Ғылыми тақырыптың зерттелу дәрежесі. Аталмыш магистрлік жұмыста қарастырылып отырған өзекті мәселені отандық және шетелдік ғалымдар зерделеуден өткізіп, ғылыми еңбектерінде атап өткен.
Мемлекеттік қызмет этикасы және мемлекеттік қызметшілерді реформалау мәселелерін зерттеуге елеулі үлес қосқан отандық ғалымдар: А. М. Байменов, Г. К. Сүлейменова, С. Г. Капаров, Г. А. Жүнісбекова, А. Б. Майдырова және т. б. Атап өтуімізге болады.
Мемлекеттік және атқарушы билік органдарын басқарудың теориялық негіздері мен басқару тиімділігін, жергілікті басқару жүйесінің қалыптасуының ерекшеліктерін М. Кемел, К.Е. Кубаев, Н. К. Нурланова және басқалар жан-жақты зерттеген.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтерін ұйымдастыру мен олардың түрлі аспектілері, мемлекеттік қызмет этикасын, мемлекеттік қызметшілер арасындағы қарым-қатынастар қазақстандық ғалымдардың Г.С. Сапарғалиев, Р.С.Сакиев, В.А. Калюжный, В.А. Малиновский еңбектерінде қарастырылған.
Жоғарыда аталған авторлар еңбектерінің маңыздылығын кемсітпей, біз мемлекеттік қызмет этикасын дамытуға арналған көптеген еңбектердің болуына қарамастан, мемлекеттік қызметтің қалыптасу және дамуында қызмет этикасы мәселесінің әлі де жеткіліксіз зерттелуіне айрықша назар аударғымыз келеді. Осының барлығы да тақырыптың өзектілігін аша түсуде. Жоғарыда аталған мәселелерді зерттеудің жеткіліксіздігі, Қазақстанның заманауи экономикасын алға қарай дамыту үшін, мемлекеттік қызмет этикасын оңтайландыру магистрлік жұмыс тақырыбының таңдалуын, оның мақсаты мен міндеттерін анықтауға себеп болды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.
Магистрлік жұмыстың мақсаты жаһандану жағдайында Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет этикасының қалыптасуы мен дамуының теоретикалық негіздерін талдау арқылы оларды жетілдіруге қатысты ұсыныстар беру болып табылады.
Зерттеудің мақсатына сай келесі міндеттердің жүзеге асырылуы қарастырылды:
–мемлекеттік қызметтің түсінігі, негізгі қағидаттары және мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының ролін нақтылау;
–жаһандану жағдайында шетелдердегі мемлекеттік қызметті және мемлекеттік қызметшілер жұмысы мен этикасын ұйымдастыру тәжірибелерін зерделеу;
– Жаһандану жағдайына сәйкес заманауи Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметінің және қызмет этикасының қалыптасуының қазіргі жағдайын талдау;
–ҚР мемлекеттік қызметтің және мемлекеттік қызмет этикетінің мәселелерін зерттеу;
–мемлекеттік қызметтің тартымдылығын арттыру арқылы мемлекеттік қызметшілердің құзыреттері мен этикасын жақсарту жолдарын нақтылау.
Достарыңызбен бөлісу: |