Жаһандану жағдайына сәйкес заманауи қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет этикасын қалыптастыру және дамыту нормативті сілтемелер


АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР



жүктеу 207,24 Kb.
бет2/15
Дата12.04.2023
өлшемі207,24 Kb.
#42124
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
10.06.20 Ахмет Ә.Е. диссертация

АНЫҚТАМАЛАР, БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР


Магистерлік диссертацияда төмендегідей анықтамалар, белгілеулер мен қысқартулар қолданылды:





ҚР

Қазақстан Республикасы

МО

Мемлекеттік орган

ОМО

Орталық мемлекеттік орган

ЖАО

Жергілікті атқарушы орган

ЭЫДҰ

Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы

ҚРЗ

Қазақстан Республикасының Заңы

МҚ

Мемлекеттік қызмет

АҚШ

Америка Құрама Штаты

ҚР МҚІА

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

ҚР МБА

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік басқару Академиясы

КММ

коммуналдық мемлекеттік мекеме

КЕАҚ

коммерциялық емес акционерлік қоғам



КІРІСПЕ


Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Жаһандану жағдайына сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі жүйесінде қызметтік этиканы дамыту мемлекеттің тәуелсіздік жылдарындағы рөлінің өзгеруі, саяси жүйенің, экономиканың, қоғамдық қатынастардың қалыптасу, мемлекеттік басқару жүйесін оңтайландыру процестерімен тығыз байланысты. Тәуелсіз Қазақстан Республикасының мақсаттары мен басымдықтарын [3] іске асыру үшін кадрларды іріктеу мен жоғарылатудың тиімді жүйесін құру, мемлекеттік аппарат қызметінің кәсібилігі мен ашықтығын қамтамасыз ету қажет болды.
Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінез-құлық мәселесі және бар. Яғни кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек. 
Мемлекеттік қызметші санатына түбегейлі орныққан жеке тұлға ең алдымен Қазақстан Республикасы «Ар-намыс Кодексінің» талаптарына сай мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасына қатысты қойылатын талаптарымен танысып, оларды сақтауға міндеттенуі тиіс. Тәртіп кодексі мемлекеттік қызметшінің мінез құлқына, қызметтік міндетіне, мемлекет пен оның азаматтарының өзара қарым - қатынасына сенімді өкіл болып табылатын мемлекетке, өзі «қызмет ететін» қоғамға қатысты моральдық талапты білдіретін неғұрлым жинақты принциптер мен нормаларды білдіреді.
Мемлекеттік қызметтің Қазақстандық үлгісін жасауда өзіміздің және шетелдің жақсы нәтиже берген тәжірибелері қолданылған. Бүгінде мемлекеттік қызметтің бірыңғай мемлекеттік биліктің заң шығаратын, іске асырушы және соттық салаларға бөлінуіне қарамастан барлық ұйым түрлеріне бірдей негіз бен ұстаным құрудың қажеттілігі анықталуда. Бұл бағытта саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің лауазымдар тізілімін, қызмет пен мамандықтың сәйкестігін, іріктеу рәсімін, кадрларды орынды пайдалану, мемлекеттік қызметкерлердің кәсіби қабілеттілігі мен еңбек нәтижесінің бағалануын қамтамасыз ету алдыңғы саптағы маңызға ие.
Мемлекеттік кызметкерлердің біліктілігі кәсіби шеберлігі биік болған сайын, мемлекетіміздің де өміршендігі, күш-қуаты арта түспек. Бәсеке заманы мемлекеттік қызметшілерден білім мен практиканы ұштастыра білетін, ел үшін жан аямай еңбек етуге әзір азаматтық жауапкершілік пен қызметтік этиканы сақтауды талап етеді. Халыққа қызмет ететін адамдардың адалдығы және әділдігі, өз жұмысына деген жауапкершілігі, қоғам мен азаматтардың сенімін туғызуы – әрбір мемлекеттік қызметкердің міндеті. Мұндай сенім мен құрметке жету оңай емес. Бұл үшін бір ғана кәсіби білімділік пен білгірлік жеткіліксіз, одан басқа қызметшінің жеке мінез-құлық мәселесі және бар. Яғни кызметшінің кәсібилік деңгейі мен жоғары моральдық адамгершілік қасиеттері қатар тұру керек
Қазіргі кезде мемлекеттік органдардың қызметінде [12] мемлекеттік қызмет көрсету кезінде тиімсіз ұйымдастырушылық және ақпараттық қамтамасыз ету, мемлекеттік қызметтер көрсетудің бекітілген стандарттарын бұзу фактілері байқалуда. Бұл заңды және жеке тұлғалардың мемлекеттік қызметтер сапасы мен қолжетімділігіне тиісті дәрежеде қанағаттанбауына әкеп соғады. Мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейінің төмен болуы, мемлекеттік қызметке қызметкерлерді іріктеу және таңдаудың бюрократиялық көріністері және мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде әкімшілік кедергілердің болуы мемлекеттік қызмет имиджіне кері әсерін тигізуде және халық пен бизнестің мемлекеттік органдар жұмысына қанағаттанбауының негізгі себебі болып табылады. Жоғарыда көрсетілген түйткілді мәселелерді ескере отырып, мемлекеттік қызмет жүйесінде қызмет этикасының дамуын және оны мемлекеттік басқаруды жаңғырту процестерімен өзара тығыз байланыста реформалауды [3] қамтамасыз ету қажет.
Бұл тақырып кез келген мемлекеттің тағдыры оның кадрларына байланысты болуымен өзекті болуда. Мемлекеттік басқаруды дамыту және мемлекеттік қызметшілердің санын оңтайландыру жөніндегі жұмысты жалғастыру, мемлекеттік қызметшілердің жұмыс тиімділігін арттыруды ескере отырып, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын жақсартуға қажетті жаңа тәсілдерді әзірлеу қажеттілігі туындауда. Қоғам азаматтардың әділ және тиісті сұраныстарына сәйкес мемлекеттік басқаруда мемлекеттік қызметтің этикасының жаңа үлгісін күтеді.

жүктеу 207,24 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау