Жаһандану жағдайына сәйкес заманауи қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет этикасын қалыптастыру және дамыту нормативті сілтемелер



жүктеу 207,24 Kb.
бет14/15
Дата12.04.2023
өлшемі207,24 Kb.
#42124
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
10.06.20 Ахмет Ә.Е. диссертация

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі заманғы тиімді мемлекеттік басқару мен мемлекеттік қызметті қалыптастырудың мақсаты еліміздің даму стратегиясындағы басымдықтардың бірі ретінде танылып отыр. Елімізде бір мезгілде белгілі бір уақыт талабына жауап беріп қоймай, алдыңғы қатарлы принциптерді, құқық негіздері мен стандарттары біріктірген мемлекеттік қызмет үлгісі жасақталып, іске енгізілді және ол әлем мойындаған мемлекеттік қызмет жүйесіне айналды. Жүргізілген реформа еліміздің әлеуметтік-экономикалық, саяси және демократиялық даму барысындағы мемлекеттік қызметтің әрі қарайғы жетілуі мен дамуында атқарылған оңды іс болып табылады.


Мемлекеттік қызметшілер саяси жүйедегі мемлекеттің маңызды институты ретінде қарастыру қажет. Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің дамуында сапалық жаңа деңгейіне өтуі мемлекеттік басқару жүйесі мен мемлекеттік қызметті реформалаудың бір бөлігі ретінде биліктің атқарушы тармағы қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған. Мемлекеттік қызметшілерді реформалаудың саяси қыры бюрократиялық консервативті ойлауды қалдырып, мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік-саяси институт ретінде рационализациялаудың қажетілігі анықталды.
Мемлекеттің қызметшілердің жұмысы көбіне түрлі факторлардың күрделі қарым-қатынасына байланысты, оның ішінде адами фактор болып табылады, себебі әлеуметтік-экономикалық және саяси өзгерістердің нәтижесі қызметті орындаушыларға байланысты екені анық. Сондықтан саяси жаңару жағдайында мемлекеттік қызметшілердің мәртебесін арттыру, олардың жұмысының нәтижелігі мен тиімділігін арттыру, шенеуніктер арасындағы жемқорлық деңгейін төмендету болып табылады. Бұл халыққа ұсынылатын мемлекеттік қызметшілердің негізгі механизмі мемлекеттік қызметті тиімді жетілдіруге мүмкіндік береді.
Мемлекеттік қызмет туралы заңда саяси мемлекеттік қызметшілердің ауысуы әкімшілік мемлекеттік қызметшілерді босатуға негіз болмайды деп жазылғанымен, іс жүзінде министрге немесе әкімге жақпаған мемлекеттік қызметші «өз еркімен» босатылатын жағдайлар өмірде баршылық. Кадрларды жаңарту дұрыс жүргізілген жағдайда мемлекеттік қызметшілердің құрамын жасартуға, оларды көлденең шкала бойынша ауыстыру тәжірибесін кеңейтуге ықпал етеді. Мемлекеттік қызметтегі кадрлар құрамын жаңартуға мынадай міндеттерді шешу арқылы қол жеткізуге болады:
–мемлекеттік қызметшілерді ауыстыру процесін реттеу;
–персоналды басқару, кадрларды қабілеттері мен кәсіби шеберліктеріне қарап іріктеу;
–қазіргі заман талабына сай, мемлекеттік қызметшілерді бағалау және мансаптық жоспарлау жүйесін енгізу.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің «Тәуелсіздік дәуірі» атты еңбегінде – «Мемлекеттік қызметтің кәсіби кадрлары – еліміздің ұлттық ауқымдағы міндеттерді жүзеге асыратын аса маңызды ресурсы. Дәл осы себепті мен үнемі мемлекеттік қызмет жүйесін сапалық биік деңгейге көтеру мәселесіне айрықша көңіл бөліп келемін», деп атап өткен болатын.
Тәуелсіздік алған сәттен бастап еліміздің мемлекеттік қызметі дамудың үш маңызды кезеңінен өтті, олардың әрқайсысының өз басымдықтары бар.
Нәтижесінде, бірінші кезеңде келесілерге қол жеткізілді:
– меритократия қағидаттарын енгізу үшін жағдайлар жасау мақсатында азаматтардың мемлекеттік қызметке тең қабылдануы конституциялық тұрғыдан қамтамасыз етілді;
– мемлекеттік аппараттың дербестігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік органдарда саяси партиялар құру мүмкіндігі жойылды;
– әскери қызметшілер, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьялар партияларда, кәсіптік одақтарда болмауға, қандай да бір саяси партияны қолдап сөйлемеуге тиіс;
–басқарушылық құрамның тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік менеджерлерді даярлау мақсатында білім беру инфрақұрылымы құрылды;
–мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру үшін әлеуметтік кепілдіктер белгіленді және этикалық талаптар енгізілді.
Дамудың екінші кезеңінде қабылданған шаралар мемлекеттік органдар қызметін ұйымдастыруға жүйелік сипат берді және мемлекеттік қызмет процестерін жетілдіруге ықпал етті, оның ішінде:
–меритократия қағидаттарын белгілеу үшін Агенттік құрылды, іріктеудің конкурстық рәсімдері енгізілді, тестілеу орталықтары ашылды және лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары енгізілді.
– мемлекеттік аппараттың дербестігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік лауазымдар заң аясында саяси және әкімшілік болып бөлінді;
– басқарушылық құрамның тиімділігін арттыру үшін жауапты хатшы лауазымы енгізіліп, олардың жауапкершілік шеңбері анықталды;
– мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру үшін Президент жанындағы Мемлекеттік қызмет академиясы құрылды, этиканы бұзу фактілерін барынша азайту үшін жүйелік шаралар қабылданды, әлеуметтік кепілдер нығайтылды, мемлекеттік қызметте үздіксіз қызмет көрсету принципі енгізілді.
Кәсібилендіру кезеңінде қабылданған шаралар мемлекеттік аппараттың кадрлық әлеуетін күшейтті және мемлекеттік қызмет жүйесін кәсібилендіруге ықпал етті. Атап айтқанда:
– меритократия қағидатын қамтамасыз ету үшін лауазымдарға орналасу тек ашықтығымен және әділдігімен айрықшаланатын конкурстық негізде жүзеге асыру қарастырылды;
–мемлекеттік аппараттың дербестігін қамтамасыз ету үшін мемлекеттік қызметшілердің қызметіне саяси процестердің ықпалын болдырмай, саяси және әкімшілік қызметтердің өкілеттіліктері бөлінді;
–басқарушылық құрамның тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік аппараттың тұрақтылығы мен бірізділігін, сондай-ақ саяси шешімдердің тиімді іске асырылуын қамтамасыз ететін «А» корпусының институты құрылды;
–мемлекеттік аппаратты кәсібилендіру үшін оқыту стандарттары жетілдірілді, еңбекақыны нәтижелер бойынша төлеу қарастырылды, әдеп нормалары бойынша бұзушылықтардың алдын алу шаралары қабылданды.
Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің санын қарастыратын болсақ (сурет ) 2000 жылмен салыстырғанда соңғы жылдары мемлекеттік қызметшілердің штат саны ұлғайғанын көреміз. Ал, 2019 жылы мемлекеттік қызметшілер саны 227 бірлікке ұлғайды. Бұған Шымкент қаласына республикалық маңызы бар қала мәртебесінің берілуі, Алматы және Түркістан облыстарында, Астана мен Ақтөбеде қосымша аудандардың құрылуы, сондай-ақ жекелеген мемлекеттік органдардың қайта ұйымдастырылуы мен штат санының өзгеруі ықпал етті.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызметшілер саны 98726 құрады. Олардың ішінде 453 қызметшілер саяси, 285 қызметкер «А» корпусы, 97 988 қызметші «Б» корпусы бойынша қызмет атқарады.
Жоғарыда атап өтілген теориялық және тәжірибелік ақпараттарды қорытындылай келе, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнаманы одан әрі жетілдіру қажет деп санаймыз. Осыған байланысты келесідей ұсыныстарымыз бар.
Бірінші – «Дипломмен ауылға» жобасына қатысты. Қазіргі таңда ауылдық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдарда кадрлардың жетіспеуі орын алып отыр. Ауылдағы мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру, мемлекеттік қызметке білікті кадрларды тарту мақсатында осы бағдарлама бойынша ауылдық жерлерге жоғарғы оқу орнын бітірген мамандарды жіберуіміз керек.
Екінші – «А»корпусының кадр резерві тарату қажет. Соңғы екі жылда тағайындауларды талдау тағайындаулардың 66% кадрлық резервтен тыс жүзеге асырылатынын куәландырады. Бұл резервке алынған тұлғалар Мемлекеттік органдардың салалық қажеттіліктеріне әрдайым жауап бермейді.
Бүгінгі таңда «А» корпусының резервінде 26 резервші бар, ал "А" корпусының кадр резервіне соңғы іріктеу 2017 жылы 2 жыл бұрын өткізілді.
Сонымен қатар, осы резервті тарату «А» корпусының лауазымына үміткерлер тобын кеңейтуге, сондай-ақ аталған лауазымдарды жедел толтыруға мүмкіндік береді.
Үшінші – Арнайы тексеру жүргізу кезеңін Мемлекеттік қызмет өтіліне енгізу ұсынылады. Бұл аталған тұлғалардың лауазымдық міндеттерін атқаратындығына және оларға мемлекеттік қызметшілер үшін көзделген барлық шектеулер қолданылатындығына байланысты.
Қазіргі уақытта тексеру кезінде мемлекеттік қызмет өтіліне есептелмейді, бұл жоғары лауазымдарға тағайындау үшін мемлекеттік қызмет өтілін есептеу кезінде теріс әсер етеді. Ақпараттарға сәйкес, тексеру кезеңі үш жылға дейін созылуы мүмкін.
Төртінші – Конкурстық рәсімдерді оңтайландыру ұсынылады. Атап айтқанда, 3 кезеңді конкурстық іріктеуден 2 кезеңге өту ұсынылады, яғни барлық мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері арасында 2-ші ішкі конкурсты және жалпы конкурсты біріктіру қажет. Бұл конкурстық рәсімдер уақытын 14 жұмыс күніне (46-дан 32 күнге дейін) қысқартуға және бос жұмыс орындарын толтырудың жеделдігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бесінші – Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің қайта ұйымдастырылуына және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылуына байланысты ӘҚБтК-де әкімшілік хаттамалар жасау құзыретін шектеу ұсынылады.
Қазіргі заңнамаларға сай, соттар қарайтын әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істер бойынша Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы хаттамаларды мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның осыған уәкілетті лауазымды тұлғалары жасауға құқылы.
Алтыншы – Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық немесе Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін жауапкершілік қаралатын адамдарды басқа мемлекеттік лауазымға ауысуына байланысты жұмыстан босатуға тыйым салу ұсынылады. Бұл түзету құқық бұзушылық жасаған адамдардың жауапкершіліктен жалтарудың жолын кесуге бағытталған.
Жетінші – Жекелеген саяси лауазымдарға Президенттің шешімі бойынша біліктілік талаптарын белгілеу ұсынылады.
Қазіргі уақытта саяси лауазымдарға біліктілік талаптары белгіленбейді.
Сегізінші – Көп балалы ата-ана болып табылатын мемлекеттік қызметшілерді міндетті түрде ротациялаудан босату ұсынылады. Әдетте, төрт және одан да көп баланың болуы көшуді қиындатады. Осыған байланысты көп балалы ата - аналарға міндетті түрде ротацияға жататын басшы лауазымдарынан бас тартуға тура келеді.
Қорытындылай келе, жоғарыда аталған ұсыныстарымыз теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарларға, сондай-ақ мемлекеттік бюджеттен шығындарға әкелмейді.



жүктеу 207,24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау