамасыз етеді.
Екіншіден, конституциялық құрылым негіздерін, адамгершілікті, басқа тұлғалардың денсаулығын, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды алдын ала қамтамасыз ету, ел қорғаны мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету қажеттілігіне байланысты белгіленген Қазақстан Республикасы азаматтығының болуы.
Үшіншіден, қажетті білімінің, кәсіби дайындық деңгейінің болуы және белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес болуы. Аталмыш талаптер анықтайтын арнайы еңбек-құқықтық субъектінің мазмұны еңбек қатынастарының белгілі бір түріне (тобына) енудің заңды мүмкіндіктер жиынтығын құрайды.
Мұндай еңбек қатынастарының субъектісі лауазымдар, мамандықтар, кәсіп қызметкерлері үшін заңнамада белгіленген арнайы біліктілік талаптарына жауап беретін азамат бола алады.
“Мемлекеттік қызмет туралы” Заңның 12 б. 4 п. ережесіне сәйкес, мелекеттік қызметке қабылдану барысында жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, нанымына, қоғамдық бірлестікке жатуына және кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір тура немес жанама шектеулерді белгілеуге жол берілмейді [32].
Аталған Заң аясында:
азамат мемлекеттік қызметке қабылдану барысында салық қызметі органдарына өзінің кірістері және салық салыну нысаны болып табылатын меншік құқығындағы оған тиесілі [2, 2-б.] мүліктері туралы мәліметтерді ұсынуға міндетті.
Әкімшілік мемлекеттік лауазыммен айналысу азаматтың міндетті арнайы тексерістен өткені соң жүзеге асырылады.
Саяси мемлекеттік қызметке қабылдану үшін қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді. Еңбек келісім шартының екі тарапының да мүдделеріне жауап беретін кадрларды дұрыс орналастыру үшін қызметке қабылдану барысында ұсынылатын құжаттарда көрсетілген қызметшінің білімін тексері аса маңызды. Сондықтан қызметкерлердің білімін тексеру үшін жұмысқа қабылдану кезіндегі сынақ тәрізді құқықтық құрал пайдаланылады.
Мемлекеттік қызмет туралы отандық заңнама саяси мемлекеттік қызметкерлерге қолданылмайтын төмендегідей ережелерді белгілейді. Біріншіден, әкімшілік мемлекеттік лауазымға бірінші рет қабылданып отырған немесе конкурстық іріктеу нәтижелері бойынша жоғары санаттағы әкімшілік мемлекеттік лауазымға қабылданған азамат үшін үш айға дейінгі мерзімге сынақ белгіленуі мүмкін. Екіншіден, сынақ мерзімінде әкімшілік мемлекеттік қызметшінің қызметте себепсіз болмаған мерзімі есептелмейді. Үшіншіден, сынақтың қанағаттанарлықсыз нәтижесі бойынша әкімшілік мемлекеттік қызметші уәкілетті органмен немесе оның аймақтық бөлімшесімен келісім бойынша сынақтан өтпеген азамат ретінде қызметінен босатылады. Төртіншіден, егер сынақ мерзімі аяқталып, ал әкімшілік мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметін жалғастырған жағдайда ол сынақтан өткен болып, ал сынақ мерзімі оның мемлекеттік қызмет өтіліне есептеледі [33].
Бос әкімшілік лауазымға жұмысқа орналасу үшін байқау өткізу Ережелерінде байқаудың ашық және жабық тәсілмен өткізілуі қарастырылған.
Ашық байқауға қазақстан Республикасының барлық азаматтарының қатысу құқығы болса, жабық байқауға тек әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің құқығы бар. Жабық байқау мемлекеттік әкімшілік лауазымдар бойынша қарастырылады. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінде, Парламент Палаталарының Аппараттарында, Премьер-министрдің Канцеляриясында, ҚР Конституциялық Кеңесі Аппаратында. Ережеге сәйкес, конкурстық комиссияның оң шешімін алған конкурсқа қатысушылар әкімшілік мемлекеттік лауазымда қызмет атқаруға құықтары бар.
Мемлекеттік қызметшіні лауазымға тағайындау сәті, мемлекеттік қызметке ресімдеудегі бұйрықтың (жарлықтың) рөлі, сонымен қатар мемлекеттік қызметке сәйкес жұмысқа шындығында жіберілгендігі жайлы ереженің мағыздылығы туралы мәселе аса өзекті болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |