Жаһандану жағдайына сәйкес заманауи қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет этикасын қалыптастыру және дамыту нормативті сілтемелер


Магистрлік диссертацияның құрылымы



жүктеу 207,24 Kb.
бет5/15
Дата12.04.2023
өлшемі207,24 Kb.
#42124
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
10.06.20 Ахмет Ә.Е. диссертация

Магистрлік диссертацияның құрылымы.
Диссертациялық жұмыс тақырыпқа сай кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды және 80 пайдаланылған әдебиеттер тізімінен. 8 сурет, 8 кестеден тұрады

1 Мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік қызмет этикасының теориялық негіздері
1.1. Мемлекеттік қызметтің түсінігі, негізгі қағидаттары және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының ролі

Мемлекеттік қызмет – мемлекеттің саясатын жүзеге асырумен және мемлекеттің атынан жергілікті халық арасында негізгі экономикалық, әлеуметтік және саясаи бағдарламаларды жүзеге асырумен байланысты қызметтің өзгеше бір түрі. Мемлекеттік қызметтің алғашқы көріністері мемлекет енді қана қалыптасқан кезде бастау алған. Атап айтқанда, б.ғ. дейінгі ХХ ғ. Ежелгі Шумерде мемлекеттік аппаратқа қарсы баытталған алғаш көтеріліс өткен, сол кезде екі палаталық парламент пен мемлекеттік қызметтің ережелері де бастау алған [1].


Ежелгі Греция мен Императорлық Рим мемлекеттік қызмет этикасының қалыптасуында үлкен роль атқарған. Осы елдерде биліктің болмысына талдау жасалған, философияда «билік», «қоғаммен өзара қарым – қатынас», «құқықтық ролі» сынды ұғымдар қалыптасқан.
Мемлекеттік қызмет ежелден бері мемлекеттің басты институттарының бірі болған, қазіргі кезде ол мемлекеттік басты институттарының бірі және де келешекте де мемлекеттің басты институттары болып қалады. Мемлекеттік қызметті атару – тұлғаның мемлекет пен қоғам алдындағы зор жауапкершілік, зор міндет. Өз ісін жоғары кәсіби деңгейде атқаруы үшін мемлекеттік қызметшінің көптеген рухани – моральдік қасиеттері бар болуы тиіс, олар дың бастысы – басқа адамдармен өзара қарым – қатынас жасау барысындағы төзімділік [2].
Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа Жолдауында «мемлекеттік қызметтің биік жауапкершілік жүктейтініне басымдық бере отырып, біз қалыптастырған жүйе барлық азаматтардың тең құқықтарға ие болуын, кадрларды іріктеу мен жоғарылатуда мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігі мен ашықтығының барынша жоғары деңгейін қамтамасыз етеді» деп атап өткен болатын [3].
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі – мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органдарда мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын іске асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіліктерді атқару жөніндегі қызметі.
Ал, мемлекеттік қызметші – мемлекеттік органда [2] Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Мемлекеттік қызметтің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Мемлекеттік қызмет туралы Заң, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері құрайды [2].
Мемлекеттің қызметтің қағидалары – мемлекеттік қызметтің негізіне қаланатын және оның мәнін білдіретін негізгі идеялар, басшылыққа алынатын бастаулар ("ҚР мемлекеттік қызметі туралы" заңының 3 бабында бекітілген). Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметтің негізгі қағидаттары келесілерден құралады:
–заңдылық;
–қазақстандық патриотизм;
–мемлекеттік биліктің заң шығарушылық, атқарушылық және сот тармақтарына бөлінуіне қарамастан, мемлекеттік қызмет жүйесінің біртұтастығы;
–азаматтар құқықтарының, бостандықтарының және заңды мүдделерінің мемлекет мүдделері алдындағы басымдығы;
–мемлекеттік органдар қызметіндегі тиімділік, нәтижелілік, ашықтық;
–азаматтардың мемлекеттік қызметке қол жеткізуге тең құқығы;
–азаматтардың мемлекеттік қызметке кіруінің еріктілігі;
–мемлекеттік қызметшілердің кәсібилігі;
–меритократия – мемлекеттік қызметшінің жеке сіңірген еңбектері мен жетістіктерін мойындау, оны қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызмет бабында ілгерілету;
–жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз өкілеттіктері шегінде қабылдаған шешімдерді орындаудың бағынысты мемлекеттік қызметшілер мен төмен тұрған мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері үшін міндеттілігі;
–мемлекеттік қызметшілердің бақылауда болуы және есептілігі;
–мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық міндеттерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны және өздерінің лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін жеке жауаптылығы;
–әдептілік;
–құқық бұзушылықтарға төзбеушілік;
–мемлекеттік құпияларды немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын қызметті қоспағанда, қоғамдық пікір мен жариялылықты ескеру;
–мемлекеттік қызметшілердің құқықтық және әлеуметтік қорғалуы;
–мәні бірдей жұмыстарды орындағаны үшін еңбекақыны тең төлеу;
–мемлекеттік қызметшілерді лауазымдық міндеттерін үлгілі атқарғаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны үшін көтермелеу;
–мемлекеттік қызметшілерді оқытудың және қажетті құзыреттерін дамытудың үзіліссіз болуы;
–мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың, қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың практикалық бағдарлануы қағидаттарына негізделеді [5].
Елімізде мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берілмейді. Мемлекеттік қызметшілер лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктер мен олардың органдарының шешімдеріне байланысты болмайды [2].
Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі органдардың бірыңғай жүйесін уәкілетті орган, оның ведомствосы, аумақтық бөлімшелері, уәкілетті органға ведомстволық бағынысты ұйымдар құрайды.
Аумақтық бөлімшелер өз қызметін уәкілетті орган Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгілеген құзырет шегінде жүзеге асырады [6].
Мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік лауазымдары Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қалыптастырылады [7].
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін мемлекеттік лауазымдардың санаттары белгіленеді. Мемлекеттік саяси қызметшілер үшін мемлекеттік лауазымдардың санаттары белгіленбейді. Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін уәкілетті органның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Мемлекеттік қызметшінің мәртебесі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген, мемлекеттік қызметте болуына байланысты шектеулері бар Қазақстан Республикасының азаматы ретінде мемлекеттік қызметшінің жалпы құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет ерекшеліктеріне негізделген құқықтарын, міндеттері мен жауаптылығын қамтиды.
Қазақстан Республикасының азаматтары мемлекеттік қызметші мәртебесіне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік лауазымға тағайындалған немесе сайланған кезден бастап ие болады және мемлекеттік қызметті тоқтатқан кезден бастап одан айрылады.
Мемлекеттік қызметшінің Қазақстан Республикасының азаматтарына Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында кепілдік берілетін құқықтар мен бостандықтарды пайдалануға құқы бар [8].
Мемлекеттік қызметшілердің негізгі міндеттері төмендегідей:
–Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамасын сақтау;
–азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қарауға және олар бойынша қажетті шаралар қабылдау;
–функцияларын өздерінің лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес жүзеге асыру;
–лауазымдық өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде саяси партиялардың, қоғамдық және діни бірлестіктердің қызметінен бейтарап және тәуелсіз болу;
–қызметтік тәртіпті, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді және қызметтік әдепті сақтау;
– басшылардың бұйрықтары мен өкімдері, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдардың шешімдері мен нұсқаулары олардың лауазымдық өкілеттіктері шегінде шығарылған болса, оларды орындау;
–мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны сақтау, оның ішінде мемлекеттік қызметті тоқтатқаннан кейін заңмен белгіленген уақыт ішінде сақтауға, ол жөнінде қолхат беру;
–лауазымдық өкілеттіктерін атқару кезінде алатын, азаматтардың жеке өмірін, ар-намысы мен қадір-қасиетін қозғайтын мәліметтерді жария етпеу және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, олардан мұндай ақпарат беруді талап етпеу;
–мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету, өзіне сеніп тапсырылған мемлекеттік меншікті қызметтік мақсаттарда ғана пайдалану;
–өздеріне мәлім болған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жағдайлары туралы өздері жұмыс істейтін мемлекеттік орган басшылығының және (немесе) құқық қорғау органдарының назарына дереу жеткізу;
–лауазымдық міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыру және т.б. [9].
Мемлекеттік саяси қызметшілердің функционалдық міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде, тиісті мемлекеттік орган туралы ережеде және міндеттердің бөлінуінде айқындалады.
Мемлекеттік органдардың бірінші басшылары болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілердің және облыс, республикалық маңызы бар қалалар және астана әкімдерінің негізгі функциялары мыналар болып табылады:
–мемлекеттік органның мақсаттарын, тиісті аумақты дамыту мақсаттарын айқындау;
–мемлекеттік саясатты тұжырымдауға, айқындауға және іске асыруға ықпал ететін шешімдерді қабылдау;
–сыртқы саясат қызметі саласындағы уәкілетті органның келісімі бойынша шетелдік дипломатиялық өкілдіктердің басшыларымен өзара іс-қимыл жасау;
–Қазақстан Республикасының Парламентінде және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарда мемлекеттік орган атынан өкілдік ету;
–мемлекеттік, үкіметтік бағдарламалардың және өзге де жобалардың орындалу барысын реттеу және бағалау;
–Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функциялар [10].
Орталық мемлекеттік органдардың аппарат басшыларының өкілеттіктеріне:
–мемлекеттік органға жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастыру;
–өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау;
–мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекіту;
–егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік органның "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындау және мемлекеттік лауазымдардан босату;
–мемлекеттік органның тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асыру;
–қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асыру;
Мемлекеттік лауазымдарға тиісті біліктілік талаптарына сай келетін, өзінің жеке және кәсіби қасиеттері, денсаулық жағдайы, білім деңгейі бойынша өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді атқаруға қабілетті және Қазақстан Республикасының заңында белгіленген зейнеткерлік жасқа жетпеген Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.
Мемлекеттік қызметтің Қазақстандық үлгісін жасауда өзіміздің және шетелдің жақсы нәтиже берген тәжірибелері қолданылған. Бүгінде мемлекеттік қызметтің бірыңғай мемлекеттік биліктің заң шығаратын, іске асырушы және соттық салаларға бөлінуіне қарамастан барлық ұйым түрлеріне бірдей негіз бен ұстаным құрудың қажеттілігі анықталуда. Бұл бағытта саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдар тізілімін, қызмет пен мамандықтың сәйкестігін, іріктеу рәсімін, кадрларды орынды пайдалану, мемлекеттік қызметкерлердің әлеуметтік-құқықтық қорғалуы мен еңбегін ынталандыру механизмін, кадрларды оқыту бағдарламасын жасау, мемлекеттік қызметкерлердің тәжірибесінде адекватты қажеттілікті анықтау; мемлекеттік органда кадрлық құрылым санының өсуін тұрақтандыру; мемлекеттік аппарат кадрларының аспандатылуы мен тұрақтылығын қамтамасыз ету; мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қабілеттілігі мен еңбек нәтижесінің бағалануын қамтамасыз ету алдыңғы саптағы маңызға ие [11].
Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметі жаңа экономикалық шарттарға икемделген, мемлекеттің ішкі, сыртқы саясатының жүзеге асуын сапалы жаңа деңгейде қамтуға қабілетті кадрлық потенциалды жаңартуға бағытталуын; іскери қасиетіне сәйкес мемлекеттік қызметкерлерді ашық және жабық процедурасында іріктеу мен алға жылжытуды енгізуді, кадрлардың біліктілігін үнемі көтеруді әрі олардың әлеуметтік-құқықтық қорғанысын қамтамасыз етуді атап көрсету тиіс.
Мемлекеттік қызмет (кең мағынасындағы түсінігі) – бұл жұмысшылар мен шаруалардың жұмысынан бөлек, мемлекеттік органдарда, кәсіпорындарда, мекемелерде және ұйымдарда жүзеге асырылатын жұмыс, ал тар мағынасында – бұл мемлекеттік органдардың (мемлекеттік аппараттың) қызметкерлерінің күнделікті еңбек қызметі. Сонымен, мемлекеттік қызмет – бұл құқық нормасымен реттелген, кәсіби негізде, ақылы түрде мемлекеттік органдардың қызметкерлерінің мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру мақсатында жүзеге асырылатын, мемлекеттің шегіндегі адамдардың еңбек етуінің жеке дербес түрі. Сол үшін мемлекеттік лауазымдар белгіленеді. Мемлекеттік лауазым – бұл мемлекеттік органның нормативтік-құқықтық актілерімен белгіленген лауазымдық өкілеттілік пен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген құрылымдық бірлігі [12].
Мемлекеттік қызметтің негізгі белгілері:
–мемлекеттік ұйымдастырушы қызметінің бір түрі;
–әкімшілік, еңбек, азаматтық, қаржы және басқа да құқық салаларының нормаларымен реттеледі;
–ақылы түрде кәсіби негізде жүзеге асыралады, яғни арнайы даярланған қызметкерлрмен – мемлекеттік қызметшілермен жүзеге асырылады;
–олардың қызметінің мәні – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыру.
Кез келген мемлекеттік немесе қоғамдық орган қандайда болмасын қоғамға пайдалы қызметті жүзеге асыру үшін нақтылы түрде ұйымдастырылған адамдардың ұжымынан тұрады. Мемлекеттік немесе қоғамдық органда жұмыс істейтін әрбір адам оның ұжымына кіреді, онда белгілі бір орын алады, оның қызметінде қандайда болмасын нақты қызмет рөл атқарады. Кез келген мемлекеттік органның қызметінің сенімділігі мен нәтижелілігі көбінесе онда істеп жүрген адамдарға - мемлекеттік қызметшілерге байланысты болады. Мемлекеттің әрбір органының құзырлығы оның жұмысшыларының (ең бастысы органның жетекшілерінің, орынбасаларының және оның құрылымдық бөлімдерінің жетекшілерінің) әрекеттерінде іске асады. Сондықтан мемлекеттік басқару органдарында жұмыс істейтін адамдар мемлекеттік қызметшілер болып табылады, ал олармен атқаратын қызметі мемлекеттік қызмет деп аталады [13].
Мемлекеттік қызметшілердің күнделікті қызметі адамның еңбек етуінің ерекше түрі болып табылады.
Мемлекеттік қызметшілердің еңбек етуінің басқа жұмысшының еңбек етуінен ажырататын бірқатар ерекшеліктері болады:
–мемлекеттік қызметшілердің еңбек ету процесіндегі әрекеттері нақты бір құқықтық салдарларды туғызады, соған байланысты қызметшілердің қызметінің негізгі жақтары құқық нормаларымен реттеледі;
–мемлекеттік қызметшілердің еңбек ету сипаты оның мемлекеттік басқару аппаратындағы алатын лауазымына байланысты анықталады, нақты құқықтық мәртебесі болады, ал мамандығы бойынша жұмыс істейтін жұмысшының еңбегі тек өндіріс құралдарын дұрыс пайдалану білімін ғана қажет етеді;
–мемлекеттік қызметшілердің еңбегі нормаланбаған, ал еңбегі – уақыт бойынша есептелетін болса, ал жұмысшының еңбегі қатаң нормаланған, және еңбек ақысының төлемі жұмысының мөлшері мен сапасына байланысты болады;
–кез келген мемлекеттік қызметші мемлекеттік аппаратта қатаң анықталған ұйымдық-құқықтық тәсіл арқылы лауазымға ие болады, ал жұмысшы - тек келісімшарт негізінде ғана орналасады.
Сонымен, мемлекеттік қызметші – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаражатынан ақы төленетін мемлекеттік лауазымды атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында мемлекеттік органда лауазымдық өкілеттіктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы.
Қазіргі уақытта мемлекеттік дамудың жаңа деңгейі мемлекеттік қызмет жүйесіне жоғары талаптар қойып отыр, қазір «мемлекеттік қызмет» ұғымы «ұлтқа (қоғамға) қызмет ету» ұғымының синонимі болуға тиіс және мемлекеттік қызметтерді тұтынушы ретінде халыққа бағдар беруді білдіруі керек. Қазақстанда алдыңғы қатарлы принциптерді, құқық негіздері мен стандарттары біріктірген мемлекеттік қызмет үлгісі жасақталып, іске енгізілді және ол әлем мойындаған мемлекеттік қызмет жүйесіне айналды.
Мемлекеттік қызмет белгілі бір мақсатқа жетуде, әлеуметтік, экономикалық, саяси, ұйымдастырушылық, құқықтық және идеологиялық тұрғысынан қарастырылады. Сол себепті, мемлекеттік қызмет басқа институтар арасында тұтастығымен, анықтығымен ерекшеленеді. Мемлекеттік қызмет күрделігі жағынан көп деңгейлі және иерархиялық сатыны сипаттап және басқа ерекшеліктері де оның жүйелі талдауды қолдануын талап етеді [14].
Ғылыми әдебиетте белгілі, жалпылама қолданатын мемлекеттік қызметтің анықтамалары берілгін. Әдебиеттердің ішінде кең таралған мемлекеттік қызмет түсінігін ашып көрсететін көзқарастарды келесідей көрсетуге болады. Мемлекеттік қызмет дегеніміз:
–конституция мен заңдарға сәйкес мемлекеттің функциясын қамтамасыз ететін бұқаралық әлеуметтік құқықтық институт [15];
–азаматтар мен қоғамның еркін тіршілік әрекетінің құқықтарын жүзеге асыру мақсатында негізделіп, мемлекеттік билікті жүзеге асыру тәртібі [16];
–мемлекеттік басқарудағы бірден-бір салмақ түсіретін конструкцияның, қазіргі демократиялық мемлекеттің бөлінбес бөлігі [17];
–азаматтар мен мемлекет арасындағы ашықтық-құқықтық қарым-қатынасы мен заңдарды арқылы мемлекет саясаты мен әкімшілік үрдістерді жүзеге асыру [14];
–мемлекеттік билікті жүзеге асыруды реттейтін, мемлекеттік басқаруды, қоғамдастық әлеуметтік институтты, өзінің құқықтық дәрежесіне іс жүзінде мемлекеттік қызметті орындайтын (кәсіби корпорация тұлғалардың) ортақ құқықтық институт [18];
–мемлекеттік мақсаттармен қызметтерін жүзеге асыру үшін өздерінің қызметшілері бар мемлекеттік орган жүйесі;
–мемлекеттік аппарат қызметі – басқару қызметінің ерекше түрі [19].
Мемлекеттік қызмет сөзіне нақты анықтаманы Г.В. Атаманчук «мемлекеттік қызмет – бұл мемлекеттік органдардағы мекемелердің мемлекеттік қызметті жүзеге асыру барысында азаматтардың іс жүзінде және кәсіби қатысуы» деп берген [20]. Мемлекеттік қызмет мемлекет пен қоғамның билік пен азаматтардың (мемлекет – мемлекеттік орган жүйелері – мемлекеттік орган – мемлекеттік қызмет, мемлекеттік қызметші – азамат – қоғам) арасындағы байланысты көрсетіп, конституция мен заңдарға сәйкес мемлекеттің функциясын қамтамасыз ететін институт болып табылады. Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік қызметші – азамат және тұлғалар арасындағы құқықтық байланыс пен мемлекеттік қызметті орындаушы, мемлекеттік орган немесе мемлекеттік орган жүйесі арқылы және мемлекет пен тұлғалар арасындағы мемлекеттік қызметті орындаушы және мемлекеттік азаматтардың екі түрін қамтиды.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет түсінігінің теориялық кең мағынасы – бұл мемлекеттік орган аппаратында тұрақты немесе уақытша қызмет атқаратын және мемлекеттік бюджеттен жалақы алатын (мемлекеттік органдары мен бөлімшелері), мемлекеттік органдарда басқарудың кадрлық функциясы мен тұлғалардың іс жүзіндегі қызметі [21]. Демек, мемлекеттік қызметтің түсінігі бойынша жауапкершілік мемлекеттік қызметке, мансабына емес, мемлекеттік қызметшіге тиісті.
Сонымен қатар, ресейлік ғалымдар мемлекеттік қызметке «мемлекет немесе әкімшілік (аппараттық қызметтің) – басқару қызметінің ерекше түрі» [22] деген анықтама берді.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, мемлекеттік қызмет ұғымының нақты бір анықтамасының жоқтығын көріп отырмыз. Мемлекеттік қызмет ұғымының негізін мемлекет сөзі құрайтынын ескерсек, оның негізгі мағынасы да осыдан туындайды. Сонымен қатар, заңда мемлекеттік қызметтің анықтамасында «мемлекет» сөзі жазылып, оның мақсаты мен қызметі көрсетілу қажет.
Сонымен, мемлекеттік қызметтің ұйымдастырушылық мақсатына тоқталатын болсақ, біздің пікірімізше, ол келесідей. Мемлекеттік қызметтің ұйымдастырушылық мақсаты – мемлекеттік органға тиісті өкілеттігін қамтамасыз ету және орындау, мемлекеттік аппаратты мамандандыру, ережелерді жетілдіру, ережелер, мемлекеттік қызметшілердің құрамы мен стандартын сапалы реттеу, олардың қызмет бабымен жоғарлауын, мемлекеттік аппарат құрамын өзгерту және т.б.
Сонымен қатар, мемлекеттік қызмет мақсатқа жету жолында мемлекеттік аппарат шеңберінде әлеуметтендіруден бастап қайта қызметке қабылдау, олардың ұйымдастырушылық ережесін меңгеру, ережелер, дәстүрлер мен бақылау тетігін аяқтау, қабылданған қызметшінің қызметіне мемлекеттік қызмет жүйесінің шеңберінде бағыттылық пен сипатын беретін мадақтау мен санкция тетіктері қолданылады. Мемлекеттік қызмет мақсатының көп бөлігін шешу оның жүйесінің басты элементеріне байланысты – кадрлық әлеуетіне, кәсіби дәрежесі мен қызметшінің жеке қасиетіне, мемлекеттік қызмет мақсатына жету барысында қайсарлығы. Сондықтан мемлекеттік қызметті ұйымдастырушылық институт ретінде кадрды іріктеу оның ең басты мақсаты болып табылады. Іріктеу ережесін қалыптастыру, мемлекеттік қызметке қабылдау, конкурс өткізу үрдісі, мамандыққа баға беретін сынақ, тестық аттестация, лауазымға тағайындау және т.б. қалыптастыру арқылы жоғарыдағы көрсетілген мақсаттарды жүзеге асыруға болады [23].
Қызметшілердің кәсібилігін жоғарылату, дайындық жүйесінде тиімді қызметті қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау мен біліктілігін көтеру мемлекеттік қызметтің ұйымдастырушылық институтының мақсатына жатады. Осы жұмыстарды ұйымдастыру нормалары мен ережелері бойынша оқуға резервте тұрған қызметшілерді алуға бағытталып, бітірген уақытта ереже бойынша оларды мансаптық жоспар және оқуды бітірген нәтижесі арқылы қызметте жоғарылау кепілі болу қажет. Әрине оқу бағдарламасы мен жоспарларын ұйымдастыру барысында шеберлік пен дағдыларды иеленуге бағытталуы тиіс. Еңбекті ынталандыру қарапайым мемлекеттік аппаратқа қарағанда мемлекеттік қызметте ұйымдастырушылық институтты құрғанда ғана қалыптасады. Арнайы сауалнама мен тест және т.б. ұйымдастыру жүргізу барысында қызметшінің құндылығын ескеретін ынталандыру жүйесінде оның тиімділігі жоғарыдағы дәлел. Мемлекеттік қызметке орналасу кезінде жұмыс сипатына, еңбек шартына, сыйақыға, мансаптық көп көніл бөлінеді.
Мемлекеттік аппараттағы қызметшілердің жүріс-тұрыс ережесін реттеуде мемлекеттік қызметті ұйымдастыру маңызды болып табылады. Осының ішінде ең маңыздысы жоғарғы органдар мен лауазымды адамдардың шешімдерді және мемлекеттің жүктеген міндеттерін орындау барысында әділ, парасатты, қиянаттыққа бармайтын, Отанға деген парызының беріктік қасиеттері болу қажет. Сондықтан мемлекеттік қызмет мемлекеттік аппаратты тәртіпке келтіріп, оны жалпы мемлекеттік міндетті орындауға бағыттайтын ұйымдастырушылық институты болып табылады [24].
Мемлекеттің қызметшілердің жұмысы көбіне түрлі факторлардың күрделі қарым-қатынасына байланысты, оның ішінде адами фактор болып табылады, себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің нәтижесі қызметті орындаушыларға байланысты екені анық. Сондықтан саяси жаңару жағдайында мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін арттыру, олардың жұмысының нәтижелігі мен тиімділігін арттыру, шенеуніктер арасындағы жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Бұл халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметшілердің негізгі механизмі мемлекеттік қызметті тиімді жетілдіруге мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жүйесін дамыту мемлекеттің тәуелсіздік жылдарындағы рөлінің өзгеруі, саяси жүйенің, экономиканың, қоғамдық қатынастардың қалыптасу, мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру процестерімен тығыз байланысты. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мақсаттары мен басымдықтарын іске асыру үшін кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың тиімді жүйесін құру, мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігі мен ашықтығын қамтамасыз ету қажет болды.
Еліміздің мемлекеттік қызмет жүйесінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын, мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлаудың және олардың біліктілігін арттырудың өңірлік орталықтарын және басқа да білім беру ұйымдарын қамтитын оқыту инфрақұрылымы қалыптастырылған. Жыл сайын орташа есеппен мемлекеттік қызметшілердің үштен бірі қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарында оқудан өтеді, соның нәтижесінде үш жылдық кезеңде мемлекеттік қызметшілерді жүз пайыздық оқыту қамтамасыз етіледі.



жүктеу 207,24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау