Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы



жүктеу 0,65 Mb.
Pdf просмотр
бет1/49
Дата20.11.2018
өлшемі0,65 Mb.
#22599
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49


 
 
Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік 
біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы 
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі N 338 
Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2009 жылғы 17 тамызда 
Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5750 болып енгізілді.
 
 
      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 
34) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 
 
      1. Қоса беріліп отырған Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың 
лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамалары бекітілсін. 
 
       2. Орта білім департаменті (М.Т. Санатова) белгіленген тәртіппен: 
 
       1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік 
тіркелуін қамтамасыз етсін; 
 
       2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін ресми жариялауды қамтамасыз 
етсін. 
 
       3. Орта (М.Т. Санатова), техникалық және кәсіптік (Қ.Қ. Бөрібеков), жоғары және 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім (С.М. Өмірбаев) департаменттері осы бұйрықты облыстық, 
Астана және Алматы қалалары білім басқармаларының, республикалық ведомстволық бағынысты 
білім беру ұйымдарының, жоғары оқу орындарының назарына жеткізсін. 
 
       4. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің: 
 
      1) "Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі 
біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" 2008 жылғы 12 ақпандағы N 61 бұйрығының (N 5168 
нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, 2009 жылғы 11 
ақпандағы N 21 "Юридическая газета" газетінде жарияланған); 
 
      2) "Педагог қызметкерлердің және оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының үлгі 
біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым 
министрінің 2008 жылғы 12 ақпандағы N 61 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу 
туралы" 2009 жылғы 20 наурыздағы N 128 бұйрығының (N 5615 нормативтік құқықтық актілерді 
мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген) күші жойылды деп танылсын. 
 
       5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін. 
 
       6. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң 
қолданысқа енгізілді. 
 
 
      Министр                                           Ж. Түймебав 
 
 
      "КЕЛІСІЛДІ" 
 
      Қазақстан Республикасы 
 
      Еңбек және халықты 
 
      әлеуметтік қорғау министрі 
 
      __________ Г. Әбдіқалықова 
 
      2009 жылғы 07 тамыз 
 
 
  Қазақстан Республикасы   
 
 Білім және ғылым министрінің 
 
 2009 жылғы 13 шілдедегі  
 
 N 338 бұйрығымен бекітілген 
 
 
 Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының 
үлгілік біліктілік сипаттамалары  
 



 
 
   1. Жалпы ережелер 
 
      Осы Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар лауазымдарының үлгілік 
біліктілік сипаттамалары «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 
әзірленді және білім беру ұйымдарының меншігіне, ведомстволық бағыныстылығы мен 
ұйымдастыру-құқық нысанына қарамастан олардың қолдануы үшін міндетті.
 
      
Ескерту. Кіріспемен толықтырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2011.06.09 

241
 (ресми жарияланғаннан кейін жиырма бір күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа 
енгізіледі) Бұйрығымен.
 
 
        1. Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің лауазымдарының үлгілік біліктілік 
сипаттамасы (бұдан әрі - Сипаттама) мыналарға негіз болады: 
 
       құрылымдық бөлімшелер туралы олардың білім беру ұйымдарындағы орны мен рөлін 
анықтайтын ережелер жасау; 
 
       қызметкерлердің міндеттерін, құқықтары мен жауапкершіліктерін белгілейтін 
лауазымдық нұсқаулықтар әзірлеу; 
 
       кадрларды іріктеу мен орналастыру, оларды пайдаланудың дұрыстығына бақылау 
жүргізу; 
 
       білім беру ұйымдарының қызметкерлерін аттестаттаудан өткізу. 
 
       2. Білім беру ұйымдарының штат кестесінде қызметкерлер лауазымының атаулары осы 
Сипаттамада көрсетілген лауазымдық атауларға сәйкес келуі қажет. 
 
       3. Әрбір лауазымға берілген Сипаттама үш бөлімнен: "Лауазымдық міндеттері", 
"Білуге міндетті" және "Біліктілікке қойылатын талаптар" бөлімдерінен тұрады. 
"Лауазымдық міндеттері" бөлімі қызметкерлердің ұтымды мамандануын қамтамасыз ететін 
жұмыстардың технологиялық біртектілігін және өзара байланыстылығын ескере отырып осы 
лауазымды атқаратын қызметкерге толық не жартылай тапсырылатын негізгі жұмыстарды 
қамтиды. 
 
       "Білуге міндетті" бөлімі қызметкерге арнайы білімге қатысты, сондай-ақ заңнамалық 
және нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді, нұсқаулықтарды, тағы басқа 
материалдарды білуі бойынша қойылатын негізгі талаптарды, қызметкер лауазымдық 
міндеттерін орындау кезінде қолдана алуға тиіс әдістер мен құралдарды қамтиды. 
 
       "Біліктілікке қойылатын талаптар" бөлімі қызметкердің көзделген міндеттерді 
орындауға қажетті қызметкердің кәсіби даярлық деңгейі мен жұмыс өтіліне қойылатын 
талаптарын айқындайды. 
 
       4. Мамандардың, оның ішінде бас мамандардың (бас есепші, бас инженер, бухгалтер, 
инженер, экономист және тағы басқалар) лауазымдары бойынша біліктілік сипаттамасы 
көрсетілмеген, себебі, олардың лауазымдық міндеттемелері мен білімге деген талаптары 
заңнамада белгіленген тәртіппен бекітілген қызметтің барлық саласына арналған жалпы 
біліктілік сипаттамасының негізінде айқындалады. 
 
       5. Басшылар, педагог қызметкерлер және оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік 
санатын білім беруді басқару органы белгілейді. 
 
       6. Сипаттамалар ішкі ұйымдастыру-үйлестіру құжаттарын әзірлеуге негіз болып 
табылады: өндірісті, еңбекті және басқаруды ұйымдастырудың ерекшеліктерін, сондай-ақ 
олардың құқықтары мен жауапкершіліктерін ескере отырып, қызметкерлердің лауазымдық 
міндеттерінің нақты тізбесін қамтитын лауазымдық нұсқаулығы. 
 
       Біліктілік сипаттамаларында әрбір лауазымға неғұрлым тән келетін жұмыстар түрлері 
берілген. Сондықтан лауазымдық нұсқаулықтарды әзірлеу кезінде нақты ұйымдық-техникалық 
жағдайдағы тиісті лауазымға тән жұмыстар тізбесін нақтылауға болады және қызметкерлердің 
арнайы даярлығына қажетті талаптар белгіленеді. 
 
 


жүктеу 0,65 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   49




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау